Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Меншік және зияткерлік меншік құқығы. Міндеттемелік құқық.

Читайте также:
  1. A) Меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке іске біреудің араласпауын
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заңды актілермен белгіленген және қорғалатын мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті ңс жүзінде заң жүзінде қамтамасыз етудің мүмкіндігі. Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Заңға сәйкес меншіктің келесі нысандары бар: жеке және мемелекеттік. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналды болып екіге бөлінеді. Республикалық меншік республикалық қазынадан және республикалық заңды тұлғаларға бекітілп берілген мүліктен тұрады. Республикалық қазынаға: республикалық бюджет қаражаттары, алтын-валюта қоры, алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады. Коммуналды меншік жергілікті қазынадан және коммуналды заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Екі немесе бірнеше тұлғаның бір мүлікке меншік құқығы ортақ меншік болып табылады. Заң ортақ меншіктің екі түрін анықтайды: үлестік және бірлескен ортақ меншік. Егер мүлікке меншік иелерінің әрқайсысының нақты үлестері белгілі болса және көрсетілсе, онда ортақ меншік үлестік болып табылалы. Ортақ бірлескен меншікте нақты үлестер белгіленбейді және қатысушылардың үлестері тең деп есептеледі. Меншік құқығының пайда болу негіздерінің бастапқы және туынды тәсілдері бар. Бастапқы тәсіл негізінде меншік құқығы бірінші рет пайда болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету құқығында болмаған. Бастапқы тәсілге жаңадан жасалған затқа меншік құқығын жатқызуға болады. Туынды тәсіл – мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өту нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі (сатып алу-сату). Меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдері: виндикациялық және негаторлық тараптар. Виндикациялық талап – меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету. Негаторлық талап – меншік иесінің құқықтарын иеліктен айырумен ұштаспаған бұзушылықтан қорғау талабы. Бұл талап меншік иесінің өз мүлкін пайдалану және билік ету құқығына нұқсан келтірген кезде қойылады.

Зияткерлік меншік дегеніміз азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелеріне, заңды тұлғалардың дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өз өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі т.б.)ерекше құқығы. Зияткерлік құқықтың объектілеріне:

1)шығаршашылық қызметтің нәтижелері;

2)азаматтық айналымға қатысушылардың тауарларды, қызметтерді, дараландыру құралдары жатады

Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:

1)ғылым, әдебиет және өнерр туындылары;

2)орындау, фонаграмма,хабар таратуды ұйымдастыру;

3) өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;

4) селекциялық жетістіктер;

5) интегралдық микросызба топологиялары;

6) ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары;

7)интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері; Азаматтық айналымға қатысушылардың тауарларды, қызметтерді, дараландыру құралдарына: 1)фирмалық атаулар; 2)тауарлық белгілер; 3)тауар шығарылған жерлерді атау (шығарған жерін көрсету); 4)заңда көрсетілген басқа да даралану құралдары

Авторлық құқық дегеніміз - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары.автор шығармашылық еңбегімен туынды жазған тұлға.Авторлық құқықты иеліктен айыруға немесе басқа адамға беруге болмайды. Егер екі немесе бірнеше адамның авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып табылады. Авторлық құқық автордың өмірі бойына және қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды.Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонаграммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына қолданылады.Сабақтас құқықтардың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін қандай да болсын формальділікті сақтау талап етілмейді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың арасында көп кездесетін негіздердің бірі – міндеттемелер. Міндеттемеге сәйкес бір тұлға (борышкер) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. әрекеттер жасауға немесе белгілі бір әрекетті жасаудан бас тартуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауды талап етуге құқылы. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері: айып төлеу, кепіл, кепіл болушылық, кепілдік, кепілпұл және т.б. Айып төлеу (айыппұл, өсім) – борышқор міндеттемесін орындамаған кезде немесе тиісінше орындамаған кезде несие берушіге төлеуге міндітті заңмен немесе шартпен берілген ақша сомасы. Кепіл – міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде борышқордың белгілі бір мүлігі несие берушінің уақытша иелігіне өтуі. Кепілдің екі түрі бар: ипотека және кепілзат. Ипотека – кепілге салынған борышқордың (кепіл берушінің) иелігінде және пайдалнуында қала беретін кепіл түрі. Кепілзат – кепілге салынған мүлік несие берушінің (кепіл ұстаушы) иелігіне өтетін кепіл түрі. Кепілдік – кепілдік болуының басқа жақтың (борышқордың) несие берушісінің алдында міндеттемесін толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара орындауы үшін жауап беруі. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында міндеттемесін толық немесе ішінара субсидиялық орындалуына жауап беруге міндетті. Кепілпұл – келісуші шарттардың беруінің екінші жаққа шарт жасау мен орындалуын қамтамасыз етуге берілетін ақша сомасы.

Мұрагерлік құқық қайтыс болған адамның мүлігін мұраға қалдыру және мұраны қабылдау міселелерін реттейтін құқық институты. Мұраға қалдыру екі жолмен өтеді: заң бойынша және өсиет бойынша. Өсиет міндетті түрде нотариалды бекітілген жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Егер қайтыс болған адам өсиет қалдырмаса онда мүлік заңмен белгіленген ретте туыстарының арасында бөлінеді.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 99 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав