Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз

Кунь-Цю (551-479 ж. б.э.д.) Еуропа тілдерінде Конфуций басқаша айтқанда «Ұстаз Кун» Лу провинциясында Цюй фу деген кішкентай қалашықта дүниеге келген, әкесінен ерте айырылып, анасының тәрбиесінде болды. Жеті жасында мектепке барып, он жыл бойы аса үлкен ыждаһаттылықпен оқыған. Ол рәсімдер мен әртүрлі рәміздерге көп көңіл аударған.

19 жасында үйленіп, астық амбарларының күзетшісі болған. 66 жасқа дейін Қытайдың барлық жерлерін аралап көрген. Сонан соң өзінің туған қаласына оралған. Оның ілімі тез арада тарап, көп ізбасарлары пайда болған. Өмірінің ақырында оның 3 мыңға жуық оқушылары болған.

Конфуцийдің негізгі еңбектері «Көктем мен күз», «Кеңес пен толғам».

Конфуций адамның қоғамдағы және мемлекеттегі орны, тәртібі, өмір сүру канондары жөнінде көп ойланған. Яғни, ол этика мәселесімен терең айналысқан.

Конфуций пікірінше, аштан өлу – кішкентай оқиға, ал моральдан айырылу - өте үлкен оқиға.

Конфуций ілімінің өзегі, негізі - Цзюн – цзы, яғни мәрт азамат кісі.

Конфуцийдің ойынша аспан аясындағы бес асыл қасиетті бойына жинаған адам кісілікті деп танылмақ.

Нақты қандай қасиеттер?

- Сыпайылық, кеңдік, шыншылдық, зиялылық, мейірбандық

Сыпайылық – сыйынды арттырады.

Кеңдік – құрмет туғызады.

Шыншылдық – сенімге жеткізеді.

Зиялылық – табысқа бастайды.

Мейірбандық – билікке жол ашады.

Конфуций мемлекеттің тұрақтылығы туралы мәселе алдыңғы шепке шығып, қоғамдық маңызға ие болған ерекше тарихи дәуірде өмір сүрді. Сондықтан қоғамда баянды тұрақтылық немесе өмір сүру заңдылықтары ұдайы орын алуы үшін оны қалай басқару керек деген сұрақ ойшылдың көкейінде әруақытта тұрды. Ал адам Конфуцийді белгілі бір жүйеліктің заңды бөлшегі ретінде қызықтырады. Сондықтан да оның адам туралы ілімі мемлекетті басқару ілімімен тығыз байланыста болады. Өйткені, Конфуций әртүрлі жағдайларда адам өзін - өзі қалай ұстауы керек екендігін көрсетуге тырысады. Оның ізденістерінде адам туралы теориялық пайымдаулардан гөрі практикалық ақыл – кеңестер басым болып отырады.

Конфуций пікірі Қытай халқының дүниеге көзқарасының ерекшеліктеріне сүйенеді.

Ол адамды табиғаттың оған бағынатын заңды құбылысы ретінде қарастырады, сонымен қатар адамның табиғатқа өзін қарсы қоя алатындығын да ескереді. Мұның өзі адамның Аспан мен Жердің ортасында тұрғандығымен түсіндіріледі. Бір жағынан, адам жер мен көкті өзара біріктіретін дәнекер ретінде дүниенің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өзінің дүниедегі өзіндік орнына байланысты ол жермен де, көкпен де ерекше қарым – қатынаста бола алады.

Конфуций дүниенің құрылымы және дүниеге көзқарас мәселесімен айналасуды қаламаған, рухтар туралы да айтудан бас тартқан.

Барлық адамдардың өзін - өзі ұстауы туралы өте құнды ілім жасады. Ұстаз айтыпты:

Адамды жақындастыратын – тумыс, табиғат, алыстататын – болмыс, ғадет.

Конфуций жүйесінде көне дағдылардың дәрежесі және олардың ілімдері өте жоғары бағаланды, дегенмен алдыңғы қатарға білімнің тек өзі емес, дұрыс әдеп шығып отырады.

Білімнің құндылығы оның жақсы әдептердің қалыптасуына жағдай жасауында болып табылады. Конфуций ілімдері этикет тәртібі бойынша қолданылады. Оларды дұрыс қолдану әр адамның өзіне байланысты болады. «Ритуал» нормаларына сәйкес болу үшін өзін - өзі ұстай білу – осының өзі адамгершілік. Адамгершілікті іске асыру адамның өзіне байланысты, оған басқалардың қатысы бар ма? Сөйтіп, адамгершілік ритуалға бағынышты болып табылады. Ізгілікті адам болу үшін өзін - өзі әруақытта жеңіп, этикет тәртіптерімен басқарылатын қоғамдық қарым – қатынастарға толығымен еніп, оның міндеттерін керекті дәрежеде орындау қажетті шарт болып табылады. Қытай дәстүрінде адам табиғаты екі жақты: бір жағынан оның туа біткен қасиеттері, екінші жағынан, ұдайы өзін - өзі дамытып отыру қабілеттілігі бар. Өйткені адам өзінің көптеген қасиеттерін еркін жұмсап, тәртібін қадағалап дұрыс пайдалануға тырысады. Басқаша айтсақ, адам өзін - өзі басқара білуі керек. Конфуций ізденістері осы қисынға бағытталған.

Ұлы ойшыл мұрасының тамаша бір жалғасы – тәрбие мәселесі. Ол ерекше көңіл бөлген, дамсытқан қағидалар қазіргі уақытта да өзінің ғылыми – практикалық, дидактикалық маңызын жойған жоқ.

Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты.

Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.

Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.

Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады.

Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі.

Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы.

«Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін жоғары бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек.

«Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалаң.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан», - деп жазды Абай.

 

 

9.Платонның Дүниені «Идеялар әлемі» мен «Заттар әлеміне» бөлуінің себептерін талдаңыз

Платон әлемнің толық суреттемесі болатын концепция түзді. «Тимей атты шығармасында: Дүниеде идея, материя және құдай бар дейді. Құдайды шебер жаратушы дейді. Идея мен материя қоспасынан «демиург» құдай әлемдік рухты жаратып, кеңістікке таратады. Әлемдік рух өзінің бастапқы күйінде стихияларға бөлінеді: от,ауа, жер. “Космос - ақылды тірі жан”, - деп түсінеді. Әлемнің құрылымы мынадай: 1) Құдыретті ақыл (демиург); 2) Әлемдік рух; 3) Әлемдік дене. Болмыстағының бәрі мәңгіліктің көлеңкесі, идеялар дүниесінің бейнесі. Шынайы болмыс - тек идеялар әлемі.

Платон Идеялар Әлемінің теориясын жасап, Аристотель Дүниедегі материя мен форманың ажырамас бірлігін паш етеді.

Көне замандағы ғылымдарды жіктеу мәселесі – ғылым тарихының өзекті мәселелерінің бірі. Әрине, мұндай іспен әдейі айналысқан сол кезде ғалымдар болды десек, артық болар еді. Дегенмен де, көне грек философиясының ұлы жүйелер жасаушылары Платон мен Аристотельдің еңбектерінде бұл мәселе олардың назарынан тыс қалған жоқ. В.Вундтың айтуына қарағанда, көне заманда ғылымды жіктеу философияның өзін жіктеумен тең болды, өйткені, жеке ғылымдар әлі оның шеңберінен шығып дербес дәрежеге ие болған жоқ еді (қара: В.Вундт. Введение в философию. М.Добросвет, 1998, с.44-46). Мұндай пікірмен толығынан келісуге болады.

Қайсыбір саланы жіктеу үшін оған негіздемелер, критерийлер (анықтаушылар) керек. Ұлы Платонның еңбектерінде ондай анықтаушы ретінде дүниетанымдағы адамның рухани қабілеттерінің айырмашылықтары қойылған. Мұндай адамның рухани қабілеттері – үш. Біріншіден, Дүниені үғымдармен тану. Платонның барлық еңбектерінде ол диалог (сұхбат), я болмаса, сұрақ пен оған жауап беру арқылы жүреді. Екіншіден, сезімдік қабылдау арқылы біз Дүниедегі заттарды көреміз, олардан шығатын дыбыс пен иісті аңғарамыз т.с.с. Үшінші – ырық пен тілеу, қажет ету. Олар адамның өмірдегі іс-әрекетін тудырады. Осыған сәйкес Платон үш жеке ғылымдарды мойындайды. Олар: диалектика, физика және этика. Платонның диалогтарына көз жіберсек, «Теэтет», «Парменид», «Софист» - диалектика мәселелеріне арналған, «Тимей», «Федон» - физикаға, «Мемлекет», «Саясаткер» - этикаға. Платон диалектиканы ең жоғары ғылым деп санайды, өйткені, ол рухтың ең биік қабілеті – ойлайтын парасат. Олсыз физика мен этика – толық емес, жетілген білім өз салаларында жасай алмайды. Сондықтан, диалектика оларды да самғап өтеді. Бұл қарым қатынасты былайша көрсетуге болады:

Августиннің ойынша, Құдай мен ақиқат- тең. Бірақ, олардың арасында, сонымен қатар, айырмашылық та бар. Ақиқат- Құдайдың ойы. Бұл арада бізге Платонның “Идеялары әлемі есімізге келеді. Тек қана Августиннің идеялары Жаратушының дүниені тудырар алдындағы ойлары ретінде түсініледі.

Сонымен, Құдайда ойлау заттардан ерте, ал адамдарда - заттардан кейін жүреді. Енді, міне, біз Августиннің Құдай ұғымына тікелей жетіп қалдық.

Патристикалық философия христиан дінінің негізгі қағидаларын жүйеге келтіріп Х1 ғасырға қарай діни философияның екінші сатысына өтуге жағдай жасады. Патристиканың мистикалық жағы жаңа жағдайда көп ойшылдарды қанағаттандырмай, Тертуллианның жоғарыда келтірген нақыл сөзі басқаға “credo ut іntellіgam (сенемін-түсіну үшін) ауысады.

Құдайға сену бұрынғыдай бірінші орында болса да, қазір одан кейін білім қойыла бастайды. Негізгі мақсат - құдіретті аян арқылы берілген ұғымдардың мазмұнын анықтау, ақыл-ой елегінен өткізу бір-бірімен үйлесімді түрде ұштастыру т.с.с.

X1-X11 ғасырларда алғашқы рет универсалиялар (жалпы ұғымдар) жөнінде қарама-қарсы тұрған екі бағыт - номинализм және реализм пайда болды (realіs,-лат. сөзі,- шындық, заттық; nomіnіs- лат. сөзі,- затқа қойылған ат).

Схоластиканың пісіп-жетілген уақыты X111-X1V ғасырларда. Негізгі идеялар университеттерде шыңдалады. Негізінен алғанда, бұл уақытта Платонизмның негізгі идеялары сыртталып, Аристотелизм оның орнына келеді.

Схоластиканың соңында (ХV ғғ.) сенім мен ақыл-ойдың үйлесімді болуына күмән келтіріліп, бірте-бірте “екі ақиқат ілімі тарала бастайды.

Бүкіл схоластика – шынайы өмірмен байланысы жоқ, өткен ғасырлардан жеткен кітаптардағы ой-пікірлерді зерттеп, солардың ашылмаған сырын табуға бағытталған философия болды. Сондықтан, жаңа заман келіп “тәжірибелік білім етек жайған кезде “схоластика деген ұғым теріс мағна алып мазмұны жоқ, өмірден алшақ, бос сөздік ретінде қаралып және бүгінгі өмірде де солай түсініледі.

Схоластиканың алғашқы кезіндегі қойған мәселесі универсалиялардың табиғаты (unіversalіs,- лат. сөзі,- жалпы) жөнінде болды. Бүгінгі таңда универсалиялар деп біз филоофиядағы ең жалпы ұғымдарды айтамыз.

Универсалиялар жөніндегі ілім алғаш рет Плотиннің Философиядағы “идеялар теориясында кездеседі. Плотиннің ойынша, қайсыбір жалпы ұғымға сәйкес келетін идея бар, олар нағыз болмыс -“идеялар әлемін құрайды. Жердегі сезімдік заттар болмысын алсақ, олар көптікке жатады, жалпылық өзгеріске түсіп бөлініп жеке затта ешқашанда толығынан көрінбейді.

Платонның Эйдос әлемі – рухани әлем және сонымен қатар, бұл Дүниедегі нақтылы заттардың алғашқы кей пі. (eіdos - идея). Философтың ойынша, идеялар заттардың табиғатында көмескіленіп, бұрмаланады. Сондықтан сезімдік заттар әрқашанда толығынан өзінің идеясына сәйкес келмейді. Платонның ойынша, идея әлемі мен заттар әлемін бір-бірімен қосқан Демиург – ол мәңгілік өмір сүріп жатқан енжар материядан идеяларға ұқсайтын, соған сәйкес заттарды жасайды. (demіeourgos – грек сөзі, -өнерші, -demіourgos - қолөнерші, ұста).

  Аристотельдің материяға қатысты ойларын еске түсіріңіз

Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.

Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» — Құдай деген тұжырым жасады.

Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» — нағыз кемелденген философ.

 

Аристотельдің анықтамасындағы “материя” Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. “Материя”, Аристотельдің ойынша, “субстрат” (латын тілінде “негіз”, “астар” деген мағына береді). Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Бірақ ол мүмкіндіктен шындыққа айналуға тиіс. Сонда бұл процесс қалайша бір-біріне өтеді?

Ең алдымен материя белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Ендеше, форма жоқтан бар болмайды, болмыс еместен тумайды. Өйткені болмыс еместен ештеңе де шықпайды ғой. Ал, екіншіден, форма болмыстан да тумайды екен. Егер ол болмыстан пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар екендігі даусыз болар еді.

Сонда Аристотельдің формаға берген анықтамасы, жалпы Платонның идеясын, яғни идеалдықты елестететін болды ғой. Бәрін былай қойғанда, жаңа замандағы К.Маркстің тауарды, құнды, қосымша құнды, тағы басқаларын әрі реалды, әрі идеалды деп анықтағанына ұқсас болып шықты ғой деген ойға келуіміз де мүмкін.

Ол да рас. Шынында да, болмыстың болмауы және шын мәніндегі болмыс осы Аристотель айтып отырған форманы көз алдымызға елестетеді. Яғни Аристотельдің тілімен айтқанда, форма әуелгі кезде болмыс “мүмкіндігі”. Ал оның мүмкіндіктен шындыққа айналуы форма болып шығады. Бірақ мәселе мынада. Қалайша болмыс болмыс емеске, одан керісінше айналады, ол ненің әсерінен болады? Оның қайнар көзі қайда жатыр? Аристотельдің айтуынша, шындық болатын болмыс формасы әуел басында өзінің бойына мүмкіндікті сақтайды екен. Өзінің ойын Аристотель былай деп түсіндіреді. Адам әуелгі кезде сауатсыз еді, енді сауатты болды. Оның сауатты болғаны, бұрынғы сауатсыздығынан емес, керісінше, адамның сауатты болғаны, оның бойында сауаттылыққа деген мүмкіндіктің (қабілеттің) бар болғандығынан.

Ендеше материяның, субстраттың бойында екі жағдай бар. Бірі — онда әлі “форма жоқ”, ол кейін пайда болады, екіншіден, онда болашақта “формаға” айналатын мүмкіндік бар. Бұл бір процестің екі жағы. Бірі — теріс анықтама, ал екіншісі — оң анықтама.

Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза мүмкіндік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкіндік қана емес, ол іске асқан шындық.

Айталық, егер біз “мраморды” алсақ, ол оз алдына жатқан “материя”, яғни сезімдік зат. Оның осы күйінде химиялық, физикалық, биологиялық ерекшеліктері, қасиеттері бар. Оларды ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл, Аристотельдің тілімен айтқанда, “соңғы материя” болады.

Ал енді оның осы табиғи қасиеттерінен басқа жағына, оның іске асатын мүмкіндігіне көңіл бөлсек, оның шындық жағдайы туады. Бұл мүмкіндікті (ешқандай физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерімен ғана шектелмейтін) ешуақытта да, еш жерде де сезім арқылы қабылдауға болмайды. Ол тек оймен ғана айқындалады. Осындай жағдайға байланысты, оны “белгісіз субстрат” деп атайды. Ал Аристотель өзінің философиясында бұған “бірінші материя” деп ат берді.

Бұл жерде үлкен бір философиялық мән жатыр. Тегі осы “соңғы материя” мен “бірінші материяның” байланысы диалектикалық болуға тиіс. Бірі сезімнің химиялық, физикалық, биологиялық ерекшелігімен дараланса, екіншісі басқа да қасиеттерімен, басқа да сапалық ерекшеліктерімен анықталуға тиіс. Міне, осы ерекшеліктер мүмкіндіктің шындыққа, материяның формаға айналуын белгілеп беретін болғаны.

Аристотельдің бұл пікірі бірін-бірі диалектикалық байланыста ұстап отырған “материя” мен “форма”, яғни мүмкіндік пен шындықтың бір-біріне өтуі, олардың өзара тығыз байланыстылығы басқа бір процестен келіп шығады ма деген ойға әкеп тірейді.

Сонда ол не болды екен? Мүмкін осының бәрі адамдардың іс-әрекетіне байланысты шығар? Аристотель өзінің шығармасында мұндай өзара байланысты, өзара сабақтас ұғымдар тізбегін: мрамор — мүсін — мүсіншіні көрсетіп берді емес пе? Сонда адам ғой негізгі, оның іс-әрекеті де маңызды рөл атқарады екен ғой.

Біз осы ойды терең талдай отырып, мына пікірге ойысамыз. Айталық, мрамор — субстрат материалды зат болса, оның бойында табиғи ерекшеліктерінің бәрі бар. Ал енді осы мрамор мүсіншінің қолына түсті делік. Одан шебердің қолы арқылы тамаша мүсін пайда болады. Сонда бұл ненің нәтижесі? Бұған жауап бере келіп, әрине, Платон мен Аристотель мұны күні бұрын адамның басына ұялаған идеяға байланысты дер еді. Өйткені осы идеяның негізінде ғана мрамордан салтанатты сарайдың, адамның, жан-жануардың мүсіндері, әдемі ыдыстардың, тағы басқа да әсем заттардың өзі пайда болады ғой.

Иә, ол да дұрыс жауап. Дегенмен, Аристотель өз ұстазы Платонның абсолюттік идеясынан гөрі басқаша пікір айтып отыр емес пе? Сондықтан ол осы заттарды, әсем мүсіндер мен салтанатты сарайларды тудыратын адамдардың идеялары ғана емес, олардың қызметі деп есептейді.

Жаңа заманда, капитализм дәуірінде ғана дүниеге, ойлау процесіне енген адамдардың қызметі туралы идея сонау көне грек дәуіріндегі Аристотельдің басына ұялағанына таң қаламыз.

Амал нешік, жағдай солай болған соң?! Көне грек философиясының жоғары шыңы болған Аристотель өз заманындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық қатынастарға терең талдау жасай отырып, ол тіпті құн формасын зерттеуге дейін барды ғой. К. Маркс өзінің “Капиталының” I томында бұл жөнінде: “Ең алдымен Аристотель тауардың ақшалай формасы — құнның жай формасының тек келешектегі дамуы ғана, яғни бір тауар құнының әйтеуір басқа бір тауардан көрінуі ғана деп мүлдем айқын көрсетеді”,— демей ме?!

Бірақ ол кезде, яғни көне грек заманында құн ұғымының болмауы Аристотельдің қайшылыққа тап болуына әкелді де, ол әрі қарай мәселені талдауды тоқтатады. Ал, шындығында, бір тауар мен екінші тауардың өзара алмасуының негізі бір нәрсеге байланысты ғой. Ол — адам еңбегі емес пе? Ендеше, Аристотель материядан формаға, мүмкіндіктен шындыққа өту адам қызметінің нәтижесі деп көрсетсе, оның не артықтығы бар? Дегенмен, Аристотель тауар құнының формасында енбектің барлық түрлері бірдей бар екенін аша алмаған. Яғни, басқаша тілмен айтқанда, тауар құндарының формасында еңбектің барлық түрлері бірдей және демек, бір-біріне тең адам еңбегі болатындығын Аристотель құн формасының өзінен шығара алмады, өйткені грек қоғамы құл еңбегіне негізделгенді, демек, бұл кемшіліктің табиғи негізі адамдардың және олардың жұмыс күштерінің теңсіздігінде жатыр еді. Еңбектің барлық түрлері тең және бірдей. Өйткені олар жалпы адам еңбегі болып табылады, құн көрінісінің бұл жасырын сыры адам теңдігінің идеясы халық сезімінде тұрақты орын алған кезде ғана ашылуы мүмкін еді. Ал мұның өзі тауар формасы еңбек өнімінің жалпы формасына айналған қоғамда, демек, тауар иелері ретіндегі адамдардың өзара қатынасы үстемдік етуші қоғамдық қатынас болып табылатын кезде ғана мүмкін болады. Аристотельдің данышпандығы дәл мынадан көрінеді: тауар құнының көрінісінен ол теңдік қатынасын ашады. Ол өмір сүрген қоғамның тарихи өрісінің тарлығы ғана бұл тендік қатынасының мәні “шындығында” дәл неде екенін ашуға оған кедергі болды.

Аристотельдің материя мен форманың арақатынасы, олардың диалектикалық өзара байланысы туралы қарастырған мәселесі жаңа замандағы көптеген философтардың ой желісіне арқау болғанын байқаймыз. Бірақ бұл мәселені тек адамдардың практикалық қоғамдық қызметі арқылы ғана түсіне аламыз ғой. Материяның формаға айналуы, мүмкіндіктің шындық болып жүзеге асуы белгілі бір тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Адамдардың практикалық, өндірістік қызметі белгілі бір жағдайдағы материяны, субстратты қоғамға қажетті аса бір құнды формаға айналдырып, заттың белгілі бір кезеңдегі табиғи, жаратылыстық негізін өзгертіп қана қоймай, оның бойындағы жасырын сырын да қоғамдық негізде кеңінен аша түседі. Қоғамдық адамдардың практикалық қызметінің әсерінен материя, тіпті, ғажап түрде өзгеріп, ол жаңа бейнеге, формаға ие болады. Мұндай құдіретті тудыратын заттың өзіне ғана тән физикалық, химиялық, биологиялық өзгешеліктері ғана емес, оның басты себебі адамдардың қоғамдық шығармашылық еңбегінде жатыр. Түрленіп, ерекше қасиеттерге ие болған форма да, өзінің белсенділігінің арқасында, материяның қозғалысы мен дамуына жаңадан жол ашып, бағыт сілтейді. Материя мен форманың бірлігі тек адамдардың қоғамдық материалдық қызметінің шығармашылық дамуының нәтижесінде ғана айрықша көрінеді.

Сонымен, материя мен форма өздерінің мәнін тек қоғамдық материалдық практикалық негізде ғана табады. Ендеше, тек материяны әлде форманы асыра дәріптеу екі жақты, кейде тіпті шешілмейтін қайшылыққа алып келеді. Аристотельдің таным теориясындағы бір ерекшелік — ол Платонның философиясындағы тар өрістілігін сынай отырып, материя мен форманың басын біріктірмекші болды. Өйткені Аристотель жаңа дәуірде, әсіресе, көне грек мәдениетінің құлдырау кезеңінде мазмұн мен форманы, материя мен форманы біріктіре, өзара тығыз байланыстыра қарамайынша дүниенің (табиғат пен қоғамның) негізін аша алмаған болар еді. Сондықтан Аристотель Платонның тар өрістілігін ғылым саласымен жете айналыса отырып аңғарды.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 42 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав