Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көне Грекия мен ежелгі Римдегі қоғамдық-саяси жағдаят.

Читайте также:
  1. Ежелгі грек театры.
  2. Көне грек және рим мәдениетінің даму сатылары қандай болды?
  3. Көне заман мәдеииеті аясындағы философия
  4. Көне мәдениетті оқытудың маңызы.
  5. Көне шығыс философиясы: Үнді және Қытай философиясы

Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты көне полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы — мемлекет қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске қаланың өз жерімен қатар, оны қоршаған егістік жерлер де кіретін болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс жағдайында халық жиналыстарына, сот процестеріне және мемлекеттік маңызы бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұндағы шаруашылықтың жүргізілуі құлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет-қалалардың орналасқан аумағы әртүрлі болған. Мысалы: Афины мемлекет-қаласының көлемі 8400 шаршы киллометр, ал Спартаның көлемі — 2650 шаршы киллометр болды. Ғалымдардың пікірінше, Грекиядағы мемлекет-қалалардың жалпы саны екі мыңға жуық болған. Солардың ішіндегі ең ірілері Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы және тағы да басқалары. Саяси жағынан алып қарағанда көптеген мемлекет-қалаларға ұсақталып бөлінген Грекия, дәл осы архаика-лық дәуірде басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамтитын «Эллада», «Эллиндер» деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайға табыну орындары — ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастайды.Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера — аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары: Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған, ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Дүниежүзілік өркениетке гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан теңіз, бұл ұлы халықтар бірін-бірі толықтырып отырды. Міне, сондықтан да болар, қазіргі Еуропа мәдениетінің іргетасын қалау — бұл ұлы халықтардың ортақ мақсаты, ортақ ісі болды. Әрине, гректер өнердің қай саласында болса да кош ілгері болды, римдіктерге қарағанда ғылымға да көп үлес қосты, диалектика саласында да шеберліктерін көрсете білді. Тіпті Рим өнерінің тұтастай алғанда грек өнерінен туындаганын тарихи тұрғыдан дәлелдеуге де болатын шығар. Алайда, Римнің ғасырлар бойы жинақтаған мәдени мұрасы Еуропаның мәдени іргетасын қалауда айрықша орын алатынын естен шығармаған жөн. Тарих беттеріне тереңірек үңіле қарасақ, римдіктердің алғашқы кездерде өздерін тағыларша ұстағандығын байқауға болады. Мысалы, Ювенал өзінің сатиралық бір шығармасында гректердің көркем дүниесін бағалай алмаған дөрекі рим солдатын шынайы көрсетеді, ол солдат өзінің қалқаны мен сауытын өшекейлеу үшін атақты суретшілердің қолынан шыққан кубоктарды ұсақтап, сындырып тастаған. Біздің заманымызға дейінгі 146 жылы Коринфқаласының қалауымен антика тарихының гректік дәуірі аяқталады. Ионий теңізінің жағасында орналасқан бұл қала грек мәдениетінің басты орталығы болатын, бірақ гүлденген бұл мәдени ошақты Рим консулы Муммийдің солдаттары жоқ қып жібереді, ал өртенген сарайлар мен храмдардағы асыл қазыналар Римге жеткізіледі. Алайда, арада екі ғасыр өткеннен кейін жағдай түбегейлі өзгерді. Ендігі жерде Рим ақсүйектері өнердің қадірін түсіне бастады, сөйтіп қираған Коринф қайтадан түлеп, тамаша мәдени ескерткіштермен жасанып шыға келді.

Жалпы біздің заманымызға дейінгі III ғасырдың аяғынан бастап Римнің әскер басылары жаулап алынған грек қалаларынан өнершығармаларын кемемен тасып әкетіп жатты. Бұл жағдай римдіктердің көркемдік талғамын дамытуға жол ашты. Римнің қоғамдық ғимараттары, храмдары мен алаңдары Мирон, Фидий, Скопас, Поликлет, Лисипп, Пракситель сынды ұлы шеберлердің мүсіндерімен толды. Үздік өнер туындыларының үлгілерін жасауға Рим ақсүйектері қыруар қаржы жұмсады, сөйтіп грек мүсіншілерінің ең атақты ескерткіштерінің көшірмелері көптеп дайындала бастады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 49 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав