Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жындар әлемі

Читайте также:
  1. Жындардың муминдері адамдардың муминдерімен бірге жәннәтқа, кәпірлері кәпірлермен бірге тозаққа кіреді.

Жын сөзі - араб тіліндегі «жапты», «жасырды», «қалқалады» деген мағынаға келетін «жәннә» сөзінен шыққан. Жындар сезім мүшемізбен сезілмейтін, көзге көрінбейтін тіршілік иелері.

«Жын» сөзі негізінен «инсан» (адам) сөзіне антоним ретінде қолданылып, сезім мүшелерімізбен байқауға келмейтін рухани әлем иелеріне берілген есім. Сондықтан да бұл ұғым періште, шайтан мен жындардың жалпы атауы ретінде қолданылады. Бірақ, әрбір періште көзге көрінбейтін жалпы (жинни) жын атауының мағыналық ұғымына кіргенімен әрбір жын періште емес. Аталмыш үш әлемнің (періште, жын, шайтан) әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, әрдайым Аллаһ Тағаланың әмірімен қайырлы, оң істердің басында періштелер тұратын болса, шайтан – пендені тек алдап‑арбаумен, жамандыққа итермелеумен айналысады. Ал, жындарда осы екі рухани әлемнің де қасиеттері бар. Олардың мұсылмандары да кәпірлері де болады. Асылында, біздің ұғымымыздағы дию, пері деген атаулар парсы тіліндегі «жын» сөзінің баламасы. Сондықтан жын, дию, пері деген сөздер көбіне бір мағынада қолданыла беретіндегін айта кеткен орынды.

Жындар біздің сезім мүшелерімізге беймәлім болғандықтан, олардың болмысын – қисындық яки ғылыми тұрғыдан тәптіштеп түсіндіруге келмейді. Десек те, негізгі салмақты дәлелдер мен нақты мәліметтерді Құран аяттары мен сахих хадистерден аламыз. Ал, аят пен хадис олардың нақты бар екендігін растайды. Қала берді Құран Кәрімде өз алдына «Жын» сүресінің бар екендігі баршамызға мәлім.

Бірінші бөлімде айтып өткеніміздей адам Аллаһ Тағалаға құлшылық ету үшін жаратылғаны сияқты, періштелер де Аллаһқа қызмет ету, әрі Жаратушыны мадақтап, дәріптеу үшін жаратылған. Ал енді жындардың жаратылыстағы мақсаты қандай болмақ? Бұған жауапты Зәрият сүресінің 56-аятынан табамыз: «Мен жындар мен адамдарды тек қана маған құлшылық ету үшін ғана жараттым». Олай болса жындар да адамдар секілді жәннәт пен жәһәннамға баратындығы анық. Бұған дәлел ретінде мына аятты келтіруге болады: «Сендерден бұрынғы өткен тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер дейді» ( 7.Ағраф-38).

Адам мен жындардың жаратылу мақсатына сай Аллаһ Тағала оларға құлшылық заңдылықтарын жеткізетін пайғамбар жібереді. Адамзатқа 124 мың пайғамбар келгендігі бәрімізге аян. Ал «жындарға пайғамбар келген бе» дейтін болсақ, оларға да пайғамбар жіберілгеніне көз жеткіземіз[7]. Мұның айғағы төмендегі аят:

«Әй, жын мен адамдар тобы! Сендерге іштеріңнен аяттарымызды баян етіп, бұл күнге кездесулеріңді ескертетін елшілер келмеді ме?, - делінеді. Олар: Раббымыз! Өзімізге куәміз, дейді. Оларды дүние тіршілігі алдаған. Олар өздерінің анық қарсы болғандықтарына айғақ болады» ( 6.Әнғам-130).

Мәселе осылай бола тұра, бірқатар ғалымдар жындар әлеміне пайғамбар келмеген деген тұжырымды ұстанады[8]. Бұл мәселеге арнайы жауап беруге тура келеді. Біріншіден, жындар арасынан пайғамбар келмеген болса, олар Жаратушыға қалай құлшылық етпек? Екіншіден, Аллаһ Тағала жындарды да тек Өзіне ғана құлшылық ету үшін жаратпап па еді? Үшіншіден, Исра сүресінің 15-аятында: «Пайғамбар жіберместен біз ешкімді жазаламаймыз» делінген. Сонда жындарға тура жолды көрсетуші өз араларынан елші келмесе, Пайғамбарымызға дейін келіп кеткен жындар ақыретте жазаға ұшырамайды деген ұғым шығады. Бұлай дейін десек, «Рас тозақ үшін көптеген жындар мен адамдар жараттық» ( 7.Ағраф-179) аяты жындардың да тозаққа баратындығынан хабар беріп тұр. Осы аяттарды негіз етіп ала отырып, жындардың да арасынан елші келгендігі жөнінде айта аламыз.

Ал енді жындардың өзіндік болмысы мен кейбір табиғи ерекшеліктеріне тоқталып өтсек:

1) «Мен жындар мен адамдарды тек қана өзіме құлшылық ету үшін ғана жараттым» ( 51.Зарият-56). «Рас тозақ үшін көптеген жындар мен адамдар жараттық» ( 7.Ағраф-179).

Осы екі аяттың мағынасынан (ең бастысы бастауыш сөздердің орналасу реттілігінен) жындардың адам жаратылмастан бұрын жаратылғандығы тұрғысында тұжырым шығаруға болады. Егер мәселе керісінше болғанда, жоғарыдағы екі аятта да «жындар мен адамдар» тіркесінің реттілігі «адамдар мен жындар» болып орналасқан болар еді. Демек, бұдан шығатын қорытынды – жындар адам баласынан бұрын жаратылған. Тіпті, жындар Адам ата жаратылмастан екі мың жыл бұрын жаратылған деген нақтылы пікірлер де жоқ емес [9].

2) Адам топырақтан, періште нұрдан жаратылса, жындар оттан жаратылған: «Жындарды оттың жалынынан жаратты» ( 55.Рахман-15). «Расында адамды бейнелеген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық. Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік» ( 15.Хижр, 26-27). Ал енді бұл жерден: «Жындар оттан жаратылған болса, тозақ оты оларды қалай жағады?» деген қисынды сауал туындайды. Асылында, Аллаһ Тағала оларды әу баста оттан жаратқанымен, олар от халіндегі мақлұқтар емес. Мысалы, адам баласы топырақтан жаратылғанымен тәні топырақ емес қой. Сол секілді жындардың да тозақтың отына жануының өз ерекшеліктері бар. Аллаһ Тағала барлық нәрсенің жүйесін әу бастан реттеп, тағдырға жазып қойғандықтан бұл мәселеде ешқандай екіұшты яки түсініксіз жайтқа орын жоқ.

3) Жындар да адамдар секілді ішіп-жейді, үйленеді, көбейеді, ер-әйел болып бөлінеді және өледі. Олардың өмір сүру ұзақтығы өз уақыттары бойынша, 60-70 жылдай болады. Бірақ, олардың жылдық өлшемдерін біздің уақыт өлшемімізге шаққанда шамамен мың жылға жақын, яғни бір жынның өмір сүру мерзімі осынша уақытқа тең деп түсінеміз[10].

4) Жындар да адамдар секілді мұсылман, кәпір, жақсы, жаман болып бөлінеді. Аятта бұл жайында былай дейді: «Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар, түрлі жолдарда едік. Шынында жер жүзінде Аллаһты еш жеңе алмайтындығымызды, қашып құтыла алмайтындығымызды аңғардық.... Біздің арамызда мұсылмандар да, туралықтан адасқандар да бар. Сонда кім мұсылман болса, ал міне солар туралықты іздейді» ( 72.Жын, 11, 12, 14).




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав