Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттік саясаты

Читайте также:
  1. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  2. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  3. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  4. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  5. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  6. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  7. арағанды мемлекеттік медициналық университеті
  8. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
  9. Вебер ұсынған мемлекеттік басқару теориясында келесі ұғым орын алады C) бюрократия
  10. Вирусқа қарсы иммунитет (арнайы және арнайы емес). Химиялық препараттармен вирусты жұқпалы ауруларды емдеу

Жұмыссыздық - еңбек нарығының кұрамдас элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді. Еңбекке қабілетті адамдар- жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі олардың экономиканың нарықтық және нарықтық емес секторларында жұмыс істеуіне байланысты. Нарықтық емес секторға - мемлекеттің әскер, полиция, мемлекеттік аппарат деп аталатын институттары жатады. Басқалары нарықтық құрылымдарда істейді. Жұмысшы күшіне - жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Макроэкономикада көрсеткіштердің дәрежесі мен динамикасы бірнеше факторларға: демографиялық, жыныстық, жастық, этникалық, халықтың элеуметтік құрамына, жекелеген аймақ пен салалардағы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді болады.

Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселенің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, мальтузиандық теория - жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұранстың жетіспегендігімен түсіндіреді, ал еркін кәсіпкерлерік мектебінің теориясы - жұмыссысдық жалақы деңгейінің жоғарлауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады.

Енді осы теориялардың мән жайына қысқаша тоқталайын.

Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1834ж.ж) жасалған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: Халық саны-1,2,3,4,8,16,32 ж. т. б., ал өмір сүру жабдығы-1,2,3,4,5ж.т.б. Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу харқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып қортындыға келген: тұрғындардың жоғарғы қарқынмен өсуі қайыршылықпен жұмыссысдықтың себеп салдары болып табылады.

Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздық дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық – жалдамалы жұмыскердлердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шеттен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембриж унивеситетінің профессоры А. Пигу өте дәректілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан. «Жұмыссысдық теориясы» кітабында баяндалады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарында жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.

Жұмыссыздықтың дәрежесін батыс статистикасы қолданатын көрсеткіштер бойынша-оның таралуы және мерзімінің ұзақтығы арқылы айқындай түсуге болады. Жұмыссыздықтың таралу көрсеткіші жұмыс күшінің жұмыссыздық деңгейін сипаттайды. Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан басқаға ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылар белгілі біліктілігі бар жұмыс күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздыктың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы толық акпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым кымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың дәрежесі жаңа жұмыс іздеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1 айдан 3 айға дейін). Құрылымдық жұмыссыздық - экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік кұрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдык өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби біліктілік кұрылымында өзгерістер пайда болады, бұл - жұмыс күшінің тұрақты түрде аумақтық және салалық кайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер басқа салалардағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондық жұмыссыздықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте 6 айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе мамандығы ескірген жұмысшылар ұшырайды және мұның өзі экономикалық жағынан артта қалған аудандар халықтарын қамтиды. Маусымдық жұмыссыздық- өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс жәнс т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі түрде өзгеріп отырады. Циклдық жұмыссыздық - мұның негізін экономикалык құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде, азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.

Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыс күшінің «көлеңкелі» немесе жасырын нарығы бар. Мысалы, ұсақ сауда жасау, егін және үй шаруашылығымен айналысу, жеке көлікпен тасымалдау, жөндеу жұмыстарын істеу, балаларды тәрбиелеу немесе оқыту қызметін көрсету сияқты жұмыстармен айналысатындар ресми статистикаға ілікпейді.

Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән кұбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып кетсе нарықтық экономикаға залалын келтіреді. Ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз еместігімен айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады.

Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

4. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:

- халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

- қазына – қор қысқарады,

- инвестицияға сұраныс қысқарады,

- өндіріс құлдырайды.

5. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

6. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.

Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

 

19. ҚР Денсаулық саласындағы еңбекақы

Экономикалық өсу түсінігі, типтері. Экономикалық өсу түрлері және себептері.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 83 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав