Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ВЯТСКИЙ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ. Таным дамуының бағасы Бала негізгі ұғымдарды пайдалана ма (мысалы: оң/сол

Читайте также:
  1. II Перестройка главных институтов государства
  2. IV. Просие институты поддержки отечественного бизнеса.
  3. V. Институты Центрального офиса
  4. БАРНАУЛЬСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ
  5. БЕЛГОРОДСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ
  6. Белорусский институт усовершенствования врачей, Минский медицинский институт
  7. Билет 29. Право собственности как институт гражданского права.
  8. в Институте журналистики БГУ!
  9. В Независимом институте социальной политики и Всемирном банке считают, что разрыв составляет не меньше 19 раз.
  10. Виды семейных правоотношений. Институт брака в семейном праве. Взаимные права и обязанностисупругов, родителей и детей.

Таным дамуының бағасы
Бала негізгі ұғымдарды пайдалана ма (мысалы: оң/сол, үлкен/кіші, жоғары/төмен, соған/одан және т.б.)?
Бала жіктей ала ма, мысалы: домаланатын нәрселерді айтып беру, топ затты бір сөзбен айту (стол, шкаф, керует – жиһаз)?
Бала өз ойында, ең болмаса 3 нұсқауды сақтап және оны орындай ала ма (шұлықты кию, жуынатын бөлмесіне барып, жуыну, содан кейін маған орамал алып кел)?
Бала әліпбидің бас және кіші әріптердің көпшілігін айта ала ма?

Негізгі тәжірибені бағалау
Бала ересектерді поштаға, дүкенге, шығарып салғаны болды ма?
Бөбек кітапханада болды ма?
Бөбек ауылда, зоопаркта, музейде болды ма?
Бала бірдемеге аса ықылас білдіре ме?

Тіл дамуын бағалау
Бала оның айналасыңдағы негізгі заттарды белгілеп айта ала ма?
Ересектірдің сұрақтарына жауап беру оған қиын емес пе?
Бала әртүрлі заттардың қандай қызмет жасайтының түсіндіре ала ма, мысалы, шаңсорғыш, щетка, тоңазытқыш?
Бала заттардың қайда орналасқанын түсіндіре ала ма, мысалы, столдың үстінде, столдың астында және т.б.?
Бала сөздерді ширақ айта ала ма?
Оның тілі грамматика көзқарасынан алғанда дұрыс па?
Бала жалпы әнгімеге қатысу, қанда да бір ситуацияны ойнау, үйдегі сауық кешіне қатысу жағдайында ма?

Эмоциялық даму деңгейін бағалау
Бала үйде және құрдастарының арасында көңілді болып көріне ме?
Балада көп нәрсені жасай алатын адам ретіндегі бейне қалыптасты ма?
Балаға күн тәртібіндегі өзгерістерге, жаңа қызметке өтуге «ауыстырылып кету» қиын емес па?
Бала өзбетінше ойнауға (ойнауға, сабақ оқуға), басқа балалармен тапсырманы орындауға жарысуға қабілетті ме?

Араласу икемін бағалау
Басқа балалардың ойына кірісе ме, олармен бөлісе ме?
Ситуация талап еткен жағдайда, ол кезекті сақтай ма?
Бала басқаларды бөлмей тыңдауға қабілетті ме?

Денелік дамуын бағалау
Бала жақсы ести ме?
Бала жақсы көре ме?
Бір шама уақыт ішінде тыныш отыруға қабілетті ме?
Моторлық имкемдер координациясы дамыған ба (доп ойнай ала ма, секіре ала ма,
сүйенішті ұстамай, ересектің көмегінсіз баспалдақпен төмен түсіп және көтеріле
ала ма,...)?
Бала ширақ және әуесті болып көріне ма?
Ол дені сау, тоқ, дем алған болып көріне ма (күннің негізгі бөлігінде)?

Айырманы көруді бағалау
Бала ұқсас немесе ұқсас емес нысанда теңдестіре ала ма (басқаға ұқсас емес сүретті тап)?
Бала әріп және қысқа сөздерді айыра ала ма(мысық/жыл, б/п…)?

Көру есі
Егер алдымен 3 суреті бар серияны көрсетіп, содан кейін біреуін алып тастаса, бала суреттің жоқ екендігін байқай ма?
Бала өз атын және күнделікті өмірде кездесілетін заттарды білеме?

Көру қабылдауы
Бала суреттер сериясын жөн-жөнімен қоюға қабілетті ма?
Солдан оңға қарай оқитынды ол түсіне ма?
Суретті түсіндіріп, ол бойынша кішкене әнгіме құра алама?

Есту қабілетінің деңгейі
Бала сөздерді ұйқастыра ала ма?
Әртүрлі дыбыстарға басталатын сөздерді ажырата ала ма, мысалы, орман/салмақ?
Ересектерден кейін бірнеше сөз немесе цифрлар қайтала ала ма?

Кітаптарға қатынасты бағалау
Баланың кітаптарды өз бетінше қарауға ыңтасы туындамай ма?
Оған дауыстап оқығанда, ол зейін салып және қанағаттанып тыңдай ма?
Сөздер және олардың мағыналары тұралы сұрақ қоя ма?
Жоғарда көрсетілген сұрақтарға жауап бергеннен, қорытындыларды талдағаннан кейін, мектепке түсетін кезде балалар психологтарының пайдаланатын, бір қатар тесттерін өткізуге болады.

 

Тесттер барлығы бірден өткізілмейді, басқа уақытта, баланың көңіл күй жақсы болғанда ғана. Ұсынылған тесттердің бәрін өткізуге міндетті емес, бірнешесін ғана тандаңыз.

1. Д. Б. Эльконин әзірлеген Графикалық бақылау
Мұқият тыңдау қабілетін, үлкендердің нұсқаларын нақты орындауын, бір бет қағазда бағдарлана білуді, өз бетінше үлкендердің тапсырмасы бойынша әрекет жасауын айқындайды.
Өткізу үшін, бірінің астында бірі орналасқан, төрт нүкте суретпен салыңған, бір бет тор бет қағаз керек (дәптердікі). Нүктелер арасындағы қашықтық вертикаль бойынша шамамен 8 шақпақ болу керек.
Тапсырма
Зерттеу алдында ересек адам түсіндіредіт: “Қазір біз өрнек саламыз, олар әдемі және жинақы болып шығаруға тырысу керек. Ол үшін мені мұқият тыңдап, менім айтқандайымдай суреттеу керек. Мен қанша шақпаққа және қай жаққа қарай сен сызықты жасауын керек екенін айтып отырамын. Келесі сызықты сен бұрыңғысы біткен жерге салуын керек. Сенің оң қолың қайда екенін ұмытқан жоқсын ғой? Қолынды ол айтқан жаққа соз? (есікке, терезе қарай, т.б.). Мен сызықты оң жаққа қарай жаса дегенде, сен оны есікке қарай өткіз (кез келген көрнекті бағытты таңдау). Сол қолың қайда? Мен сызықты сол жаққа қарай жаса дегенде, қолыңды есіне ал (немесе кез келген сол жақтағы бағыт). Ал енді сурет салып көрейік.
Бірінші өрнек – жаттығушы, ол бағаланбайды, бала тек тапсырманы қалай түсінгені тексеріледі.
“Қарындашты бірінші нүктеге қой. Қарындашты қағаздан ажыратпай сурет сал: бір шақпақ төмен, бір шақпақ оңға, бір шақпақ жоғары, бір шақпақ оңға, бір шақпақ төмен, әрі қарай өзің осындай өрнекті салып жалғастыр.” Айтып отырған кезде, бала алдыңғы тапсырманы орындап үлгеру үшін, күту керек. Өрнек бүкіл беттің кендігіне жасалу міндетті емес.
Орындау процессі кезінде оны қайраттандырып қоюға болады, бірақ өрнектің жасалуы бойынша ешқандай қосымша нұсқалар берілмейді.
“Келесі өрнекті саламыз. Келесі нүктені тап, оған қарындашты қой. Дайынсын ба? Бір шақпақ жоғары, бір шақпақ оңға, бір шақпақ жоғары, бір шақпақ оңға, бір шақпақ төмен, бір шақпақ оңға, бір шақпақ төмен, бір шақпақ оңға. А енді өзін сол өрнекті салып жалғастыр.”
2 минуттан кейін – келесі тапсырма
Қорытындыларды бағалау
Жаттығушы өрнек бағаланбайды. Әр келесі өрнекте тапсырманың нақты жаңғыртуы және баланың өз бетінше өрнекті жалғастыру қабілеті қарастырылады. Тапсырма жақсы орындалған болып есептеледі, егер нақты жаңғыртуы болса (сызықтардың қисықтығы, “дірілдеген” сызық, “кір” бағаны төмендетпейді). Егер жаңғырту кезінде 1-2 қате жіберілсе – орташа деңгейде. Төменгі баға, егер жаңғырту кезінде бөлек элементтердің ғана ұқсастығы болса әлде ұқсастық тіпті де болмаса. Егер бала, қосымша сұрақ қоймай, өз бетінше өрнекті салып жалғастырса – тапсырма жақсы орындалды. Баланың жаңсақтығы, өрнекті салуды жалғастыруда жіберген қателіктері – орташа деңгейі.
Егер бала өрнекті салуды жалғастырудан бас тартса әлде, оны салғанда бір де бір дұрыс сызық сала алмаса – орындаудың төмен деңгейі.
Мұндай диктанттарды дамытылынған ойынға айналдыруға болады, олардың көмегімен балада ой-өріс, зейін қою, нұсқауды тындау қабілеті, логика дамиды.

6. Тест "Айырмашылықтарды тап".
Байқаушылықты дамытудың деңгейін айқындайды
Бір бірінен 5-10 детальдармен айырымашылығы бар, екі ұқсасты сүреттерді дайында (мұндай тапсырмалар балалар журналдарында, дамытушы кітап жазу үлгілерінде кездеседі).
Бала сүреттерді 1-2 минут қарайды, содан соң өзі тапқан айырмашылықтарды айтады. Байқаушылықтың жоғары деңгейдегі мектеп жасына дейінгі бала барлық айырмашылықты табу тиіс.


7. Тест "Он сөз".
Ықтиярлы есте сақтау және дыбысты есті, сондай-ақ назар салудың тұрақтылығы мен шоғырлану икемділігін оқып үйрену
Өз ара мағына бойынша байланыспаған бір буынды немесе екі буынды жиынтықты әзірле. Мысалы: стол, бүрген, бол, қол, піл, парк, бақшаның есігі, терезе, бак, ит.
Тест өткізудің шарты – тыныштық.
Басында айтыңыз: «Мен қазір сенің сөздерді қалай жаттай алатынынды, тексергім келеді. Мен сөздерді айтамын, ал сен мұқият тыңдап оны жаттауға тырыс. Мен бітіргеннен кейін, қанша сөздерді, қай тәртіпте жаттасаң, сонша сөздерді қайтала.»
Небәрі, сөздердің 5 ұсынысы өткізіледі, яғни, бірінші тізбелеуден және жаттаған сөздерді бала қайталағаннан кейін, Сіз сол 10 сөзді қайта айтасыңыз: «Қазір мен сөздерді тағы қайталаймын. Сен оларды қайтадан жаттайсың және ана жаттағандарынды, қайталайсын. Ана кезде айтқан сөздерінді және жаңа жаттаған қайсылары, соны айтып шық».
Бесінші ұсыныстың алдында айтыңыз: «Қазір мен сөздерді соңғы рет атаймын, ал сен көбірек жаттауға тырыс».
Нұсқадан басқа, сіз басқа ештене айтуға тиіс емессіз, тек қайраттандыруға болады.
Жақсы нәтиже, егер бірінші ұсыныстан кейін бала 5-6 сөзді айтса, бесіншіден кейін – 8-10 (жоғарғы мектепке дейінгі жас үшін)

8. Тест «Не жетіспейді?»
Осы тест тапсырмасының барлығы, оңай, сонымен бірге көру есін өте дамытатын, пайдалы ойын.
Ойыншықтар, неше түрлі заттар немесе сүреттер пайдаланылады.
Баланың алдында суреттер жайып салынады (немесе ойыншықтар) – он данаға дейін. Ол оларға 1-2 минөт қарайды да, содан соң теріс бұрылады, ал Сіз бірденені ауыстырасыз, алып тастап немесе орнын ауыстырып, содан соң бала қарап не өзгергенін айтуға тиіс.
Жақсы көру есі болса, бала 1-3 ойыншықтың жоғалғанын, оларды басқа орынға ауыстырғаның тез байқайды.

• барлық ұсынылған әдістемелер дамытпалы ойындар ретінде пайдаланылуы мүмкін;
• бала мектепке түсер кезінде барлық айтылған тесттарды қолдану міндетті емес, психологтар өздері атқарылуда ең ақпаратты және оңайын таңдайды;
• барлық тапсырмаларды дереу жасау міндетті емес, бірнеше күннің ішінде жасауды ұсынуға болады;
• ішінде тек сипаттауы қоса бар ғана емес, нормаға сәйкестеу көрнекі материалы бар, осындай әдістемелердің қазір сатылыста пакеттері пайда болды. Осы пакеттерді сатып алған кезде, әдістеме жиынтықтарына, сүреттердің жасалынған сапасына және басылымына назар аударыңыз.


 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. - М.,1991.

2. Мухина В.С.Детская психология.- СПб., 1992.

3. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.- М.:ТЦ Сфера, 2002.

4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.- М., 1995.

5.Чейпи Дж. Готовность к школе: Как родители могут подготовить детей успешному обучению в школе / Пер.с англ. – М.: Педагогика –Пресс, 1992.

 

ВЯТСКИЙ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 26 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав