Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жеке еңбек шарты мен ұжымдық еңбек шарты және оның мазмұны

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

Жалпы еңбек шарты деген түсінікті 3 түрлі мағынада қарастыруға болады: біріншіден, еңбек шарты дегеніміз – азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асыру жолы ретінде; екіншіден, еңбек шарты еңбек құқық қатынастарының пайда болу негізі болып табылады; үшіншіден, еңбек шарты - азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты. Сондай-ақ, еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес, оның өзгеруіне, жайылуына себепкер болады. Жеке еңбек шарты дегеніміз – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушіге белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген басқа да ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.(ЕК 24-бап) Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiн бұзуға тыйым салынады. Жүктiлiк, үш жасқа дейiнгi балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектiк еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды. жұмыс берушi еңбек жасаудан бас тартқан жағдайда, оның себебiн аталған адамдар санатының талабы бойынша жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi. Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiнiң бұзылу фактiсi анықталған жағдайда, жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады. (ЕК 24-бап) ҚР Еңбек кодексінің 28 бабында жеке еңбек шартының мазмұны анықталған. Онда:1) екі жақтың реквизиттері(жұмысшының аты жөні тұрғылықты жері, құжаттары негізінде;жұмыс берушінің атауы, орналасқан жері, мекен жайы,мемлекеттік тіркелу нөмірі т.б.) жазылады; 2)жұмысшының мамандығы, кәсібі, қызметі; 3) жұмыс орыны;4)жеке еңбек шартының мерзімі; 5) жұмыс уақыты мен демалыс уақыты; 6) жалақы мөлшері; 7) еңбек жағдайларына сипаттама; егер жұмыс ауыр немесе қауіпті болса кепілдіктер мен жеңілдіктер, 8) жұмысшының құқықтары мен міндеттері;9) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;10)кепілдіктер мен компенсациялық төлемдер, оларды төлеу тәртібі; 11)Еңбк шартына байланысты екі жақтың жауапкершілігі; Еңбек шартының мерзіміне қарай 1)белгілі мерзімге;2)белгілі бір жұмысты орындауға; 3)негізгі жұмысшыныі орнын уақытша ауыстыруға;4)мерзімдік жұмыстарға; 5) мерзімсіз(егер жасалу мерзімі көрсетілмесе); Жеке еңбек шартын 16 жасқа толған адамдармен жасасуға жол беріледі. Жеке еңбек шартының міндетіне сол шарттың мазмұнын құрайтын еңбек жағдайлары, еңбек орны, қызмет түрі, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, жұмысшының еңбек ақысы жатады. Ал қосымша жағдайларға қызметкер иен жұмыс берушінің қосымша тілектерінен туындаған жағдайлар жатқызылады. Мысалға сынақ мерзімін тағайындау немесе коммерциялық құпияны сақтау міндеті. Еңбек шартында қызметкердiң тапсырылатын жұмысқа бiлiктiлiгiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатымен сынақ мерзiмi туралы талап белгiленуi мүмкiн. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзiмiнсiз қабылданды деп есептеледң. Сынақ мерзiмi қызметкердiң жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиiс. Жеке еңбек шартын жасасу барысында жұмыс беруші қызметкерден еңбек қатынасын, жеке басының куәлігін, білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжаттарын талап етуге құқылы. Ал жеке еңбек шартын тараптардың еркіне байланысты емес, мынадай мән-жайларда бұзуы ҚР ЕК 59 бабында көрсетілген: 1)қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде немесе құжатын көрсеткенде;қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда; 2)қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда; 3)сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуы тиіс. Жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша Еңбек кодексінің 54-бабында көрсетілгендей мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:

1) жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi - жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған кезде; 2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;

3)бiлiктiлiгiнiң жетiспеуi салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;

4) өзiнiң жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергi келтiруi салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;

5)сынақ мерзiмi кезеңiнде жұмыс нәтижесi дұрыс болмаған;

6) қызметкер бiр жұмыс күнi (жұмыс ауысымы) iшiнде дәлелдi себепсiз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;

7)қызметкер жұмыста алкогольдiк, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның iшiнде жұмыс күнi iшiнде алкогольдiк, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған;

8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкiн, еңбектi қорғау немесе өрт қауiпсiздiгi не көлiктегi жүру қауiпсiздiгi ережелерiн бұзған;

9)қызметкердiң жұмыс орнында басқаның мүлкiн ұрлау (оның iшiнде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдiру әрекетi заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен анықталған;

10)ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететiн қызметкердiң кiнәлi әрекеттер жасауы немесе әрекетсiздiгi, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсiздiк жұмыс берушiнiң тарапынан оған деген сенiмнiң жоғалуына негiз болса;

11)тәрбиелiк функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершiлiкке жат қылықтар жасаған;

12)қызметкер еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне мәлiм болған мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткен;

13) егер тәртiптiк жазасы бар қызметкер еңбек мiндеттерiн дәлелдi себепсiз қайталап орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған;Өндiрiстiк жарақат алуына немесе кәсiптiк ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылған қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабiлеттiлiгi қалпына келгенге дейiн немесе мүгедектiк белгiленгенге дейiн сақталады

Жеке еңбек шартының бекітілу мерзімі:1)белгілі мерзімге; 2)белгісіз мерзімге; 3)белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалады

Жұмыс уақыты дегеніміз - қызметкердің еңбек міндеттерін орындау барысындағы уақыты. Еңбек заңына сәйкес жұмыс уақыты қалыпты қысқартылған және мерзімінен тыс жұмыс уақыттары болып үш түрге бөлінеді.ЕК 76- бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. 14- жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан, 16 жастан 18 жасқа дейінгілер үшін 36 сағаттан аспайтын, және ауыр дене жұмыстарында, зиянды жұмыстарда істейтіндер үшін аптасына 36 сағат жұмыс уақыты белгіленген. Демалыс уақыт дегеніміз - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан босатылған өз еркімен пайдаланылатын күн сайынғы уақыты. Заңмен демалыс уақытының мынандай түрлері белгіленген: 1) жұмыс кезіндегі үзіліс (бір сағаттан аем болмауы тиіс) 2) күн сайынғы демалыс; (жұмыс біткеннен келесі күнгі жұмысқа шейін 12 сағаттан кем болмауы керек) 3) апта сайынғы демалыс; 4) мерекелік күндер; 5) ақы төленетін жыл сайынғы демалыс; 6) жалақы сақталмайтын демалыстар; 6) жүктілігі мен босануға байланысты демалыс; 8)бір жарым жасқа дейінгі балалары бар аналар үшін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс (ЕК 92 б.); 9) оқу демалысы Ақылы демалыс 24 календарлық күнен кем болмауы керек. (ЕК 101 –бабы)

Жалақы жеке еңбек шартының негізінде орындалған қызметкердің еңбегі үшін төленетін міндетті ақы (ҚР ЕК 120-бабы) Жалақы мөлшері заңда көрсетілген ең төмен жалақыдан кем болмауы тиіс (ҚР ЕК 121 бабы)ең төмен жалақының мөлшері, сыйақы, қосымша төлемдерді қоспағанда ең төменгі күнкөріс деңгейңнен кем болмауы керек. Ең төменгі жалақы және күнкөріс деңгейін ҚБюджеті туралы жыл сайынғы заңымен белгіленеді (ҚР ЕК 122 бабы) Еңбекке ақы төлеудін екі жүйесі бар. Олар: мерзімді және кесімді жалақы. Еңбекке мерзімді жалақы төлеу іс жүзінде жұмыс істелген уақыт пен оның тарифтік ставкасына (айлық ақысына) байланысты болады. Тарифтік ставкалар, кестелер, тарифтік біліктілік анықтамалары тарифтік жүйенің элементтерін құрайды. Кесімді жалақы- дайындалған бұйымджар немесе жасалған опреациялар санына сәйкес кесімді бағалар бойынша қызметкердің жұмысына ақы төлеу жүйесі. Еңбекақы төлеудің мерзімді және кесімді жүйелері еңбектің сыйлықақы жүйесімен толықтырылуы мүмкін. Ол ынталандырушы роль атқарады.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 242 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав