Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Паразиттердің экологиясы

Читайте также:
  1. Паразиттердің иесіне ену жолдары
  2. Паразиттердің пайда болу жолдары. (эктопаразиттердің, эндопаразиттердің және қанды паразиттердің).
  3. Паразиттердің систематикасы
  4. Паразиттердің сыртқы ортамен қарым-қатынасы.

Паразитология — паразитизм құбылысын, паразиттер биологиясын, экологиясын және олардың тудыратын ауруларын, паразиттермен күрес шараларын зерттейтін кешенді биологиялық ғылым.Паразитизм (паразиттік тіршілік ету) биотикалық байланыстардың бірі болып табылады, ол бір ағзаның (паразит) екінші бір ағзаны (иесін) баспана, қорек ретінде пайдаланып зиян кел-тіруі.Медициналық паразитология адам паразиттерін зерттейтін жалпы паразитология ғылымының бір саласы. Ол, сол сияқты, паразиттерге қарсы күрес шараларын, паразиттер тудыратын ауруларды анықтау, емдеу және алдын алу шараларын да зерттейді. Буынаяқтылар типінің көптеген өкілдері адам ауруларынын қоздырғыштары, таратушылары, аралық иелерінде және табиғи резервуарлары болын табылады.Буынаяқтылар жоғары сатылы омыртқасыз жануарлар болып, оларға 1,0—1,5 миллиондай түрлер топтастырылады.Буынаяктылардың денесі буылтықтарға бөлінген. Буылтық-тары бір-бірімен кірігіп дене бөлімдерін - бас, көкірек, құрсақ пайда етеді.Буынаяқтылардың аяқтары да буылтыктардан тұрады.Аяқ-тарының қызметі түрліше — олар тек қана қозғалу қызметін атқарып қоймай, сол сиякты сезу, ауыз аппараты, қорғаныс және шабуылдау қызметгерін де атқарады.Денесі хитин кабатымен қапталған. Хитин сыртқы қаңқа, қорғаныс кызметерін аткарацы. Бұлшықеттері көлденең жолақы болып күшті және әр түрлі қимыл-қозғалыстарды камтамасыз етеді.Дене қуысы аралас немесе миксоцель күйінде. Эмбриогенез барысында бірінші болып алғашқы дене қуысы қалыптасады, сосын соңғы дене қуысы пайда болады, бірақ алғашқы дене қуысы толық жойылмай шамалы белігі болса да сақталынып қалады. Мұндай дене қуысын аралас дене қуысы деп атайды.Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes.Бұл типке 7300-ге жуық түрлер жатады. Олар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта кездеседі. Көпшілігі паразиттік тіршілік етуге көшкен. Жалпақ құрттар типі 3 класқа бөлінеді. 1. Кірпікшелі құрттар 2. Сорғыштар класы 3. Таспа құрттар класы. Адам паразиттері соңғы екі класқа кіреді, сондықтан да біз енді соларға тоқталамыз.Сорғыштар класы – Trematode.Бұл класқа 3000 ға жуық түрлер жатады, олардың бәрі де паразиттер болып саналады.Бұлардың денесі жалпақ, жапырақ тәрізді болып, өлшемі 2-ден 800мм дейін жетеді. Денесі тері – бұлшықет жапқышпен қапталған. Ол сыртқы қабаттан – тегумент және 3 қабаты (сақиналы, диагональ, ұзына бойына орналасқан) біркелкі салалы бұлшықеттен құралған. Сорғыштар класының ерекше белгісінің бірі – иесінің денесіне бекінуге және көректік затты соруға арналған ерекше сорғыштарының болуы. Әдетте, 2 сорғышы болады – ауыз сорғышы және құрсақ сорғышы. Ауыз сорғышы дененің алдынғы жағында орналасады және ол ауыз тесігімен байланысқан, ал құрсақ сорғышы дененің құрсақ бетінде орналасып бекіну қызметін атқарады.

 

20.Паразиттердің өмір сүруіне байланысты ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, қан айналу, нерв және жыныс жүйелерінің құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.

Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер, жалпақ құрттардан трематодалар, моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің ішінде бүргелер мен биттер, т.б. Жоғары сатыдағы өсімдіктер арасында омела (лат. vіscum) және сұңғыла (лат. orobanche) туыстарын айтуға болады. Жалпы бір организмде паразиттің бірнеше түрі тіршілік етеді, олар әр түрлі органдар мен тіндерде (ұлпаларда) орнығады да, өзгеше қауымдастық — паразитоценоз құрады. Паразиттің даму сатысының бір кезеңі иесі организмінде (мысалы, тек қоректену кезінде) өтетін болса, оны «уақытша паразитизм» деп, ал дамуының көпшілік уақыты иесі организмінде өтетін болса «тұрақты паразитизм» деп атайды.

Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам мен ит, т.б. Паразитизм өсімдіктер арасында да кең тараған. Бірақ мүк, қырыққұлақтәрізділер, жалаңаш тұқымдылар арасында паразитизм кездеспейді. Паразитизмнің табиғаттағы организмдер популяциясын реттеуде және сұрыптау процесінде маңызы болғанымен, адам денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге өте көп зиян келтіреді. Паразитизм мәселелерін биология, медицина, ветеринария, агрономия, паразитология, вирусология, т.б. ғылым салалары зерттейді;

21) Паразиттердің көбеюі, эмбриональды дамуы, дернәсілдің сатыларына анықтама беріңіз.

Паразиттер тіршілігін сақтап қалу үшін міндетті түрде көбейіп отырады. Паразиттердің көбеюі әр түрде өзгеше жүреді. Мысалы қарапайымдылардың ішінде Entamoeba histolytica-ның көбеюін қарастырайық: Entamoeba histolytica-ның дамуының 2 сатысы белгілі: вегетативтік және цисталық. Организмде мекендеу жағдайына байланысты олар бір-біріне ауысы алады.

Вегетативтік даму сатысында амебаның 4 түрі байқалады: тіндік, вегетативтік, ішекішілік және цистаалдылық сатысы. Осы түрлердің әрқайсысы өздерінің морфологиялық ерекшеліктерімен сипатталып ажыратылады. Дизентериялық амебаның тыныштық кезеңінде әртүрлі жетілу сатысындағы цисталар тіршілік етеді.

Адамның ішегінде Entamoeba histolyticа мынадай түрлерде болады: тіндік вегетативтік, ішекішілік үлкен вегетативтік, кіші вегетативтік, цистаалдылық және цисталық. Амебаның вегетативтік түрлері қоршаған ортаға төзімсіз, нәжісте 30 минуттан кейін өледі. Цисталық түрлері қоршаған орта ықпалына үлкен төзімділігімен белгілі. Тіндік түрлері – ұсақ, өте қозғалғыш және инвазиялығы жоғары. Ол тек қана жедел амебиазбен залалданған ағзаның гистологиялық кесіндісінде, өте сирек жағдайда ішек жарасы ыдырағанда сұйық нәжісте көрінеді.

Үлкен вегетативтік түрі – ірі, ұзындығы 30-40-тан 60-80 мкм, қозғалғыш және эритроциті фагоцитозға ұшырату мүмкіндігі бар. Паразиттің бұл түрі тек қана жедел амебиазда құнақы нәжісте табылады.

Ішекішілік түрі ұзындығы – ұзындығы 15-20мкм, аз қозғалады. Ол Entamoeba histolytica-ның негізі тіршілік ету түрі деп есептеледі, созылмалы амебиазбен ауыратын адамдардан және айығу кезеңдегілерден табылады. Цитоплазмада эритроциттер болмайды.Цистаалдылық және циста түрлері құрылады. цистаалдылық түрі кіші вегетативтік түрге ұқсас, ұзындығы 12-15 мкм.

Цисталар қозғалмайды, дөңгелек пішінді, диаметрі8-15 мкм, мөлдір. Кейде оларда жылтыр таяқша тәрізді хроматидті денелер болады. олар Люголь ерітіндесімен бояғанда көрінеді. Онда боялған сақина тәрізді 4 ядро анық көрінеді.

Дірнәсілдік кезең бұл созылу мерзімі әртүрлі болатын эмбриогенезден кейінгі кезең. Көптеген еркін ларвальді кезеңі паразиттерде бұл кезең бір тәулікке немесе оданда аз уақытпен шектеледі. трематодтардың мирацидиялары, моногенетикалық сорғыштардың дернәсілдері, жалпақ лантестің онкосфералары, риштаның дернәсілдері және т.б. осындай. егер дернәсілдер өздерінің аралық иелерін кездестірмесе тез өледі. Мұндай дернәсілдер өте ұсақ және қоректік қоры аз.

Мұндай дернәсілдерге кейбір нематодалардың дернәсілдері қарама қарсы. Ancylostoma duodenale жұмыртқасынан өз еркімен қоректене алатын рабдиттәрізді дернәсіл шығады. ол дымқыл топырақта 2-3 күн өмір сүреді, содан кейін 2 рет түлеп стронгилоидты дернәсілге айналады. Екінші реет түлегенде ескі кутикуласын тастамай ішінде 3-ші кезеңдегі инвазиялық дернәсілдері бар қапшық түрінді сақталады. Мұндай инцистерленген дернәсіл денесінде жинаған қоректік қорын пайдалану арқылы ұзақ тіршілік етіп, қолайсыз жағдайларға төтеп бере алады. Табиғи жағдайда дернәсілдер 6 айға дейін тіршілік қабілетін сақтай алады. Кейбір трихостронгилид дернәсілдері өлмей, қыстап шығады.

Дернәсілдік кезеңде жұмыртқадан шыққан соң қоректенбей 1 жылдай ұзақ өмір сүре алатын дернәсілдер қатарына Ixodedidae кенелерінің дернәсілдері жатады.

Енді дернәсілдердің иесіне енген және метаморфоздың соңына дейінгі тіршілік мерзіміне тоқталайық. Дернәсілдер өздерінің негізгі иелеріне бірдейн түспей аралық иеге түскен кез, ол-өсу кезеңі, одан соң аса ұзаққа созылатын уақытша тыныштық кезеңі келеді. Бұл кезең ұзарса дернәсілдің негізгі иесіне түсу мүмкіншілігі артады. Сорғыштардың мирацидиялары моллюскаға түскен соң 2-3 күннен соң-ақ спороцистаға айналып, бірден өзінің ішіне редия, одан соң церкарияны дамытады. соған байланыстыбұл жерде тыныштық кезеңі жоқ. Керісінше метауеркария екінші аралық иесінде азды көпті тыныштық кезеңін өткізеді, тыныштық кезеңінінің ұзақтылығы аралық иеден негізі иеге түсу уақытын қамтиды.

Жыныстық жетілу мерзімі. Дернәсілдер соңғы иесіне түскен соң метаморфоз аяқталып, ересек түрге айналады. Тіршілігінің бұл ауыспалы сатысында жұмыртқа салудың басталуы, келесі тіршілік циклға көшу болып табылады. Microphallidae тұқымдасының кейбір сорғыштарында өте қысқа уақыт жыныстық жетілу байқалады. Microphallus pigmaeus метацеркариі негізгі иесінде 36 сағат ішінде жыныстық жетіліп, жұмыртқав шашуға қабілетті болады. Бұл метацеркарияның екінші аралық иесінің өзінде жыныстық жағынган жетілуімен байланысты. Бұл жерде прогенез тенденциясы көрінеді.

Паразит жануралардың циклінен азды көпті белгілі бір тенденцияларды байқауға болады.. Біріншіден тыныштық күйдегі дернәсілдің, негізгі иесіне енуге арналғанеркін дернәсілдік кезеңдерінің ұзару тенденциясы байқалады. Бұлай ұзару әбден орынды себебі ол паразиттің иесімен кездесуіне және осылайша түрдің сақталуына мүмкіндік туғызады. Одан әрі кейде дернәсілдік кезеңнің өзінде жыныс аппаратының дамуына дайындық тенденциясы бар, ол дернәсілдің негізгі иесіне түскеннен кейін дамудың басталуын тездетеді. Кей жағдайда имагинальді кезеңнің ұзаруы байқалады, ол арқылы көбеюі кезеңі ұщарып қана қоймай, жұмыртқа өнімі де көбейеді.

22. Ұрпақтың кезектесуі және тіршілік циклында иелердің ауысуы: аралық, қосалқы және негізгі иелерін сипаттаңыз:

Паразит-ң көптеген топ-ң тірш.циклінде партеногенез н/е жыныссыз кһбею арқ.көбею-ң ерекше фазасы өтеді, соған байлан.тірш.циклінде жыныс-қ ұрпақ партогенетика-қ н/е жыныссыз қрпақпен алмасып отырады. Паразит-ң кейбір топ-а ұрпақ адмасу міндетті (мыс: дигенетика-қ сорғыш-р мен кокцидия-а), ал басқаларынығ (мыс: нематодтар, цестодтар, грегариналар), бір өкілінде ұрпақ алмасу жүрсе, 2шісінде болмайды. Коптеген паразит-е ұрпақ алмасу 2 н/е оданда көп иесін алмастырумен сәйкес келіп отырады, 1 ұрпақ-ң тірш.1иесінде, 2шісінікі басқа иесінде өту жағдайымен қиындайды. Әртүрлі циклдердің ж/е олар-ң біртіндеп күрделенуіне қарап отырып, паразит-ң циклінде белгілі тәртіппен 2 процесс алмасуын байқауға болады. ұрпақ-ң бірінде, әсіресе жыныссыз н/е партогенетика-құрпақта иесі-ң біреуінде паразит-ң жиналуы байқалады, ал басқасында мыс: жынысты паразит-ң прпагативті (яғни, таралуға мүмкіндік беретін) кезеңі, иесін тастап, жаңа иесіне жұқтыруғамүмкіндік бере отырып сырт.орт.шашырап тарайды. бұл 2 фазаны біз жиналу н/е агломерация-р ж/е шашырап тарау н/е дисперсия-р деген терминдермен атаймыз. Аггломерациялар фазасы, 1 иесінде біршама паразит дара-ң жиналып қалуымен сипатталады, ол қарқынды эндогенді инфекция арқ.жүреді.

Ұрпақ алмастырмайтын, иесін 2 рет ауыстыратын паразит-р:

Cyclophyllidae тұқымдас-ң арасында, 2 аралық иесі арқ.дам ит, мысық, түлкі, бұлыңғыр басқа да ет қоректілер-ң паразиті Mesocestoides linceatus-та байқалады. Паразит бунақтары нәжіс арқ.сыртқа шығып, одан жұмыртқа босап шығады, оны 1ші аралық иесі жұтады. Аралық иесі Oribatei кенелері. Олардың дене-е онкосфера, цистицеркойд кезеңіне ауысады. Паразитті жұқтырған кенені қорекпен бірге 2ші аралық иесі (кеміргіштер, кесірткелер, құстар) жұтады, олардың дене қуысында цистицеркойд тетратиридиге айналады, ол 1 ұшында басы бар қатты ұзарған құрт тәрізді. Етқоректі жануарлар аталған иесімен қоректенгенде паразитті жұқтырады. Тетратириди ит, мысық, бұлыңғыр, сусар т.б. дене қуысынан да табылған. Олар қорекпен бірге цистицеркойды бар кенені жегенде, екінші аралық иесі болған.

Ұрпақ алмасытыратын және иесін бір реет ауыстыратын паразит-р:

Көпклеткалылар арасында бұл тип, көпіршікті кезеңінде, көптеген бастың бүршіктенуі арқ. жыныссыз көбейетін цестодтарда (Multiceps. Echinococcus) кездеседі. бұл паразит-ң дисперсиясы тект негізгі иесінде ғана жүреді, негізгі иесі аралық иесін жеген кезде, паразит-ң негізгі иесіне түсу мүмкіндігін тездететін эндогенді агломерация аралық иесінде жүреді. Мыс: дигенетика-қ тремодтарда (Fasciola. Schistosoma т.б.) байқалады, айырмашы-ы аралық иесінде жыныссыз емес, партеногенетика-қ жолмен көбейеді. Бұл процес-ң нәтижесінде сырт.ортада церкаридің дисперсиясын қамтамасыз ететін, паразит-ң эндогенді аггломерациясы жүреді. Fasciola hepatica аралық иесінде 2 партогенетика-қ ұрпақ (спороцисталар мен редиялар) түзеді, кей жағдай-а редияда тағы бір редияның ұрпағы түзілуі мүмкін, содан кейін церкария пайда болады. Церкарий аралық иесін тастап, жағаға н/е суқойманыңетіне шығып, жағалаудағы шөпке жабысып н/е су-ң беткі қабатында цистаға айналады. суқойма жағалауында жайылып жүрген мал бауыр сорғыш-ң цистасын шөппен бірге жеп, паразитті жұқтырады.

24.Паразиттің иесіне әсері:механикалық,антигенді,улы,инокуляторлы,трофикалық ұғымдарына анықтама беріңіз.

<<Паразит-ие>> байланысында әр жұп мүшесі,өзінің серіктесіне әртүрлі бағытта әсер етіп,өзі де серіктесінің әсерін сезінеді. <<Паразит-ие>> арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығын алғаш рет Р.Хегнер (1927) атап өткен.Кейінерек,паразит пен иелерінің өзара функциональді әсерлерін Ш.Д.Мошковский (1946) қарастырады.

Арнайы бекіні мүшелері бар паразиттер иелерінің ұлпаларына механикалық зақым келтіреді.Паразиттік тіршілік ететін қарапайымдыларда бекіну мүшелері грегариналар класының өкілднріне тән.Грегариналардың эпимерит өсінділері ішек эпителий клеткаларының арасына немесе клеткаларының ішіне енеді.Моногенетикалық сорғыштар өздерінің ілмектерімен немесе сорғыштарымен иесінің тері жамылғысына зиян келтірсе,дигенетикалық сорғыштар тек сорғыштарымен бекінеді.Ал,сұр қарлығаштың өт қапшығында паразиттік тіршілік ететін Plathynosomum clathratum сорғыштарымен қабырғаларын зақымдайды,нәтижесінде, жаралар түзіледі.Кейбір церкариялар иесінің денесіне ену езінде стилеттерімен дене жамылғысын зақымдайды.Механикалық зақымдану процесі парзиттің қоректену кезеңімен бірге жүреді.Қаруланған ауыз аппараттар парзиттік тіршілік етеін организмдерге тән.

Паразиттің зат алмасу процесінің нәтижесінде бөлінетін заттары мен секреттері иесінің организміне әсер етеді.Осы заттар қан мен лимфаға өтіпорганизмнің жеке мүшелерінде түрлі ауытқулар тудырып,бүкіл денесіне таралады.Паразиттер бөлетін улы заттарды <<токсиндер>>деп атайды.Паразиттердің токсиндері иесінің тек арнайы мүшесіне ғана емес,тұтас организмге әсер етумен сипатталады.Бұл жағдайда эндопаразиттерде ғана емес, иесінің қанымен қоректенетін эктопаразиттерде де байқалады.Олар қанға өздерінің сілекей бездерінен улы секреттерін бөледі.Секреттің әсері арнайы аймаққа ғана емес,бүкіл организмге таралуы мүмкін.Көп жағдайда организмге бөлінетін токсинді заттардың әсеріне қан құрамындағы формалық элементтердің өзгеруі,нақты айтқанда эозинофилдердің санының артуы жүреді.Бұл өзгеріс сүйек кемігінің қалыпты қызметінінің бұзылуымен байланысты.Әдетте,мұндай өзгерістер көптеген таспа құрттармен зақымдану нәтижесінде байқалады.

 

 

1.Паразиттердің организмде миграциялық жолдарына анықтама беріңіз: Қуыстық, тканьдік, қан, лимфалық, висцеральдік, краниальдік, дермо-висцеральдік, дермо-соматокардиальдік.

Иесінің денелерінде таралуында байлансты паразиттерэктопаразиттер және эндопаразиттер болып бөлінеді. Эндопаразиттердің ішінде ішектік ұлпалық және ішкілік праазиттерболады. Ішклілік ортада кездесетін эндопаразитткердің орындары: өт жолы, бауыр, амфибияның қуығында, клоакоасында және оның өсінділерінед болады. Ішкіге сыртқы жабындардың арасында және ішектің қабырғаларынада аймақтанатындар жатады. Сондықтан бұған дәнекер ұлпаның бұлшық еттерінде тұратын формалар және қуысты, ұанды паразиттерді жатқыазмыз. Паразиттердің организімге енуінің басты екі болын қарастырамыз. Бірінші жабын және ауыз арқылы және екінші асқорыту өзектері арқыыл.Соған қарап экзогенді жіне эндогенді ену жолдары деп бөлеміз, Мысалы: Бөгелек дәрнәсілі алдымен, жұмыртқадан иесінің терісіне шығады да түпке жабысып теріге бұрғылана кіреді. Содан кейін дәрнәсілдер жануарлардың ішегінде ұзақ уақыт миграция жасайды. Олар арқа жаққа дәнекер ұлпасы арқылы көтеріліп, өңеш қабырғалары арқылы өтеді де аралық тері жабындысының астында омыртқалылардың жұлын өзегі арқылы миграция жасайды. Бұл жерде олар иесінің терісінде тыныс алу тесігі көмегімен сыртқы ортамен байланыс құрып, тері асты дәнекер ұлпаларда тоқталады. Соның арқасында дамып келе жатқан дәрнәсл иесінің жабынымен тығыз байланыста болады.

Ішек паразитіне ауыз арқылы иесінің эндогенді өту толық табиғилық және кеңінен таралған жол болып есептеледі. Ancylosoma дәрнәсілі бар жердене адамдардың жалаңаш жабындарымен байланысқанда дернәсіл теріге бұрғылана кіріп, қан тамыр ға жетіп, қанмен алдымен жүрекке, содан соң өкпеге барады. Өкпеде дернәсіл бронханың қуысына шығады да, кеңірдек пен жұтқыншаққа миграцияланады, ал жұтқыншақтан асқорытук өзегіне он екі елі ішекке дейін өзінің соңғы жинақталуына дейін түседі. Ішектік паразиттің шығуы тегі- экзогенді ішкі паразиттің негізін салушы. Иесі дәрнәсілдерді жұтқанда жұқтыруы мүмкін. Бірақ ол кезде миграция болмайды. Табиғатта бұл жол сирек кездеседі.

Кейде иесінің ішіне паразиттердің ену жолдары олардың орналасу орнымен анықталады. Сонымен кейбір бүйрек паразиті тек қана оң жақ бүйректе кездеседі. Осыдан, Эйсмонт дернәсілдер немесе жас паразиттер бауырға бүйрек арқылы өту керек деген қорытынды жасады. Бауыр толығымен дененің оң жағында және оң жақ бүйрекке тығыз жабысып жатады. Эйсмонттың пікірі бойыша свайниктің дернәсілдері бауырға қан арқылы өтеді.одан әрі қанмен оң жақ бүйрекке түседі. Екінші ішкі паразиттің үлкен топтары иесінің денесіне жабын арқылы енеді. Соның арқасында кейбір формалары арқылы белгілі бір деңгейге дейін сыртқы ортамен байланысы сақталады. Басқалары оны мүлдем жоғалтаыд.: біреулері иесінң денесіне өздігінен, ал басқалары жұмыртқаларды салуға ата-аналық формада немесе тасмалдаушы жалғастырушының арқасында жүреді.

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 120 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав