Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орман пайдалану құқығының түсінігі. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Читайте также:
  1. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  2. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  3. Ажеттілік түсінігі. А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы
  4. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  5. Антинорманская теория
  6. Бап. Оңалту немесе банкроттық рәсiмiн қолдану үшін сотқа жүгіну негiздерi
  7. Басќару ѓылымы мектебi сипатталады C. менеджментте сандыќ єдiс пен дєл ѓылымды пайдалану
  8. Вернадский бойынша биосфера үшін жалғаз энергия көзі не?
  9. Вопрос 2.Предпосылки образования Древнерусского государства. Норманнская и антинорманнская теории. Киевская Русь в 9 - 12 вв.
  10. Дәріс. Қазақстан Республикасының салық құқығының негіздері

Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы орман билетiнiң негiзiнде туындайды.
3. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады.
4. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.
5. Орман пайдалану құқығы - орман пайдалану түрi сақталғанда ғана, құқық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат пен өндiрiстiк қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиiстi біліктiлiкке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөніндегі қызметтiң лицензияланатын түрi жүзеге асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкiн.
6. Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерістер енгізу арқылы ресiмделедi.
Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын тәртiппен туындайды.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн қарауында мемлекеттік орман қоры учаскелерi бар уәкiлеттi орган немесе облыстық атқарушы орган мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi біліктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.
3. Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бірақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс.
5. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс.

Қазақстан Республикасының орман заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

36.«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР заңның жалпы сипаттамасы. Жануарлар әлемін пайдалану және қорғау туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылық

Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғат энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады.

Жануарлар түрлерін санаттарға жатқызу және оларды бір санаттан екіншісіне ауыстыру жануарлар дүниесінің түрлік алуандылығын сақтау, өсімін молайту және тұрақты пайдалану мақсатында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесіне мемлекеттік есептеу, кадастр және мониторинг жүргізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалануды мемлекеттік басқару үшін, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әралуандылығы мен тіршілік ету ортасын сақтап қалу мақсатында жүргізіледі.

ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңының 1 бабында жануарлар дүниесі және қорғалуы, өсімінің молайтылуы және пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық ұғымы беріледі.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілде қабылданды. Бұл заң 9 тараудан, 61- баптан тұрады.

Аңшылық және аң аулау шаруашылықты құқықтық реттеу.Балық аулау және балық шаруашылығын құқықтық реттеу. Жануарлар дүниесін пайдаланудың негізгі түрлерінің бірі аң аулау болып табылады.

Аңшылық мынадай түрлерге бөлінеді:

өндірістік аң аулау;

әуесқойлық аң аулау;

Өндірістік аң аулау-аңшылық оъектісі болып табылатын жануарлар түрлерін кәсіпкерлік мақсатта аулау.Әуесқойлық аң аулау-аңшылық объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін спорттық, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және ауланған өнімдерді азық ретінде қолдану мақсатында аулау.

Аңшылық уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы беретін тиісті рұқсаттама негізінде жүзеге асырылады.

Өндірістік аңшылыққа аңшының мынадай құжаттары болған кезде ғана жол беріледі.Аңшының аңшылық минимумнан емтихан тапсырғаны және уәкілетті органның аумақтық органында тіркелгені көрсетілген куәлігі, рұқсаттамасы, аңшылық оқ ату қаруымен жүргізілетін жағдайда ҚР сы ішкі істер органдарының аңшылық оқ ату қаруын сақтау және алып жүру құқығына рұқсаты,

аңшылық шаруашылығы ұйымымен келісімшарт, аңшылық шаруашылығы ұйымының жо Балық аулау ережелері Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық аулауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін реттейді.

Балық шаруашылығы су айдындары пайдалану маңызына қарай 3 ке бөлінеді: халықаралық, республикалық, жергілікті.

Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік балық аулау, әуесқойлық балық аулау.

Өндірістік балық аулау-балық аулау объектісі болып тпбылатын балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерін кәсіпкерлік мақсатта аулау.Әуесқойлық балық аулау-балық аулау объектісі болып табылатын балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерін спорттық,эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және ауланған өнімдерді азық ретінде қолдану мақсатында аулау.

Заңды тұлғалардың, сондай ақ жеке кәсіпкерлердің өндірістік балық аулауға рұқсаттамасының бар жоқтығын, аулауды жүргізу ережелерін сақтауын және рұқсат етілген балық түрлерін аулағанын бақылауды арнайы уәкілетті орган іске асырады.

Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органдары ғылыми мекемелермен келісе отырып, балық аулау мақсатының басталуын ертерек немесе кеш мезгілге, алайда балық аулау маусымы жалғасатын жалпы мерзімнен 15 күнтізбелік күннен асырмай белгілеу туралы шешім қабылдай алады.

Бекітілген лимиттен асыра балық аулағаны үшін,балық қорына келтірілген залалды өтеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

лдамалары, және өндірістік журналы қажет болып табылады.

38. Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабы. Қызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Парижқаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимі. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және «ҚР ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» заңынан, ҚР Экологиялық Кодексінен және басқа да нормативтік құқықтық актілердан тұрады. Бұл заңдар ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды және мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтіру, орнықты пайдалану және басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеп отырады.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақ - ерекше қорғау режимі бекітілген мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілері және жер, су және олардың үстіндегі әуе кеңістігі, табиғи кешендер орналасқан аймақ.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың табиғи кешендері дегеніміз – қорғалуға жататын, биологиялық әртүрлілік пен өлі табиғат обьектілерінің жиынтығы.

Мемлекеттік табиғи-қорық қоры – мемлекеттік қорғауға алынған, аса экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар қоршаған орта обьектілерінің жиынтығы.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар және ондағы экологиялық, ғылыми, мәдени маңызы бар қоршаған орта обьектілері ҚР ұлттық құндылығы болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы негізгі принциптерге мыналар жатады:

- ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды бірегей және кәдімгі ландшафттарды, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен қалпына келтіруді қамтамассыз ететін биологиялық жүйенің компоненті ретінде дамыту;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік реттеу мен бақылау;

- мелекеттік табиғи-қорық қорын және экологиялық жүйелерді сақтау;

- ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ғылыми, мәдени, ағартушылық, білім беру және туризм мақсаттарында пайдалану;

- ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланудың ақылы болуы;

- ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы ҚР заңнамаларын бұзған үшін жауаптылық;

-ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы мәселелерді шешуге жеке жіне заңды тұлғалардың қатысуы;

- ерекше қорғалатын аймақтартарда ақпараттың қолжетімділігі;

- ерекше қорғалатын аймақтарда халықаралық ынтымақтастық;

Орықтардың және заказниктердің құқықтық режимі. Ұлттық табиғи парктердің және табиғат ескерткіштерінің құқықтық режимі.

Мемлекеттік табиғи қорық – табиғат қорғау және ғылыми мекеме статусы бар ерекше қорғалатын аймақ. Оның мақсаты болып табиғи процестер мен құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің обьектілерін, жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлерін, экологиялық жүйелердің бірегей және кәдімгі түрлерін сақтау, зерттеу және қалпына келтіру табылады. Мемлекеттік табиғи қорықтарының негізгі қызметіне мыналар жатады: мемлекеттік табиғи қорығының және оның күзет аймағының биологиялық әртүрлілігін қалпына келтіру мен қорғау режимін қамтамассыз ету; экологиялық жүйелер мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілеріне мониторинг пен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру; экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу; мемлекеттік табиғи қорық және оның күзет аймағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулі туристік мақсатта пайдалануды реттеу және т.б.

Мемлекеттік табиғи қорықтың бүкіл аумағында қорықтық қорғау режимі белгіленеді және мынадай іс әрекеттерге тиым салынады: аймақтың гидрологиялық режимін өзгертетін іс әрекеттерге; мемлекеттік табиғи қорықтың қызмет етуіне байланысты емес құрылыстарды, жолдарды, құбырларды және басқа да коммуникацияларды салуға; геологиялық барлау жұмыстарына және пайдалы қазбаларды өндіруге; жануарларды ұстау мен жоюға, олардың мекен ету ортасын бұзуға; зиянкестермен, жануарлар мен өсімдіктердің ауруларына қарсы химиялық, биологиялық әдістерді қорғауға; үй жануарларын айдап өтуге.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк – биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, және рекреациялық аса маңызды табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға арналаған табиғат қорғау және ғылыми мекеме статусы бар, ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Қазіргі кезде республикамызда 9 мемлекеттік ұлттық парк бар. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің негізгі қызметіне мыналар жатады: табиғи кешендерді, бірегей және эталондық табиғи учаскелерді, мемелекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін, табиғи және тарихи-мұраны сақтау; мемлекеттік ұлттық табиғи парктің және оның күзет аймағының қорғау режимін қамтамассыз ету; экологиялық ағарту; бұзылған табиғи кешендерді, мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағында келесі аймақтар бөлінеді: 1) қорықтық режим аймағы; 2) экологиялық тұрақтандыру аймағы; 3) туристік және рекреациялық қызмет аймағы; 4) шектеулі шаруашылық жүргізу аймағы.

Мемлекеттік табиғи резерват – табиғи кешендер мен онымен байланысты табиғи және тарихи-мәдени обьектілерді қорғау, қалпына келтіру және биологиялық әртүрлілікті қамтамассыз етуге арналған, жер үстіндегі мен судағы экологиялық жүйелерді қамтитын, табиғат қорғау және ғылыми мекеме нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Қазіргі кезде республикада екі мемлекеттік табиғи резерват бар: «Семей орманы» және «Ертіс орманы».

Мемлекеттік табиғи резерват территориясы әртүрлі қорғау мен пайдалану режиміндегі аймақтарға бөлінеді. Олар – қорық режимінің аймағы және буферлік аймақ.

Азақстан Республикасында Атмосфералық ауа мониторингін құқықтық қамтамасыз ету. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау.

Атмосфералық ауа мониторингi

1. Атмосфералық ауаның жай-күйiн байқау, оның жай-күйiн кешендi түрде бағалау мен болжау, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды, ұйымдар мен халықты атмосфералық ауаның сапасы туралы ағымдағы және шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторингiн ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтарында оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi.
2. Атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторингi Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiнiң бiртұтас мемлекеттiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерi атмосфералық ауаның өндiрiстiк мониторингiн жүзеге асыруға тиiстi ұйымдардың тiзбесiн белгiлейдi.

1. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы атмосфералық ауаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты атмосфералық ауаны қорғау саласында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырады. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.

 

 


 

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 93 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав