Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эхинококкоз, жұғу жолдары, таралуы, клиникасы, диагнозы, күресу шаралары.

Читайте также:
  1. Фасциолез, жұғу жолдары, таралуы, клиникасы, диагнозы, күресу шаралары.

Эхинококкоздар қоздырғыштары нәжіс ауыз механизмі арқылы берілетін, өкпенің және басқа ағзалардың жеке және көптеген қуысты ісіктермен бұзылуына әкелетін, организмнің аллергияға ұшырауымен, аурудың қатты асқынуы нәтижесінде көбінесе мүгедектікке және өлімге әкелетін, созылмалы түрде өтетін табиғи ошақтық биогельминтоздар.

Инвазияның қоздырғыштары әртүрлі болатын екі топқа бөлінеді: эхиноккоз (гидатиоздық немесе бір камералық эхинококкоз) және альвеококкоз (альвеолярлық немесе көпкамералық эхинококкоз). Бұрын екі түрдің де қоздырғыштары ересек кезінде ит және етқоректі жабайы жануарлардың денесінде, ал личинка сатысында – адам, әртүрлі, ауыл шаруашылық жануарлар, кеміргіштер мен жұп тұяқты тағы жануарлардың организмінде паразиттік өмір сүретін бір ғана Echinococcus granulosis деп есептелген. Неміс ғалымы Yogei зерттеулерінің нәтижесінде бұл аурулардың этиологиясының бөлек екендігі дәлелденді, ал К.И.Абуладзе олардың жекелігін анықтап, әрқайсысын бөлек топтарға бөлді.

Гидатидоздық эхинококкоз – қоздырғышы ауыз – нәжіс механизмі арқылы берілетін, созылмалы ауру түрде өтетін, өкпе және басқа да мүшелерді зақымдайтын зоонозды антропургиялық биогельмитоз.

Бұл кесел туралы естеліктер Гиппократтың еңбектерінде бар, ол суға толып, зардаптанған бауырды сипаттаған. Қоздырғышы – личинкалық сатыдағы E.granulosis. Эхинококпен альвеококтың ересек түрлері сыртқы көрінісі бойынша көп жағдайда ұқсас, тіпті соңғы жылдардағы ғылыми әдебиеттерде альвеококты көп камералы эхинококк деп атап келді, бірақ олардың құрылысының ерекшеліктері да бар.

Эхинокок ақ түсті, ұзындығы 0,5 см дейін кішкентай цестода. Денесі таспа тәрізді, кішкентай басында 4 сорғышы және 3-4 мүшелі 35-40 қармағы бар, мүшелердің ең соңғысы өте үлкен, 800-ге дейін жұмыртқасы болады.

Қоздырғышының морфологиялық ерекшеліктері мен тіршілік циклі. Эхинококтың ересегі иттің, мысықтың, сирегірек жағдайда – қасқырдың, түлкінің, шибөрінің, қорқаудың, сілеусіннің, койоттың, арыстанның аш ішегінің шырышты қабатына сорғыштармен және қармақтарымен жабысып паразиттік өмір сүреді. Паразит ішек ішііндегі заттармен денесі арқылы қоректенеді. олардың барлығы ақырғы иелері болады. Жұмыртқалары піскеннен кейін эхинококтың соңғы бунағы үзіліп, нәжіспен сыртқа шығады. Аралық иенің (адам, шошқалар және шөпқоректі – ауылшаруыашылық жануарлары) ішегінде жұмыртқаның сыртқы қабаты ериді, босанған, онкосфера өзінің қармақтарымен шырышты қабатқа жабысып, оған енеді, содан кейін қанмен қақпалы көктамыр арқылы бауырға жетеді. Онкосфералардың бір бөлігі төменгі қуыс көктамырға барғаннан кейін өкпеге түседі, ал біразы үлкен қан айналымы шеңберіне түседі, сондықтан кез келген тін мен ағзада орналасуы мүмкін. Тіндерде онкосфераның дарвоцистаға (эхинококк кистасы) айналуы 5 айға жуық созылады. Осы уақыттың ішінде кистаның диаметрі 5-20мм ге жетеді. Ларвоцисталар (эхинококтың личинкалық сатысы) сұйыққа толған қапша тәрізді болады. Оның сиымдылығы уақыт өткен сайын 10л және одан да жоғары болуын мүмкін. Оның қабырғасы ішкі және сыртқы қабаттардан тұрады. Ие тіндерінің реакциясы нәтижесінде эхинокок кистасының төңірегінде қатты фиброздық қабық пайда болады. Ұрықтық қабаттан кішкентай ларвоцисталар қабығы қабығы қалыптасады, олардың ішінде ұрықтық сколекстер (бір қабықта жүзге дейін) дамиды. Ересек сколекстер қабықтан шығып, сұйық ішінде еркін жүзіп, гидатидтік құм, дегенді құрады. Ұрықтық қабаттың ішінде сколекстерден жаңа туынды қабықтар шығады, Бөлінгеннен кейін оларда сұйықта еркін жүзіп жүреді. немефелік қабықтар да пайда болуы мүмкін. Эхинокок қапшасындағы сколекстер саны миллионға жетеді. Эхинококк личинкасының жыныстық жетілу мерзімі іске асу үшін жұқтырған күннен санағанда 4-12 жұма уақыт қажет болады.

Гименолепидоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 85 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав