Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Позитивизм философиясы.

Читайте также:
  1. II. 11. КАРЛ ПОППЕР И ЛОГИЧЕСКИЙ ПОЗИТИВИЗМ
  2. Американская версия позитивизма - прагматизм.
  3. Вопрос 19. Философия позитивизма.
  4. Второй позитивизм – Эмпириокритицизм.
  5. Дәріс 2. Ежелгі шығыс философиясы.
  6. Дәріс 6.Немістің классикалық философиясы.
  7. Дәріс 7.ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі бей классикалық философиясы.
  8. Дәріс 8. Отандық философиясы.
  9. Дәріс15. Ғылым мен техника философиясы.
  10. Идея социологии как позитивной науки. Позитивизм как обоснование науки

Негізгі позитивизм-«дұрыс пікір» деп аталатын ұғым болып дүниеге келеді, оның бастамасын салған Огюст Конт (1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д-Юм мен И.Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты- ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Былайша айтқанда әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады. Мақсат-дейді позитивистер,-солардын тек дұрысын, пайдалысын қабылдап пайдасызынан, күнделікті тіршіліктен тыс ойлардан арылу. Ондағы мақсаты-француз революция-сының теориялық негізі болған. ХVIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту. Олай, болса, позитивизм-идеалистік философия, оның ішінде субъективтік идеализм. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды. Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі-позитивизм, екіншісі кезеңі-эмпирио-критицизм, үшінші кезеңі-неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Себептері алдымен позитивизмнің пайда болуына кері әсер еткен—Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Буржуазия идеологтары содан қауіптенді. Диалектикалық метофизиканы механикалық материализм деп, кемшіліктерін айқын көрсетті.

51.Постпозитивизм философиясының пәні туралы

Постпозитивизм философиясы ғылымның дайын шешімдерін, ғылыми мәнді зерттейді. Оның екі бағыты бар: критикалық рационализм және тарихи-социологиялық позитивизм. Критикалық рационализмнің негізін салушы Карл Поппер (1902-1994). «Логика және ғылыми білімнің өсуі». Оның басты мақсаты: ғылыми білімді метафизикалық ғылыми емес білімнен бөлу. Тарихи социологиялық позитивизмнің өкілі Томас Кун (1922). «Ғылыми революцияның құрылысы». Методологияға емес ғылым тарихына жақын. ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық проблемалардың шиеленісуі, көптеген социолистік елдерде тоталитарлық режимдардың қалыптасып қирауы, бірінші және екінші соғыстардың салдары, т.б. осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің, мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді.

38 Сцентизм және антисцентизм

ХХ ғасыр – ғылыми техникалық революция дәуірі Осы ғылымдық дамуға байланысты 2 бағыт пайда болды. Біріншісі сцентизм деп атайды(лат ғылым) ол бағыт ғылымға ғылыми тех прогресске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді оның өмірін жеңілдетіп жақсарьады. Бұл бағыт ХХ ғас 2 жартыснда дүниеге келді.Оған көптеген жаңа ғылымдардың жаңа техникалардық технологиялық әдістерін компьютердің т,б. Дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисцентризм деп аталды.Ол ғылымғы сенбейді.Ғылыми техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тотолитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың сансын ол қыспақта ұстайды ойлау жүйесіне шектеу салады деп есептейді. Техника адамдардың барлық іс қимылын ойын бақылайтын автоматтарды есептегіш машиналарды жасанды интелектіні дүниеге әкеледі. Осылардың бәрі адамды тірі, жанды автоматқа айландырды. Оның ерекшілік қасиеттрін сөндіреді дейді. Бірақ сол ғылыми тех прогресс капитализмге дем беріп оны тез дамытқанын айтпайды. Олардың пікірінше капитализм – мәңгі өлмейтін қоғам. Бұл – мәселенің әлеуметтік жағы. Ал мәселе басқа тұрғыдан келсек бұл екі бағыттың екуі де айтқандары шындыққа жанасады. Мәселе қай жағынан келуде ғана.Сөйтіп ирационализм сайын келгенде мистикаға жоққа сенуг де ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап жақтауға не даттауға болмайды.

63. Табиғат және қоғам.

Т. және Қ-ның арасындағы қарым-қатынастың мән-мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой толғамдар жүйесінде ерекше дүние танымдық маңызы бар.Қ, Т —дамудың жалғасы, ол екеуі тығыз бірлікте болады. Т пен Қ-ды байланыстырып та, жалғастырып та тұратын - материалдық өдіріс процесі, еңбек процесі деп кәміл сеніммен айтуға болады.Қ-дық өмірдің, адамзат тіршілігінің ең әуелгі әрі басты шарты–еңбек.Еңбектің арқасында ғана адамдар жануарлар дүниесінен ажырап шыққанын, адамдық бейнеге ауысып, табиғаттың керемет құдіреті —ақыл-ойға,санаға,тілге ие болғанын жақсы білеміз.Ф.Энгельс:"адамды адам еткен еңбек" деп тұжырымдаған.Ал еңбек дегеніміздің өзі–адамның табиғатқа деген белсенді қарым-қатынасы.Т.пен Қ. арасындағы қарым қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды ғылымға XIX ғ ортасында француз географы әрі социологы Элизе Реклю кіргізген болатын,одан әрі бұл ұғым Г.В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.Географиялық орта–қоғамдық өмірмен тікелей байланысқа түсіп, қарым қатынас жасайтын табиғат дүниесінің бір бөлігі.Т. пен Қ. өзара тұтастығы, өзара қарым қатынасы туралы айтқанда,тек Г.О туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді.Адамның,бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы,әрине көп.Ол биосфера деп аталады.Биосфера–жер шарының тіршілік тараған аймағы.Басқаша айтқанда,биосфера–адамдардың тыныс тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта.

29 Таным деңгейлері және формалары

Ақыл, парасат, сана сезім иесі ретінде Адам қоршаған орта туралы білгісі келеді, оны қарастырады.Таным дег. Сыртқы заттар мен құбылыстардың Адамның санасында түрлі образдар ретінде қайшылыққа толы қалыптасуы.Диалекетикалық матриализмнің таным теориясы метафизикалық материализмнің таным теориясынан айырмашылығы бар.Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпирикалық теориялық деңгейлерін ажырата білу керек. Өйткені әр деңгейдің өзіне тән әртүрлі ерекшеліктері бар.Эмпирикалық деңгейде таным объектісінің қасиеттері сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады.Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымын кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қоыслған.Ал теориялық деңгейде таным объектісінің негізгі байланыстары ен заңдылыұтары тәжірибе жүзінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінде әр түрлі әдістер қолданады: бақылау, эксперимент, модельдеу, анализ, синтез, индукция, дедукция, т.б.

86.Ұлттық сана және мәдениет

Ұлттық сана дегеніміз әрбір ұлттың өзін—өзі түсінуі, біз осы кімбіз, қашан пайда болдық, тағдырымыз, тіліміз, діліміз(менталитетіміз), мәдениетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуі, соны ойлап толғануы. ΧΙΧ ғасырдың аяғында (1886 жылы) жазған өлеңінде, басқа да қара сөздерінде Абай халқымыздың жағымсыз қылықтары мен ескі әдеттеріне ренжіп, бүйте берсек, дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, барлық елдердің артында мақрұм қаламыз дей келіп, оның кемістерін жасырмай бетіне басып, қалың қазақ елінің надандықтан айырылмағанына қынжылып, оның жанына, намысына тиіп, халқымыздың сана—сезімін оятпақ болған еді. Мәдениет—философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет негізі –еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді,өйткені адам санасының мәдени-тарихы түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Философия мәдениетті сипаттайды және оны сын көзбен бағалап мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс.

40 Ф Ницше фил.ның ирроционолистік сипаты.

(1844-1900) Шопенгауэердің жігер туралы ілімін ары қарай дамытып өзінің Билікке ұмтылған жігер деген концепциясын құрды. Негізгі еңбектері: Музыка рухынан трагедияның туындау, Билікке ұмтылған жігер, Зара туштра осылай деген т.б. Оның пікірінше өркениет пен мәдениетте құлдырау процессі басталды. Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес жалпы қоғамтану. Ілімінің қоғамда болып жатқан құб дұрыс түсіне алмауы басты себеп тердің бірі. Осы тұрғыда ол өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің Өмір дегеніміз күрес заңын алды. Осы идеяны ары дамытып отырып осы деген тұжырым жасады. Осы өмірдің қиыншылықтарына соқпақтарына қарсы тұра алатындай АСА КҮШТІ АДАМ идеясын қалыптастыру керектігін дәлелдеуге тырысты. Тек осындай адамдар ғана өмір сүруге немесе билікке қмтылуға құқылы, сондықтан олар өздерінің жігерін тежейтін қоғамда қалыптасқан моральдық өлшемдерін мойындамай жақсылықтан да жамандықтан да аулық жүреді. Оарды тобырдан ерекшелейтін қасиеттері – алғырлық, жан жақты дамықан әдемілік, өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігерлік. Билікке жету, өз мақсаты мүдделерін жүзеге асыру үшін, олар қоғамдағы кездесетін адамшылдыққа, қиыншылыққа, өзіне бағытталған қастандыққа қарсы өажымас күрес жүргізулері керек. Оның ойынша абсолютті болмыс жоқ. Болмыс дегеніміз – бұрын болған сансыз қайталанған құбылыстарың мәнгілік айналымда болып қалыптасуы. Осы тұрғыдан ол Гегельдің абсолюттік идеясын аза ақыл ойын сынңа алып, адамның иррацональдық қасиеттеріне зор көңіл бөледі. Олар инстинг пен жігер. Осы қасиеттердің ең маңыздысы – жігер. Себебі ол әрі әмбебап жалпылық аболют, әрі барлық денелердің түпнегізі. Демек материалдық денелердің өмір сүруі осы түпнегіз бен абсолют жігердің арқасы. Идеялары кеиінгі кездрі саяси оилар мен практикаға үлкен әсер етті. Мысалы Гитлер Ницшенің ілімін езінің іс әрекеттерінің теориялық негізі деп есептеді.

54.Ф.Ницше фил.дағы әлеуметтік мәселелер

Шопенгауердің жігер туралы ілімін немістің белгілі философы Ницше Фридрих(1844-1900) ары қарай дамытып,өзінің,,Билікке ұмтылған жігер,, деген концепциясын құрды.Негізгі еңбектері:,,Музыка рухынан трагедияның туындауы,, Зара-туштра осылай деген,, Билікке ұмтылған жігер,, т.б.Ницшенің пікірінше,өркениет пен мәдениетте құлдырау процесі басталды.Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес,жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы деп пайымдады.Осы тұрғыда,Н. өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің,,Өмір деген күрес,, заңын алды. Бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, Н. өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Оның ойынша өмірдің қиыншылықтарына, соқпақтарына қарсы тұра алатындай «аса күшті адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады. Оларды тобырлардан ерекшелейтін қасиеттер – алғырлық, жан-жақты дамыған әдемілік және билікке ұмтылдыратын өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігер. Осы тұрғыдан Н. «құлдық мораль» негізінде қалыптасқан дінді де, «жалған» моралді уағыздайтын буржуазияны да, барлық игілікті және құндылықтарды құртатын тобырды да сынға алып, жалпы адамзаттың мақсаты, қоғамның ұлы адамдары – «аса күшті адамдарды» дүниеге келтіру болып табылады деген тұжырым жасайды. Н-нің идеялары кейінгі кездері саяси ойлар мен практикаға үлкен әсер етті.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 156 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав