Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқу уақытын бөлу

Читайте также:
  1. Жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі
  2. Курсты оқу барысында студенттер
  3. оқу жылы.
  4. Оқу жылына/учебный год
  5. Оқу уақытын бөлу
  6. Оқу уақытын бөлу
  7. Оқудың қорытынды нәтижелері
  8. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі
  9. Төрт балдық цифрлы эквивалент жүйесіне сәйкес, студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі.

Пән туралы мәлімет

Кредит саны - 2

Дәрістер сағаты - 15

Тәжірибелік-зертханалық сабақ сағаты – 15

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) сағаты - 15

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) сағаты - 45

Барлығы - 90

Оқу кезеңі – 1 немесе 2 семестр

Семестр ұзақтығы - 15апта

Экология және тұрақты даму - міндетті компонент болып табылады.

Модуль типі – жалпы білім беру

Пән коды - EUR 1110, EUR 1105

Оқу уақытын бөлу

Апта                               Бар- лығы
Дәріс, сағ.                                
Тәж.- прак. сабақ сағ.                                
СОӨЖ                                
СӨЖ                                
Барлығы                                

3. Пререквизиттер – бұл пәнді оқу үшін мектеп курсының биология, география, химия, физика, математика, табиғаттану пәндерінің білімі қажет.

4. Постреквизиттер – бұл курсты оқу табиғат пайдалану, табиғатты пайдалану экономикасы, еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау, топырақтану, егіншілік т.б.пәндерді игеру үшін қажет.

5. Курстың мақсаты: Студенттерде қоршаған ортаға жəне өз денсау -лығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас

болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмек- тесуіне септігін тигізеді. Табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

Курстың міндеті: - биосфера компоненттерінің өзара əсерлесу заңдылықтары жəне адамның шаруашылық əрекеттерінің, əсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

- əртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты

дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттері

туралы заманауй түсініктерді қалыптастыру;

- студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақ- ты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда ауқым- ды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру;

-қазіргі теориялық, классикалық экологияның өзекті мәселелерін сараптау.

Курстың мазмұны:

- тірі ағзалардың, əртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын жəне олардың тұрақтылығын оқып-білу;

- Қоршаған орта компоненттері (атмосфера, гидросфера, литосфера, биоценоз) туралы ақпараттарды пайдалана отырып, олардың қазіргі уақыттағы жай-күйіне мониторинг жасай алу;

- Экологиядағы әртүрлі заңдылықтардың, заңдардың тұжырымдамаларын талдау;

А. Студент курсты оқып, аяқтаған соң мына мәселелерді білуі және түсінуі тиіс:

студент курсты оқу нәтижесінде мына мәселелерді білуі керек:

- тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы

заңдылықтарын;

- тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын;

- энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын;

- табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі ұстанымдарын;

- антропогендік əрекеттің əлеуметтік – экологиялық салдарларын;

- тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын,

оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты

көзқарастарды.

В. Игеруі тиіс:

- табиғи жəне антропогендік экологиялық процестерді анықтап, талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы;

- биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты

күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі;

- тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары

туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты

дамуын сақтау үшін қолдана білуі тиіс.

С, D. Машықтануы тиіс: экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге жəне алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануға

машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.

Е. Оқу қабілеті: Қоршаған орта компоненттерінің ластану жағдайын біле отырып, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін меңгеріп,өз бетімен жұмыс істеу барысында ізденушілікке, мәліметтерді түсінуге, сараптауға, ойды тұжырымдауға, бейімделеді.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 21 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав