Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философияның пәні, мәселесі, қызметтері.

Читайте также:
  1. Адам және қоғам өміріндегі философияның рөлі және мәні
  2. Антикалық философияның классикалық кезеңі
  3. Антикалық философияның эллинистік кезеңі
  4. Нарықтың пайда болуының экономиканың алғышарттары. Нарық түсінігі және қызметтері.
  5. Несие және банк жүйесі. Банк түрлері, олардың экономикадағы қызметтері.
  6. оғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз
  7. Паразитология пәні, міндеттері маңызы.
  8. Таным методтары. Философияның танымдағы методологиялық қызметіне тоқталыңыз
  9. Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз.
  10. Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз

Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор.

Философияның негізгі мәселелері

Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:

— Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?

— Бізді қоршаған дүние таныла ма?

— Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?

— Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?

Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.

71. Неміс философиясының ерекшеліктері

Г.Сузо мен И.Таулер (14 ғ.) шығармасында мистика өзінің бұрынғы сипатынан айырыла бастады. Жаратылыс зерттеушісі Н.Кузанский Неміс философиясында ірі тұлға болды. Ол схоластик. философияны гуманистік идеямен ұштастыруға тырысты. Неміс про-тестантизмінің негізін салушы М.Лютердің (1483 – 1546) идеяларын Ф.Меланхтон жүйеге келтірді. 16 – 17 ғ-ларда С.Франк, В.Вейгель, әсіресе Я.Беме (1575 – 1624) мистиканы пантеистік бағытта дамытты. Белгілі дәрігер, философ А.Т. Парацельс (1493 – 1541), математик И.Кеплер еңбектерінде мистик. және натурфилос. идеялар ұштасып отырды. Г.В. Лейбниц философиядағы эмпиризм пен рационализм бағыттарын үйлестіруге тырысты. Неміс идеализмін негіздеп берген Лейбництің идеяларын жүйеге келтіріп, таратқан Х.Вольф (1679 – 1754) еңбектері көптеген жылдар бойы университеттерде философияның негізі есебінде оқылды. Оның шәкірті А.Баум-гартен эстетиканы тұңғыш рет философияның жеке пәні ретінде қарастырды. 18 ғасырдағы неміс ағартушылығының ірі өкілі Г.Э. Лессинг ой еріктілігін, гуманизм идеяларын пантеистік спенозизм тұрғысынан қорғады. И.Г. Гердер тарихшылық идеяларын, әсіресе тіл, көркем өнер, мәдениет дамуын белгілі бір тарихи және ұлттық негізге байланысты түсінуді ұсынды. Ағартушылық философиясы И.Г. Гаманн (1730 – 88), Ф.Г. Якоби (1743 – 1819) және И.Г. Гердердің (1744 – 1803) протестанттық метафизикасында көрініс тапты. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы И.Кант философиясы 19 ғасырдың бас кезінде Лейбниц-вольфтік рационализмді ығыстырып, Германияда мемлекеттік философияға айналды. Канттың тікелей ізбасары К.Л. Рейнольд (1758 – 1823), С.Маймон, И.С. Бек, Я.Ф. Фриз болды. Кант идеяларын И.Г. Шеллинг одан әрі дамытты. И.Г. Фихте “Тәжірибелік ақылға сынды” негізге алып, этиканы өзінің философия жүйесіне арқау етсе, Шеллинг Канттың дуализмінен шығу жолын эстетика төңірегінен іздестірді. Фихте, Шиллер, Шеллинг мәдениетке тарихи тұрғыдан қараудың негізін қалады. Фихте қарама-қайшылықты философиялык жүйе құрудың негізгі принципі етіп алды. Шеллинг өзінің натурфилософиясында Фихтенің субъективті-идеалистік диалектикасын объективті-идеалистік диалектикаға өзгертіп қалыптастырды. Г.В. Гегель абсолютті-субъективті субстанция жөніндегі ілім арқылы Кант дуализмін жеңуге тырысты. Сөйтіп, Гегель философияны қайтадан рационализм саласына түсіріп, жаңа диалект. сипат берді. Гегель және оның мектебімен қатар Неміс философиясының дамуында И.Ф. Гербарттың педагогикасы мен психологиясы, Б.Больцаноның логикасы мен Ф.Э. Бенеканың психологиясы маңызды рөл атқарды. Гегельден кейін Неміс философиясының метафизика мәселелеріне қызығушылығы төмендеп, философия жеке ғылымдардың негізіне айналды. Материализмді К.Фогт, Я.Молешот, Л.Бюхнер және Ф.А. Ланге жаратылыстану материализміне; Э.Геккель – монизмге; В.Оствальд – энергетизмге өзгертті. Жаратылыстану мәселелеріне негізделген философия В.Вундтың тәжірибелік-физиологиялық психологиясында, Э.Лаас пен Е.Дюрингтың жаңа позитивизмінде, Р.Авенариус, Э.Мах пен Т.Циенның эмпириокритицизмінде, В.Шуппенің имманентті философиясы және Х.Файхингердің идеалистік позитивизмінде немесе функционализмінде көрініс тапты.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 108 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав