Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Читайте также:
  1. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  2. E) Қазақстан Республикасының Конституциясы
  3. Lt;сұрақ>Ондық жүйеде берілген 2 санының екілік санау жүйесіндегі жазылуы
  4. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030
  5. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  6. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  7. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  8. Азақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы
  9. Азақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
  10. Азақстан Республикасындағы ұлттық валютаның қалыптасуы мен нығаюы

Сайлау құқығы конституциялық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР сайлау құқығының қайнар көздеріне ҚР конституңциясы, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» конституциялық заңы (28.09.1995.қаб. 21.06..2007ж. өзгертіген, толықтырылған) және ҚР «Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы» (10.12.1993 ж.) заңы жатады. Қазақстан Республикасының президентін, парламент төменгі палатасы мәжіліс депутаттарын, сенат депутаттарын және жергілікті өкілдік органдар маслихаттар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

Сайлау жүйесі дегеніміз өкілетті органдарға және басқарудың әртүрлі сатыларына елде қалыптасқан заңға сәйкес азаматтардың өзі қалаған өкілдеріне дауыс беруін ұйымдастыру және өткізу жүйесі. Сайлау құқығы екі мағынада қолданылады. Объективті және субъективті Объективті сайлау құқығы – мемлекеттік органдардың сайлауды ұйымдастыруы мен өткізу тәртібін реттейтін құқық саласы. Субъективті сайлау құқығы – азаматтардың сайлау және сайлану құқығы.Субъективті сайлау құқығының 2 екі түрге бөлінеді:

1) белсенді сайлау құқығы-азаматтардың сайлау құқығын білдіреді;

2) бәсең сайлау құқығы азаматтардың сайлану құқығын білдіреді;

Сайлау президенттік, парламенттік, жергілікті басқару органдарына сайлау болып жіктеледі. Қазақстан Республикасында сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі принциптері: 1) сайлаудың жалпыға бірдейлік принципі сайлау мен сайлану құқығына қойылатын талаптар мен шектеулер ҚР конституциясымен анықталады; 2)Сайлауға қатысуға теңдік принципі ; әрбір сайлаушы бір дауысқа ие бола алады; 3) Тікелей сайлау құқығын жүзеге асыру принципі; ҚР президенті, мәжіліс және маслихаттар депутаттарын халық тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Ал сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау негіізінде жүзеге асады. 4) жасырын дауыс беру принципі; бұл принцип ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі.Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы жүзеге асырылады. 5) сайлау бостандығы принципі сайлау құқығын еркін жүзеге

асыруға негізделген. Сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге немесе азаматтың еркін шектеуге ешкімнің қақысы жоқ. Бұл принциптер ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі.Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы жүзеге асырылады.

Сайлау органдары: Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар- сайлау комиссиялары. Сайлау комиссияларының жүйесі: 1)орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиясы; 3) округтік сайлау комиссиясы; 4)учаскелік сайлау комиссияларынан тұрады. Сайлау комиссияларының өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті маслихаттар сайлайды. Әрбір партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидат ұсына алады. Ұсынылған кандидат ұсынып отырған партияның мүшесі болмауы қажет. Сайлау комиссиясын құруға бір ай уақыт қалғанға шейінгі мерзімде саяси партиялар өз кандидаттарын ұсынбаса, маслихаттар сайлау комиссиясының мүшелерін басқа қоғамдық ұйымдардан жоғары тұрған сайлау комиссиясыныі ұсынысымен сайлайды. Ұсынылған кандидаттар сайлау комиссиясының жұмысына қатысатыны туралы өтініштрін қоса тапсыруы керек.Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы оның алғашқы отырысында сайланады. Сайлау комиссиясын құру туралы шешім, оның құрамы,орналасқан жері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сайлау комиссиясының өз құзіреті шеңберіндегі қабылдаған шешімдерін тиісті аумақтағы барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар лауазымды адамдар орындауға міндетті. Орталық сайлау комиссиясы республикалық сайлау комисияларының біртұтас жүйесіне басшылық жасайтын тұрақты орган болып табылады. ОСК президенттің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі сайлайды және қызметтен босатады. ОСК төрағасын, оның орынбасарын және хатшысын мәжіліс сайлайды. ОСК аппараты құрылады. ОСК жұмысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

Загрузка...

Орталық сайлау комиссиясының қызметі:

1)сайлау туралы заңның орындалуын бақылайды, бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді;

2)өз құзіреті шеңберінде Республика аумағында міндетті шешімдер қабылдайды. Президент Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеуге, өткізуге басшылық жасайды;

3) парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға сайлау округтерін құрады, оларды нөмірлерін бекітеді, оны ақпарат құралдарында жариялайды;

4)сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың сметасын жасап, оны ҚР үкіметіне ұсынады;

5)сайлау комиссияларына басшылық жасап, олардың шешімдерін жояды немесе тоұтата тұрады;

6)республикалық бюджеттің сайлау науқанын өткізуге арнап бөлген қаражатын сайлау комиссияларына бөледі;

7)аумақтық және округтік комиссиялардың шешімдері мен әрекеттеріне байланысты түскен шағымдар мен арыздарды қарайды;

8)саяси партиялардың өкілдерімен сайлауды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде семинарлар өткізеді;

9)сайлау жүйелері саласанда халқаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

10) республика бойынша Президентті, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, оларды тіркейді, бұл туралы ақпарат құралдарында жариялайды;

11)Президент және Парламент депутататрын сайлау кезінде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткізілуін ұйымдастырады;

12)Сайлау туралы конституциялық заңның бұзылуына байланысты тиісті сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтінішпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгінеді;

Аумақтық сайлау комиссияларына- облыстық ( республикалық маңызы бар қалалар мен респулбика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары жатады. Аумақтық сайлау комиссиялары жеті адамнан тұрады. Қызметі:

1)Президент, Парламент және маслихаттар депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізуді жүзеге асырады;

2)төменгі тұрған округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне басшылық жасайды, олардың шешімдерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады;

3)сенат депудаттарнын сайлауда кандидаттарды тіркейді, тиісті куәліктер береді;

4)мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құрады, олардың тізімдерін жариялайды;

5)мәслихаттар депудаттарын сайлаудың қорытындысын шығарады, оларды тіркейді. Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының әрқайсысы жеті адамнан тұрады. Округтік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 


Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 15 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2018 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав