Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түр:Loa Loa

Лоаоз-филярийдоздар тобына жататын тропикалық антропонозды биогельминтоз,қоздырғышы трансмиссивтің механизімімен беріледі,созылмалы өтуімен,өзіне тән белгі-организм тіндерінде паразиттің жыныстық жетілген түрі жиналуына байланысты "калабар ісігінің"пайда болуымен сипатталады.Бұл инвазияда,негізінде,көз жарақаттанады және аллергиялық құбылыстар орын алады.

Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы-"көз құрттары",Loa LOа,бірінші рет оны француз дәрігері Гайо тапты.Ақырғы иесі-адам.Ересек даралары тері астында,қабынған қабаттар астында,конъюктивте,кейде көздің камераларында парзиттік өмір сүреді.Личинкалар қан арқылытарайды.Күндіз шеткі қан тамырларында,түнде ішкі ағза тамырларында болатын ерекшелігі бар.

Тасымалдаушы аралық ие болып соналар есептеледі.Олардың денесінде личинкалар 7-10тәуліктен кейін инвазиялық қасиетке жетеді.Ал адам организіміне микрофилярийлер сона шаққанда енеді.Личинкалар адам организіміне микрофилярийлер түскеннен кейін 6-18айда ересек сатыға дейін өсіп жетіледі.

Эпидемиялық процесстің сипаттамасы. Лоаздың ареалы Орталық және Батыс Африканың экваторлық аймақтарына сәйкес.Біздің елге эндемиялық жерлерде болған адамдар арқылы әкелінуі мүмкін.

Инвазия резервуарыжәне инвазия көзі -Loa Loа гельминтінжұқтырған адам.Бұл паразит кейбір маймылдарды да зақымдайды, бірақ олардың эпидемиологиялық маңызы әлі дәлелденбеген.Парзитті тарататындар-Chryspos тұқымдастығына жататын соналар.Инвазияланған адамның залалдық мерзімі 17жылға созылады.Тасымалдаушы ауырған адамның қанын сорғаннан кейін 5-10күн аралығында қоздырғышты жұқтыра алады.Мұндай жағдайда сонаның тіршілік ету мерзімінің барлық кезеңінде іске асады.Сона адамды күндіз шағады.Олар негізінен су жағасындғы ормандар мен бұталардың арасында өмір сүреді.Адамның парзитті қабылдаушылық қасиеті өте жоғары,жиі жағдайда терісі қара адамдар көбірек зақымдалады.Конго өзенінің жағасында тұратын халықтың 70-90пайызы осы инвазиямен зақымдалған.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Лоаз инвазиясының патогенезі паразиттің алмастыру және бұзылу компоненттері тудыратын аллергиялық көрініспен сиаптталады.Калабар ісігі -деп аталатын белгі дамиды.Кей жағдайда екіншілік абсцестер пайда болады.Инвазияның белгісіз кезеңі бірнеше жылға созылуы мүмкін,сирек жағдайда 4айға дейін кемиді.Негізгі клиникалық белгілеріне жататындар:терідегі уритрикалық бөртпелер,аяқ-қолдың ауруы.Тері асты клетчаткаларында паразиттің жылжуы қышынуды қоздырады және күйген сияқты сезім тудырады.Көздің конъюктивасына еенгенде,қабақтың ісінуі,қатты ауруы,конъюктивит дамиды.Жаздың ыстық уақытында адамның әр түрлі мүшелерінде,көбінесе қол -аяқта кенеттен ауырмайтын ісіктер пайда болады.Ер адамдарда гидроцеле дамиды.

Диагноз қою эпидемиологиялық анамнез бен тиісті клиникалық белгілерін табуға негізделген.Оларға жататындар:көздің жарақаттануы,калабар ісігі,үлкендігі тауық жұмыртқасындай аллергиялық инфильтраттар терінің қышынуы,қызба пайда болады.Қанда личинкалар,биоптатта ересек паразиттер болса,дәлелдеу оңай болады.

Емдеу;дитразин,десенсибилизациялау терапиясы.Конъюктиваның астындағы паразитті алып тастау үшін хирургиялық әдіс те қолданылады.

Алдын-алу шаралары вухерериоз бен бругиоздағыдай.Ең бастысы сонаның шағуынан сақтану,қорғаныш киімдер кию,әртүрлі репеленттерді пайдалану.

 

67. Қансорғыш қосқанатты насекомдар(масалар, соналар, шіркейлер, т.б.) систематикасы, құрылысы, дамуы, биологиясы, экологиясын сипаттаңыз. Удачи тебе)Систематикасы: патшалық-metazoa-жануарлар,тип-arthropoda-буынаяқтылар,класс-insecta-бунақденелілер,отряд-dipteria-қосқанаттылар,тұқымдастары-culicidae(масалар), tabanidae(соналар). қос қанатты отряды көптеген түрлерді біріктіретін медициналық маңызы бар насекомдарды ббіріктіреді. Отряд ттүрлерінің бір жұп жарғақ қанаты бар, 2жұбы ызыңдаққа айналған, ол негізінен тепе теңдігін сақтауға арналған. Басы ірі,қозғалмалы,кеудесіне жалғасады. Басында өте үлкен фасетті көздері және жаслап,сорғыш,тесетін ауыз аппартаы бар. Масалар тұқымдасының(culicidae) біздің елден үш туыстығын кездестіруге болады:ANOPHELES,AEDES,CULEX. Ерекшеліктері -үшеуінің де жұмыртққа салуы мен пішіндері әр түрлі болып келеді. ANOPHELES-жұмыртқаларын су бетіне шашып салады. Әрбір жұмыртқаның ауа толы қоржындды жүзгіш камералары бар, ал CULEX жұмыртқаларында ондай болмайды. Ол жұмыртқаларын су беттіне шоғырландырып, қайықша сияқты салады. AEDES жұмыртқаларын кеуіп қалған су көздерінің ылғалды жеріне,не су бетіне шашып салады. AEDES,CULEX маса личинкалары су бетіне бұрыш жасап сифон арқылы орналастырады. Қуыршақтарының пішіні үтір тәрізді болып келеді. Имаго сатысында бас қосалқылары, қанаттарының түсі ж\е қону әдістерінде айырмашылықтары бар. ANOPHELES-тің төменгі жақ қысқыштарының ұзынндығы тұмсық ұзындығымен бірдей, ал басқа маса түрлерінде еттұмсығы ұзын болып келеді. Маса қанаттары қабыршақтармен жабылған, жүйкелер арасында дақтары бар. Ең жиі кездесетін өкілдері An.macullipennis масасы қанатының ортаңғы жағында 4қоңыр дақ, ал An. Superpictus масасы қанатының алдыңғы жағында 4-5ақшыл дақ бар. Бұл белгілер масаның түрлерін ажыратуға көмегін тигізеді. Қонған кезде ANOPHELES масаларының құрсағы көөттеріңкі болады,жазықтықта бұұррыш жасап орналасады. Басқа масалардың құрсағы қонған кезде иіліп, жаззықтықта еңкейген күйде н\е оған параллельді орналасады. Ауыз аппараттары- тесіп сорғыш. Аяқттары-ұзын үш жұп. Дамуы -масалардың жұмыртқалары, личинкалары,қуыршақтары да суда дамиды. Жас қанатты анофелес масасы алғашқы уақытта су көздерінің қасында, өсімдіктер арасында орналасады. Осы уақытта масалар тек өсімдік шырынымен ғана қоректенеді. Бірнеше күннен кейін, түнде аталықтар үйір құрады. Аналық осы үйірге ұшып келіп, аталықтың біреуін алып кетіп, қосарланады.ұрықтанғаннан кейін аналық қорек іздеп адамның н\е жануардың қанын сорады. Қан маса жұмыртқаларының дамуы үшін қажет. Аналықтардың қанмен қоректенуі үшін, арнаулы тесіп-сорғыш ауыз аппараты болады. Ал аталықтардың ауыз аппараты тек өсімдік шырынымен қоректенуге бейімделген. Анофелес аналықтары көбінесе тек үй жай бар жерлерде ғана ұоректенеді. Сондықтан олар су көзінен мал н\е адам тұратын жерлерге қарай ұшады. Анофелестің су көздерінің айналасындағы таралу аймағы шамамен 3км болады. Жазда масаның аналықтары үйлерге күн батқан кезде келеді, ал таң алдында н\е түнге қарай үйірден ұшып кетеді. Тоқ аналықтар бірнеше күн қараңғы жерлерде, өсімдіктер арасында тығылады. Осы кезде қан қорытылып, жұммыртқалары жетіледі. Содай кейін аналық су көзіне барып жұмыртқа салады. Осы процесті гонотрофтық процесс деп атайды. Биологиясы -Масалар әр түрлі трансмиссивті арулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар. Тіпті кейбір виустық ауруларды да таратады. AEDES масасы тропикалық сары ауру қызбасы ауруының, туляремия, жапон энцефалиті, денге қызбасы, сіреспе, вухерериоздың таратушысы, ол негізінен Африка, Оңтүстік Америка елдерінде кездеседі. ANOPHELES масасының көптеген түрлері безгек плазмодиясының таратуышысы мен негізгі иесі болып табылады.CULEX масасы жапон энцефалитін, туляремия, вухерериоз қоздырғыштарын тасымалдайды. Күресу шаралары -жеке шараларға маса шаға алмайтындай арнаулы қорғаныш киімін кию, әр түрлі репеллеленттер қолдану(үркіту үшін жағатын май,крем,сұйықтықтар),есік терезелерге дәке тәріздес тұтпа қою. Ал қоғамдық шараларға личинкалық,ересек түрлерін құрту қолданылады. Ең нәтижелі шара инсектицидтермен территорияны сауықтыру ьолып табылады. Соналар тұқымдасы(tabanidae) соналар шыбынға ұқсайтын ірі(ұз-3см) жәндік. Барлық жерлерде таралған. Аталықтары өсімдіктер шырынымен қоректенеді. Аналықтары ауыз аппаратымен адамдар мен жануарлар қанын тесіп-сорады. Су жақын жерде н\е мал жайылымдарында сона шабуылға шығады. Су жағасы өсімдіктеріне жұмыртқаларын(200-1000ға дейін) салады. Лличинкаларын лайлы батпақтарға н\есу түбіне,ылғалды топыраққа апарып тастайды. Сонаның сілекейі-улы,шаққанда қатты ауыртып,қышытады. Бұлар туляремияны,күйдіргі қоздырғыштарын тасымалдаушы,ропикада-лоаза ауруының ттасымалдаушысы және аралық иесі болып табылады.

 

 

68. Кенелер. Иксодалы, гамазалы, аргас және қышыма кенелер. Системасы, құрылысы, дамуы, биологиясы, экологиясын сипаттаңыз. Кенелер - өрмекшітәріздестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, іңдерде, өсімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05-13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салала мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады. Астық және ұнқорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердің түсімі кемиді. Тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен құраған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлылығын арттыратын да кенелер болады.

Кенелердің сан алуан топтары бар: жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене. Кенелердің дене бөлігі - өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылымы кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік: бас, көкірек, құрсақ тұтасып бітіскен. Сондықтан кене денесінен бұл бөліктерді ажырату қиын. Кененің дернәсілі алты аяқты. Ал ересек кенелерде сегіз аяқ болады. Тек берішкене ғана төрт аяқты. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасады. Сөйтіп қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі. Бұл сырттай қарағанда кененің «кішкене басы» тәрізденіп байқалады. Бірақ бұл дененің бас бөлігі болып саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты затпен қоректенетін кененің аузы - кеміруші, сұйық затпен қоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді. Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы сезеді. Терісі немесе демтүтіктері арқылы тыныс алады. Кенелер - дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәріздестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфага айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.

Қышыма — қышыма кенесімен туындайтын тері ауруы. Аурудың таралуының бір жолы жыныстық қатынас болғандықтан, көптеген мамандар аталған инфекцияны ЖЖБА қатарына қосады.Ерте Шығыс елдерінде бұл ауру 4 мың жыл бұрын тері паразиттерінің бір түрімен – чесотка кенесімен немесе қышымамен (Sarcoptes scabiei) туындайтын ауру ретінде белгілі болған.Қышыма кенесі— өте кішкентай кене, адам терісіне кіре алады, онда көбейіп, тері тканьдарымен қоректенеді. Қышыма кенесі оңай жарақаттанатын барынша жұқа және нәзік жерлердегі теріге енеді. Инфекцияның кіретін жерлері әдетте саусақтың арасы, балаларда шнтақтың бүгілетін жері, бет, қолтық, әйел адамдарда – сүт бездері.
Қышыма кезінде көрінетін қатты қышу – ағзада кененің болуына қарсы аллергиялық реакция болып табылады. Қышыма тері астындағы кененің белсченділігіне қарай күшеюі және тынышталуы мүмкін.
Қышыманың таралуының ошақтық және ошақтан тыс түрлері
Қышыма кенесі науқас адамнан қарым-қатынастың кез келген түрінде жұғуы мүмкін, яғни тікелей жолмен (отбасылық немесе жыныстық) немесе тікелей емес жолмен, яғни ортақ пайдалану заттары арқылы (киім, төсек жабдықтары, душ құралдары).
Дәрігерлер қышыманың шамадан тыс жұғуға бейім ауру екенін және басқа тері паразиттік ауруларға қарағанда жиірек кездесетінін ескертеді.
Жылына қышыманың 300 млн.-ға жуық жғдайы кездесіп жатады, әсіресе гигиеналық деңгейі төмен елдерде ауыру жиілігі жоғары Соғыс, әлеуметтік және табихи апаттарда, экономикалық дағдарыс жағдайларында аурудың жоғарылауы байқалады. Сонымен бірге жеке әлеуметтік топтардың тұрмыстық жағдайларының нашарлауы кезінде салыстырмалы түрде әл-ауқаты жоғары елдерде де аурудың көріністері байқалып жатады.
Қышыманың таралуына қылмыстың өсуі, алкоголь мен есірткіні қолданушы, салақ жыныстық байланыстарды тәжірибелеп жүрген адамдар санының артуы да ықпал ететіндігін атап өткен жөн.

Тарақандар, қандалалар. Системасы, құрылысы, дамуы, биологиясы, экологиясын сипаттаңыз. Тарақан Үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан негізінен түнде шығады, ал күндізеден мен қабырғалардың саңылауларына, ас үйдегі стол маңына, еденнің ернеу ағашқа ры на, плйталарға, жылу және су өтетін қүбырларға, т. б. қуыстарға жасырынады. Азық-түлік және әртүрлі мата, жібек, жүн, қағаз қалдықтарымен қоректенеді. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Тарақанмен күресу үшін олар жұмыртқа салатын барлық саңылаулар мен тесіктерді мұқият бекітіл, күн сайын тамақ қалдықтарын жинап, азық-түліктің бетін жауып, бекітіл қою керек. Тарақанды жою үшін химиялық препараттардан мыналар қолданылады: хлорофостың ұнтағы және спиртқосылған 30 процентті ерітіндісін «Фосфолан», «Боракс», «Неопинат», «Сульфолан», «Хлорак», «Хлоропин», «Неопин», Тальфон» дусттары, «Хло-рак», «Хлорофос» таблеткалары, сұйық дәрілер «Дибром», «Метасил», «Хлороль», сондай-ақ аэрозольды препараттар «Неофос», «Прима— 71». Тұрғын, қызмет ететін қоғамдық және қосалқы үйлердегі тарақандарды жою үшін арнайы тұтқыштар шығарылады. Қорапқа 5 картон «үйшіктер», жабысқақ масса жағылған туба және қалақша орнатылады. «Үйшіктің» ішіне шақыртқы жем тастайды. Сондай-ақ бормен немесе бор қышқылымен уландырылған шақыртқы жем тастау да кең таралған. Бураны бірдей мөлшерде ұнмен және құмшекермен араластырған жөн (Бурамақаласын қараңыз). Бор қышқылынан да қоспа дайындауға болады: 1 бөлігі бор қышқылы және 7 бөлігі су. Шақыртқы жемді раковина астына, қалдықтар салатын шелек маңына, ас үйдің бұрыштарына шашып тастайды, үш күннен соң оны жинап алып тастау керек. Дезинсекциялау.Инсектицидтермен жұмыс істеген кезде сақ болып, тиісті нұсқауларды қатаң басшылыққа алып отыру қажет. Дезинсекциялауалдында бөлмедегі азық-түлікті, ыдыс-аяқты, балығы бар аквариумды, құстар мен үй хайуайдарын шығара тұру керек. Мұрын мен ауызға дәкеден жасалған таңғыш немесе 4 қабатталған дәке байлап алады. Дәріні насекомдар көп жүретін немесе ұя салған жерлерге себеді (плинтустар, қуыстар, мебель, қабырғалар-дағы саңлау, су құбырларының жолдары, батареялардың арты, суға баратын барлық жолдар және т. б.). Дустты резеңке шашқыштың немесе арнайы жасалған сауыттың көмегімен бүрку керек, сұйық дәріні щеткамен, бояу бүріккішпен және т. б. шашады. Тазарту жұмысы аяқталған соң, беті-қ мұқият сабындан жуады, бөлмені желдетіп алады. Препараттарды тағамдардан алыс, балалар мен үй хайуанаттарынан аулақ сақтау керек. Тарақанның ішкі құрылысыІшкі мүшелердің жалпы орналасу тәртібі өзен шаянына ұқсас, бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар.Тыныс алуыБунақденелілер негізінен демтүтік арқылы тыныс алады.Тарақанды сойып, жарған кезде денесін ауа жүретін түтікшелердің -демтүтіктердің тармақтанып торлап жатқаны көрінеді, бұлар құрсақ және көкірек қапталын бойлай жұп демтесіктер арқылы сыртқа шығарылады. Ауа осы тесіктерден бүкіл ішкі мүшелерге өтіп, тынысалу жүзеге асады. Құрсақ бұлшықеттері жиырылған кезде демтүтіктегі ауа сыртқа шығарылып, құрсақ кеңейгенде демтесіктер арқылы енген ауа демтүтіктер жүйесін таза ауамен қамтамасыз етеді.Зәр шығаруы[Бунақденелілердің негізгі зәршығару мүшесі- мальпигий тамырлары. Дененің әр бөлігіндегі сұйық қалдықтар сонда жиналып, артқы ішекке құйылады. Бунақденелілердің ішкі мүшелерінің аралығын толтыратын ақ түйіртпек - майлы дене қосымша зәршығару мүшесі болып табылады. Бұған денені қоректендіруге қажетті май қоры жиналады.Көбеюі Тарақанның аналығының жұмыртқа түтікшелерінен шығатын жұмыртқаларының барлығы алдын ала біріне-бірі жабысып,бірігіп, сопақша келген жұмыртқа қапшығын түзеді. Ол қапшықты аналық тарақан құрсағының соңындағы кішкене өскіншелермен қысып, ұзақ сүйретіп жүреді де, дернәсіл шығатын кезде аулақтау таса жерге тастайды.Тарақандар-дара жынысты бунақденелі жәндік. Аталығының көбею мүшесі- қосалқы бездері бар екі кішкене аталықбез, ал аналығында жұмыртқа қалыптасып, пісіп жетілетін екі аналықбез болады.

Андала-Бұлардың ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделген, бунақталған тұмсықшадан құралады. Көптеген қандалалардың қанат үсті- алдыңғы жұп қанатының қалыңдығы біркелкі емес: жиегі-көн тәрізді, қалың хитинді қабаттан құралған, қатқыл, ал үстіңгі жағы - жұқа, жұмсақ және мөлдір болып келеді. Қанатүстінің қалыңдығы біркелкі болмағандықтан, отряд шалақатқылқанаттылар деп аталады. Бұл отрядтағы бунақденелілердің кейбіреуінде қанатүсті - біркелкі қалыңдықта, ал кейбіреулерінде - қысқарған немесе мүлде жоқ болады. Мәдени өсімдіктерге зиян келтіретін қандалалар.Өсімдік қандалаларынан қасақы жалпайма, тауқандала астық тұқымдастарға орасан зор зиян келтіреді. Тауқандалалар тауда 2 мың метрге жуық биіктікте қыстап, наурыз - сәуір айларында көбею үшін арамшөпті алқапқа түсіп, жұмыртқа салады. Дернәсілдер жетілгенге дейін ересек тауқандалалар бидай егістігіне барып, масақтағы толысқан дәнді сорып, астық түсіміне нұқсан келтіреді. Шаршыгүл қандаласы көкөністер зиянкесі болып табылады.Төсек қандаласы немесе қандала.Қандаланың бұл түрі қанмен қоректенеді. Бұлар жарты жылдан астам уақыт қорексіз тіршілік етуге төзетіндіктен, үй-жайды мекендеп, адамның қанын сорады. Бұл қандалалардың басқа сүтқоректілерде паразиттікпен тіршілік ететін түрлері бар. Олар жарқанаттың, шақшылдақтың, құстардың денесінде паразиттікпен тіршілік етеді.Суда тіршілік ететін қандалалар.Тұщысу айдынында су бетімен замғап жүреді. Олар құрлық жәндіктері, қорегін су бетінен аулайды. Су тереңінен шалқалап жүзіп жүрген сушалқақты көрінеді. Сушалқақ - едәуір қашықтыққа ұша алатын жыртқыш бунақдене, оның артқы аяқтары есекке айналған. Зұламат -суда жақсы жүзетін су қандаласы.

Биттер, бүргелер. Системасы, құрылысы, дамуы, биологиясы, экологиясын сипаттаңыз. Бит (Anoplura) — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақ бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттіңжануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек Битке айналады. Биттердің түрлері.Биттің 300-ге жуық түрі белгілі. Олар 3 тұқымдасқа бөлінген: 1) гематопид тұқымдасына (Hacmatopііdae) жылқы, сиыр, қоян, бұғы, шошқа, т.б. жануарлар биті жатады; 2) тікенекті Биттер суда тіршілік ететін омыртқалы жануарларда кездеседі, мысалы, итбалықБиті; 3) педикулиттер тұқымдасына жататын Биттер, тек адамдар мен маймылдарда масылдық тіршілік етеді. Адамда Б-тің 3 түрі кездеседі: бас биті (Pedіculus capіtіs), киім биті (P. vestіmentі) және шап биті (Phthіrus pubіs). Сүтқоректі жануарлардың Биттері адамға ауыспайды және олар әр түрлі жануарлардың өзіне ғана тән болады. Бит денені қышытып мазасыздандыруымен қатар, аса қауіпті жұқпалы аурулардың (бөртпе, сүзек,оба, туляремия) қоздырғыштарын таратады. Биттеуді (педикулез) болдырмау үшін тазалық сақтау қажет.

Бүргелер (лат. Aphaniptera) — жылықандылардың — құстар мен сүткоректі жануардың — қанын соратын ұсақ паразитнасекомдардың бір отряды. Аузы шағуға, соруға икемделген, көзі екеу, кейбіреуі соқыр, қанатсыз, денесі түкті, жұмыртқа күйінде—12, дернәсіл түрінде — 8—100, ал қуыршақ қалыбында — 6—220 күндей болып, 965 күнге дейін тіршілік етеді. Хайуандардың, адамның қанын сорады. Оба таратқыш өте қауіпті мақұлық. Бұған жататындар: адам бүргесі мен егеуқұйрық бүргесі. Қос қанатты және катты қанаттыларга жақын. Ұзындығы 1-6 мм(еркектері ұргашыларынан үсақ) денесі бүйірінің екі жағынан сығымдалган шаш және жануарлар жүні мен құстар кауырсыны арасында жақсы козгалуға бейімделген. Екінші қайтара қанатсыздар. Көпшілік түрінде бір жүп қарапайым көздері бар(кейбіреулері көзсіз). Ауыз аппараты кесіп-тесіп-соруга бейімделген. Аяқтары әсіресе артқылары жақсы жетілген секіруге бейімделген. Толық өзгеріспен дамиды. Дернәсілдері құрт тәріздішіріген жануар қалдықтарымен қоректенеді. Піллэ ішінде куыршактанады. 3 жылға дейін өмір сүреді. 1000 түр белгілі, кең таралған; KCPO 400 түр. Б. адам және жылы канды жануардың сыртқы тоғышарлары оның ішінде адам Б. (Pulex irritans) ит бүргелер (Ctenocephalides canis) егеукүйрык бүргелер (Ceratophyllus fasciatus) алакүрт түрлері бар. Бүргелер оба егеуқұйрық бөртпе сүзек аурулар қоздырушыларын тасымалдап гельминттердін аралық иелері болып келеді

 

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 94 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав