Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік ақша жүйесі.

Читайте также:
  1. B) Ақшалай
  2. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  3. D) Қолқа қақпақшасының жеткіліксізігі
  4. G. Халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
  5. Ақша дегеніміз не?
  6. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  7. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  8. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  9. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  10. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Ақша жүйесінен құқықтық негіздері еліміздін ақша жүйесінің, соның ішінде ұлтық валюта жүйесін белгілейтін, сондай – ақ оның қоғам мемлекет мүделеріне сай тиісінше қызмет атқару қамтамасыз ететін қаржылық құқықтың институты болып табылады. Ақша жүйесі деп, тарихи қалыптасқан және ұлтық заңдармен бекітілген еліміздегі ақша айналымын ұймдастыру нысанын айтамыз. Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардын бағасын өлшеу қызметін атқаратын және ұлтық валютаның аталымын көрсететін мемлекет таррапынан белгіленген ақша. Қазақстан республикасының ұлттық валюта – Қазақстан тенгесі болып табылады. Ақшалар қағаз ақшалар және металл ақшалар болып бөлінеді. Мемлекетіміздегі алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы монеталарды мемлекет атынан шығаратын орталық - Қазақстанның ұлттық банкі. Ақша айналымын тұрақтандыру реформаларын жүргізу арқылы жүзеге асырады. Ақша реформаларын жүргізу әдістеріне: нуллификасия, деноминация, девалютсия, ревальвасия жатады. Нуллификация - құны жойылған ақшаларды алып тастап,оның орнына жаңа валюта енгізу. Деноминация - ақша айналымдағы ақшаларды белгілі бір арақатынасынан қолдана отырып жаңа шығарылған ақшаларға айырбастау арқылы ақшаның құнын өзгерту және массасын өзгерту.

Девальвация ұлттық валюта курсын, басқа елдердін ресми түрде төмендету. Ревальвация – девалшьция қарама қарсы әдіс, яғни айналымдағы ұлтық валюта курсын, басқа елдерінің валютасымен салыстырғанда ресми түрде жоғарлату. Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз - халықаралық валюталық құқық нормаларын еске ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатнастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюта жүйесімен тығыз қарым-қатнаста болады., себебі еліміздің экономикасы сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді. Халықраралық валюталық жүйелердің тарихи дамуы мынандай түрлерге бөлінеді:

  1. Париж валюталық жүйесі (1867)
  2. Геную валюталық жүйесі (1922ж)
  3. Бредтон–Вуд валюталық жүйесі (1944ж.)
  4. Ямаика валюталық жүйесі (1976-1978ж.)
  5. Евпропа валюталық жүйесі (17-977 ж)

Валюта айналымына және шетелдік валюталарға қатысты мемлекет тарапынан белгіленіп қойылған шектеулер валюта айналымының режимі деп аталады. Валюталар толығымен айналыста болатын, жартылай айналатын және айналысқа түспейтін валюталар болып бөлінеді. Қазақстан тенгесі жартылай айналыста болатын валюталар қатарына жатады. Қаржылық банктік қызмет деп қоғамдық, мемлекеттік, материалдық, мүдделер мен мұқтаждықтарды қамтамсыз ету үшін. Қазақстанның ұлттық банкі мен басқа да мемлекеттік несиелік ұйымдардың мемлекеттің банк жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік банктердің ақшалай ресурстарын қалыптастыруға және оларды мемлекеттің орталықтандырылған саудалық қорлары ретінде пайдалануға бағытталған, сондай- ақ банктік заңдармен көзделеген банктік операциялар мен мәліметтерді жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін айтамыз.

Қаржылық сақтандыру қызметі мемлекеттің сақтандыру жүйесіндегі алдын- алу және қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру, сақтандыру жағдайларының туындауына орай заңды және жеке тұлғаларға келтірілген залал- зардаптардың орнын толтыру мақсатында арнайы ақшалай қорларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру ұйымдардың іс – қимылын айтамыз.

Қаржылық құқықтық қатынастар деп мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында, қаржылық құқықтық нормалардың негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, яғни қаржылық құқықтық нормаларымен реттелген мемлекеттік қаржылық қатынастарды айтамыз.

Қаржылық құқықтық нормалары мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарға қатысушылардың жүріп- тұруы қағидаларын белгілейтін, сондай- ақ өздерінің мән- жайына байланысты материалдық және ұйымдастырушы болып бөлінетін құқықтық нормаларға жатады. Материалдық қаржылық құқықтық нормалар ақшалай қозғалысты білдіретін қаржылық қатынастарды реттейді.

Ал ұйымдастырушылық құқықтық нормалар қаржылық қызметінің жүрісін, нысандарын белгілейді және қаржылық құрылымдарын айқындайды.

Қаржылық қызмет түрлеріне қарай қаржылық құқықтық нормаларды мынадай түрлерге бөлеміз:

1 Бюджеттік құқықтық нормалар.

2 Валюталық құқықтық нормалар.

3 Қаржылық құқықтық нормалар.

4 Қаржылық шаруашылық нормалар.

5 Салықтық құқықтық нормалар.

Қаржылық құқықтық қатынастар: бюджеттік, қаржылық банктік, қаржылық сақтандыру, қаржылық шаруашылық құқықтық қатынастары, материалды қаржылық құқықтық қатынастар,ұйымдастырушы қаржылық құқықтық қатынастар, біржақты- өктем қаржылық құқықтық қатынастар, шартты қаржылық құқықтық қатынастар, қорғаушы қаржылық құқықтық қатынастар.

Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне мемлекеттің біртұтас өзі, әкімшілік- аумақтық құрылымдар, мемлекеттің уәкілетті органдары, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлға, жеке тұлғалар жатады. Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуының өзгеруінің және тоқтатылуының негізінде жататын, қаржылық заңдарда көзделген құзіретті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың заңд және жеке тұлғалардың саналы құқыққа сай іс- әрекеттерінің нәтижесінде, сондай –ақ адамның қоғамның еркінен тыс құбылыс оқиғалар ретінде көрініс табатын заңды фактілер (айғақтар) болып табылады

Қаржы құқығындағы заңды фактілер (айғақтар) мынадай қызметтерді атқарады:

1.Қаржылық құқықтық қатыстардың туындауын, өзгертілуін және тоқтатылуын қамтамасыз етеді.

2. Қаржылық құқықтық реттеу әдістерінің элименті атқарады.

3. Өте маңызды ақпараттық қызмет атқарады.

4. Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы заңдылықты кепілдендіреді.

5. Кейде ынталандыру қызметін атқарады. Қаржылық құқықтық қатынасдың пайда болуының негізінде мынадай құқықтық қатынастар жүзеге асады.

1 Тиісті қаржылық органның жекеленген қаржылық актіні шығаруы.

2 Қаржылық шарт жасау.

3 Белгілі бір тұлғаның салық салуға жататын объектіні сатып алу, не болмаса қаржылық заңдардың ауқымына жататын өзге де іс- қимылдарды жүзеге асыруының нәтижесінде салық не басқа міндетті төлемді төлеуші мәртебесіне ие болуы сияқты заңды фақтілер жатады. Қаржылық бақылау құрылымы жағынан күрделі жүйе болып табылады Ол төмендегідей элементтерден тұрады: бақылаудың субъектісі, объектісі, түрі, мақсаты және әдістері. Қаржылық бақылаудың субъектілері мемлекет атынан қызмет атқаратын, соған құзырлы мемлекеттік органдар. Объектісі – мемлекеттік, мемлекеттік емес заңды тұлғалар және азаматтар. Мақсаты қаржылы - құқық бұзушылықты табу, шара қолдану, оны болдырмау. Қаржылық бақылаудың әдістері: қаржылық жоспарларды тексеру, бухгалтерлік құжаттарды тексеру, ақша қаражатын, құнды материалдық игіліктерді инвентаризациялау, банктіктерден, басқа да ұйымдардан ресми сұраныспен құжаттар алып, оны тексеру т.б. Қаржылық бақылаудың тиімді формасының бірі- ревизия. Ревизиялар жоспарлы және жоспарсыз, толық және ішінара, құжатты және нақты болып бөлінеді. Ревизияның қорытындысы бойынша акті жасалады.

Мемлекет қаржылық қызметінің аясында бақылаудың төмендегідей түрлерін жүзеге асырады:

-ақша айналымын бақылау;

-валюталық бақылау;

-мемлекеттік банктік қызметті аясындағы бақылау;

-мемлекеттік сақтандыру аясындағы бақылау;

-мемлекеттік салық жүйесін бақылау;

-кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық шаруашылық қызметтерін тексеру, ревизвия жасау;

Қаржылық құқық бұзушылық деп қаржылық заңдардың нормалары мен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда заңды жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиісті қаржылық міндеттемелерін тиісінше орындамаған, қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс- әрекеттері. Қаржылық құқық бұзушылық: құқыққа қайшы әрекет пен соның соның нәтижесінде туындаған залал- зардаптардың арасындағы себептік байланыс; жазаға тартылу сияқты белгілермен сипатталады. Қаржылық құқық бұзушылықтың түрлері:

1. Мемлекет пен қоғамның материалдық мүдделеріне қарсы қаржылық құқық бұзушылық.

2 Мемлекеттің қаржы жүйесінің айтарлықтай қызмет атқаруынак кедергі жасайтын қарсы қаржылық құқық бұзушылық.

3 Қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тараптардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қарсы бағытталған қарсы қаржылық құқық бұзушылар.

4. Мемлекеттің мамандандырылған қаржылық органдарының қызметтерін жүзеге асырушыларына кедергі келтіретін қарсы қаржылық құқық бұзушылық. Қаржылық құқықтық жауапкершілік дегеніміз- қаржылық құқықтық нормалардың әмірлі талаптарын атқаруға байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін, қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғаларға қолданылатын, материалдық, мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары болып саналады. Мемлекетке қарсы қаржылық құқық бұзушылықтар үшін мынадай жауапкершіліктің түрі қолданылады:

1. Қаржылық құқықтық жауапкершілік.

2 Әкімшілік құқықтық жауапкершілік.

3 Қылмыстық құқықтық жауапкершілік.

Әкімшілік құқықтық жауапкершілік бойынша айыппұл салу шарасы қолданылады. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік шаралары айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу сияқты шаралар арқылы жүзеге асырылады. 3.Бюджет құқығы және мемлекеттік бюджет

Бюджеттік құқық мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, бөлу, сондай- ақ бюджеттік ресурстарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастарға жатады. Бұл қатынастырға мынадай белгілер тән:

1.Бұл қатынастар республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыруға байланысты жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік қызметінің барысында туындайды.

2.Бұл қатынастар әрқашанда бөлу және қайта бөлу сипатында көрініс табатын ақшалай қатынастар болып табылады.

3.Бұл қатынастар әрдайым республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістеріне түсетін ақша сипатындағы құнның және сол бюджеттердің шығыстарынан біржақты қозғалыстарын білдіреді.

Бұл қатынастар орталықтандырылған мемлекеттің ақша қоры және жергілікті әкімшілік- аумақтар құрылымдар көлемінде орталықтандырылған ақша қорлары арқылы қалыптастырылатын және бөлінетін бюджеттік ресурстар нысанындағы ақша қаражаттарының ағымын көрсететін базистік қатынастарына жатады. Бюджет құқығы да екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы және ерекше бөлімдер. Бюджетті қалыптастыру әдістері:

1. Салықтар белгілеу.

2. Алымдарды, баждарды, төлемақыларды белгілеу.

3. Ұлттық банктің кірістерінен қаражат алу.

4. Бюджеттік – банктік несиелер алу.

5. Алынған ресмитрансферттерді пайдалану.

6. Республикалық бюджеттен берілген сауда үшін төленген қаражаттарды пайдалану.

Мемлекеттік бюджетті республикалық бюжеттен және жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттік жоспарлау келесі сатылардан тұрады:

1. Бюджет жобасын дайындау;

2. Бюджет жобасын қарау;

3. Бюджетті бекіту;

4. Бюджетті атқару және атқаруды бақылау;

5. Бюджетті жабу (бюджетті атқару туралы есепті дайындау және бекіту). Бюджеттік кезең бюджеттік жоспарлаудың барлық сатыларын қосатын кезең, ол бюджет жобасын дайындаудан басталып, бюджетті жабу мен аяқталады. Бюджеттік жыл – бюджеттің атқарылу сатысы. Қазақстан Республикасында бюджеттік жыл күнтізбелік жылмен сәйкес келеді, яғни 1- ші қаңтардан басталып, 31- ші желтоқсанда бітеді. Республикалық бюджеттің ҚР Үкіметті дайындайды. Республикалық бюджетті қарап бекітетін оргон – ҚР парламенті. ҚР Үкіметі республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке 15- ші қыркүйекке дейін ұсынылуы тиіс. Республикалық бюджет туралы заң жобасы 1- ші Мәжілісте, содан Сенатта қаралады. Республикалық бюджет палаталардың бірлескен отырысында, кемінде екі оқытылыммен 15- ші желтоқсанға дейін бекітіледі. Егер республикалық бюджет қабылданбаса, Президент «Алдағы қаржылық жылдың бірінші тоқсанында қаржылық жоспар туралы) Жарлықты қабылдайды. Бұл Жарлық республикалық бюджет қабылданғанша күшінде болады. Республикалық бюджеттің атқарылуы үшін ҚР Үкіметі жауапты. Бюджеттік жоспарлаудың соңғы сатысы – бюджетті жабу. Бұл саты барысында Парлментке екі есеп дайындалады. Оның біріншісін – ҚР Қаржы министірлігі дайындайды, ал екіншісін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті дайындайды. Жергілікті атқарушы органдар біріші қыркүйекке дейінгі бюджет жобаларын ҚР Қаржы министірлігіне ұсынылуы тиіс. Республикалық бюджет қабылданғаннан кейін екі апта мерзімінде облыстық және Алматы, Астана қалаларының бюджеттері жергілікті атқарушы органдармен тиісті маслихаттарға ұсынылуы тиіс. Облыстық бюджет қабылданғаннан кейін екі апталық мерзімде аудандық атқарушы органдар аудандық бюджеттерді сәйкес маслихаттарға ұсынып, бюджет қабылдануы тиіс. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктердің атқару оргондары қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылайтын орган- мәслихаттар құрған ревизиялық комиссия.

Мемлекеттік несие (кредит) негізінен бюджеттік тапшылықты жою мақсатында қосымша қаржылық ресурстарды қалыптастыру жөнінде мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. Мемлекеттік несие екі түрге бөлінеді: а) ішкі мемлекеттік заемдар; б) сыртқы мемлекеттік заемдар.

Ішкі мемлекеттік заемдарды ерікті, қайтарымды және ақылы түрде жеке және занды тұлғалардан алу кезінде мемлекет борышқор, ал тұлғалар қарыз берушілер болып есептелінеді.

Сыртқы мемлекеттік заемдар барысында мемлекет қарыз алушы немесе қарыз беруші ретінде болуы мүмкін. Мемлекеттік несиенің тағы бір өзіне тән ерекшелігі, оның бір уақытта тиісті бюджеттің кірісі және шығысы түрінде көрініс табуы. Мемлекеттік несиені екі тұрғыдан, яғни экономикалық және құқықтық категориялар ретінде қарастыруға болады. Экономикалық категория ретіңде мемлекеттік несие деп, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін оларды ерікті, ақылы түрде және кайтарымды негізде бюджет тартуына байланысты туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Ал құкықтық категория ретінде, мемлекеттік несие дегеніміз, бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тапшылықтарды жою және ақша айналымын реттеу мақсатында, ерікті, ақылы, қайтарымды, мерзімді негізде мемлекеттің занды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын бюджетке жұмылдыру барысындағы құқықтық қатынастар. Ішкі мемлекеттік заемдар облигация, қазынашылық бондар немесе қазынашылық вексельдер нысанында болады.Енді банктік несие немесе мемлекеттік кредиттеу туралы. Мемлекетімізде бірінші деңгейдегі ¥лттық Банктен басқа екінші деңгейдегі мемлекеттік банктер де (өзге банктер де) бар екенін білеміз. Осы мемлекеттік банктердің негізгі атқаратын қызметтерінің ішіндегі ең бастысы несиелеу, яғни банктік ссуда беру болып табылады. Мемлекеттік банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік органдары болғаңдықтан өз қызметтерін жүзеге асыру барысында мемлекет мүддесін көздейді, ал табатын табыстары мемлекеттік орталықтандырылған ссудалық қорын қалыптастырады.Сонымен банктік несие (кредиттеу) деп, несие беруші банктің (кредитор) карыз алушы тұлғаға (клиентке) озінін ссу-далык қорынан акша қаражаттарын белгілі мерзімге, акылы түрде және кайтарымды негізде уакытша пайдалануға беруін айтамыз. Банктік несие беру тек кредиттік шарттың негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік шарт дегеніміз, банктік ссуда беру жөнінде қарыз беруші банк (кредитор) пен қарыз алушы - клиенттін арасында жасалған келісім.

Банктік несие беру кезінде мына келесі бірнеше қағидалар басшьшыққа алынады: жоспарлық, мақсаттылық, материалдық.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 126 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав