Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ревматология» модулі бойынша тест.

Читайте также:
  1. Айлық балада секреторлы диарея. Аздап сусыздану бар. БАБЖ бағдарламасы бойынша қанша уақыттан кейін қайта қарау керек?
  2. Аллергиялық әсерленістердің III түрі бойынша, басымырақ дамитын
  3. Анатомия модульі бойынша тест сұрақтары
  4. Бірінші семестрлік жұмыстарды жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар
  5. гастроэнтерология бойынша тесттік тапсырмалар
  6. Гераклдың он екінші ерлігі бойынша әлем жаралуы туралы өз ойыңыз.
  7. Дәлелді медицина» пәні бойынша қорытынды білімді және дағдыны бағалауға арналған бақылау сұрақтары
  8. Ж.Б.Дюмаршенің бух есеп бойынша тұжырымы
  9. Ішкі аурулар бойынша емтиханға арналған «жалпы медицина» факультетінің 4 курс студенттеріне арналған «ревматология» модулі бойынша тесттер.
  10. Ішкі аурулар бойынша емтиханға арналған «жалпы медицина» факультетінің 4 курс студенттеріне арналған «ревматология» модулі бойынша тесттер.

1. Жасөспірім, жасы 17-де, ауруханаға буындардың көшпелі ауруына, шамалы физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданып түсті. 2 апта бұрын іріңді баспамен ауырды. Қарап тексергенде: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары 2 см солға қарай ұлғайған, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шуыл. Сирақ-табан буындары ісінген, ұстағанда ауырады. Денеде ақшыл-қызыл бөртпелер, пальпациялағанда ауырмайды.

Ең ықтимал диагноз қандай?

А. Ревматоидты артрит

В. Реактивті артрит

С. Ревматикалық емес миокардит

+D. Жедел ревматикалық қызба

Е. Жүйелі қызыл жегі

 

2.Жедел ревматикалық қызба кезіндегі ең ықтимал зерттеулер қандай?

А. Жегілік жасушалар

В. Ревматоидты фактор

+С. Антистрептококты антиденелер

D. Креатинфосфокиназа

Е. Антинуклеарлы фактор

 

3. Антигиалуронидаза, антистрептокиназа, антистрептолизиннің титрлерінің жоғарылауы қай ауруға ТӘН:

А. Подагра

В. Дерматомиозит

С. Жүйелі қызыл жегі

+D. Ревматикалық қызба

Е. Жүйелі склеродермия

 

4. Ревматикалық қызбаға ең тән терінің зақымдануы:

А. Беттегі «көбелек» тәрізді эритематозды бөртпелер

В. Терінің индурациясы

+С. Сақина тәрізді эритема

D. Терінің атрофиясы

Е. Түйінді эритема

 

5. Ревматикалық қызба кезінде КӨБІНЕСЕ қандай буындар зақымдалады:

A. Алақан-фалангалық

B. Дисталді фалангааралық

C. Омыртқааралық

D. Илеосакралды буыны

+E. Тізе буындары

 

 

6. Ревматикалық қызбаға тән лабораторлы көрсеткіштер:

A. Лейкопения

B. Моноцитоз

C. Эозинофилия

D. Фибриноген деңгейінің жоғарылауы

+E. Антистрептокиназа, антигиалуронидаза титрлерінің жоғарылауы

 

7. Жедел ревматикалық қызбаның «үлкен» диагностикалық критерийлеріне жатады:

+A. Полиартрит

В. Температураның жоғарлауы

С. Лимфоаденопатия

D. Тахикардия

E. Антистрептококкты антиденелер титрінің жоғарылауы

 

8. Ревматикалық қызба ағымының сатысын және болжамын қандай клиникалық көрініс шарттайды:

+А. Кардит

В. Полиартрит

С. Хорея

D. Ревматикалық түйіндер

E. Сақинатәрізді эритема

 

9. Ревматикалық қызба басымырақ қай жас аралығында дамиды:

+А. 7-15 жаста

В. 20-30 жаста

С. 35-40 жаста

D. 45-55 жаста

Е. 60-70 жаста

 

10. Ревматикалық қызбаның этиологиялық факторы болып табылады:

A. Көкіріңді таяқша

B. Ішек таяқшасы

C. Алтын стафилококк

+D. А топтағы бета-гемолитикалық стрептококк

E. Клебсиелла

 

11. Кисел-Джонс-Нестеровтің «кіші» диагностикалық критерийлеріне жатады:

A. Кардит

B. Ревматикалық түйіндер

C. Сақина тәрізді эритема

+D. Полиартралгиялар

E. Хорея

 

12. Ревматикалық полиартриттің ең тән көрінісі:

A. Буынның ісінуі

B. Буын аймағындағы терінің гиперемиясы

+C. Ауру сезімнің ұшпалылығы (летучесть)

D. Байлам аппараттың зақымдалуы

E. Қимылдың шектелуі

 

13. Ревмокардиттің ЕҢ ЖИІ болатын электрокардиографиялық көрінісі:

A. Пароксизмалді тахикардия

+В. РQ интервалының ұзаруы

С. Экстрасистолия

D. Толық атриовентрикулярлы блокада

E. Жүрекшелердің фибрилляциясы

 

14. Жас жігіт, 17 жаста, оң жақ тізе буындағы ауру сезіміне және ісінуіне, дене қызуының 37,6 градусқа көтерілуіне, денедегі бөртпелердің пайда болуына шағымдармен дәрігерге қаралды. Анамнезінен: 3 апта бұрын баспамен ауырды, баспадан кейін 2 аптадан соң жоғары айтылған шағымдар пайда болды. Қарап тексергенде: оң жақ тізе буынның артриті, кеуденің терісінде, алақанында қызыл түсті сақина тәрізді бөртпелер.

Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

A.Ревматоидты артрит.

+B. Жедел ревматикалық қызба.

C. Дерматит.

D. Реактивті артрит

E. Түйінді периартериит

 

15. Баспамен ауырып 2 аптадан кейін жасөспірім дәрігерге қаралды. Шағымдары: ентігу, жүрек тұсындағы ауру сезімі, тізе буындарының ісінуі, жалпы әлсіздік.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ ауру қандай?

.

A.Ревматикалық емес миокардит

B.Тонзилогенді миокардиодисторофия

C.Вегетотамырлық дистония

+D.Жедел ревматикалық қызба

E.Реактивті артрит

 

16. Жедел ревматикалық қызбаға ТӘН терілік синдром:

A.Түйінді эритема

B. Геморрагиялық васкулит

C. Есекжем

+D. Сақина тәрізді эритема

E. Экссудативті эритема

 

17. Алдында стрептококкты жұқпасы болғанын дәлелдейтін мәліметтерге жатады:

+A. Араңнан (глотка) алынған оң стрептококкты орта

B. Зәрден алынған оң стрептококкты орта

C. Қаннан алынған оң стрептококкты орта

D.Баспамен 2-3 апта бұрын ауырғаны туралы анамнездік мәліметтер

E. Баспамен 2-3 күн бұрын ауырғаны туралы анамнездік мәліметтер

 

18. Бета-гемолитикалық стрептококкты араңнан эрадикациялау үшін қандай ПРЕПАРАТТЫ қолданған жөн:

А. Преднизолонды

+B. Бензилпенициллинді

C.Диклофенакты

D.Плаквенилді

E.Ацетилсалицил қышқылды

 

19. Жедел ревматикалық қызбаның патогенетикалық (қабынуға қарсы) емінде қандай препарат тағайындалады:

A. Бензилпенициллин

B. Азитромицин

C. Цефазолин

+D. Диклофенак

E. Гентамицин

 

20. Қызбала, 16 жаста, тізе буындарының ауру сезіміне, ісінуіне, терідегі бөртпелерге, қызбаға, тамақтың жыбырлауына шағымданды. Қарап тексергенде: денеде – сақина тәрізді эритема, тізе буындарының ісінуі. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Артериалды қан қысымы 110/70 мм с.б.б.

ЕҢ ЛАЙЫҚТЫ қосымша зерттеу қандай?

A. Ревматоидты фактор

B. Нативті ДНК антиденелер

+C. Антистрептолизин «О»

D. Райт-Хеддельсон реакциясы

E. С- реактивті белок

 

21. Жедел ревматикалық қызбаның даму патогенезінің негізін құрайды:

A. Бактериялардың тікелей уытты әсері (цитопатиялық эффектісі)

B. Микроағзаның тікелей инвазияға гипериммундық жауаптың дамуы

C. Фибробласттарды белсендіретін вирустар топтардың персистенциясы

+D. Стрептококкты антигендерге айқасқан иммундық жауаптың дамуы

E. Симпатоадреналды жүйесінің белсендеуі

 

22. Жедел ревматикалық қызба кезіндегі ревмокардитке тән аускультативті мәліметтерді атандар:

A. Бөдене ритмі

+B. Жүрек ұшындағы үрлейтін систолалық шуыл

C. Митралды қақпақшаның ашылу шертпегі

D. Перикардтың үйкелесу шуылы

E. І тон дыбыстың күшеюі

 

23. Аорталық жетіспеушіліктің көрінісі болып табылады:

A. Жүрек ұшындағы тұрақты систолалық шуыл

B. Грэхем-Стил шуылы

+C. Аорта тұсындағы диастолалық шуыл

D. Аорта тұсындағы шапалақтаушы 1 тон

E.Митралды қақпақшаның ашылу шертпегі

 

24. Қыз бала, 18 жаста, жүрек тұсындағы жайсыздыққа және тұйық ауру сезіміне, тізе буындардағы ісіну мен ауру сезіміне, дене қызуының субфебрилді көтерілуіне шағымданады. 20 күн бұрын іріңді баспамен ауырған. Қарап тексергенде: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары солға қарай 1,5 см ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, ұшында систолалық шуыл. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ – 34 мм/сағ, лейкоциттер – 15,0×109/л, фибриноген – 6,8 г/л, антистрептолизин «О» 1:625 б. Электрокардиограммада - ритмі синусті, жүрек жиырылу жиілігі– минутына 60 рет, атрио-вентрикулярлы блокада I дәрежесі.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

A. Ревматоидты артрит

B. Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның жетіспеушілігі, Қанайналым Жетіспеушілігі (ҚЖ) IIА

C. Ревматикалық емес миокардит, жеделдеу ағымы. ҚЖ І

+D. Жедел ревматикалық қызба, кардит, полиартрит, ҚЖІ

E. Жүйелі қызыл жегі, полиартрит, кардит, ҚЖІ

 

25. Ер адам, 47 жаста, тізе буындардағы ауру сезіміне, жүрек тұсындағы қысып ауруына, жүрек қағуына, тұншығу ұстамасына, әлсіздікке деген шағымдармен ауруханаға келді. Анамнезінде – созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: тері жамылғылары бозғылт. Сирақтарда– ісіктер. Буындар өзгермеген. Жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары: оң жақ – төстің оң жақ қырынан 2 см сыртқа қарай, жоғарғы – ІІ қабырға, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа қарай. Жүрек ұшында І тон күшейтілген, систолалық және пресистолалық шуыл, өкпе артериядағы ІІ тонның акценті. Пульс – минутына 92 рет. Бауыр қабырға доғасынан 4см төмен.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

A. Тонзилогенді миокардиодистофия, Қанайналым жетіспеушілігі (ҚЖ) ІIА

B. Жедел ревматикалық қызба, кардит, ҚЖ ІIА

+C. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қосарланған митралды ақау, ҚЖ IIБ

D. Висцералды көріністермен ревматоидты артрит, кардит, ҚЖ ІIА

E. Ревматикалық емес миокардит, өршейтін ағымы, ҚЖ IIБ

 

26. Ер адам, 40 жаста, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, аяқтағы ісіктеріне, беттің қызаруына шағымданады. Жүректің салыстырмалы тұйықталуы солға қарай, жоғары қарай ығысқан, ұшында диастолалық діріл. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон күшейген, диастолалық шуыл, дұрыс ритмді. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен ұлғайған, сирақтарда ісіктер байқалады.

Жоғарыда аталған аускультативті белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?

A. Митралды қакпақшаның жеткіліксіздігі

+B. Митралды қақпақшаның стенозы

C. Аорта қақпақшаның жеткіліксіздігі

D. Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

E. Өкпе артериясының стенозы

 

27. Митралды қақпақшаның жеткіліксіздігінің көрінісі болып табылады:

A. Оң жақ 2 қабырғааралықтағы дөрекі систолалық шуыл

B. «Мысық пырылы» симптомы

C. Грэхем – Стил шуылы

D. Флинт шуылы

+E. Жүрек ұшындағы систолалық шуыл

 

28. Ер адам, 56 жаста, дәрігерге ентігуіне, аяқтардың ісінуіне шағымданып келді. Қарағанда жүректің салыстырмалы тұйықталуы төстің оң жақ қырынан 2,5 см сыртқа қарай ұлғайған, эпигастралды пульсациясы, ІV тындау нүктесінде І тонның бәсеңдеуі және систолалық шуыл.

Ең ықтимал жүрек ақауы қандай?

A. Аорталді жеткіліксіздігі

B. Митралді жеткіліксіздігі

C. Лютамбаше синдромы

+D. Үшжармалы жеткіліксіздігі

E. Қарыншааралық перденің кемістігі

 

29. Ер адам, 32 жаста, ұзақ уақыт бойы жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Қарағанда: жүректің салыстырмалы тұйықталудың сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1 см сыртқа қарай ұлғайған. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон бәсеңдеген және систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Жүректің жиырылу жиілігі – минутына 92 рет. Артериалды қан қысымы – 110/70 мм.с.б.

Жоғарыда айтылған аускультациялық белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?

A. Аорталді жеткіліксіздігі

B. Өкпе артерияның стенозы

+C. Митралді жеткіліксіздігі

D. Аорталды стеноз

E. Митралді стеноз

 

30. Ер адам, 27 жаста, жүрек тұсындағы шаншып ауыратын ауру сезіміне, есінен танған күйге шағымданады. Бала кезінен жүрек ақауы бар. Қарағанда: тері жамылғылары боз, мойын артериялардың пульсациясы, бастың ритмді шайқауы. Жүрек ұшы түрткісі VІ қабырғааралықта, төс аймағындағы «мысық пырылы», жүрек түрткісі жайылмалы, биік. Аускультацияда: эпицентрі ІV қабырғааралықтағы диастолалық шуыл, төстің сол жақ қырындағы І тон бәсендеген. Пульсі жоғары, жиі, минутына 88 рет. Сан артериясында екі еселенген Траубе тоны, Виноградов-Дюрозье естіледі. Артериалды қан қысымы– 140/60 мм.с.б. Бауыр ұлғаймаған.

Қандай ақауға ЕҢ ТӘН?

A. Аорталды стеноз

+B. Аорталді жеткіліксіздік

C. Митралді жеткіліксіздік

D. Қосарланған аорталды ақау

E. Митралді стеноз

 

31. Қандай ақауға тән: аортада және V тындау нүктесіндегі диастолалық шуыл, жүрек ұшындағы І тонның бәсеңдеуі, аортада ІІ тонның бәсеңдеуі?

A. митралді қақапақшаның жеткіліксіздігі

B. митралді қақапақшаның стенозы

+C. Аорта қақпақшаның жеткіліксіздігі

D. Аорта қақпақшаның стенозы

E. Үшжармалы қақпақашаның жеткіліксіздігі

 

32. Қандай ақауға тән: V Боткин-Эрба нүктеде және төстің тұсындағы оң жақтағы екінші қабырғааралықтағы систолалық шуыл, ІІ қабырғааралықтағы систолалық діріл, аортада ІІ тонның бәсеңдеуі?

A. митралді қақапақшаның стенозы

B. митралді қақапақшаның жеткіліксіздігі

C. Аорта қақпақшаның жеткіліксіздігі

+D. Аорта қақпақшаның стенозы

E. Үшжармалы қақпақашаның жеткіліксіздігі

 

33. Митралды стенозға төменде аталған көріністердің ішінде ЕҢ ТӘН көріністер қандай?

A. Жүргенде пайда болатын ентігу

B. Түндегі тұншығу ұстамалары

C. Есінентану және бастың айналуы

D. Жүрек тұсындағы шаншып ауруы

+E. Қанмен қақыру

 

34. Аорталды жеткіліксіздігіне ТӘН көрініс:

A. Акроцианоз

+B. Шеткі артериялардың пульсациясы

C. Сирақтардың ісінуі

D. Жөтел

E. Тері жамылғылардың сарғаюы

 

35. Кеуде ағзаларының рентгенографиясында аорталды стенозға тән:

A. жүректің қалыпты өлшемі

+B. сол жақ жүрекшенің ұлғаюы және сол жақ қарыншаның ұшылық томпаюы

C. «тамшылы» жүрек

D. «етіктер» сияқты жүректің конфигурациясы

E. оң жақ жүрекшенің ұлғаюы

 

36. «Бөдене ритмі», өкпе артериядағы ІІ тонның акценті, жүрек ұшындағы диастолалық шуыл қай ақауға тән:

A. үшжармалы қақпақашаның жеткіліксіздігі

B. митралді қақапақшаның жеткіліксіздігі

+C. митралді қақапақшаның стенозы

D. аорта қақпақшаның жеткіліксіздігі

E. жүрекшеаралық перденің кемістігі

 

37. Жедел ревматикалық қызбаның әсерінен көбінесе дамиды:

A. митралді стеноз

+B. митралді жеткіліксіздік

C. аорталді стеноз

D. аорталды жеткіліксіздік

E. үшжармалы жеткіліксіздік

 

38. Митралды стенозы бар науқастарда ЕҢ жиі кездеседі:

A. пароксизмалді жүрекшелік тахикардия

B. жүрекшелердің тыпырлауы

+C. жүрекшелердің фибрилляциясы (жыпылықтауы)

D. толық атрио-вентрикулярлы бөгет

E. қарыншалық экстрасистолия

 

39. Әйел адам, 23 жаста, жүректі тындағанда: ұшында шапалақтаушы І тон, митралды қақпақшаның ашылу шертпегі, өкпе артерияда ІІ тонның акценті, ұшында диастолалық шуыл. Рентгенологиялық зерттеуде ІІ және ІІІ доғалардың сол жақ контуры бойынша томпаюы.

Ең ықтимал ақау қандай?

A. аорта саңылауының стенозы

+B. митралді стеноз

C. митралді қақпақшаның жеткіліксіздігі

D. аорталды қақпақшаның жеткіліксіздігі

E. үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

 

40. Әйел адам, 24 жаста, түскендегі шағымдар: жүректің қағуы, субфебрилді деңгейге дейін дене қызымының жоғарлауы, тершендік, артралгиялар. Жасөспірім кезінде жиі баспамен ауыратын. Кезеңді баспадан кейін жағдайы нашарлады. Қарағанда: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары жоғары қарай және оңға қарай ұлғайған. Аускультацияда: жүрекшелердің фибрилляциясы, бөдене ритмі, ұшында диастолалық шуыл.

Ең ықтимал диагноз қандай?

+A. Қайталамалы ревматикалық қызба, митралді стеноз

B. Жедел ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі

C. Диффузды уытты жемсау (зоб), тиреотоксикоз

D. Ревматикалық емес миокардит

E. Нейроциркуляторлы дистония

 

41. Әскерге шақырылған 18 жастағы ұл бала военкоматпен зерттеулерге жіберілді. Қалыпты дамыды. Жүрек негізінде дөрекі систолалық шуыл естіледі, оның эпицентрі төстің оң жақ қырында екінші қабырғааралықта, ұйқы артерияларға беріледі. Аортадағы ІІ тон бәсеңдеген. Пульс – минутына 64 рет, ритмді. Иық артериясындағы қан қысымы - 90/70 мм с.б.б., сан артерияда қан қысымы -110/90 мм с.б.б.

Ең ықтимал диагноз қандай?

+A. аорта саңылауының стенозы

B. аорта коарктациясы

C. қарыншааралық перденің кемістігі

D. жүрекшеаралық перденің кемістігі

Е. жүректің қосарланған ақауы

 

42. Митралды стеноз көріністерінің бірі болып табылады:

А. Ұшындағы үзіліссіз систолалық шуыл

B. Мюссе симптомы

C. Ұшындағы І тонның бәсеңдеуі

+D. Ұшындағы шапалақтаушы І тон

E. Аортадағы диастолалық шуыл

 

43. Қандай ақау кезінде «шексіз тонның феномені» (диастолалық қысым 0-ге тең) байқалады:

A. митралді жеткіліксіздігі

B.митралді стеноз

+C. аорта қақпақшаның жеткіліксіздігі

D.аорта саңылауының стенозы

E.үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

 

44. Митралды стеноз кезінде қандай ритмдік бұзылуы жиірек кездеседі?

A. қарыншалық пароксизмалді тахикардия

B. жүрекшелік пароксизмалді тахикардия

C. атрио-вентрикулярлы бөгет

+D. жыпылықтаушы аритмия

E. қарыншалық экстрасистолия

 

45. Митралды саңылаудың тарылу көлемі қаншадан бастап азайғанда хиругиялық емге көрсеткіш болады?

A. 6 см²

B. 5 см²

C. 4 см²

D. 2 см²

+E. 1,5 см²

 

46. Қай ақау кезінде комиссуротомия жасалады?

A.митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі кезінде

+B.митралды стеноз кезінде

C.аорта жеткіліксіздігі кезінде

D.аорта саңылауының стенозы кезінде

E.үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі кезінде

 

47. Қай ақау кезінде «мысық пырылы» симптомы анықталады?

A. митралды жеткіліксіздігі

+B.митралды стеноз

C. аорталық қақпақшаның жеткіліксіздігі

D.аорта саңылауының стенозы

E.үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

 

48. Әйел, ұстаз, 32 жаста, екі қолбасының ұсақ, екі жілік-білезік буындардағы және оң жақ тізе буынның ауру сезіміне және ісінуіне шағымаданады. Ауырғанына 3 жыл болды. Таңертеңгілік құрысу, ульнарлы девиация, созылмалы қабынулық сипаттағы ауру сезімі анықталды. Теріде бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, дыбысты. Ваалер-Роуз реакциясы 1:64, Райт-Хеддльсон реакциясы – теріс.

Ең ықтимал диагноз қандай?

+А. Ревматоидты артрит

В. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

С. Псориазды артрит

D. Остеоартроз

E. Реактивті артрит

 

49. Ер адамада, 48 жаста, таңертеңгілік құрысу, қолбасы «морж плавнигі» түрінде, ульнарлы девиация, алақан-фалангалық буындардың шығуы.

Осы ауру кезніде қандай рентгенологиялық белгілер байқалмайды?

A. буын саңылауының тарылуы

B. анкилоз

C. остеопороз

D. узуралар

+E. остеофиттер

 

50. Ревматоидты артрит кезінде қолбасының келесі өзгерулер сәйкес:

+A.Ульнарлы девиация

B. Бушар түйіндері

C. Геберден түйіндері

D. Тофустар

E. Буынның осьтік зақымдалуы

 

51. Төменде аталғандардың қайсысы ревматоидты артрит кезінде қабынулық сипаттағы буындық ауру сезімін ЕҢ нақты сипаттайды:

A. қимылдатқанда пайда болатын ауру сезім

B. крепитация

C. буынның пролиферативті дефигурациясы

+D. буын бетіндегі ісіну және температураның жоғарылауы

E. буындардың тұрақсыздылығы

 

52. Ревматоидты артриттің IV сатысына сәйкес рентгенологиялық белгілер қандай?

A. остеофиттер

B. рентгенологиялық саңылаудың тең емес тарылуы

+C. остеопороз, буын саңылауының тарылуы, узуралар, көптеген анкилоздар

D. буын маңындағы остеопороз, бірен-сараң узуралар

E. остеопороз, буын саңылауының тарылуы, көптеген узуралар

 

53. Базистік препараттардың ішінде қайсысы оң нәтиженің ең қысқа кезеңі, 1 ай шамасында болады?

A. кризанол

B. делагил

C. сульфасалазин

+D. метотрексат

E. Д-пеницилламин

 

54. Ревматоидты артрит кезінде бүйректің зақымдалуы көбінесе қандай түрде болады?

A. бүйрек инфарктысы

+B. амилоидоз

C. поликистоз

D. пиелонефрит

E. гломерулонефрит

 

55. 25 жастағы әйел адам, қолбасы, жілік-білезік және шынтақ буындарының ауру сезіміне, 2 сағатқа созылатын таңғы құрысуына шағымданады. Қол буындарының ауруы және ісінуі 2 ай бұрын бала туғаннан кейін пайда болды. Әрі қарай жілік-білезік және шынтақ буындары қосылған. Науқас қолбастарын қыса алмайды, қолбастарының күші төмендеген, аталған буындардағы және тізе буындарда пассивті және белсенді қимылдар шектелген. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, дұрыс ритмді. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б.. Қолбастарының рентгенографиясында – буын маңындағы остопороз.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

A. ревматикалық артрит

+B. ревматоидты артрит

C. реактивті артрит

D. полиостеартроз

E. подагралық полиартрит

 

56. Ревматоидты артрит кезіде болжамалы этиологиялық маңызы бар:

A. А-топтағы гемолитикалық стрептококк

B. цитомегаловирус

+C. Эпштейн Барр вирусы

D. алкоголь

E. инсоляция

 

57. Ревматоидты артрит кезінді көбінесе қандай буындар зақымдалады:

A. сан-жамбас буыны

+B. алақан-фалангалық буындар

C. илеосакралды қосылыс

D. дисталды және проксималды фалангааралық буындар

E. дисталді фалангааралық буындар

 

58. Төменде аталғандардың ішінде ревматоидты артритке ТӘН диагностикалық критерийді белгілеңіз:

A. ассиметриалды түрде зақымдалу

B. 1 сағаттан аспайтын таңғы құрысу 6 апта бойы

C. екіжақтық сакроилеит

+D. 3 буынның артриті 6 апта бойы

E. омыртқа жотасының зақымдалуы

 

59. Ерте ревматоидты артриттің диагностикасында қандай лабораторлы маркердің маңызы зор?

A. ревматоидты фактор

+B. циклдік цитруллинденген пептидке антиденелер

C. нейтрофилді лейкоцитоз

D. анемия

E. тромбоцитопения

 

60. Әйел, 62 жаста, тігінші, қолбасының ұсақ буындардағы механикалық сипаттағы, жүктемеден кейін пайда болатын, жұмыс күннің соңына қарай ауру сезіміне, 30 минуттан кем созылатын таңғы құрысуға, дисталды фалангааралық аймақтағы ауру сезімсіз тығыздалған түзілістерге шағымданады.

Қарап тексергенде: дисталды фалангааралық аймақтар қалындаған, олардың бүйір беттерінде қатты түйіндер сезіледі, өлшемдері бұрыштай. Қолбастарының рентгенограммасында: остеофитоз, буын саңылауы тарылған. Жалпы қан анализінде – ЭТЖ – 8 мм/сағ. Райт-Хедельсон реакциясы теріс.

Қандай диагноз?

+A. остеоартроз

B. ревматоидты артрит

C. бруцеллез

D. подагра

E. анкилоздаушы спондилоартрит

 

61. Амбулаторлы жағдайда остеоартроз деген диагнозды дәлелдейтін ЕҢ дәлелдемелі зерттеу әдісі қандай?

A. қанның клиникалық зерттеуі

B. қанның биохимиясын зерттеу

C. иммунологиялық статусты зерттеу

+D. буындардың рентгенографиясы

E.синовиалды сұйықтықты зерттеу

 

62. Остеоартроз кезінде реактивті синовит кезінде төменде көрсетілген препараттардың ішінде қайсысы буынішілік еңгізуге ЕҢ дұрыс?

A. лорноксикам

B. гидрокортизон

C. алфлутоп

+D. дипроспан

E. циклофосфан

 

63. Буын рентгенографисы кезінде ТЕК остеоартрозға тән өзгерістер қандай?

A. "тесікше" симптомы

B. узуралар

+ C. буын ойықтарының қырларындағы сүйектік өсінділер (остеофиттер)

D. буын саңылауының аздап тарылуы

E. буын саңылауының толығымен жойылуы

 

64. Кез келген буынның остеоартрозына ЕҢ ТӘН сипаты:

A.таңғы құрысу

+ B.«Старттық» ауру сезімі.

C. анкилоздар

D. буындардың узурациясы

E. бұлшықеттік контрактуралар

 

65. Остеоартроздың еміндегі базистік препарттарына жатады:

+A. Хондроитин сульфат, глюкозамин

B. Метотрексат, азатиоприн

C. Аллопуринол, колхицин

D. Диклофенак, нимесулид

E. Преднизолон, дексаметазон

 

66. Бушар түйіндері пайда болады:

A. подагра кезінде

B. ревматоидты артритте

+C. остеоартрозда

D. ревматизмде

E. Бехтерев ауруында

 

67. Гонартроздың классификационды диагностикалық критерийін анықтандар:

A. ревматоидты фактордың оң болуы

B. 1 сағаттан ұзақ таңғы құрысу

C. рентгенограммада узуралар

+D. крепитация

E. ЭТЖ-ның айқын жылдамдауы

 

68. Табанның І саусағында тофустардың түзілуі сәйкес:

А. Ревматоидты артритке

+В. Подаграға

С. Остеоартрозға

D. Ревматикалық қызбаға

Е. Остеоартрозға

 

69. Ер адам Ж., 53 жаста, клиникаға оң жақ табанның І бақай буындағы қатты ауру сезіміне, буынның ісінуіне, оның қызаруына, қызбаға шағымданып келді. Осындай ұстама 14 жыл бұрын болды, ол өз-өзімен 3 күн өткеннен кейін қайтты. Жалпы қан анализінде – лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, зәр қышқылы - 0,84 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде – шамалы протеинурия, ураттар +++.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

+A. подагра

B. остеоартроз

C. Рейтер синдромы

D. ревматоидты артрит

E. реактивті артрит

 

70. Подаграны ЕҢ ЖИІ өршететін факторлар қандай?

+A. алкоголь, тамақты артық ішу

B. суық

C. вакцинация

D. инсоляция

E. темек тарту

 

71. Ер адам, 40 жаста, оң жақ табанның І табанфалангалық буындағы қатты ауру сезіміне, дене қызуының 39 градусқа жоғарлауына, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шектен тыс ішімдікті қабылдаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: науқас толықтау келген. Оң жақ табанның І табанфалангалық буыны ісінген, буын үстіндегі терісі қызарған, түлейді. Буындағы қимылдар кенеттен шектелген, қозғалғанда ауру сезімі ұлғаяды. Ішкі мүшелер бойынша патологиясыз.

Қандай диагноз?

A. ревматикалық қызба

+B. подагра

C. Бехтерев ауруы

D. Реактивті артрит

E. Псориазды артрит

 

72. Подаграның жедел ұстамасы кезінде қандай препарат тағайындалады:

+A. колхицин

B. метотрексат

C. алтын препараттары

D. делагил

E. хондроитин сульфаты

 

73. 53 жастағы ер адамда мейрамханадан қайтқаннан кейін түнде сол жақ табанның бақай аймағында қатты ауру сезімі пайда болды, температура 38,3 С. Қарап тексергенде І табанфалангалық буындағы ісінуі, айналысындағы терісі айқын гиперемиясы байқалады. Саусақты тигізген кезде ауру сезімі күрт күшейеді.

Қандай диагноз?

A. ревматоидты артрит

B. реактивті артрит

+ C.подагралық артрит

D.ревматикалық артрит

E.бруцеллезді артрит

 

74. Подаграның патогенетикалық ем ретінде тағайындалады:

+A. Аллопуринол.

B. Структум.

C. Циклофосфан.

D. Доксициклин.

E. Метотрексат

 

75. Аяқ бақайының жедел артриті бар науқасқа ЕҢ алдымен анықтайды:

A. ревматоидты фактор

+B. зәр қышқылы

C. Райт – Хеддльсон реакциясы

D.антистрептококкты антиденелер

E.антинуклеарлы фактор

 

76. Төменде келтірілген препараттардың ішінде қайсысы подаграны емдейтін базистік препарат болып табылады?

A. диклофенак натрия

B. индометацин

+C. аллопуринол

D.антуран

E.ибупрофен

 

77. Төменде келтірілген препараттардың ішінде қайсысы подаграның жедел ұстамасын тоқтату үшін тағайындалады?

A.ибупрофен

B.пироксикам

+C. колхицин

D. реопирин

E. напроксен

 

78. Подагралық тофустар болып табылады:

A. дәнекер тіннің жайылуы.

B.сүйек тіннің жайылуы

+ C. Зәрқышқылды тұздардың шөгуі

D. иммундық генезді қабынулық гранулема

E. Ізбес тұздарының шөгуі.

 

79. Рейтер ауруына кіреді:

А.кардит, артрит, Рейно синдромы

B.пневмонит,артрит, нефрит

C. хорея, қызба, артрит.

D. сақина тәрізді эритема, артрит,перикардит

+E. артрит, уретропростатит, конъюнктивит

 

80. Буындар ауруының қайсысына HLA – жүйесінің В-27 антиген тасымалдаушысы ТӘН?

A. Подагра

+B. Реактивті артрит

C. Остеоартроз

D. Ревматикалық артрит

E. Ревматоидты артрит

 

81. Рейтер ауруы кезінде ЕҢ жиі қандай буындар зақымдалады?

A. Жілік-білезік

B. Фалангаралық

C.Аяқтың І саусағының буыны

+D. Тізе

E. Илеосакралды

 

82. Реактивті артриттің дамуында ЕҢ жиі этиологиялық факторы:

A. Пневмококк

B.Клебсиелла

C.Трихомонада

+D.Хламидия
E.Хеликобактер

 

83. Реактивті хламидиозды артриттің этиологиялық емінде қолданылады:

A. Бензилпениллин

B.Амоксициллин

C.Гентамицин

+D.Тетрациклин

E.Цефазолин

 

84. Рейтер ауруына бәрі кіреді, БІРЕУДЕН басқасы:

A. Кератодермия

B.Уретрит

C.Артрит

+D.Екі жақтық сакроилеит

E. Конъюнктивит

 

85. Ер адам, 28 жаста. Оң жақ сирақ-табандағы және сол жақ тізе буындағы ауру сезіміне, ісінуіне, олардағы қозғалыстың шектелуіне, көздің қызаруы, кіші дәретке ауру сезімммен баруына шағымданады. Ауру біртіндеп басталды, 2 апта ішінде. Қарағанда: зақымдалған буындардың дефигурациясы және қызаруы. Табанның түлеуі. Терілік бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

A. Подагралық артрит.

B.Псориазды артрит

C. Остеоартроз

D.Ревматоидты артрит

+E. Рейтер ауруы

 

86. Буындардың «баспалдақтық» зақымдалуы қандай ауруға ТӘН?

A. Анкилоздаушы спондилитке

+B. Реактивті артритке

C. Ревматоидты артритке

D.Остеартрозға

E. Подагралық артритке

 

87. Реактивті артритті емдеуге қандай базистік препарат жиірек қолданылады?

A. Метотрексат

B. Алтын препараттары

C. Делагил

+D. Сульфасалазин

E.D-пеницилламин

 

88. Конъюнктивит түрінде көздің зақымдалуы ЕҢ ЖИІ кездеседі:

A. Ревматоидты артритте

B. Ювенилді созылмалы артритте

+C. Реактивті артритте

D. Бехчет ауруында

E. Анкилоздаушы спондилитте

 

89. Либман-Сакс эндокардит көбірек қай кезде дамиды:

A. Ревматикалық қызбада

+B. Жүйелі қызыл жегінде

C. Ревматоидты артритте

D. Дерматомиозитте

E. Жүйелі склеродермия

 

90. Артралгиямен, эритемамен, лейкопения мен қызба, антибиотиктерге резистентті және стероидты гормондарға сезімтал, бұл қандай ауруларға сәйкес:

A. Өкпенің инфильтративті туберкулезі

B. Созылмалы бруцеллез

+C. Жүйелі қызыл жегі

D. Ревматоидты артрит

E. Крон ауруы

 

91. Жүйелі қызыл жегіге тән терілік өзгерістер:

 

A. Терінің индуративті ісіну

B. Қабақтардың периорбиталді ісіну

C. Түйінді эритема

+D. «көбелек» тәрізді беттегі эритема

E. Торлы ливедо

 

167. Жегілік полиартритке бәрі тән, біреуден басқа:

A. біртіндеп басталуы

B. симметриялы зақымдалуы

C. 30 минутты асатын таңғы құрысу

+D. көптеген эрозиялар және деформациялыр

E. висцералды симптоматикамен қосарлануы

 

92. Жегілік жасушалар болып табылады:

+A. Лейкоцитарлы ядроларды фагоциттелген нейтрофилдер

B.Гематоксилиндік денешіктер

C.Гранулемалар

D.Қосылыстармен эпителиоидты жасушалар

E. Лимфоцитарлы инфильтрация

 

93. Жүйелі қызыл жегіне ТӘН қанайналым жүйенің зақымдалуы:

A. Миокардиодистрофия

B. Кардиомиопатия

C. Миокард инфарктысы

+D. Экссудативті перикадит

E. Миокардиосклероз

 

94. Жүйелі қызыл жегі кезінде бүйректің қандай зақымдануы ЕҢ ЖИІ кездеседі?

A. Нефропатия

+B. Нефротикалық синдром

C. Зәр тас ауруы

D. Созылмалы пиелонефрит

E. Тубулярлы нефрит

 

95. Жүйелі қызыл жегі кезінде қан жүйесі жағынан КӨБІНЕСЕ қандай өзгерістер тән келеді?

A. Эозинофилия

B. Моноцитоз

C. Лимфоцитоз

+D. Лейкопения

E. Лейкоцитоз

 

96. Жүйелі қызыл жегі кезінде пульс-терапияны өткізген кезде қолданады:

A. Преднизолон

B. Дексаметазон

C. Триамцинолон

+D. Метилпреднизолон

E. Бетаметазон

 

97. Жүйелі қызыл жегі кезінде нерв жүйесінің зақымдалулары ЕҢ ЖИІ көрінеді:

A. Полиневриттермен

B. Дисциркуляторлы энцефалопатиямен

C. Остеохондрозбен

D. Энцефалиттермен

+E. Көлденең миелиттермен

 

98. Жүйелі қызыл жегі ағымының болжамы мен ауырлығын анықтайды:

A. Кардит

B. Пневмонит

C. Полиартрит

+D. Люпус-нефрит

E. Люпус-гепатит

 

99. Әйел 26 жаста, қол саусақтарының ұсақ буындарының ауыруына және ісінуіне шағымданады, бетінің қызаруына, жүрек қағуына, әлсіздікке, арықтауға, ауыз қуысында жаралардың пайда болуына шағымданады. Босанғаннан кейін 3 айдан соң ауыра бастады. Қарап тексергенде – фаланга аралық буындарды палпациялаған кезде ауру сезімі бар, бетінде «көбелек» және «декольте» аймағында гиперемия. Жүрек тондары тұйықталған, жүректің соғу жиілігі минутына 150 рет. Жалпы қан анализі – эритроциттер – 3,8 × 1012 /л, түсті көрсеткіш – 0,86, лейкоциттер – 2,1 × 109 /л, ЭТЖ– 48 мм/с.

Қандай диагноз сәйкес келеді?

A. Жүйелі склеродермия

B. Дерматомиозит

C. Түйінді периартериит

+D. Жүйелі қызыл жегі

E. Ревматикалық емес миокардит

 

100. Әйел, 44 жаста, саусақ буындарының ауру сезімі мен құрысуға, күн сәулесінің астында жүріп қалғаннан кейін дененің ашық жерлерінің қызаруына шағымданады. Қарап тексергенде: бет сүйегінде - эритематозды дерамит, бетінде және аяқтарында ісінулер, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі. Жалпы қан анализінде - эритроциттер- 2,1×1012/л, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тәуліктік протеинурия – 3,58 г., қан креатинині – 133 мкмоль/л.

Қандай диагнозға ТӘН?

A. Жүйелі склеродермия

B. Дерматомиозит

C. Ревматоидты артрит

+D. Жүйелі қызыл жегі

E. Жедел гломерулонефрит

 

101. Әйел К., 40 жаста, саусақ буынының, табанның ауру сезіміне, тоңғыштығына олардың суықта жансыздану сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: бетінде «жұлдыз» тәріздес қантамырлық тор. Саусақтары бүгу контрактурасында, аяқ және қол саусақтарында жаралар. Рейно синдромы. Өкпесінде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сырылдар бар. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, дұрыс ритмді. Жүректің соғу жиілігі – 80 рет минутына. Артериалды қан қысымы – 150/90 мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер -4,5×1012/л, гемог-110 г/л, лейк- 5× 109/л. ЭТЖ – 18 мм/сағ.

Аталған ауруды емдеу үшін қандай базисті препаратты тағайындау ТИІМДІРЕК?

A. Кортикостероидтар

+B. D-пеницилламин

C. Цитостатиктер

D. Кризанол

E. Стеройдты емес қабынуға қарсы препараттар

 

102. 45 жастағы әйелде саусақтарының некрозданған өзгерістеріне дейінгі Рейно синдромы байқалады, жұтынудың бұзылуы, өкпелік гипертензия, қол саусақтарын жұмудың қиындауы, саусақ аймағындағы терінің қалыңдауы, саусақ фалангаларының лизистенуінің нәтижесінде қысқаруы.

Қандай диагнозға ТӘН?

A. Жүйелі қызыл жегі

B. Ревматоидты артрит

C. Түйінді периартериит

+D. Жүйелі склеродермия

E. Ревматикалық қызба

 

103. Жүйелі склеродермияға ТӘН терінің зақымдануын көрсетіңіз:

A. Хейлит

B. Геморрагиялық бөртпе

C. Ангулярлы стоматит

D. Түйінді эритема

+E. Тері индурациясы мен атрофиясы

 

104. Жүйелі склеродермия кезінде тыныс мүшелерінің зақымдалу ерекшеліктерін атаңыз:

A. Экссудативті плеврит

B. Пневмонит

C. Аспирационды пневмония

+D. Базальді пневмосклероз

E. Бронхообструктивті синдром

 

105. Жүйелі склеродермия кезінде буындар мен сүйек тінінің ЕҢ ТӘН зақымдалуларын атаңыз:

A. Ірі буындардың артриті

+B. Тырнақ фалангасының остеолизі

C. Полиартралгиялар

D. Тендиниттер

E. Анкилоздар

 

106. Жүйелі склеродермияның еміндегі антифиброздаушы препарат болып табылады:

A. Преднизолон

+B. D-пеницилламин

C. Метотрексат

D. Лефлюномид

E. Азатиоприн

 

107. Әйел 36 жаста, бірнеше жыл бойына суықты көтере алмауын айтты, сонымен қатар ағарғандығы мен саусақтар басының ағаруын байқады. Соңғы жылдары аяқ пен қолдарында депигментация ошақтарын байқады, аузын ашу қиындағанын айтты. Қарап тексергенде: терісінде депигментация ошақтары, атрофиялар, тығыздалулар. Жалпы қан анализінде – эритроциттер- 3,5×109/л, ЭТЖ – 36 мм/сағ.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

A. Ревматоидты фактор

B.Антинуклеарлы фактор

C. Екіспиралды ДНК-ға антиденелер

+D. Тропоизомеразаға (SCL-70) антиденелер

E. Циклді цитруллинирленген пептидке антиденелер

 

108. Әйел 27 жаста, бұлшықетінің кенеттен әлсіздігімен көрінетін арықтауға, миалгияға, қиын жұтынуға, қабақ терісінің ақшыл-көкке боялуы мен ісінуіне шағымданды. Қан анализінде – миоглобин мен креатининфосфокиназаның жоғарылауы.

Қандай диагнозға ТӘН?

А. Түйінді периартериит

В. Жүйелі қызыл жегі

С. Шегрен синдромы

+D. Дерматомиозит

Е. Жүйелі склеродермия

 

109. Әйел 48 жаста, қол бұлшықетінің айқын әлсіздігіне шағымданады, науқасқа тіпті қолын жоғары қарай көтеруі, киіну, шашын тарау қиынға соғады. беті мен қабағында, кеудесі мен арқасының жоғарғы бөлігінде көкшіл-қызыл дақтар байқалады.

Диагнозды нақтылау үшін төменде аталған қандай зерттеу ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

+A. Креатинфосфокиназа

B. Ревматоидты фактор

C. Антинуклеарлы фактор

D. Екіспиралды ДНК-ға антиденелер

E. Тропоизомеразаға (SKL-70) антиденелер

 

110. Дерматомиозитке ТӘН терілік көріністер?

A. Есекжем

B. Петехиальді бөртпелер

+C. Параорбитальді ісіну

D. Түйінді эритема

E. Эпидермальді некролиз

 

111. Дерматомиозит кезінде қандай симптомдар бұлшықеттің зақымдалуын нақты растайды?

A. Бұлшықеттің ауырсынуы

B. Тырысулар

C. Бұлшықет атрофиясы

D. Бұлшықет гипертонусы

+E. Үдемелі бұлшықеттік әлсіздік

 

112. Дерматомиозит кезіндегі жүрек-қантамыр жүйесінің ЕҢ ТИПТІ зақымдалуларын атаңыз:

A. Артериальді гипертензия

B. Сүйелді эндокардит

C. Экссудативті перикардит

+D. Диффузды миокардит

E. Миокард инфарктісі

 

113. Дерматомиозитпен ауыратын науқастарда КӨБІНЕСЕ қандай асқазан-ішек жолының зақымдалулары кездеседі?

A. Гепатит

B. Тітіркенген ішек синдромы

C. Гастроэзофагальді рефлюкс

D. Өңеш стриктурасы

+E. Жұтыну бұлшықеттерінің зақымдалуы

 

114. Дерматомиозитке ЕҢ ТӘН лабораторлы көрсеткіш:

A. Антинуклерлы фактор

B. екішынжырлы ДНК-ға антиденелер

C. Жегілік (волчаночный) антикоагулянт

+D. Креатинфосфокиназа

E. Ревматоидты фактор

 

115. Дерматомиозитті цитостатиктермен емдеу кезінде ЕҢ ЫҚТИМАЛ:

A. Циклоспорин А

B. Азатиопринмен

C.Циклофосфанмен

+D.Метотрексатпен

E.Хлорбутинмен

 

116. Тері васкулитінің клиникалық көріністеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

A. Торлы ливедо

+B. Витилиго

C.Геморрагиялық бөртпе

D.Капиллярит

E.Түйінді эритема

 

117. Түйінді периартериит кезінде қандай қантамырлар зақымданады?

+A. Ұсақ және орта калибрлі артериялар

B. Капиллярлар мен посткапиллярлар

C. Веналар мен венулалар

D. Қолқа мен оның тармақтары

E. Лимфатикалық қантамырлар

 

118. Вегенер гранулематозына ТӘН:

A. Самай артериясының зақымдануы

B. Бронхоэктаздардың дамуы

+C. Мұрын-жұтқыншақтың жаралы-некротикалық зақымдануы

D. Кәрі жілік артериясында пульстің болмауы

E. Ұшпалы тромбофлебит

 

 

119. Түйінді периартерииттің дамуына ЖИІ қайсысы себеп болады:

A.Стрептоккокқа қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы

+B. Вирусты В гепатитінің персистенциясы

C. Хламидиялық инфекция

D. Иерсиниозды инфекция

E. Бруцеллезды инфекция

 

120. Гранулематозды васкулитке қандай иммунологиялық маркер ТӘН?

A. Антинуклеарлы фактор

B. Ревматоидты фактор

C. Жегілік (волчаночный) антикоагулянт

+D. Антинейтрофильді цитоплазматикалық антиденелер

E. Циклды цитрулинирленген пептидке антиденелер

 

121. Түйінді периартерииттің клиникасында ЕҢ ЕРТЕ көрінетін симптомды көрсетіңіз:

A. Нефротикалық синдром

B. Иценко-Кушинг синдромы

C. Полиартрит

D. Лимфоаденопатия

+E. Миалгиялар

 

122. Түйінді периартериит кезінде қанның жалпы анализіндегі қандай өзгерістер ТӘН?

A. Лейкопения

+B. Эозинофилия

C.Тромбоцитопения

D. Гиперхромды анемия

E. Моноцитоз

 

123. Вегенер гранулематозын емдеудегі негізгі препараттар болып табылады:

A. Кортикостероидтар

B. Биологиялық агенттер

C. Антикоагулянттар

+D. Иммунодепрессанттар

E. Стеройдты емес қабынуға қарсы препараттар

 

124. Спецификалық емес аортоартерииттің диагносикасындағы негізгі әдіс болып табылады:

A. Эхокардиография

B. Реовазография

C. Капилляроскопия

+D. Контрасты ангиография

E. Қантамырдың ультрадыбысты зерттеуі

 

125. Такаясу ауруы кезінде қандай қантамырлар ЖИІ зақымдалады?

A. Ұсақ калибрлі артериялар

B. Ірі калибрлі веналар

C. Микроциркуляторлы ағыс

+D. Қолқа доғасы мен оның тармақтары

E. Самай артериялары

 

126. Геморрагиялық васкулитке ТӘН терілік көріністер?

A. Жаралы-некротикалық зақымдалу

B. Күлдіреулер, папулалар

C. Түйінді эритема

+D. Петехиальді бөртпелер

E. Торлы ливедо

 

127. Ер кісі 29 жаста, балтыр бұлшықеттеріндегі ауру сезімге, аталық жыныс безінің ауырсынуына, аяқтарының жансыздануына, аяқ терісіндегі бөртпелерге, арықтауға, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: аяқтарының сезімталдығының бұзылуы, қолының терісінде папулонекротикалық бөртпелер. Артериальді қан қысымы 190/110 мм.с.б.б. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер -10,8 × 109 /л, эозинофилдер – 17%, ЭТЖ 49 мм/сағ.

Қандай диагнозға ТӘН?

A. Дерматомиозит

B. Жүйелі қызыл жегі

C. Бюргер ауруы

D. Такаясу ауруы

+E. Түйінді периартериит

 

128. Ер кісі 45 жаста, тұрақты әлсіздікке, қызбаға, миалгия, артралгияға, ішіндегі ауру сезімге, артериальді қан қысымының жоғарылауына, көшпелі мононевриттерге шағымданды. В общем анализе крови – лейкоциты 16,7× 109 /л, эозинофилы – 15%, СОЭ 69 мм/ч. Жалпы зәр анализінде – белок 0,26 г/л, креатинин – 123 мкмоль/л, HBsAg оң, ПЦР HBV ДНК – оң. Абдоминальді ангиограмма жүргізген кезде көптеген микроаневризмалар ұсақ және орта калибрлі қантамырлардың окклюзиясы мен стенозы анықталды.

Төменде аталған диагноздардың қайсысына ТӘН?

A. Вегенер гранулематозы

+B. Түйінді периартериит

C. Геморрагиялық васкулит

D. Чарджа- Стросс синдромы

E. Спецификалы емес аортоартериит

 

129. Әйел 36 жаста, аяқтарында ауырсыну сезімсіз пальпацияланбайтын ұсақ нүктелі петехиальді пурпура, артралгия анықталды. Қызба, арықтау, аяқтарында жансыздану мен ишемия байқамаған. Жалпы зәр анализінде – эритроциттер 10-12 көру аймағында, ЭТЖ – 12 мм/с. Иммуноглобулин А деңгейінің жоғарылауы.

Төменде аталған диагноздардың қайсысына ТӘН?

A. Түйінді периартериит

B. Вегенер гранулематозы

C. Түйінді эритема

D. Есекжем

+E. Геморрагиялық васкулит

 

130. Жүйелі васкулиттер кезіндегі Рейно синдромын емдеуде ЕҢ эффективті препарат болып табылады:

A. Дезагреганттар

B. Антикоагулянттар

+C. Кальций каналдарының блокаторлары

D. АПФ ингибиторлары

E. Спазмолитиктер

 

131. Әйелге 24 жас, ішінің оң жағының жансыздануына, қолын көтерген кезде басының айналуына, көру қабілетінің төмендеуіне, жүрегінде шаншып ауыру сезіміне шағымданды. Ангиография сол жақ иық және кәрі жілік артериясының стенозын анықтады. Қанда кардиолипинге антиденелер деңгейі жоғарылаған. Эхокардиографияда қолқалық қақпақша жетіспеушілігінің көріністері анықталды. ЭТЖ – 60 мм/сағ.

Төменде аталған диагноздардың қайсысына ТӘН?

A. Дерматомиозит

B. Жүйелі қызыл жегі

C. Түйінді периартериит

+D. Спецификалы емес аортоартериит

E. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

 

132. 21 жасар әйелде рецидивтеуші іріңді синуситтер, жаралы-некротикалық баспа, қан қақыру, арықтау, қызба, артралгия бар. Қарап тексергенде: мұрын қанатының жаралы-некротикалы зақымдалуы, көзінен және мұрыннан іріңді бөлінулер. Жалпы қан анализінде – СОЭ 70 мм/сағ, жалпы зәр анализінде - эритроциттер 15-17 көру аймағында, креатинин – 146 мкмоль/л.

Аталған ауруда қандай препаратты қолданған ЖӨН?

A. Преднизолон

B. Метилпреднизолон

C. Инфликсимаб

+D. Циклофосфан

E. Метотрексат

 

133. Вегенер гранулематозына қандай алғашқы клиникалық көріністер?

+A. Синуситтер

B. Қызба

C. Полинейропатиялар

D. Миалгиялар

E. Нефрит

 

134. Вегенер гранулематозының терминальді сатысына ТӘН клиникалық көріністерді көрсетіңіз?

A. Бұлшықет атрофиясы

B. Буындар анкилозы

C. Бауырлық кома

+D. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

E. Ми қанайналымының жедел бұзылуы

 

135. Төменде аталған симптомдардың қайсысы түйінді периартериит диагностикасында маңыздылығы зор?

A. Кәрі жілік артериясында пульстің болмауы

B. Артериалды қан қысымының жоғарылауы

C. Синкопальді жағдай

+D. Аталық жыныс безіндегі ауру сезім

E. Арықтау

 

136. Жүректің қандай зақымдануы түйінді периартериитке ТӘН?

A. Сүйелді эндокардит

+B. Миокард инфарктісі

C. Экссудативті перикардит

D.Кардиомиопатия

E. Диффузды миокардит

 

137. Алып клеткалы артериитке ТӘН ЕМЕС:

+A. Аурудфың жас кезінде дамуы

B. Ірі және орта калибрлі қантамырлардың зақымдалуы

C.Ревматикалық полимиалгиямен қосарлану

D. Самай бөлігінің ауыруы

E. ЭТЖ жөғарылауы

 

138. 2011-2015жж. арналған “Саламатты Қазақстан” ҚР мемлекеттік денсаулық сақтау даму бағдарламасына сәйкес ревматикалық ауруларды емдеуде инновационді әдіс болып табылады:

А. Дәрілік заттарды буын ішіне енгізу

В. Метилпреднизолонмен пульс-терапия

С. Ауру-модифицирлеуші препараттармен базистік ем

D. Ревматикалық аурулар кезінде санаторлы-курортті ем

+E. Ревматикалық аурулар кезінде генно-инженерлі- биологиялық препараттармен емдеу

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 69 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Порядок работы| ВОРОНЕЖ 2006

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.234 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав