Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Конституциялық құқық және оның әдіс- тәсілдері мен жүйесі.

Читайте также:
  1. A) Заттар немесе мүліктік құқықтар
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

Конституциялық құқық – Қазақстан мемлекеті мен қоғамының құрылысын, мемлекеттік билікті ұйымдастыруды, азамат пен мемлекет арасындағы қатнастарды реттейтін құқық саласы.

Конституциялық құқық нормаларымен мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалары реттеледі. Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің жетекші саласының бірі болып табылады. Конституция деген (термин) ұғым латынның constututio деген сөзінен шыққан, жарлық, жарғы деген мағынаны білдіріді. Ең алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та сонан соң 1789 жылы Францияда қабылданды. Конституция қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар негізгі заң болып табылады. Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Конституциясы, ҚР конституциялық заңдары, ҚР заңдары, ҚР президентінің заңдық күші бар жарлықтары, Парламент пен үкімет шығарған заңдық актілер, ҚР басқа мемлекеттермен жасалған келісімдері, жалпыға танымал халқаралық нормативтік актілер, ҚР конституциялық кеңесінің актілері, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері жатады.

Конституциялық құқық төрт түрлі әдіспен реттеледі. Олар: міндеттеу, тыйым салу, рұқсат ету және тану. Конституция дегеніміз мемлекет пен азаматтардың, азаматтардың өзара қатнастарын реттейтін, мемлекеттік органдар жүйесі, қоғамдық құрылыс пен мемлекттік құрылымды бекітетін жоғарғы заңдық күші бар нормативтік акт. Конституция мемлекеттің негізгі заңы ретінде мынандай қызметтер атқарады:

1) құқықтың басты қайнар көзі ретінде заңдық қызмет атқарады.;

2)идеологиялық қызметі. Қоғамдағы ең жоғарғы құндылық адам өмірі, құқықтыры мен бостандықтарын дәріптейді;

3) мемлекетік билікті жүзеге асырудың құқықтық негізін анықтайды;

4) экономикалық қызметі. Конституция елдегі меншіктің формалары мен меншіктік қатнастарды анықтайды;

Конституцияның басқа нормативті құқықтық актілерден бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді:

1) конституцияның үстемдігі; Ол ең жорарғы заңдық күші бар, нормативті акті. конституцияның үстемдігін сол конституцияның өзі бекітеді.

2) құрылтайлық сипаты, конституция мемлекеттік құрылыс пен мемлекттік биліктің формасын бекітеді;

3) конституция тура және тікелей әрекетімен сипатталады, оның нормалары заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің органдары үшін міндетті болып табылады;

4) конституцияны қабылдау мен өзгертудің ерекше тәртібінің болуы; конституцияны қабылдау, оған толықтырулар мен өзгертулер енгізу тек конституцияда бекітілген ерекше жолмен, оған құзіреті бар органның еркімен жүзеге асады;

5) конституцияны құқықтық қорғау; яғни конституциялық заңдылықты сақтау

Конституцияның негізгі қағидаттары(принциптері):

1.Экономикалық қағидат

2) Демократиялық қағидат

3) Билікті бөлу қағидаты

4) Қазақстандық патриотизм қағидаты

Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы бесінші ата заң болып табылады.(1926ж., 1937ж., 1978ж., 1193ж., 1995ж.) Қазіргі қолданыстағы конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум арқылы қабылданған және оған 2007 жылы маусымда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Конституция кіріспеден (преамбуладан),негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаты айтылады. I-бөлім «Жалпы ережелер» деп аталып, Қазақстан республикасының конституциялық құрылымына жалпы сипаттама береді. II бөлім «Адам және азамат» деп аталады. Ол Қазақстан Республикасындағы тұлғаның конституциялық мәртебесін айқындайды. «Президент» деп аталатын III бөлім мемлекет басшысының мәртебесін ашады. IV –VIII бөлімдерде мемлекеттік органдардың (Парламент,Үкімет, соттар т.б.) мәртебесі, қызметі туралы айтылады. «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын IX бөлім жаңа Конституцияны күшіне енгізу нормаларын бекітеді. Бұрынғы конституцияның қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 69 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав