Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ытай философиясының мектептері

Читайте также:
  1. Орыс философиясының ұстанымдары

Ежелгі Қытай философиясының даму барысында алуан түрлі философиялық мектептер өмір сүріп, өздерінің идеяларын қоғамға ұсынып отырды. “Алтын ғасыр” (б.д.д. 6-3 ғ.ғ.) кезеңінде 100-ден астам философиялық мектептердің ішінде тек қана алтауы маңызды болып табылады: 1) даосизм; 2) конфуцийшілдік; 3) инь-ян мектебі; 4) моизм; 5) легизм; 6) есімдер мектебі. Олардың арасында қытай халқының рухани мәдениетінде даосизм мен конфуцийшілдік бастапқы орын алады.

Даосизм ежелгі Қытайдың рухани өміріндегі ерекше орын алатын феномен. Оның негізін қалаушысы болып Ли Эр (Лао Дань) есімді ойшыл есептеледі. Философия тарихында ол Лао-цзы (Кәрі философ немесе Кәрі бала) атымен танымал. Шамамен алғанда б.д.д. 6 ғасырда өмір сүріп, Лао-цзы Конфуцийдің аға замандасы болып табылады. Бірақ, екі ұлы ойшылдардың көзқарастарының бағыттары екі түрлі болып табылады. Конфуций этикалық және саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырса, Лао-цзы философиясының ортасында табиғат, космос және адам мәселелері тұрды.

Даосизмнің негізгі қайнар көзіне “Дао дэ цзин” (“Жол мен Игілік туралы кітап”) жатады. Сонан соң “Чжуан-цзы”, “Ле-цзы”, “Хуайнань цзы” трактаттарын тілге тиек етуге болады. Қосынды түрде алғанда даосизм әдебиеті (“Дао цзан”) 4,5 мыңнан астам томдарды қамтиды.

Қытай елінің тарихында конфуцийшілдік ерекше орын алды. Себебі, 1912 жылға дейін Конфуцийдің ілімі Қытайда ресми идеология ретінде өмір сүрді, даосизммен қатар адамдардың рухани дүниесінің бір өзегі болып келді. Конфуцийшілдіктің негіздерін Кун-Фу-цзы (қошеметті ұстаз Кун) қалаған. Ол 72 жыл өмір сүріп (б.д.д.551-479 ж.ж.), 50 жасында өзінің мектебін қалыптастырады, көптеген шәкірттерді тәрбиелеген. Ежелгі грек философы Сократ сияқты Конфуций де ештеңе жазбаған, оның ойлары, айтқан нақыл сөздері, пікірлері шәкірттерінің арқасында “Лунь юй” (“Кеңес пен толғам”) кітабында жинақталған.Конфуций ежелгі қытайлық дүниетанымның негізгі қағидаларын қолдайды. Оның пікірінше, әлемдегі жоғарғы, құдіретті күш болып Аспан табылады. Ал Аспан астындағы өтпелі, өзгермелі әлемде Конфуций тұрақтылықты орнатуға қызмет істеді.

Жэньді ұстанатын адам әлемді тепе-теңдікке келтіруге мәжбүр болады, өзін-өзі жеңіп, жол-жораға оралады. Мәрт азамат әрқашанда моральдың “алтын ережесін” орындайды:

1. “И” – борыш, әділеттік, тазалық, адамның өзіне-өзі жүктейтін моральдық міндеті. Бұл қасиет әке мен бала, үлкен мен кіші, патша мен оның шенеуніктері араларындағы қатынастар қалыптарын айқындайды.

2. “Ли” - әдеп, этика, жол-жора, рәсім. Ли – мінез-құлық нормалары ретінде сыпайылық, әдептілік, ұстамдылық деген мағына білдіреді.

3. Сяо - ұлдың қошеметтеушілігі. Осы қасиеттің мәні мына қағидалар арқылы айқындалады:

а) ата-анаға ли ережелері бойынша қызмет ету;

б) ата-ананы ли ережелері бойынша жерлеу;

в) ата-анаға ли ережелері бойынша құрбан шалу.

Сяоның қатаң заңы – ата-ананың еркіне толық бағынышты болу.

4. Чжи – ақыл-білім, даналық, зият. Мәрт азаматтың, игі адамның (“благородный муж”) ерекшелігіне білімді игілікпен ұштастыра білу қабілеті жатады.

Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:

1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.

Конфуцийшылдардың «Мемлекет — үлкен отбасы, оның басшысы — халықтың әкесі» деген ілімінің орнына легистер: «Мемлекет — өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші — өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, Аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. Ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясыңдағы (Қытай) мемлекет құру;

2. Осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген қүштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.

Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жүмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс».




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 59 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав