Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ф.Энгельс адам жаратылысы туралы

Читайте также:
  1. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  2. Linux негізін қалаушысы туралы
  3. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  4. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  5. Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатнастар туралы түсінік
  6. Бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм
  7. Бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшi
  8. Бап. Жеделдетiлген оңалту рәсімі туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау және оның салдарлары
  9. Бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабар
  10. Бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау

Ф.Энгельстің айтуынша, біз табиғатқа басқыншылардың жеңіліске ұшыраған халыққа жасайтын үстемдігіндей немесе табиғаттың сыртында тұрған әлдебір күш тәрізденіп өктемдік жасай алмаймыз, біз, керісінше, жан тәнімізбен, қанымызбен және миымызбен табиғатқа жатамыз, соның ішіндеміз. Бірақ туған күннен бастап адам бұрыннан қалыптасып қалған күрделі қоғамдық байланыстар жүйесінен орын алады, соның ішінде өсіп жетіледі, білім – тәрбие алады, сол жүйеде оның әлеуметтік орны, жағдайы анықталады. Оның адамдық қасиеттері: ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат тілегі, мінез құлқы, моральдік бейнесі іштен өзімен өмір сүру барысында қалыптасады. Және де бұлардың бәрі оның денесінің, организмнің, миы мен жүрегінің, бес түрлі сезім мүшелері мен қол аяғының, т.б. мүшелерінің қызметінен тысқары бір бос қуыста емес, сол қызметтің қатысуымен «дененің өз юойында» туып дамиды.

80 Фил тарихдағы адам, тұлға мемлекет туралы идеялар

Философия адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді.Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының қй-өрісі кеңіген сайын философияда тереңдей түсті. Философия – дүниетанымдық, теориялық, методикалық ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның ьасты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады.

Философия адамдарды көкжигі кең, шаңыраіы биік дүниетанымдық көзкарастармен қаруландырып бүкіл болмысқа көзін ашады. Адамдар өздерінің ақыл-ойларының өсу дәрежесіне сәйкес өздерін табиғаттан, қоғамнан ажырата алатын, өздерінің дербес тіршілік иесі екендігін пайымдай алатын, мақсат-мүдделерінің табысқа жету-жетпеуі табиғат күштерін өз қалпында танып біліп іс жүзінде иегеру дәрежесіне тікелей тәуелдің екендігін түсінді.

Конфуцийшылдардың мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі десе, ал легистер мемлекет - өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші өзін ата-баба аруағына да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. ұскақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан асындағы (Қытай) мемлекет құру; 2. осы мемлекетке халықты бағындару.

Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс. Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де саяси топтардың арасында қарсы шығушылар мен жақтаушылар да кездеселді.

13.Фил-ның негізгі мәселелері.

Негізгі мәселесі материалылық пен руханилықтың қайсысы алғашқы дегенмен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар материалдық деп нені,руханилық деп нені түсіну керек деген сұрақты да қамтиды.Осыған байланысты материализмнің ішінде де,идеализмнің ішінде де негізгі фил-лық мәселені қоюына,шешуінеқарай түрлішежеке тармақтарпайда болады.

Фил-ның негізгі мәс-не келетін болсақ,ол фил-лық ағымдардың ара-жігін ажырату үшін,олардың қандай негізгі бағыттарды құптайтындарын анықтау үшін қажет. Фил-ның негізгі мәс-нің 2 жағы бар.1.Онтология мәселесі-дүниенің түпнегізі туралы ілім.2.гнесеология(таным) мәселесі.

75.Фил-ның негізгі функциялары.

Фил-ның негізгі 4 функ-сы бар. 1.Экспликация -белгілі бір мәдениет н/е адамдардың тарихи-қоғамдық өмірі тұтастай негізге алатын тәжірибе формасы.Көзқарас(ұғымдар арқылы дүниенің қателігін түсіндіреді) ең басты идеяларды анықтайды;оларды мәдениет универсалийлері д.а. 2.Рационалдық фун/сы-теориялық формасы,фил.ойды,пікірді ұғымдық ж/е логикалық формаға келтіру.Келесі функ.- жүйелеу,фил.әр түрлі формадағы адамзат тәжірибесінің нәтижелерін теориялық тұрғыдан тұжырымдайды. 4.Сынау- мәдениет дамуындағы қайшылықтар мен адамзат іс-әрекетіндегі пендешіліктерді сынға алу,өмірдің мәнін анықтау,пайымдау барысында қалыптасқан өзімшілдік пиғылдарды әшкерелеу,адам мен табиғат,адам мен адам арасындағы қатынастардағы ақылға сыймайтын ой мен істің табиғатын мазмұнын ашып көрсетеді.

42.Философия және дін.

Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі дүниеге қарастың қоғамдық – тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен міңез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір-бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мындаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың сны болмашы ғана болды. Философиялық пайымдауға ақыл-ой бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл-ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана қаблетті болды. Ал адамдардын басым көпшілігінің дүниегекөзқарасы дің мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адамгершілік міңез-құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандық құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстырғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені жіне ондағы адамның орнын білім мен ақыл-ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой-пікірлер қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біртіндеп ығыстыра берді.

39.Философия және саясат

Саясат дегеніміз таптар, ұлттар және мемлекеттер арасындағы қатынастарды, сондай-ақ таптардың өкімет билігі үшін жүргізетін күресін қамтитын қоғамдық қатынастар саласы.Саяси идеологияның ерекшелігі сол, ол күресуші таптардың негізгі, түпкі мүддесі — экономикалық мүддесін бейнелей отырып, олардың бір-бірімен қатынасын, мемлекетгік өкіметке деген көзқарасын, сол қоғамның сол даму сатысындағы әлеуметтік-саяси қүрылысын, басқа қоғамдар мен мемлекетгерге деген көзқарасын т.б. көрсетеді. Әрбір таптың саяси көзқарасы сол таптың мүдцесінің рухани көрінісі болып табылады. Тапсыз саяси идеология болған емес және болмайды да. Кез келген қанаушы таптың түпкі мақсаты өзі үстемдік жасап отырған кездегі экономикалық базисті сақтап, нығайта беру, демек, қаналушы таптың қарсылығын басып, қанауды күшейте түсу. Үстем таптың саяси санасының мазмүнын анықтайтын, міне, осымақсат. Мәселен, буржуазияның саяси идеологаясына капиталистік қоғамның экономикалық және саяси қатынастарын, буржуазия өкіметін нығайту идеясы тән.Қоғамда таптар жойылса, онда саяси идеология мен қүқық та жойылады. Ол кезде қүқық пен моральдық нормалардың арасында айырмашылық болмай қалады да, қоғамдағы төртіптерді орындау моральдық нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады. Мәселен, алғашқы қауымдық коғамда дәл солай болды.

Саяси идеология мен қүқық қоғамдык, сананың барлық формаларына күшті әсер етеді. Саяси идеология таптардьщ түпкі мақсатынын тікелей керінісі, экономиканың түйдектелген көрінісі болғандықтан, ол қоғамдық сананың барлык формаларын біріктіріп, олардың коғам дамуындағы роліне бағыт береді.

50.Философия тарихындағы «сана» ұғымы.

Ф/я бүкіл тарихында ойлауды тек саналы қызмет деп қарағандықтан, ол туралы көптеген кнцепциялар туды. Олардың көпшілігі күнделікті тәжірибеде тұған сана, саналық хақындағы пікірлерге ғана сүйенеді. Соңғы ғасырларда ғана сананың рефлексикалық табиғаты жөнінде айтыла бастаған. Рефлексика бұрын айтқанымыздай сыртқы дүниеге қатынастың субъектіге қайта оралуы, яғни сыртқы дүние арқылы субъектінің өзінің өзіне қатынасы. Сана да осындай қатынас. Сонда адам сыртқы нәрселер жайында ғана ойланбайды, солармен бірге ж/е соларға байланысты ол өзіне де, өзінің сол қатынасын да көреді, сезінеді, біледі.Сана адам миына байланысты пайды б/ды, ал ми – оның мекені. Сана- адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Діни – идалистік түсініктер б/ша сана деген қайдағы бір материалдың емес субстанция- «жанның көрінісі, ол (субстанция) жалпы алғанда материяға атап айтқанда, адам миына тәуелсіз дербес өмір сүре алатын өлмейтін, мәңгі нәрсе болып табылады. Түрлі идеалистік көзқарастарға қарама- қарсы материализм сана- адам миының функциясы, оның шындықты белсенді де мақсатты түрде бейнелеуінде деген қағиданы негізге алып келді ж/е негізге ала бермек. Сонымен қатар сана проблемасы материалистік тұрғыдан пайымдаушы философтар мен психологтар үшін де өте қиын проблема б/ды. К.Маркс «сана өмір сүру тәсіл, ол- білім. Сана бірдеңені қаншалықты білсе, бірдеңе де сана үшін саналық п. б/ды. Марксизмнің айтуы б/ша адам маймылдан жаратылды. Ол 4 формадан тұрады.1) тіл 2) тік жүру 3) ойлау 4)қауым

7.Философиялық козқарастар ерекшелігі.

Философия – дүниеге көзқарас.Кез келген адамның өмірдегі, қоғамдағы оқиғаларға белгілі бір көзқарасы болатынын айттық. Бірақ көз қарас алуан түрлі.Мәселен,жай,қарапайым,күнделікті өмірден,тұрмыстан туған “отбасы, ошақ қасы” дегендей көз қарас.Ол көзқарас – негізінен дұрыс,ақылға сыйымды, өмірден, күнделікті байқаудан туған,практикада анықталған көзқарас. Ондай, өмірден туған көзқарасты уағыздайтын адамдарды халық сыйлаған, дәріптеген, дана адамдар қатарына қосқан.Дегенмен, көзқарастың бәрі бірдей бола бермейді.Діни,идеалистік көзқарас та бар.Ал материалистік диалектикалық көзқарасты алсақ, ол белгілі объективті заңдылыққа негізделген. Ол заңдылықты біліп, өмірде қолданған адам дүниені саналы билей алады. Ол әр нәрсенің тегін, даму заңдылықтарын, бағдарын біледі, келешегін болжайды. Соған сәйкес әрекет жасайды.Халық санасына ғылыми сенімді қалыптастыруға себепкер,негіз болады.Иланудың да екі түрі бар – ғылыми және ғылыми емес жақтары да бар.Ғылыми илануға сенген адам әр нәрсенің объективтік негізіне, заңдылығына үңіледі, бос даурығудан өзін аулақ ұстайды. Ондай адамдар өз сенімін оп – оңай өзгере бермейді дедік. Мұндай адамдар құбылыстың негізіне әбден түсінген соң ғана бірте – бірте түсуі мүмкін.

10.Философияның негізгі функциялары.

Фил-ның негізгі 4 функ-сы бар. 1.Экспликация -белгілі бір мәдениет н/е адамдардың тарихи-қоғамдық өмірі тұтастай негізге алатын тәжірибе формасы.Көзқарас(ұғымдар арқылы дүниенің қателігін түсіндіреді) ең басты идеяларды анықтайды;оларды мәдениет универсалийлері д.а. 2.Рационалдық фун/сы-теориялық формасы,фил.ойды,пікірді ұғымдық ж/е логикалық формаға келтіру.Келесі функ.- жүйелеу,фил.әр түрлі формадағы адамзат тәжірибесінің нәтижелерін теориялық тұрғыдан тұжырымдайды. 4.Сынау- мәдениет дамуындағы қайшылықтар мен адамзат іс-әрекетіндегі пендешіліктерді сынға алу,өмірдің мәнін анықтау,пайымдау барысында қалыптасқан өзімшілдік пиғылдарды әшкерелеу,адам мен табиғат,адам мен адам арасындағы қатынастардағы ақылға сыймайтын ой мен істің табиғатын

мазмұнын ашып көрсетеді

23.Фихтенің субъективті идеализмі

Иогани Готлиб Фихте Канттың сана белсенділігі туралы ілімін ілгері дамытуға күш салды.Фихте таза субъективтік идеализмнің өкілі еді.Ол дүниенің түпнегізі етіп субъектіні немесе «Менді» таңдады.Фихте Кант қойған қайшылықтар туралы мәселеге жаңаша қарады.Егер Кант үшін қайшылықтар ақиқатқа ұмтылған ақыл-ой үшін аттап өте алмас кедергі болса, онда Фихте үшін олар-дамудың, әрекеттің көзі.Фихтенің «Мені» өзәнәң қарама-қарсылығына айналады, содан кейін олар біртұтастыққа бірігеді.Фихтенің «Мені» ешқандай да адамның жеке басы емес,жалпы әлемдік «Мен».Фихте философиясының қысқаша мәні мынаған келіп саяды:бүкіл әлем- ой тербейтін «Мен» өз санасынығ жай-күйін, өз санасынан туындайтын түйсіктерді танып-білуге ұмтылады.

11.Фома Аквинскийдің фил/сы.

Ф.Аквинский(1225-1274) өзіне дейінгі ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзінің радикалды қадамымен ерекшеленді. Бұл қайта пайымдаудың мәні табиғатты, адамды,оның құдайға қатынасын зерттеуге негізделді.«Тән туралы ой жан туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға,ал бұл құдай туралы ойға жетелейді»,-деген Ф.Аквинскийдің кредосы аристотелизмді христиандық тұрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық фил. Дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ол сондай-ақ креационизм идеясын да ұсынады.Ф. Аквинскийдің ілімі-христиандық діни ілім мен перипатетизм фил/ның, христиандық теология мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушілік.

32. Француз ағартушыларының философиясы

Идеялық тұрғыдан жаңа философия, 17ғасыр философиясының дәстүрін жалғастырушы және оның нақтылаушысы. Философиялық ойлардың эволюциялық ерекшеліктері айқындала бастады. Ағылшын ойшылы Бэкон мен Локктың философиясын жалғастырушы француздар Дидро мен Гольбах болды. Ал Декарттың идеяларын неміс философы Кант жалғастырды. Франция бұл кезде буржуазиялық революцияны қарсы алу барысында бұрынғы феодалдық және клерикалық идеяларды терістеуде философтардың белсенді әрекетін қажет етті. Францияда философия университет қабырғасынан тысқа шығып, тыйым салынған баспаларда жариялана бастады. Философия идеологтар мен саясаткерлердің ісіне айналды. 18 ғасырда философиялық тербелістер Англияда басталып, Франция, Германияға ығысты. 18 ғасырда Франциядағы философия қоғамдық мәдени қозғалыстың дамуындағы ағартушылықтың негізгі күшәне айналды. Философ ағартушылар философиялық сананы көптеген сұрақтардың базистік инстанциясы деп түсінді. Бұл тұрғыда ұлы француз революциясының идеологтары Жан-Жак Руссо мен Вольтердің еңбектері ерекшеленеді.

Вольтер ең алғаш діни фанатизмді, феодалдық абсолютизмді, наным сенім мен адасушылықты, билік пен заңның қателіктерін сынға алады. Вольтер шынайы діннің жақтаушысы болды. Шынайы дін деп, ол жалпы адамзатқа ортақ моральдік принциптерді айтады. Вольтердің ойынша, моральдің басты принципі моральдің басты принципі ертедегі данышпандардың «Өзіне тілемегенді, басқаға жасама» атты нақыл сөзіне негізделген. Вольтер шығармашылығы философияны басқа ғылымдар сияқты қолданбалы сипатының бар екенін айқындауға негізделеді. Вольтер 1791 жылы Париждегі ұлы адамдарға арналған Пантионда жерленді.

Жан-Жак Руссо да Вольтер сияқты француз ағартушылар өкілінің бірінші толқыны. Ол адамдар арасындағы теңсіздікті жеке меншік пен мемлекеттік құрылымның теріс жағынан көреді.Ол адамдарға табиғатқа оралуды ұсынады.Ғылымды жақтаушы – цеинтист, жақтамаушы – антицеинтист. Бірақ кейіннен көзқарасын біршама өзгертіп, қоғамдық келісім шартты орнату адамдар арасындағы теңсіздікті жоя алады деді. Заң шығарушы билік, оның ойынша, халықтың иелігінде болуы керек. Бұл жерде ол халық тәуелсіздігін қорғайды.

18 ғасыр Француз ағартушылар философиясының шыңы Дидро және Гольбах болып саналады. Дидроның 35 томдық идеясы ағартушылық шығармасфының айқын белгісі. Гольбах пен Дидро сияқты алғашқы энциклопедистер 1770 жылы «табиғат жүйесі» атты еңбегі библияның материализмі есебінде қабылданды.Гольбах материалист болғандықтан, материяны рухани өмірден тәуелсіз өмір сүреді деді. «Ең қиын феномен адам санасына түсіндірме бермек болғанда, оны табиғаттың модификациялануы», - деп түсіндіреді(Гольбах). «Материяның өмір сүруі - қозғалыс» (Гольбах). Қозғалысты ол механистік, химиялық, биологиялық деп бөлді.Оның ойынша, табиғат – бүтіндік, ол себеп салдардың жалғасы деп түсіндіреді.Сондықтан бұл жерде дінге орын жоқ деген. Гольбах – атеист. Барлық құбылыстар қажетті және де ол заңдар объективтілігінің салдары дейді. Оның ойныша, кездейсоқтық табиғатта жоқ. Заттардың тәртіппен орналасуынан жер бетінде өмір пайда болды. Ең жоғарғысы Адам өмірі деген. Оның ойынша, идеялар адамның тәжірибелік іс әрекетінен туындайды.

87.Фрейд фил.дағы “сублимация” ұғымы.

ХХ ғасырда пайда болған ақылды еместіктің бір өкілі австриялық физио-психолог З.Фрейд. Ол философияда психоанализ (Psyhe-жан, Analycis-шешім) ілімін негізін салды. Ол адам психологиясының үш түпнегізін қарастырады: МЕН(эго), ЖОҒАРЫ МЕН (супер эго), ОЛ( ид). Фрейдтің басты идеясы жеке адамның “психосексуалдық дамуы ” жөнінде. Яғни бұл теория бойынша, бейсаналықтың негізін сексуалдық инстинктер қалайды. Сексуалдық инстинктер жалпы инстинктермен байланысты сублимация (басып жаныштау) және комплекс (жинақ) ұғымдарымен айқындалады. Сублимация дегеніміз – дейді Фрейд, - тежелген “жасынған” сексуалдық инстинктің бейсексуалды (әдеби шығармашылық, саяси және қоғамдық іс әрекеттер т.б.) іс әрекеттер түріне ауысуы. Қазіргі кезең мен мәдениеттің болашағын болжай отырып, ол неврозды алып тастау үшін мәдени суперэгоның рационалдық парадигмасы арқылы сексуалдық қанағаттану дәрежесін кеңейту қажет деген ұсыныс айтады. Фрейдтің еңбектері:Түс көруді жору(түс–ұғынылмаған құштарлық көрінісі), Күнделік өмірдің психопатологиясы (бейсаналылықтың әр түрлі формаларын талдайды), Психоанализге кіріспе (адам менталдығы топографиясын жасап шығарады), Мәдениетке наразылық (мәдениет пен өркениет мәселелерін сынайды).




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 51 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав