Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Паразиттердің пайда болу жолдары. (эктопаразиттердің, эндопаразиттердің және қанды паразиттердің).

Читайте также:
  1. A) жүре пайда болған жедел гемолиздік анемия
  2. A) жүре пайда болған жедел гемолиздік анемия
  3. D) жүре пайда болған жедел гемолиздік анемия
  4. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  5. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  6. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  7. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  8. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  9. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  10. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы

Қан - қарапайымдылар паразитарлық тіршілік өте алатын ағзаныу сұйық ортасы. Кейбір паразиттерге қан негізгі тіршілік ортасы болып табылады, оларды қандыпаразиттер деп атайды. Олар өз ішінен эндо (ішкі), экто(сыртқы) қанды паразиттер деп бөлуге болады. Лейшманиялар – висцеральды лейшманиозды қоздыратын және токсоплазмалар негізінен тіндік макрофагтарда және де қан айналамында тіршілік ететін эндопаразиттер. Ал гельминттерге тоқталатын болсақ, оның ересек түрлері, мысалға шистосомалар үнемі венозды акымда болып, онда жумыртқа салып көбейеді. Ал жумыртқалар дан ағысымен ішектерде және қуыққы келеді. Ересек филяриялар лимфатикалық тамырларда өмір сүреді.Осы паразиттерді анықтау үшін толық қанды алып, одан жоғынды жасап және «үлкен тамшы» әдісімен зерттеледе. Микроскопиялық зерттеуге қан препараттарын заттық шыныда дайындайды, және оның қасиеті мен тозалығынан қан паразиттерін анықтау дұрыстығы тәуелді.Қан плазмасы мен сорысуы серологиялық реакциямен зерттеледі, және де паразиттерге қарсы арнайы антиденелердің болуы анықталады.Безгек плазмодиясы – патогенді, кең таралған қан паразиттердің бірі. Безгек инфекциясын оның 4 түрі тудырады. Безгек плазмодиясы 2 иеде паразиттік тіршілік етеді: біріншісі - Апорпе1е – маса аналығының организімінде; 2-сі – адам ағзасы. Маса ағзасында спорогония, ал адам ағзасында - шизогония көбеюі отеді. Алғашқы шизогония фазасы бауыр жасушаларында жүреді, және экзоэритроцитарлы шизогония деп аталса, келесі – қан айналымында, эритроциттерде жүреду, ол – эритроцитарла шизогония деп аталады. Эритроциттерде дами келе, олар гемоглобиндермен қоректеніп, олардың бұзылуына әкеледі.Лабораторлы диагнозы науқас адамның қанында кез-келген кезеңіндегі плазмодиялар табылса қойылады. Мысалы: трофозоиттер – жас және ересек; шизонттар-дамыған немесе дамымаған, сонымен қоса жынысты түрлері – гаметоциттер түрінде болады.Зерттеу әдістері. Диагностикалаудың бірде 1 әдісі – паразитологиялық болып табылады. Кейбір жағдайларда серологиялық әдіс (РИФ, ИФА) қолданылады. Паразитологиялық зерттеу әдісі – қан препаратын «жұқа жағынды» және «үлкен тамшы» әдістеріне негізделген. «Үлкен тамшы» әдісінде зерттелетін қан көлемі жұқа жоғындыда қолданылатын қаннан 20-40 есе көп болады. Сүлік (лат. Hirudinea) – буылтық құрттар типінің бір класы. Табиғатта кең тараған 3 отряды, 5 тұқымдасқа бірігетін 400-ден астам түрі белгілі. Теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік етеді. Еркін қозғалатын жыртқыштар не жануарлардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Денесінің ұзындығы 0,2 – 20 см. Бас және аналь бөлімдері болмайды. Денесі 33 сегменттен түзілген, олардың алдыңғы төртеуі қосылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі артқы сорғышты құрайды. Денесін тығыз кутикула жапқан, оның астын эпителий астарлап жатады. Онда түрлі түсті түйіршіктелген пигментті клеткалар орналасқан.Сүліктердің түсі осы клеткаларға байланысты. Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, артқы ішектерден тұрады. Алдыңғы сорғышының түбінде орналасқан ауыз тесігі ауыз қуысына, одан жұтқыншаққа жалғасқан. Қоректену кезінде Сүліктер жағымен (тістерімен) иесінің терісін тесіп, қанын сорады. Жүйке жүйесі және бұлшық еттері жақсы дамыған. Денесінің алдыңғы жағында 1 – 5 жұп көздері бар. Тыныс алу органы дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңізде тіршілік ететіндері желбезектері арқылы тыныс алады. Зәр шығару жүйесі метанефридиялы. Жынысты жолмен көбейеді, іштей ұрықтанады. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей (дернәсілсіз) дамиды. Көпшілігі әр түрлі омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қанын, сөлін сорады, араларында жемін тұтастай жұтатындары да бар. Сүліктер – кейбір балықтардың жемі. Балықтар, құстар, сүтқоректі жануарларға тигізетін зияны да үлкен, олардың қанын сорса, жануарлардың өлуі де мүмкін. Ал медициналық Сүлік (Hіrudo medіcіnalіs) бірқатар ауруларды емдеуге пайдаланады. Сүліктің бұл түрі сілекей бездерінен гирудин деп аталатын, қанды ұйытпайтын ерекше белоктық зат бөліп шығарады. Гирудин затынан дәрі-дәрмек жасайды.

 

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 48 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав