Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түр. D.latum- Жалпақ таспа құрт

Этиологиясы. Дифиллоботриоз – қоздырғышы ауыз-нәжіс механизмі арқылы жұғатын, көбінесе асқазан – ішек жолдары зақымданып, созылмалы бұзылыстар пайда болатын және мегалобластық анемия іргелес дамитын, цестоздар тобына жататын зооантропонозды биогельминтоз. Қоздырғыштары – таспа құртының 10-нан артық түрлері, олардың ең көп тарағаны енді таспа құрт – Diphyllobotrium latum, алғашқы рет 1778ж. К.Линней ашқан. Diphyllobotrium latum – ірі таспалы гельминт, ұзындығы 10 метр одан да артық болады, 3-4 мың бунақтары бар, олардың көмегімен ішектің шырышты қабатына жабысады. Diphyllobotrium latum – гермофродит, ішектің жоғарғы жағында орналасқан, денесінің бүкіл бетімен әртүрлі тағамдарды, оның ішінде В12 витаминін және фолий қышқылын жұтып қоректенеді. Таспа құрттың жұмыртқалары – сопақша, сарғыш – сары түсті, қақпақшасы бар. Бір енді таспа құрт тәулігіне бірнеше миллион жұмыртқа шығарады. Адамның, иттердің, мысықтардың және басқа хайуандардың (ақырғы иелері) ішінде паразиттік тіршілік ететін енді таспа құртының жетілмеген жұмыртқалары нәжіспен қоршаған ортаға шығады. Зақымданған адамның нәжісінің бір бөлшегінде 2 миллионнан артық жетілмеген жұмыртқалар болады. Әрі қарай дамуы шаян-циклоптар (аралық ие) және балықтар (қосымша ие) бар тұщы сулы су қоймаларына өтеді. Суда жұмыртқада кірпікшелрі бар личинкалар (корацидийлер) шығады, оларды ескекаяқты шаян- циклоптар жұтады. Шаян организмінде корацидийлер кірпікшелерін жоғалтады, ішек қабырғасынан өтіп шаянның денесіне енеді, онда 2-3 жүмадан кейін ұзындығы 0,5-0,7 мм личинкаларға – ересек процеркондтарға айналады. Шаян – циклоптарды қосымша ие рөлін атқаратын тұщы сулы жыртқыш балықтар (алабұға, шортан, көксерке, лақа және т.б.) жұтады. Балықтың ішегінде шаяндардан құтылған процеркондтар әртүрлі ағзалардың тіндеріне (бұлшық ет, бауыржәне т.б.) өтеді, онда енді таспа құрт дамуының үшінші личинкалық сатысы болатын плероцеркондтарға айналады. Олар ұзындығы 1-25 мм құрт шабақтарға ұқсайды, денесі сегменттелмеген, ақ түсті. Басында ботриялары бар. Плероцеркоидтармен залалданған кішкентай балықтарды ірі жыртқыш балықтар жегенде, плероцеркоидтарды жаңа иенің бұлшықеттеріне енеді. Балық денесінде екі жарым үш айдан кейін плероцеркоидтар ақырғы иеге инвазиялық әсер ету дәрежесіне жетеді. Тамаққа шала пісірілген балықты, аз тұздалған уылдырықты, тоңастқан балық бөлшектерін пайдаланғанда адамға жұғады. Енді таспа құрттың личинкалары адамның ішегінде екі ай ішінде ересек паразитке айналады. Адам денесінде енді таспа құрт тіршілігінің ұзақтығы 10-25 жылға дейін, итте 1,5-2 жылға дейін, мысықта 3-4 жұмаға созылады. Таралуы. Дифиллоботриоз - кең тараған инвазия және ертеден белгілі. 1883 жылы М. Браун балықты тамаққа пайдаланғанда адамға жұғатынын дәлелдеді. Аса пәрменді және тұрақты ошақтар Балтық жағалауында, Корелияда, әсіресе Фин шығанағында, Сібірде, Қиыр Шығыста, Еділ алқабында кездеседі. Қазақстанда бұл инвазия жыртқыш балықтары бар тұщы сулы суқоймалары бар өңірлерде кездеседі. Инвазия қоздырғышының көзі ретінде басты рөлді енді таспа құртпен залалданған адам атқарады. Залалданған соң оның жұқтырушылық қабілеті 1,5-2 айдан кейін басталады және организмде орын алғанкезеңіннің барлық мерзімінде (10-20жыл) сақталады. Науқастың басқа адамдарға тікелей қауіптілігі жоқ, ол сыртқы органы жетілмеген, адамдарда инвазиялаушы бола алмайтын, жұмыртқалармен ластау көзі болып табылады. Шағалалар, аюлар және басқа балық қоректі тағы хайуандар мен құстар енді таспа құртпен, мысалы, D. strictum-мен залалданса, олар табиғи ортадағы резервуарларға айналады. Бұл тұрғыдан дифиллоботриозды табиғи – ошақтық ауруларға жатқызуға болады. Жұғу жолдары. Дифиллоботриоздың берілу механизмі – ауыз-нәжістік, берілу жолы- алиментарлық, залалдану факторы – инвазияланған, тазаланбаған балықтар (шортан, лақа, таутан, алабұға, және басқа жыртқыш балықтар). Клиникалықбелгілері:айқын емес науқастардаанемияға байланысты тез шаршаушылық, лоқсу, бас айналу байқалады. Ауру ұзаққа созылса, кейбір адамдарда аш ішектегі гельминттердің тым көбейіп кетуіне байланысты, ішектің бітеліп қалуы және сол себепті іш ауруы,кебуі және басқа симптомдар болуы мүмкін. Диагноз қою эпидемиологиялық анемнезге (эпидемиялық аймақта болуы, шикі балықты, аз тұздалған уылдырықты пайдалану) негізделген. Көбінесе аурулар нәжіспен гельминт мүшелрінің шығатынын байқайды. Като мен калантарян әдістерімен нәжісте жұмыртқалар және D.latum бөлшектерін табу диагноз қоюдың сенімді дәлелі бола алады. Като әдісі бойынша өңделген, ылғал целофанмен жабылғанәйнекке резеңке тығынменбекітілген нәжістің “қалың ” жағындысын микроскоппен тексереді.Екі әдісте де зерттеу материалын шоғырландырудың керегі жоқ, себебі гельминт күн сайын миллионнан артық жұмыртқа шығарады.

Тениоз




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 76 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав