Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ

Читайте также:
  1. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ
  2. Мемлекеттiң пайда болуының негiзгi теориялары.
  3. Мотивацияның мазмұндық теориялары
  4. Мотивацияның процессуалдық теориялары
  5. Ойлаудың психологиялық теорияларына тоқталыңыз
  6. Психологиядағы тұлға мәселесі,оның психодинамикалық бағыты тұлға теориялары
  7. ТАҚЫРЫП. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың теңесуі макроэкономикалық тепе-теңдік деп аталады.

Жиынтық сұраныс елдің нақты сатып алу қабілетінің көрсеткіші болып табылады. Жиынтық сұраныс- белгілі бір баға деңгейіндегі тауарлар мен қызметтердің жалпы көлеміне сұраныс.

Жиынтық ұсыныс- экономикада өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі. Бұл түсінік жалпы ұлттық немесе ішкі өнім синонимі ретінде жиі қолданылады.

Макроэкономикалық тепе-теңдік үлгілерінің бірі ХІХ ғ. 70-ші жылдарында Л.Вальрас ұсынған жалпы тепе-теңдік теориясы болып табылады. Бұл теорияны ХХ ғасырда Д.Хикс, К.Эрроу, Д. Патинкин, П. Самуэльсон және басқа да экономистер дамытты. Жалпы тепе-теңдік теориясының негізгі қорытындысы мынадай: жалпы рыноктық тепе-теңдік болуы мүмкін және ол тұрақты бола алады; бұл жағдайда тұтынушылар алатын пайдалылығын, ал кәсіпкерлер алатын табысын жоғарылатады. Ресурстарды тиімді бөлгенде баға сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.

Жалпы тепе-теңдік жеке рыноктардағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдіктерінің жиынтығынан тұрады. Енді негізгі үш рыноктағы: соңғы өнім, өндіріс факторлары және қаржы ресурстары рыногындағы тепе-теңдіктерді қарастырайық. Олар төмендегідей сипатталады:

- соңғы өнім рыногындағы тепе-теңдік сұраныс көлемі мен өндірушілер ұсынатын өнім санының сәйкес болатындығын білдіреді, егер мұндай тепе-теңдік болмаса, өндірушілер табысты, ал тұтынушылар пайдалылықты жоғарылата алмайды;

- өндіріс факторлары рыногындағы тепе-теңдік осы факторлар көмегімен өндірілетін шекті өнім шекті шығынға тең болатындығын білдіреді;

- қаржы рыногындағы тепе-теңдік дегеніміз оның ұсынысын қалыптастыратын капиталдың шекті балама шығыны сұраныс қалыптастыратын капиталдың шекті өніміне тең болатындығын көрсетеді.

Бәсекелі рынокта тепе-теңдіктен ауытқу экономикалық процеске қатысушылардың табыстарын төмендетеді. Осыған байланысты мұндай жағдайда жалпы тепе-теңдікке жету мүмкін бе деген сұрақ туады.

Бұл сұраққа «көрінбейтін қол» теориясын ұсынған А.Смит жауап берді, бұл теория бойынша әрбір экономикалық субъект өзінің жеке мүддесін көздей отырып, «көрінбейтін қол» арқылы қоғам игілігіне оң әсер етеді. А.Смиттің бұл заңын Л.Вальрас математикалық тілге аударып, нақтылады. Л.Вальрас заңы жалпы тепе-теңдік үлгісінің негізі болды. Бұл заң бойынша жоғарыда көрсетілген рыноктардағы артық сұраныс және артық ұсыныс сәйкес келеді. Л.Вальрастың жалпы рыноктық тепе-теңдік үлгісінің мәні мынада: тауарларды сату және сатып алуға келісім-шарт жасау процесінде рынокта артық сұраныс пен ұсыныссыз барлық тауарлар сатылатын және сатып алынатындай салыстырмалы бағалар белгіленеді.

Л.Вальрастың үлгісін Д.Патинкин нақты кассалық қалдық тұжырымдамасымен толықтырды. Мұнда тауар бағасының өсуімен ақшаға деген сұраныстың артуы арасындағы қайшылық жойылды. Нақты кассалық қалдықтар- тауарлардың рыноктық бағасы жалпы өзгерген кезде сатушылар мен сатып алушылардың қолында қалатын ақша қорының құны, бұл рыноктың өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді. Мұның барлығы тек тауарлар мен қызметтер рыногын ғана емес, нақты кассалық қалдығы бар рынокты да қамтитын экономиканың нақты үлгісін құруға мүмкіндік берді. Экономикалық тепе-теңдіктің кейнстік тәсілін қарастырайық. Дж.М. Кейнс классикалық теорияның негізгі тұжырымдамаларын сынайды. Біріншіден, экономика бірқалыпты дамымайды, ал жалақы мен баға неоклассикалық үлгіде көрсетілгендей икемді емес. Кейнс мемлекеттің араласуынсыз тепе-теңдікке жету мүмкін емес деп қорытындылайды. Жалақыны төмендету арқылы толық жұмысбастылық деңгейіне жету мүмкін емес. Ол жұмыссыздыққа қарамастан жалақы төмендемейді және еңбек рыногы теңсіздік жағдайында қалады деп есептеді.

Дж.М. Кейнс бағаның төмендеуі экономиканы құлдыраудан алып шықпайтынын, пайыздық қойылым қолма-қол ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа тәуелді болатындығын дәлелдеді. Тұтынушылар табысының бір бөлігін жинақтау туралы шешім қабылдайды. Пайыздық қойылым қаншалықты икемді болса да, жиынтық сұраныстың төмендеуін тоқтата алмайды. Сондықтан тепе-теңдік толық емес жұмысбастылық кезінде де болады.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 141 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав