Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Періштелердің ерекшеліктері

Читайте также:
  1. Азақ дүние танымының ерекшеліктері
  2. Азақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері.
  3. Педагогикалық қызметті белсендіру ерекшеліктері.
  4. Періштелердің қызметтері
  5. Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Шайтан және оның кейбір өзіндік ерекшеліктері хақында
  7. Шет елдердегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері.
  8. Экономикалық мәдениеттің негізгі ерекшеліктері.

Періштелер нұрдан жаратылғандықтан, сол жаратылысына тән өзіндік ерекшеліктерге ие. Олардың бұл ерекшеліктерін төмендегідей реттілікпен жүйелеп көрсетуге болады:

1. Періштелер нұрдан жаратылған көзге көрінбейтін тіршілік иесі. Олар ішу, жеу, жынысқа бөліну, үйлену, ұйықтау, шаршау, жалығу, жас, кәрі болып бөліну секілді адамзатқа тән сипаттан ада. Олар Аллаһқа құлшылық ету ісінде ешқандай шаршау дегенді білмейді. 24 сағаттың ішінде толассыз құлшылық ете береді. Құранда бұл жайында: «Көктер мен жердегілер Аллаһтыкі. Оның қасындағылар Оған құлшылық қылудан дандайсымайды да шаршамайды. Олар күндіз-түні Аллаһты дәріптеуден (тасбих айтудан) жалықпайды» ( 21.Әнбия, 19-20) ‑ дейді

Жоғарыда айтып өткеніміздей періштелерде жынысқа бөліну, яғни әйел, еркек деген ұғым жоқ. Егер біз періштелер әйел, еркек болып бөлінеді деп айтатын болсақ, күнәһар әрі өтірікші боламыз: «Олар Аллаһтың құлдары періштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар періштелердің жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куәліктері жазылып, сұралады» ( 43.Зухруф-19).

2. Періштелер Аллаһқа ешқашан қарсы келмейді. Тек Аллаһтың әмірлерін бұлжытпай орындайды да, қандай мақсат үшін жаратылған болса, соны ғана істейді. Үнемі Аллаһты дәріптеумен, мадақтаумен, тасбих айтумен болады. Періштелердің бұл кейпін Құран аяттары анық түрде біздерге білдіреді. Аяттарда былай дейді:

«Өздерінен үстем болған Раббыларынан қорқады. Әрі берілген бұйрықтарды орындайды» ( 16.Нахыл-50).

3. Періштелер қанатты болғандықтан өте жылдам әрекет етеді. Күш‑қуаттарының молдығы сондай, олардың күші жетпейтін нәрсе жоқ. Жылдамдықтары біздің қиялымызға келмейтіндей дәрежеде өте жылдам, аспан мен жерді бір сәт ішінде аралап шығатындай қабілетке ие. Бірақ, олардың аталмыш ерекшеліктері әркез Аллаһ Тағаланың рұқсатымен ғана жүзеге асады. Осы айтылған ерекшеліктер төмендегі аяттан да белгілі болып отыр: «Көктерді және жасаған сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Аллаһқа барлық мақтау лайық. Ол жаратуда қалағанын арттырады. Күдіксіз Аллаһтың әр нәрсеге толық күші жетуші» (35.Фатыр – 1).

Аятта періштелердің қанаты болатындығы айтылады. Демек, мұсылман кісі үшін періштелердің қанаты болатындығына сенуі парыз. Ал періштелердің қанатының қандай екендігін оларды жаратқан Аллаһ Тағала мен періштені өз бейнесінде көрген пайғамбарлар ғана біледі. Періштелердің қанаттарының әртүрлі болуы олардың Аллаһтың әмірлерін орындау барысындағы жылдамдығы мен Аллаһ құзырындағы дәрежелеріне байланысты [2].

4. Періштелер Аллаһтың әмірі мен рұқсаты бойынша түрлі бейнеге өте алады. Мәселен, Жәбірейл Хазіреті Пайғамбарымызға (с.а.у.) уахи әкелгенде кейде Дихя есіміндегі сахабаның бейнесінде келген. Сонымен қоса, ешкім танымайтын өзге де кейіпте келетін кездері де болған. Құранның мазмұндық желісіне сүйенсек, періштелер Аллаһтың әмірі бойынша адам бейнесінде Хазіреті Мариям анаға, Ибраһим (а.с.) және Лұтқа (а.с.) келген.

5. Періштелердің ең басты ерекшелігі олардың көзге көрінбейтіндігі. Періштелердің көзге көрінбеуі олардың нұрдан жаратылу ерекшелігі мен біздің оларды көруге қабілетіміздің жетпейтіндігін білдіреді. Егер Аллаһ, бізге толықтай кәміл көру қабілетін беретін болса, онда біз періштені де, қала берді шайтанды да көрер едік. Бірақ, бұл Аллаһтың заңдылығына үйлеспейді. Асылында, періштелерді тек пайғамбарлар ғана өз бейнесінде көре алады.

6. Періштелер ғайыпты яғни келешекті білмейді. Себебі, ғайып, тек Аллаһ Тағалаға ғана аян. Ал, періштелердің тек Аллаһтың үйреткен нәрселерін ғана біле алатындығы аятта анық айтылған: «Аллаһ Адамға (а.с.) бір тұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді. Періштелер: Сен пәксің! Біз Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың деді» ( 2.Бақара, 31-32).

Ал мына аят ғайыпты, яғни келешекті Аллаһтан басқа ешкімнің білмейтіндігін паш етеді: «Көктер мен жердегі көместі (ғайыпты) Аллаһтан басқа ешкім білмейді» ( 27.Нәмл – 65)[3].




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 43 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав