Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының конституциялық қоғамдық құрылымы.

Читайте также:
  1. E) Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  3. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030
  4. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  5. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  6. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  7. Азақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы
  8. Азақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
  9. Азақстан Республикасындағы ұлттық валютаның қалыптасуы мен нығаюы
  10. Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы

Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік- экономикалық ұйымын, ондағы жеке адамдардың конституция нормаларымен бекітілген қоғамдық қатнастарының жиынтығын айтамыз.

ҚР қоғамдық конституциялық құрылымы конституцияның жалпы бөлімінде айқындалған Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылым үш принцип негізінде қалыптасады. Олар:

1) халықтың билігі, биліктің үш тармаққа бөліну принципі; 2) заң үстемдігі;

3) азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы;

Қазақстан Республикасының қоғамдық құрылымының конституциялық негіздері төмендігідей:

1.ҚР территориясы біртұтастығы; Конституцияның 2-бабында егемендік Републикасының барлық аумағына қатысты екендігі, ҚР территориясы біртұтастығы атап көрсетілген

2.Республикалық басқару формасы; Конституция бойынша елде республикалық билік формасы бекітілген. Мемлекеттегі жоғарғы органдар сайлау арқылы қалыптасқан парламент қатысуымен құрылады. ҚР президенттік республика деп жарияланған. Ол президенттің мемлекеттік биліктегі бірқатар белсенділігінмен қатар парламенттік республикаға тән үкімет басшысының болуы президенттің парламентті тарату құқығы және заңдарды қалыддау құқығының болуымен сипатталады.

3.Халық билігі; Конституция 1-бабаында ҚР демократиялық мемлекет деп атап көрсетілген. ҚР халық конституцияны қабылдауға референдумға қатыса алады, мемлекет басшысы президентті парламент сайлап белгіленген уақыт өткен соң оларды қайта сайлауға құқықы бар. Мемлекет ұлтына, жынысына нәсіліне, дініне қарамастан азшылықтың мүддесі ескеріліп құқықтырын қорғауды жүзеге асырады. Азаматтарға сөз бостандығы, ар-ождан бостандығы, ұлты мен тілін таңдау, ұйымдар құру, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік береді.

4.Заң үстемдігі, мемлекеттің құқықтық сипаты; Мемлекет заң үстедігі, биліктің үш тармаққа бөлінуі, мемлекет пен азаматтардың заң алдында өзара жауапкершілігіне негізделген мемлекет құру;

5.Мемлекеттің зайырлылық сипаты; Діни ұйымдар мемлекеттен бөлінген бір діннен екіншіге көшуге, қалаған діндіге сенуге құқық берілген, бірақ мемлекеттік міндетті дін жоқ. Діни негізде саяси партиялар құруға,тыйым салынған;

6.Мемлекеттің әлеуметтік сипаты; ҚР мемлекет халыққа қызмет етеді,әлеуметтік салада білім беру, денсаулық сақтау,ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрмысы төмендерге әлеуметтік қамқорлық көрсетуді жүзеге асырады.

7.Унитарлық сипаты; ҚР унитарлы мемлекет екендігі, онда дербестігі бар территориялардың жоқтығы мен мемлекеттің біртұтастығынан көрінеді.

8.Саяси және идеологиялық плюрализм; Республикада идеолгиялық плюрализм (әртүрлілік) танылады саяси және идеолгиялық плюрализм саяси партиялар құру және саяси өмірге араласудың барлық түрлерінің болуымен анықталады.

9.Экономикалық плюрализм Республикада мемлекеттік және жеке тең дәрежеде танылып қорғалуымен сипатталады.(констит.5 бап)

10.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы. Азаматты құрметтеу, оны қорғау мемлекеттің негізгі атрибуты міндеті болып табылады

(констит.6 бап).

11.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы;.

3.Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері. Гуманизм - құқықтық мемлекетке тән негізгі құндылық. конституциясының 1- бабының 1- тармағында: «Адам, және адамның өмірі, құұқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы» делінген. Ал конституцияның «Адам және азамат деп аталатын II бөлімінде 12 баптың 1-тармағында ҚР адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» делінген.

1. Адамның жеке құқықтары мен бостандықтары Бұл құқықтыр мен бостандықтар адам туылғаннан бастап беріледі және олар адамның азаматтығына байланысты емес, табиғи құқықтарымен байланысты.

2.Саяси құқықтары. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуына байланысты

3.Әлеуметтік- экономикалық құқықтары мен бостандықтары: Демократиялық мемлекетте азаматтардлың құқықтары мен бостандықтары жарияланып қана қоймай оларға кепілдіктер беріледі. Кепілдіктер экономикалық саяси әлеуметтік заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.. Кепілдік қамтамасыз ету деген мағынаны білдіреді

Азамат- өз отанының ұлы (немесе қызы) деген ұғымды білдіреді. Мысалы заң кепілдігіне әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы корғау, білікті заң көмегін алу құқықтары, кінәсіздік презумпциясын жатқызуға болады. ҚР азаматтарының конституциялық міндеттері:

1) ҚР конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа адмдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

2) өз отаны ҚР қорғауға;

3) салықтар мен алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге;

4) тарихи және мәдени мұралар мен ескерткіштерді қорғауға міндетті;

5) табиғатты сақтап табиғи байлықтарды ұқыпты қарауға;

6) орта білім алуға міндетті;

Азаматтық дегеніміз – азаматтың мемлекетпен өзара құқықтық саяси байланысы. Азаматтық Қазақстан Республикасының 1991жылы 20 желтоқсанда қабылданған «Азаматтық туралы» заңымен реттеледі. Заң бойынша азаматтық үш элементтен тұрады:

1)адамның мемлекетпен байланысының тұрақты болуы;

2)адамның мемлекетпен байланысының саяси құқықтық сипатта болуы;

3)мемлекет пен азаматтың арасындағы өзара құқық пен міндеттердің белгіленуі;

Қазақстан Республикасының азаматтығы мынандай төрт жағдайда беріледі:

1) туу бойынша;

2)Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы нәтижесінде

3) Қазақстан Республикасы халқаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша

4) Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы заңда қарастырылған немесе өзге де негіздер бойынша

Азаматтықтан айыру:

1)басқа мемлекетте әскери қызметке, қауіпсіздік қызметіне, полиция, юстиция органдарына басқа да мемлекеттік басқару органдарына қызметке орналасуы салдарынан;

2)азаматтықты жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар арқылы алса;

3)Қазақстан Республикасының мемлекет аралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;

4)Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған азамат үш жылға шейін консулдық тіркелмесе;

Азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдау Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігіне жатады.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 66 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав