Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница | Спросить на ВикиКак

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экспертные системы. Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған

Читайте также:
  1. CAD/CAM-системы в ТПП
  2. CALS-технологий и единая интегрированной системы управления вуза
  3. I. Общие симптомы заболеваний пищеварительной системы.
  4. II. Исследование В-системы иммунитета.
  5. III Рекомендации к написанию курсовой работы по дисциплине «Коррекционно-педагогические системы воспитания и обучения детей дошкольного возраста».
  6. IV. Анатомия органов сердечно-сосудистой системы
  7. PDM-системы
  8. Quot;Развитие системы торговли на 10%- вдохновение, и на 90%- пот” Sunny Harris
  9. V 2: Болезни сердечно-сосудистой системы
  10. V. Органы лимфатической системы, иммунной системы.

Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 150-тармағы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаларын және Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 364-тармағына сәйкес әзірленді.

"Электрондық үкімет" (бұдан әрі -"ЭҮ") бағдарламасы негізіне іске асырудың кезекті кезеңінің - мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында оны дамыту халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, әкімшілік реформаны жеделдетіп жүргізу - Президенттің 2007 жылғы 27 ақпандағы "Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауынан (бұдан әрі - Президент Жолдауы) туындайтын тоғызыншы міндеттерді шешімі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) құралдарының көмегімен қолдау тұжырымдамасы қаланды. Бұл үшін Президенттің Жолдауында айтылғанындай "қоғамға корпоративтік басқару нәтижелігін, мөлдірлік пен есептілік қағидаттарында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін құру қажет. Корпоративтік басқару қағидаттары, бірінші кезекте мемлекеттік ресурстарды басқару тәртібінің және мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалары, тапсырыстары) жобаларының портфелінің мемлекеттік болуын болжамдайды. Мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - МО) қызметін басқару үшін нәтижелерге бағытталған бюджеттеу (бұдан әрі - НББ) және үдерістік әдіс мемлекеттік корпоративтік мәдениеттің нормалары болуы тиіс.

ЭҮ шеңберіндегі әкімшілік реформа - бұл ережелер мен нұсқаулықтарға негізделген әкімшілік басқару әдістерінен мемлекеттік қызметтерді, мемлекеттік функцияларды және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үдерістік регламенттеу негізіне ұйымдастырушылық басқару әдістеріне көшу мақсатында АКТ негізінде мемлекеттік басқарудың тетіктерін тиімді қайта айқындау. ЭҮ дамыту шеңберіндегі әкімшілік-ақпараттық реформаның мақсаты "қағаздық" іс жүргізуден арылуда, мемлекеттік ресурстарды корпоративтік басқаруда, МО-ға үдерістік әдісті енгізу үшін әдістеме мен ақпараттық-технологиялық құралдарды құруға негізделеді. ЭҮ іске асырудың - оны қалыптастырудың бірінші кезеңінің нәтижелері - халық пен бизнеске сапалы қызметтерді көрсетудің тиімді үдерістерінің негізі сияқты мемлекеттік органдарды корпоративтік басқарудың функцияларын автоматтандыру үшін ықпалдастырылған платформаларды құрудың қажеттілігін көрсетті.

Қоғамның тұтынушылығын қамтамасыз ету мақсатында, Бағдарламаның негізінде - МО іске асырылған функцияларының орындалуы немесе Президенттің Жолдауында айтылғанындай мемлекеттік қызметтердің (базалық) санаттарына аса талап етілетін автоматтандыруға бағытталған, ЭҮ бағытталған моделіне - қызмет көрсетуді дамытудың тұжырымдамасы жасалды, барлық азаматтар мен бизнес - мемлекеттік қызметтердің бас тұтынушыларының талаптарына бағынуы тиіс. Осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Бағдарлама ықпалдастырылған ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі - ЫАЖ) енгізу және ЭҮ технологиялық инфрақұрылымын дамыту, ЭҮ ресурстары мен қызмет көрсетулеріне қол жеткізудің түрлерін кеңейтуге, экономикалық дамуға ықпал ететін бизнес үшін аса талап етілетін қызметтерді автоматтандыру, азаматтардың өмірінің сапасын арттыру мақсатында халыққа әлеуметтік-маңызды электрондық қызметтерді көрсетудің үдерістерін автоматтандыруды және МО қызметінің реинжинирингін көздейді.

Загрузка...

Іске асырылған мемлекеттік функциялардың көпшілігінің төменгі тиімділігі және атап айтқанда, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің бытыраң қылығынан "қағаздық" құжат айналымның шарттасқан мемлекеттік қызметтері. Сондықтан мемлекеттік қызметтерді көрсету тіркеу құжаттарының көшірмесін, анықтама нысанында ақпаратты растау, немесе ведомствоаралық жинауды талап етеді. Бұдан басқа ақпараттарды жинауға немесе растауға байланысты барлық шығындар өтінім берушіге немесе қызмет алушыға жүктеледі.

ЭҮ құру және дамыту мұндай шығындардан құтылуға мүмкіндік береді - тіркеу және (немесе) рұқсат құжаттарын ұсыну қажет, артық анықтамалардың санын қысқартады, рутиндік, стандартталған мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және бюджеттік шығындарды біршама қысқартады. Сондықтан да МО ақпараттандыру әкімшілік реформасыз жүргізілуі мүмкін емес. Жалпы мемлекеттік, әкімшілік және ведомствалық есепке алу жүйелерін бір бірыңғай ортаға біріктіретін ұлттық электрондық есепке алудың ықпалдастырылған жүйесі құрылатын болады. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың тізбегі мен кезеңінің анықтамасы, автоматтандырудың басымдығын анықтау және олардың жіктемесінің негізінде МО ақпараттандырудың ведомствоаралық бағдарламаларының негізінде болады. МО, өздерінің бизнес-процестерін реинжинирингтеу және автоматтандырудың нәтижесінде ЭҮ инфрақұрылымының ықпалдастырылған мүмкіндіктерін - шлюзді, ұлттық электрондық есепке алу жүйесін, МО бірыңғай көліктік ортаны пайдаланылатын болады. Бұл халыққа және бизнеске электрондық қызмет көрсетудің айтарлықтай қажетті (базалық) санатын көрсету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, ЭҮ шеңберінде азаматтардың дербес деректерінің қауіпсіздігін, транзакциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінетін болады. ЭҮ сервис - бағытталған моделін іске асырудың адекваттық нормативтік құқықтық базасы құрылатын болады. Нәтижелері бойынша басқарудың, мемлекеттік басқарудың стратегиялық бақылаудың құралдарын енгізу үшін қажетті жағдайлар жасау және үдерістік әдіс негізіне МО бизнес-үдерістерін басқару тәртібін жүйелі енгізуге мүмкіндік беретін ЭҮ сәулетінің негізгі элементтері құрылатын болады. Бұл мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға жалпы шығындарын қысқартады және тиімділігін біршама арттыруға мүмкіндік береді - ЭҮ енгізудің экономикалық мәнін ақтайды, мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін жоғарылатады.

АКТ тұтас және ЭҮ бөлігінде дамыту индикаторларының жүйесі әзірленетін болады. МО қызметінің мөлдірлігі мен тиімділігін бағалау үшін индикаторлардың әзірленген жүйесі негізінде Қазақстан Республикасында ақпараттандыру саласындағы бағдарламалардың іске асырылуын бақылау және тұрақты мониторингі жүргізілетін болады. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

Ақпараттық қоғамды құру - 2003 жылғы 21 желтоқсанда ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейде Бүкіләлемдік кездесудің женевалық кезеңі барысында әлемдік жетекшілермен қабылданған женева декларацияда айтылғандай, жаңа мың жылдықтың ғаламдық міндеті. Қазақстан ақпараттық қоғамды құру жолында. Осы бөлімнің мақсаты - шешілмеген міндеттерді анықтау, өткен жолдың нәтижелерін сыны талдау.

ЭҮ қалыптастырудың бағдарламасын іске асырудың нәтижелері.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған бірінші бағдарламасы электрондық үкіметтің техникалық инфрақұрылымын құруды өзінің негізгі міндеттері деп санады, сондай-ақ, ЭҮ базалық құрамдас бөліктерін (портал, шлюздер, БКО, МДҚ) құру. ЭҮ қалыптастырудың бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

Астана қаласы бойынша МО БКО пилоттық аймағы тұрақты пайдалануға қабылданды;

барлық облыс орталықтарын, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларын қамтитын деректерді беру мультисервистік спутниктік желісінің пилоттық жобасы іске асырылды;

орталық мемлекеттік органдар арасында ЭҚАБЖ енгізу аяқталды, атап айтқанда ЭҚАБЖ 38 мемлекеттік органдарда енгізілді;

деректер қорының жүйесін құрайтын "Жеке тұлға" МДҚ, "Заңды тұлға" МДҚ, "Мекен-жай тіркелімі" МДҚ, "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ, "Мекен-жай тіркелімі" ақпараттық жүйесі, ЭҮ порталы мен шлюзіне жататын, ЭҮ базалық құрамдас бөліктері құрылды;

төлем шлюзін, ҰБЖ құруды аяқтау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде;

мемлекеттік органдардың электрондық қызметіне аса кеңейтілген қол жеткізілімді қамтамасыз ету мақсатында 1186 қоғамдық қол жеткізу пункттері құрылды;

ЭҮ ақпараттық кезеңін іске асыру аяқталды, ЭҮ веб-порталы арқылы берілетін ақпараттық қызметтерді тұрақты өзектілеу қамтамасыз етілуде;

мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтерін іске асыру қамтамасыз етілді;

саны 50 адамнан асатын халқы бар 7305 ауылдық елді мекеннің 6643-і телефондандырылды, телефондық тығыздық 100 тұрғынға 18,5 телефонға дейін жеткізілді;

2007 жылдың соңында Интернетке қосылған мектептердің саны 95%-ға жеткізілетін болады;

АКТ саласындағы білім деңгейін арттыру шеңберінде мектептердегі 1 компьютерге келетін 54 оқушылар саны 25-ке азайтылды, қашықтан оқытудың спутниктік арнасына қосылған мектептер саны 8,7%-дан 21%-ға көбейтілді;

Мобилдик телефон байланысының абоненттері жылдық өсімінің жоғарғы көрсеткіштері - 123,5% жетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 42 мемлекеттік органы МО БКО желісіне қосылған, олар қамтамасыз ететіндер:

Астана қаласы бойынша электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін;

"Жеке тұлға", "Заңды тұлға", "Мекен-жай тіркелімі", "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорының жұмыс істеуін;

ЭҮ веб-порталының жұмыс істеуін;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары арасында бейнеконференцбайланысты қамтамасыз ету;

ЭҮ басқару институттары АКТ (бұдан әрі - АКТ) саласындағы кез келген табысты бизнес-институттары сияқты эволюциялық кемелдену: бастапқы, басқарушы, анықталған және оңтайландырылған деңгейінен өтеді. ЭҮ бір кемелдену деңгейінен басқасына көшу мынадай тіке нәтижелер: - Қазақстан Республикасында "электрондық үкіметті" іске асыру жөніндегі кезекті бағдарламаларды қабылдаумен және бұрынғы құрамдас бөліктерін жетілдірумен, жаңа сапалы технологиялық құрамдас бөліктерін толықтырумен, аймақтық кеңейтумен белгіленеді.

ЭҮ қалыптастырудың бағдарламасын іске асырудың нәтижелері бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

ЭҮ кемелденуінің екінші деңгейіне толықтай қол жеткізілді. ЭҮ контурлары анықталды - табыстың әртүрлі дәрежелерінің базалық құрамдас бөліктері, сондай-ақ, ЭҮ негізгі технологиялық сәулеті анықталды және соңғы және тікелей нәтижелерінің терминдерінде ЭҮ іске асырудың стратегиялық көрінімі қалыптастырылды.

Кемелденудің үшінші кезеңіне жету кезінде ЭҮ базалық құрамдас бөліктері мен электрондық қызметтердің дербес жобаларының қосындысы сияқты болжанбайды, стандартталған талаптар мен іске асырудың жоспарының бірыңғай ортасы ұсынылады. Кемелденудің жоғарғы деңгейіне өту мемлекеттік корпоративтік басқарудың базалық элементтерін енгізуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтердің көптеген басымдық санаттарының сапасы мен тиімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте ЭҮ сәулеті осы кезеңдегі міндеттерді тиімді шешудің негізгі құралдары болып табылады. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты "электрондық үкіметті" дамыту жолымен мемлекеттік қызметтерді берудің үдерістерін және мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.

2008 жылы "электрондық үкімет" төлем шлюзі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілетін болады, 2010 жылы транзакциялық қызметтердің саны автоматтандырылған интерактивтік қызметтердің санынан 70% - дейін жеткізілетін болады.

азіргі кезде құжаттарды жасау үшін қолданылатын компьютер бағдарламалары жеткілікті (мысалы, Word 2006 Word 2004). Бұндай бағдарламалар мәтіндік редакторлар деп аталады.

Электрондық құжаттың ақпараттық табиғатына тән бір ерекшелік – ол қағаз құжаттарға қарағанда әлдеқайда ұзақ сақталады және одан гөрі сенімдірек. Мұнда ақпарат сақталатын негізге емес, сол ақпараттың өзіне баса назар аударылады. Оның материалдық негізін сақтауға байланысты жұмыстар қосалқы мәнге ие болады. Әйтсе де, бұл құжаттарға қатысты нәрселердің бәрін: ақпаратты (мазмұнды), материалдық негізді, деректемелер мен құжат түзу технологиясын және оны қолдану тәсілдерін тұтас бірлікте алып қарау қажет. Ақпарат жазылатын қандай да бір негіз болмаса, құжат та болмайды. Электрондық құжат та сол сияқты. Электрондық құжаттарды сәйкестендірудің, ең бастысы түпнұсқаландырудың мәні зор. Электрондық құжаттарды сәйкестендіру мен түпнұсқаландырудың үйлесімді әдістемесін жасау – алыс болашақта да олардың түпнұсқалық қасиетін сақтауға кепіл бола алады. Әйтсе де бірыңғай баламалы технологияларды қолданбайынша электронды құжат өз негізіндегі файл күйінде қала береді. Мұндай электрондық құжаттарды мәтіні өшіп қалған қағаз құжаттармен салыстыруға болады: құжат бар болғанымен, іс жүзінде жоққа тән. Яғни электрондық құжатты файлдан шығарып, ақпаратын монитор экранынан оқуға болатын жағдайға келтіргеннен кейін ғана «құжат» деп есептеуге болады.

Қазір электрондық құжаттар бойынша жұмыс жүргізу ісінде мынадай проблемалар бар:

— электрондық құжаттар бойынша жүргізілетін жұмыстарды нормативтік-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету деңгейі ақпараттық-технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету деңгейінен артта қалып келеді.

— атқарушы билік органдарындағы электрондық құжаттар бойынша жүргізілетін жұмыстарға қолданылатын техникалық жабдықтардың әр тектілігі.

— басқару органдарындағы құжаттаманы басқару ісін автоматтандыру жөнінде қолданылатын бағдарламалық құралдардың әр түрлілігі.

— құжаттарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі мен құжаттарды мұрағаттық сақтау ісінің ұштаспауы.

Электрондық құжат айналымының құқықтық базасын қалыптастыру – істің жартысы ғана. Енді алда келесі кезең – электронды құжаттарды ұзақ мерзімдік сақтаудың сенімді жүйесін жасау кезеңі тұр. Бұл технологиялық шараларды да, ұйымдастыру шараларын да қамтиды.

Электрондық құжаттар мұрағаты – бұл іс қағаздарын жүргізу қызметі мен құжат айналымын автоматтандыруды арнайы бағдарламалармен жабдықтаушылар ойлайтындай жай ғана дербес сервер, компьютер немесе ақпаратты дерек көздерін сақтайтын орын ғана емес; бұл және пайдаланушыға керекті электрондық ақпаратты тауып беруге арналған іздестіру жүйесі де ғана емес. Жалпы, мақсат, міндеті жағынан электронды құжаттар мұрағаты (соның ішінде әсіресе мемлекеттік мұрағат) кәдімгі дәстүрлі мұрағаттан ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұл, ең әуелі, құжаттардың құндылығын сараптаудан бастап, оларды пайдалануға дейінгі мұрағаттық сақтау ісінің бүкіл циклін қамтамасыз ететін технологиялар мен өндірістік процестер болып табылады. Ол құжаттардың есебін алу, сипаттау, сақталуын қамтамасыз ету және ғылыми-анықтамалық аппараттарын жетілдіру секілді іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Мұрағаттар атқарылған құжаттар мен жабық істерді қайта пайдалану ісін ұйымдастыру үшін құрылады. Мұндай мүмкіндікке ие болу үшін мынадай бірнеше шарттың орындалуы қажет:

— ұзақ мерзімге арналған құжаттамалық саясатты айқындау және соған сәйкес құжаттарды топтап, олардың сақталу мерзімдерін белгілеу;

— мұрағаттық сақтауға арналған құжаттарды белгіленген саясатқа сәйкес іріктеу;

— осы құжаттар бойынша тиімді анықтамалық-іздестіру жүйесінің болуы;

— құжаттардың бүкіл мұрағаттық мерзімде сақталуын қамтамасыз ету, яғни белгіленген уақытқа сәйкес жүйелі түрде олардың есебін алып отыру (түгендеу).

— құжаттарды пайдалану кезінде олардың жоғалу қаупін мейлінше азайтатын жұмыс тәсілдерін ендіру.

Электрондық құжаттарды сақтаудың ұзақ мерзімдік саясаты әзірге жоқ. Іс номенклатурасына электрондық құжаттар мен мәліметтер базасы енбейді. Электрондық құжаттар есебі ұйымдарда не бүтіндей жүргізілмейді не жеткіліксіз дәрежеде ғана жүргізіледі. Электрондық құжаттар бойынша іздестіру жүйесін жасау – ұйымда электрондық мұрағат құрудың негізгі мәні болып табылады. Әйтсе демұрағат негізі – электрондық құжаттардың есебін жүргізу.Электрондық құжаттардың сақталу жайы туралы айту үшін ең алдымен олар жөнінде нақты мәліметтер болуы шарт. Егер электрондық құжаттар сыртта сақталатын негіздерге жазылған болса, онда олардың есебін ретке келтіру оңай.

Электрондық құжатқа байланысты мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады.

Электрондық құжатдегеніміз ақпараты электрондық-цифрлық нысанда (формада) беріліп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат. Электрондық құжат жеке файлдың бір немесе бірнеше бөлімдерінен, бүтін бір файлдан немесе жеке-жеке бірнеше файлдан тұруы мүмкін. Мұның бәрінде де файлдардағы құжаттың түпнұсқалық сипатын куәландырып, тұтастығына кепілдік беретін деректемелер ортақ болады. Электрондық құжат деректемелері электрондық-цифрлық нысанда да (электрондық-цифрлық қолтаңба, түпнұсқаландырудың электрондық кодтары т.б.), қағаз құжаттағы куәландырылған парақ түрінде де болуы мүмкін.

Ақпараттық ресурс –қор жасаушының ақпараттық жүйесіндегі мәні мен технологиялық белгілеріне сәйкес топталған (басқару, ғылыми-техникалық, жеке құрам бойынша, мерзімді басылымдар, интернет-басылымдар т.б.) электрондық құжаттар кешені. Бағдарламалық ортаның (ОС, СУБД, қолданбалы бағдарлама немесе оның қосымшалары) өзіндік сипаттары, мәліметтер базасының немесе ақпарат жүйесінің өзіндік құрылымы, олардағы техникалық құжаттаманың саны – ақпараттық ресурстың технологиялық белгілері болып табылады.

Электрондық құжаттарды сақтау бірлігі – мұрағатта есептік нөмірі бар дербес электрондық негіз.

Электрондық құжаттарды есепке алу бірлігі – мұрағатта есептік нөмірі бар дербес көріністі файлдық обьект, реляциялық немесе өзге де компьютерлік деректер (компьютерлік папка, компьютерлік файл, мәліметтер базасының кестесі, электрондық кесте парағы).

Электрондық құжаттардың көшірмеленуі – электрондық құжаттарды бір технологиялық платформадан екіншісіне ауыстыру; көшірмелеу процесінде компьтерлік файлдар форматы өзгереді, яғни қайта форматталады. Кейде мәліметтер құрылымы не формат үлгісі өзгеріске түседі (мәтіндік құжаттар графикалық құжатқа немесе керісінше ауысады).

Электрондық құжаттың қолданысқа арналған данасы – бұл құжат пайдалануды ұйымдастыру кезінде сақтау бірлігі берілген электрондық құжаттың бір данасы.

Электрондық құжаттың резервтегі данасы – құжаттың қолданысқа арналған жаңа сақтау бірлігіндегі данасын жасау үшін немесе оны қалпына келтіру үшін әзірленген данасы.

Сақтық форматындағы электрондық құжат – бағдарламалық тұрғыдан тәуелсіз форматта немесе кең таралған компьютерлік форматта сақтаулы электрондық құжат

Тұтыну форматындағы электрондық құжат – ағымдағы мұрағаттық ақпарат жүйесінің немесе оқу залының, болмаса аулақтағы тұтынушының қолдауында тұрған форматтағы электрондық құжат.

Сонымен, электрондық құжаттары бар және қызмет барысында оларды жасап жатқан ұйымдарда тап қазір не істеуге болады?

Ең әуелі нені, қайда және қандай көлемде сақтау керек екенін білу қажет. Яғни ақпараттық ресурстар есебін алуды ретке келтіріп алу шарт.

Электронды құжаттарды жүйеден алып тастау (папкілерді, файлдарды немесе мәліметтер базасының жазбаларын) және ақпараттық ресурстардың құрылымын өзгерту ұйым басшысының өкімдік актісі негізінде жүзеге асырылады. Электронды құжаттар санының есебін алу ісі картотека бойынша немесе құжат айналымының ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер базасы бойынша жүргізіледі. Есептеу бірлігі ретінде құжаттың өзі алынады. Мұнда оның қосымша нұсқалары есепке алынбайды. Электронды құжаттар санының есебі электронды құжаттар айналымының көлемі туралы анықтамаларда көрсетіледі. Электрондық құжаттары бар папкілер мен файлдар есебін алу мақсатында электрондық құжаттар тізіліміне олардың (папкілер мен файлдардың) аттары, саны және кеңейтіліп, толықтырылғандығы жөніндегі мәліметтер енгізіледі.

Ұйымға келіп түскен электрондық негіздердің бәрі де есепке алынады. Олардың келіп түсуі мен шығуы арнайы журналда тіркеліп отырады. Нөмірлеу жалпы ретпен жүргізіледі. Ақпараттық ресурстарды электрондық құжаттардың резервтегі нұсқалары көмегімен қалпына келтіру мәліметтері жазылатын журнал қандай да бір себептермен жойылып кеткен ақпараттық ресурстарды орнына келтіру жөніндегі операциялар есебін жүргізуге арналған. Бұл журналды ұйымның ақпараттық жүйелерді жедел сақтау және резервтік көшірмелерін жасау ісіне жауапты салалық бөлімше (ақпараттық технологиялар қызметі, автоматтандыру бөлімі, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі, ақпараттық есептеу орталығы т.б.) жүргізеді.

Экспертные системы

1. Основу любой интеллектуальной экспертной системы составляет …

  база знаний
    математическая модель
    система правил решения поставленной задачи
    управляющая система

2. В экспертных системах нуждаются предметные области: медицина, фармакология, химия, геология, экономика, юриспруденция и др., в которых большая часть знания …

  является личным опытом специалистов высокого уровня
    может быть сведена к системе машинных команд и реализована на компьютере
    уже получена и можно отказаться от непосредственного участия человека и передать возможность принятия решений компьютеру
    требует нахождения оптимальных показателей для конкретной задачи данной отрасли

3. Конечной стадией существования экспертной системы является …

  коммерческая система
    исследовательский прототип
    действующий прототип
    промышленная система

4. Экспертные системы используются тогда, когда …

  исходные данные хорошо формализуются, но для принятия решения требуются специальные обширные знания
    исходные данные компактны и удобны для реализации на компьютере
    требуется нахождение оптимальных показателей (например, нахождение минимальных затрат или определение максимальной прибыли)
    исследуются объекты, процессы или явления путем построения и изучения моделей для определения или уточнения характеристик оригинала

5. Сходство экспертных систем с прочими прикладными программами заключается в том, что они …

  предназначены для решения определенного круга задач
    используют в качестве основных методов решения задачи эвристические методы
    на этапе решения задачи формируют определенные факты и выводы
    моделируют мышление человека, а не конкретную природу предметной области

6. Применение экспертной системы целесообразно, если …

  необходимо решать задачу в окружении, враждебном для человека
    задачу требуется решать ограниченное количество раз
    существует достаточное количество экспертов для решения данного круга задач
    решение задачи с помощью эксперта-человека менее затратно по времени и более полно по охвату

7. Ядро экспертной системы не реализуется на …

  языках разметки гипертекста
    декларативных языках программирования
    императивных языках программирования
    языках представления онтологий

8.Характерной особенностью любой экспертной системы, отличающей ее от других компьютерных информационных систем, является …

    способность к саморазвитию
      сортировка, выборка данных по запросам пользователей
      использование таких методов, которые позволяют свести решение любой задачи к конкретному набору машинных команд
      обеспечение множественного доступа к информации

9. Основными классами экспертных систем являются …

    системы диагностики неисправностей
      метеорологические системы
      системы управления базами данных
      системы геолокации

 


Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 22 | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Негізгі бөлім.| КОНТРОЛЬНЫЕ ЗАДАНИЯ

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2017 год. (0.181 сек.)