Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Читайте также:
  1. A. теория познания
  2. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  3. I. Теория государства и права как наука. Ее место в системе юридических наук.
  4. I. Теория государства и права как наука. Ее место в системе юридических наук.
  5. I. Экономика и экономическая теория
  6. II БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  7. IV. Методология и теория исторической науки.
  8. АҚШАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
  9. АВТОРИТАРНАЯ ТЕОРИЯ МЕДИА
  10. административная теория менеджмента Файоля,Вебра.

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.

Экономикалық теорияның пәні – адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» атты еңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпен байланысты қызмет түрлері деп түсіндірген. П. Самуэльсон көптеген мысалдар келтіріп, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген. Ол экономикалық теорияның бірнеше анықтамаларын берді.Олар:

1) адамдар арасында ақшалай келісім-шарттар мен айырбасқа байланысты қызмет түрін зерттейтін ғылым;

2) әртүрлі тауарды өндіру үшін және оларды қоғам мүшелері арасында бөлу үшін қажетті шектеулі ресурстарды пайдалану туралы ғылым;

3) адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым;

4) байлық туралы ғылым.

Экономикалық зерттеу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмашылықтары бар. Бірақ, барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсіл қолданылады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйелеген неміс философы Гегель болып табылады.

Экономикалық процестерді танып-білудің бірнеше зерттеу әдістері бар. Олар: ғылыми абстракция, талдау және жинақтау, индукция мен дедукция әдістері, статистикалық мәліметтер жинақтау, болжамдар жасау және оны тексеру, тәжірибелер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.

Ғылыми абстракция дегеніміз - зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Та­ну процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа карай жүреді.

Талдау- экономикалық құбылыстарды жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зерттеу. Синтездеу- бұлэкономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіріп, біртұтас зерттеу.

Индукция- жеке оқиғадан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, қағидалар шығару.

Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция әдістемелік әдістермен жүзеге асырылады.

Ізденіс сұрақтары:

1. Экономикалық теорияның зерттеу пәніне не жатады?

2. Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы қандай?

3. Экономикадағы шектеулі мүмкіншіліктер қалай шешіледі?

4. Экономикалық теория неліктен гуманитарлық ғылымдар қатарына жатады?

5. Экономика ғылымының әдістемесі дегеніміз не?

6. П.Самуэльсон бойынша экономикалық теория пәніне не жатады?

7. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылықтары қандай?

СӨЖ үлгі тақырыптары:

1. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.

2. Дедукция және индукция әдістерінің айырмашылықтары.

3. Экономиканың нормативті және позитивті зерттеу әдістері.

4. Қазіргі кездегі экономиканың жаңа зерттеу әдістері.

5. Экономикалық модель және оның көрсеткіштері.

6. Шекті және экономика-математикалық зерттеу әдістері.

Тест тапсырмалары:

1. Экономикалық теория пәнiн ең толық ашатын анықтаманы таңдаңыз:

А) экономика қоғамның әлеуметтiк-экономикалық құрылымын зерттейдi

В) экономика товарлардың өндiрiсi мен бөлiнiсiн қамтитын iс-шараларды зерттейдi;

С) экономика халық шаруашылығына әсер ететiн экономика өлшемдерiн (баға, өндiрiс, жұмыссыздық және т.б.) зерттейдi;

D) экономика ақша, банк жүйесiн, капиталды зерттейдi.

Е) экономика қоғам мүшелерiне қажеттi товарлар мен қызметтердi өндiруде қолданылатын шектеулi ресурстардың тиiмдi пайдалануын зерттейдi.

2. Экономика - бұл күрделi, жүйелi құбылыс, өйткені........

А) оның әртүрлi корлары болады;

В) оның элементтерi өзара байланысты жүйеде болады;

С) оларды экономикалық қатынастардың бiр үлгiсiне келтiруге болмайды;

D) олар экономикалық қызметтiң бiр түрiне келедi.

Е) дұрыс жауабы жоқ




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 125 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав