Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

T.orientalis

Этиологиясы. Қоздырғышы – Taenia solium (Шошқа немемсе қаруланған цепені) – таспа тәрізді гелминт, 1000 дейін мүшелері (проглоттид) бар, ұзындығы 3-4 метрге дейін жетеді. Диаметрі 0,6-2 мм,басында 4 сорғышы,22-32қармағы бар,осы себептен қарулы цепень деп атайды. Ересек мүшелерінде 30 дан 50 мыңға дейін жұмыртқа болады.Сиыр цепенінен шошқа цепені мүшелер санының (800-1000) аздығымен,олардың мөлшерімен (ұзындығы 12-15мм,ені-6-7мм)және ересек мүшелері жатырының бүйір тармақтарының аздығымен (7-12 жұп)ажыратылады.Сонымен қатар,шошқа цепенінің белсенді жылжу қабілеттілігі болмайды. Тіршілік циклі: Түпкілікті қожайыны адам,ал аралық қожайындары адам және шошқа. Ауру адам фекалияясымен бірге жұмыртқаға толы жетілген буылтықтар сыртқа шығарылады. Жұмыртқаның әрі қарай дамуы үшін ол шошқа ішегіне өтуі керек. Әдетте,шошқалар лас,қоқыс жерлерде жайылып фекалиялармен бірге паразит жұмыртқаларын да жұтады.Қарында олардан 6 тармақшалы онкосфера түзіледі. Онкосфера қармақшалы арқылы ішек қабырғасын тесіп өтіп қан тамырларға енеді де,қанмен бүкіл денеге таралады,әсіресе қаңқа бұлшықеттеріне.Бұл жерде олар цистицерк типтес финнаға айналады.Финналар бұлшықеттерде ұзақ уақыт сақталады.Финналар бұлшықеттерде ұзақ уақыт сақталады.Финналар түпкілікті қожайыны адам ішегінде ересек формаға айналады.Шала піскен шошқа етін жегенде адамдар финналарды жұқтырады. Патогенді әсері: Механикалық зақымдау (қожайынның қоректік затын пайдалану)және улы заттармен улану. Тениоз кезінде ас қорытудың бұзылуы,қан аздылық,жалпы әлсіздік байқалады. Тениоздың тағы бір қауіптілігі ол адамның түпкілікті және аралық қожайын ретінде болуы,яғни адамда финналық сатысының дамуы (цестицеркоз).Тениоз ауруымен ауырғанда адамдар лоқсып құсқанда тоқ ішектегі жетілген буылтықтар асқазанға,өңешке және жұтқыншаққа өтуі мүмкін.Олардың кейбіреулерін адам кері жұтады.Асқазанда жұмыртқалардан онкосфера пайда болып,қантамыр арқылы көз,ми,бұлшықет ұлпаларында цистицеркке айналуы мүмкін. Бұл кезде тениоз цистицеркоз ауруына ұласады.Цистицеркоз өте қауіпті ауру, әсіресе ми цистицеркозы адамдарды соқыр етеді.Цестицеркозды тек хирургиялық жолмен емдейді. Емдеу жолдары: Тениозды көбінесе паразаттерді өлтіретін дәрілерді пайдалану арқылы емдейді.Емделу барысында ауырған адамға дәрілер мен қатар В12 витаминін пайдаланады.Ауырған адамның организмде темір жетіспеушілік болады.

Емдеу жолдары. Бұл ауруды медициналық жолмен де, халықтық емдеу жолы да бар.Халықтық емдеу жолы өте ауыр және одан кейін адам көп зардап шегуі мүмкін. Хирургиялық операция жасалады: Инфекция көзге,миға дейін тарап кеткен жағдайда. Личинкалары көзде табылған жағдайда.Гельминт және оның бөліктері өтте және өт жолдарында кездескен жағдайда.

 

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 35 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав