Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

Читайте также:
  1. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  2. Дәріс. Қазақстан Республикасының салық құқығының негіздері
  3. Диплом жұмысын қорғаудың тәртібі
  4. Мемлекет ұғымы, оның белгілері, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
  5. Мемлекеттің ақша- несие саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері және негіздері.
  6. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
  7. Тақырыбы. Экология – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі
  8. Тақырып 5. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
  9. тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы
  10. Тақырып. Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны

Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзарабайланыстылығы мен өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.

Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар саласында табиғаттағы өзарабайланыстар болатындығы туралы мәліметтер жинақталған, бірақ ол туралы кең және терең жалпылау тек табиғат және қоғам туралы диалектикалық-материализм дамығанда ғана пайда болды.

Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процессін басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзарабайланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен әдістерінің сипаты тәуелді.

Табиғатты тиімді пайдалану және қорғау тәжірибесінде табиғи процестерді және оларды адамзат қоғамы мүддесіне пайдалануды басқаратын заңдылықтарды ескеру қажет. Осындай негіз табиғатты қорғаудың методологиялық принципі болып табылады. табиғат қорғаудың жаратылыстану-тарихи негіздері болған, бірақ жаратылыстанумен табиғаттағы нақты өзарабайланыстар, табиғи кешендер іс-жүзінде ұзақ уақыт ашылмаған. Тек ХІХ ғасырдың соңында К.Маркс пен Ф.Энгельстің идеялары негізінде жаратылыстану ғылымының үлкен жетістіктері мен өндірістік күштердің дамуы арқасында табиғаттың жеке құраушылары арасындағы байланыстарды зерттеу, географиялық орта туралы жаңа кешенді ғылымды жасау біріншіреттік міндет болып қойылды. Бұл ғылымның теориялық негізін салған ірі орыс жаратылыстану зерттеушісі В.В.Докучаев болды. Әсіресе табиғат қорғау теориясына үлкен үлес қосқан атақты орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский. жаратылыстанудың тарихи тәжірибесіне және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, ол ХХ ғасырдың басында Жер биосферасының жалпы шынайы синтетикалық концепциясын қалыптастырды.

Табиғатты қорғау ісі үшін маңызы бар, қоғам мен табиғаттың өзарабайланысынан бірнеше ережелер шығады:

1. барлық табиғат құбылыстарының көптеген әмндері бар;

2. рационалдық ереже;

3. жанамалық қорғау, біреуін басқасы арқылы қорғау ережесі,кешенді міндет.

Организмдердің бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық, ас пен қорек, олардың достары мен жаулары кіреді.

Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.

Ол гректің “oicos”-“үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады. Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.

Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Э.Геккель экологияға мынандай анықтама берді. Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.

Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл және Теофраст (IIIғ.б.э.д) жазған, ал жануарлар туралы - Аристотель (Ivғ.б.э.д) жазған.

Экология ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К.Рулье, Н.Северцов және басқалардың еңбектері үлкен үлесін қостыА.Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік және Оңтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібірді, Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы туралы рекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды.

XIX ғ. ортасында Ресейде К.Ф.Рульенің еңбектері биологиялық ғылымдағы экологиялық бағытының дамуы үлкен әсер етті. Оның еңбектері зоологиядағы экология бөлімін қалыптастырды.

XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі арқасында экология организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналды. Дарвиннің анықтамасы бойынша, экология -бұл табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастарды зерттейтін ғылым, тіршілік үшін күрес жағдайы ретінде.

XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.

Сонымен, қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған.

 

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Марфенин Н.Н. Устойчивое развитие человечества. Учебник.-М: Изд. МГУ, 2006.-624 с.

2. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

3. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.-292 бет.

4. С.Ж. Колумбаева, Р.М. Бильдебаева. Общая экология: Учебное пособие. Под. ред. А.Б. Бигалиева.-Алматы: Қазақ университеті; 2005.-126 с.

5. Сабырбаева Х.С., Чигаркин А.В. Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті. 2004.-112 бет.

6. А.Б. Бигалиев. Проблемы окружающей среды с сохранения биологического разнообразия. Алматы: 2005 г.

7. Экология и устойчивое развитие /журнал/ Астана, 2004, № 1-12.

8. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау.-Алматы: Заң әдебиеті, 2004.-90 бет.

9. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. И доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 566 с.

10. А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Глобальная экология: Учебное пособие Москва, 2003. 288 с.

11. А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Экология.-М.: 2001.-304 с.

12. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

13. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

14. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

15. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

16. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы.-Алматы: «Ғылым»,2003.-216 бет.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. А.А. Демеген, Е.Т. Жаңбыршин, А.Д. Делиев. Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың оңтайлы жолдары (оқу-әдістемелік құрал). Ақтау, 2005 ж.

2. Бондаренко Л.Г., Крячина О.В. Книга для чтения по экологии. Петропавловск, 2003.

3. Б.М. Маркин, Л.Г. Наумова. Популярный экологический словарь. Под. ред. А.М. Гилярова.-м.: Устойчивый мир, 1999. 304 с.

4. В.А. Черников; И.Г. Грингоф, В.Т. Елщев и др. Агроэкология (Методология, технология, экономика)-М.: Колос, 2004-400 с.

5. Коробкин В.И., Передельский А.В. Экология. Конспект лекций (зачет и экзамен) Ростов-на-Дону, 2004.

6. Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь. Экология Алматы, 2000 г.

7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Экология және табиғат қорғау Алматы, 2002 ж.

8. Лосев А.В., Проводкин Г.Г. Социальная экология: Учеб. пособ. Для вузов. Под. ред. В.И. Жукова.-М.: 1998. 312 с.

9. Мамедов Н.М., Суравечина И.Т. Экология: Уч. пособие для 9-11 классов.-М.: «Школа-Гресс», 1996-464 с.

10. С.И. Колесников Экология (сдаем экзамен). Ростов-на-Дону, «Феникс»,2003.

11. Экологиялық энциклопедия А.Ж. Ақбасов, Е.Ү. Жамалбеков, Т. Қалыбеков және т.б. Алматы 2007 ж.-303 бет.

12. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру Тұжырымдамасы. Алматы: Қазақ университеті. 2003.-64 бет.

13. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

14. Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық.-Алматы: 2006.-480 бет.

15. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

16. Ю.В. Новиков Экология, окружающая среда и человек.-М.: 2000.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 101 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав