Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Субстанция туралы түсінік. Оның түрлері

Читайте также:
  1. E) сауда түрлері, сұраныс
  2. Lt;question> Шиыршықты (завитковый) өрнектердің түрлері қандай болады
  3. Азақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері.
  4. Айлық балада тұмаумен ауруының 4 күні мазасыздану, трагусты басқанда ауру сезімі болды. Қандай асқыну туралы ойлау керек?
  5. Анурия түрлері.Анурияға алып келетін жағдай.
  6. Атлеты прошлого - натуралы или "химики"?
  7. Ауыр бетон құрамын іріктеп алу және оның құрамына әсер етуші факторларды зерттеу
  8. Ген туралы түсінік. Прокариот және эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы. Геннің жіктелуі.
  9. Геракл туралы мифтер циклын тарқатып жазыңыз.
  10. Гераклдың он екінші ерлігі бойынша әлем жаралуы туралы өз ойыңыз.

Субстанци я (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма. Философиялық тұжырымдамалар дүниенің бірлігін анықтауына сай монизм (бір Субстанция), дуализм (екі Субстанция), плюрализм (бірнеше Субстанция) болып бөлінеді. Антикалық философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылды. Ол бөлінбейтін қарапайым зат (су, ауа, апейрон, от, атом, т.с.с.). Кез келген өзгерістерде өзгермей, сақталып қалатын негіз. Аристотель Субстанцияны заттан бөлінбейтін бірінші мәнмен теңестірген. Аристотельдің форманы алғашқы себеп ретінде қарастыруы ортағасырлық философияда субстанциялық формалар туралы айтыстың тууына себепкер болған. Жаңа дәуірдегі философияда субстанцияны түсінуде екі бағыт пайда болды. Біріншісі Ф.Бэконның эмпиризмінде орын алған субстанцияны болмыстың негізі, заттың формасы ретінде түсінумен байланысты. Декарт оған қарсы екі субстанция (материя және ойлау) туралы ілімін ұсынды. Олар бір-бірінен туындамайды, екеуі дербес субстанция деп білді. Спиноза пантеистік монизмді ұсынды: субстанция біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау. Классик. неміс философиясы субстанцияға іс-әрекеттік сипат береді. Кант субстанция категориясын қабылдаудың, яғни тәжірибенің кез келген синтетик. бірлігі болу мүмкіндігінің шарты деп қарастырған. Кант субстанцияны диалектикалық тұрғыда түсіндірді.Гегель Канттың ойын жалғастыра отырып, субстанцияның ішкі қайшылығын, оның өзіндік дамуын дәлелдеді. Ол субстанцияны идеяның даму сатысы ретінде қарастырды. 20 ғасырда батыс философиясында субстанция категориясына, оның танымдағы рөліне теріс пікір қалыптасты

Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:

1.материалды (заттар),

2. рухани (идеялар).

Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.Субстанцияның модустанынан басқа бірнеше атрибуттары бар. Олар – созылу және ойлау. Адам дүниені танығанда оның осы қасиеттері арқылы нақтылыққа жете алады.

Субстанцияны келесі атрибутты оның «шексіз ойлау қабілетіне» келер болсақ, ол бүкіл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б.Спиноза бүкіл дүниені тірі деп есептейді. Мұндай көз қарасты гилозоизм дейді.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 220 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав