Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз

Читайте также:
  1. Античная философия классического периода: Платон и Аристотель.
  2. Античная философия периода расцвета. Демокрит, Платон, Аристотель. Начало формирования философских концепций права.
  3. Аристотель
  4. Аристотель
  5. Аристотель
  6. Аристотель
  7. Аристотель
  8. Аристотель
  9. Аристотель
  10. Аристотель

Аристотель б. д. д. 384 жылы Старгирде дүниеге келді. Платонның академиясында философ ретінде қалыптасу кезеңінен өтті, ұсазының философиялық ілімін жалғастырды. Аристотельдің)философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы сияқты. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды..Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды.

Философияны Аристотель «бірінші философия» және «екінші философия» немесе метафизика, физика деп бөледі. Метафизика – барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, ол жоғары себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің және дүниенің басталуының төрт себебін атап көрсетеді:

1. Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп «Неден?» деген сұраққа жауап береді.

2. Форма – заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді.

3. Қозғалтушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, «Қозғалыс қайдан басталады?» деген сұраққа жауап береді.

4. Мақсат себеп, немесе өзгертудің себебі, «Не үшін?» деген сұраққа жауап береді.

 

  Аристотельдің логика ғылымына қосқан үлесін көрсетіңіз

 

Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыкасалаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған).

Аристотель өзінен бұрыңғы грек ғылымының жетістіктерін жалпылай логика ғылымын негіздейді. Аристотельдің логикасы математиканың дамуына күшті ықпал жасады, ол дедуктивті-логикалық әдістің қалыптасыуына әкелді. Қазіргі математикалық құрылыстың негізгі іргетасы саналатын аксиома, анықтама, теорема, дәлелдеулер дейтіндер Аристотельдің логикасы негізіндк жасалған. Аристотель-жанды, жансыз табиғат жөніндегі ғылымдарды жасауға көп ат салысқан философ.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.[1]

Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйеле р), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.

Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Олдедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады. Дәстүр бойынша Аристотельдің логикасы — аподейктика — анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған.

Аристотель дедуктивтік-силлогистік ілімді дамытса, Эпикур мен оның ізбасарлары индуктивтік логиканың бастауын ашып, индуктивтік жалпылаудың бірқатар ережелерін тұжырымдаған. Аристотельдің логикалық идеяларының сақталуына, олардың мән-маңызының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың сіңірген еңбегі зор. Аристотельдің дәлелденбейтін пікір, индукция туралы ілімін әл-Фараби жүйелі түрде дамытты. Ол предикат түрінде “өмір сүретін” құбылыстың бары жайында мүлде жаңа мәселе қойып, шартты силлогизм теориясын егжей-тегжейлі талдады, сөйтіп, логикадағы диалектикалық мәселелерді түсінуге елеулі үлес қосты.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 68 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав