Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.

Читайте также:
  1. E) Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  7. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030
  8. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  9. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.

1. Тамақтану объектiлерiн орналастыруға, жер учаскесiн беруге, құрылысына және реконструкциялауға арналған жобалық құжаттарды бекiтуге, пайдалануға беруге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жол берiледi.

 

2. Тамақтану объектiлерi бөлек тұрған және жапсарлас салынған ғимараттарда, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған үй-жайларда, ауданы 700 шаршы метрден (бұдан әрi - м2) астам болмайтын ғимараттардың бiрiншi қабаттары мен цокольды қабаттарында, сондай-ақ өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң аумағында орналасуы мүмкiн. Бұл ретте, қоғамдық тамақтану объектiлермен қатар не олардың үстiнде орналасқан адамдардың өмiр сүру, демалу, емделу, еңбек етуiнiң санитариялық-гигиеналық жағдайлары төмендемеуi тиiс.
3. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан тамақтану объектiлерiнде ғимараттың тұрғын үй бөлiгiнен оқшауланған есiгi және көшiру есiктерi болуы көзделедi. Азық-түлiктiк шикi заты мен тамақ өнiмдерiн тұрғын үйлердiң ауласы жағынан қабылдауға жол берiлмейдi. Өнiмдердi тиеудi терезелерi жоқ тұрғын үйлердiң артқы есiгiнен, арнайы тиеу үй-жайлары болған кезде магистральдар жағынан жерасты туннельдерiнен орындау керек. Өндiрiсi шағын объектiлер үшiн оның жұмысы басталғанға дейiн негiзгi кiретiн есiктен тиеуге жол берiледi.
4. Тұрғын үй ғимараттарының бiрiншi қабаты терезесiнiң астына және тротуарларға тамақтану объектiлерiнiң жазғы алаңдарын орналастыруға, тамақ дайындайтын технологиялық жабдықты және дыбыс шығаратын аппаратураны орнатуға жол берiлмейдi.
5. Тамақтану объектiлерiнде тұрғын үй-жайларын, қоғамдық тамақтанумен байланысы жоқ жұмыстар және қызметтердi орналастыруға, сондай-ақ жануарлар мен құстарды ұстауға жол берiлмейдi Үй-жайлардың сәулет-жоспарлау шешiмдерi шикi заттың, шикi жартылай дайын фабрикаттардың және дайын өнiмдердiң, пайдаланылған және таза ыдыстардың қарама қарсы ағыны, сондай-ақ келушiлер мен персоналдың қарама қарсы қозғалысын болдырмайтын технологиялық процесстердiң ағынын көздейдi. Тамақтану объектiсi үй-жайларының жиыны мен ауданы жобалауға берiлген тапсырмамен анықталады және мынадай үй-жайлар тобын қамтиды: келушiлерге арналған үй-жай, өндiрiстiк үй-жай, әкiмшiлiк тұрмыстық, қоймалық, техникалық үй-жайлар.. Тамақтану объектiсiнiң санитариялық-тұрмыстық үй-жайларының құрамына мыналар кiредi: сыртқы киiмдер, жұмыс және арнайы киiмдер iлетiн орындар; себезгi бөлмесi, дәретхана, әйелдердiң жеке гигиенасына арналған үй-жай. Арнайы киiм сыртқы киiмнен бөлек, аяқ киiм арнайы шкафта сақталады.

6. Алаңнан қоқыс контейнерлердiң 2/3 көлемi толған кезде шығарылады, контейнерлер тазартылады және жұмыстың аяғында кальцийленген соданың 1% ыстық (45-500С) ерiтiндiсiмен немесе Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген басқа да жуу заттарымен жуылады.. Өндiрiстiк, қоймалық, қосымша үй-жайларды, дәретхананы жинау үшiн бөлек орындарда сақталатын бөлек мүкаммал керек-жарақтар бөлiнедi. Дәретханаларды жууға арналған мүкаммалының белгiлiк бояуы болады және бөлек сақталады. Өндiрiстiк, қосымша, қоймалық және тұрмыстық үй-жайларды жинауды техникалық жұмыскер, ал өндiрiстiк үй-жайлардағы жұмыс орындарын қызметкерлердiң өздерi не осы мақсат үшiн арнайы бекiтiлген тұлғалар жүргiзедi. Дәретханаларды жинау үшiн жеке персонал бөлiнедi.
7. Объектiлерде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген жуу және дезинфекциялау заттары қолданылады. Жуу және дезинфекциялау заттары арнайы бөлiнген орында дайындаушының ыдысында сақталады




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 69 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав