Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гераклит пен Сократтың диалектика іліміне қосқан үлестері жөнінде айтып беріңіз

Читайте также:
  1. C) диалектика
  2. Азақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырылуы және оны дамыту жөніндегі мемлекет саясаты.
  3. Античная филисофия: истоки и общая характеристика.Диалектика материи и идеи-основная проблема античной философию
  4. атерсіз және қатерлі ісіктерге жалпы сипаттама беріңіз
  5. Билет 19. Принцип ситемности. Диалектика формы и содержания. Методологическое значение системного анализа в медицинском познании.
  6. Билет 20. Принцип причинности. Диалектика причины и следствия. Проблема причинности в медицине.
  7. Билет 30 Идея развития в философии. Законы диалектики Диалектика как концепция развития. Основные идеи современной синергетики
  8. Бытие человека как центральная проблема философии. Диалектика природного и социального в человеке.
  9. Вопрос 11. Диалектика и метафизика как методы познания и действия. Критика софистики и эклектики.
  10. Вопрос 12. Диалектика субъекта и объекта в философии И.Фихте и Ф.Шеллинга. Философская система Г.В.Гегеля.

Диалектика дегеніміз-болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика-дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол-әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгеріп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір-бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырад.. Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: “Даму дегеніміз не?”, “Ол неліктен болады”, “Даму қалай іске асып отырады”, “Даму қайда бағытталған” сияқты маңызды проблемалар жатады. Алғашқы грек философиясының негізін қалаушылардың арасында оқшау тұрған Гераклит (V1-Vғ.ғ., б.з.д.). Ол Эфес қаласында дүниеге келген.

Гераклиттің нақыл сөздерінің мәнін түсіну қиын болғаннан кейін оған “күнгірт² деген ат қойылған. Гераклит “Бұл ғарыш, барлық өмір сүргенге бір, еш Құдай, я болмаса адам жаратпаған, болған, болып жатқан, және болатын жарқыраған тірі от, өлшемді түрде сөніп, жанып отырады².

“Алтын тауарларға, тауарлар алтынға алмастырылғандай, бәрі де отқа, от бәріне алмастырылады². Гераклит Дүниенің мәңгілік өзгерісте, қалыптасу үстінде екенін ашық көрсетеді. Пан та реи (pan ta rheі), бәрі де қозғалыста, бәрі де ағым, ешнәрсе қозғалмай тұрақты тұрмайды, бәрі де өзгеріп басқаға айналады,- деген терең пікір айтады. “Өзен суына екі рет кіруге болмайды. Біз өзен суына кіреміз, сонымен қатар кірмейміз, біз сол өзімізбіз, сонымен қатар басқамыз².Ойшылдың бұл ойлары бізге түсінікті. Бір қарағанда өзен сол өзен болып көрінгенмен оның суы үне бойы ағыста болғаннан кейін жаңарып отырады. Сондықтан, екінші реттей өзенге түскенде, алғашқы сулар ағып кеткен. Сонымен қатар біздің өзіміз де осы уақыт шеңберінде өзгердік.

Гераклиттің шәкірті Кратил біз бір реттей де өзенге түсе алмаймыз, өйткені, біз суға кіріп жатқанда олар сол сәтте ағып кетеді, оның орнына жаңа су толқындары келеді, біз өзімізде сол сәтте өзгеріп жатамыз,- дейді.Гераклит Дүниенің мәңгілік қалыптасу екенін көрсетіп қоймай, сонымен қатар, оның қайнар көзін іздейді. Гераклиттің түсінігінше, қалыптасу дегеніміздің өзі қарама-қарсылықтың бр-біріне өтуі: суық ыстыққа, ыстық суыққа, дымқыл құрғаққа, құрғақ дымқылға, жас кәріге, тірі өліге, т.с.с. айналады. Өмір садаққа, лираға ұқсайды (лира – гректердің музыкалық аспабы, әртүрлі тартылған шектерден тұрады). Заттардың қарама-қарсы жақтары өшпейтін күресте. “Соғыс – бар заттың анасы және басқарушысы², - дейді Гераклит. Бірақ, ол біржақтылықтан аулақ. Соғыс белгілі бір уақытта бейбітке, не үйлесімділікке айналады. “Олар (надандар) түсінбейді – айырмашылығы бар нәрсе ғана, өз-өзіне келеді. Ауру саулықтың тәттілігіне, аштық тоқтықтың жақсылығын, ауыр еңбек демалысты бағалаудың кепілі. Әділеттіліктің не екенін біз ренжу болмаса білер ме едік, - дейді ұлы ойшыл.

Қарам-қарсылықтардың бәрі бір-біріне өтіп гармонияға (harmonіa - грек сөзі, -қарама-қарсылықтың үйлесімге келуі) келеді. Жоғарыға кететін жолмен төменге кететін жол – сол жол, өлі мен тірі – біреу. Сонымен “Бәрі де бір, біреуден – бәрі де шығады². Бұл Дүниенің гармониясын қадағалайтын Логос. Логос – грек сөзі және оның мағнасы әртүрлі – ол ілім, сөз, сөйлем, баяндау, есептеу, қатынастарды анықтау т.с.с. Гераклиттің философиясында Логос заң ұғымына жақын. “Ақылдылыққа үйрену үшін Логосқа жақынырақ болу керек, қаланы өркендету үшін оның заңдарын күшейту қажет², - деген Гераклиттің нақыл сөздерінен Логосты Дүниенің өзгеру заңдылықтары деп түсінуге болады.

Гераклиттің Логосын, ол кісінің айтуынша, қайсыбір адам түсіне бермейді. “Маған Логосты тыңдау даналықты мойындау – бәрі де бір².

Гераклиттің “Aіon - асықтармен ойнап жатқан сәби²- деген ойы жөнінде осы уақытқа шейін философтар әртүрлі түсініктемелер береді. Біздің ойымызша, ол заңды түрде сөніп, тағы да лапылдап от болып жатқан Дүниедегі кездейсоқтықтың үлкен орнын көрсеткісі келгендей. Ал мұндай көзқарас қазіргі философиядағы Дүние жөніндегі, оның өз бойында орасан зор әртүрлі даму мүмкіншіліктерінің бар екені, олардың өмірге кездейсоқтық арқылы кішкентай ғана бөлігінің іске асатынын еске түсіреді.

Сонымен, алғашқы грек философтарының ішіндегі Гераклиттің орнының ерекшелігін, оның аса ғұлама тұлға екенін, қорыта келе, тағы да атап өтуіміз керек.

Диалектика (г. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялықғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.

Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды.

Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.

Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.

 

14. Джайнизм іліміндегі «Ахимса» ұстанымының бүгінгі адамзатқа қажеттілігін талдап беріңіз Джайнизм ілімінің ең негізгі ұстанатын қағидасы ахимса принципі

болып табылады. Ахимса – қиянат жасамау, яғни, қиянатсыздық деген

мағынаны білідіреді. Джайндар бұл ережені қатаң ұстануды жӛн кӛреді. Олар

қараңғы уақытта сыпырғышпен жолды сыпырып, суды сүзіп ішуді дәстүрге

айналдырған. Мұның мақсаты – ешбір тірі жәндікті байқаусыздан ішіп-жеп

қоймау. Сәйкесінше, джайндар вегетариандық мәдениетті ұстанады. Кейбір

жағдайларда джайндар ұстанатын тақуалық жол шегіне жетеді. Тақуа

ештеңіні иемдембеу керек деген қағиданы ұстану жолында кейбір джандар

тіпті киім киюден де бас тартатын. Махавираның ӛзі он екі жыл жалаңаш

ӛмір сүрген деседі.

Жалаңаш ӛмір сүру образы тек қана материалды кӛрініс беріп қоймай,

бұл ілім шеңберінде рухани тазалықты да бейнелейді. Ол арқылы джанизм

ілімі дүниедегі қажеттіліктерден бас тартып, абсолютті еркіндікке ұран

салады.

 

  Буддизмдегі қандай даналықтар өз руханиятыңызға жақын келетіндігін сипаттап беріңіз

Буддизм - (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VIҮндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т.

 

Буддизмнің басты сендіргені, адам мен ақиқат арасында өмірдің ауырпалықтарға толы екендігі. Төрт қасиетті ең басты шындық Будданың құтқарылу жөніндегі уағыздарының негізін құрайды:

1. Адам болмысының мәні – бейнет, азап, қиыншылық, жамандық және қанағатсыздық (дуккха). Туылу, ауру, қарттық пен өлім – бәрі азапқа жатады.

2. Азап шегудің басты себептері – қалау, құштарлық пен ашкөздік. Ал бұлар жаңа «кармаға» және «эменацияға», жаңа ренкарнацияға, өлімге жол ашады.

3. Азап шегушілікке тоқтау салу керек. Үнемі қайталанып келе беретін кезеңдерден құтылудың бірден-бір жолы – нирвана (ниббана).

4. Азаттыққа, жаңа өмірге, нирванаға жете білу керек.

 

Буддизм Үндістанның танымал алты философиялық жүйесінің бірі саналатын самкхиямен ортақ кейбір жерлері болғандықтан жүйенің буддизмнің ықпалына ұшырағандығын алға тартады. Бұл философиялық мәселелерді қоя тұрып, буддизмдегі моральдық-этика адамдарға, хайуандарға, жалпы, жаратылыс атаулыға деген сүйіспеншілік пен мейірім-шапағаттан тұрады.

Үшінші дүниежүзілік дін – Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі – оның этикалық-практикалық бағыттануы (ethos - грек сөзі, әдет-ғұрып, praktіcos - грек сөзі, белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі – адамның өмірге деген құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тартуы керек. Ол үшін адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өтуі керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. Дүниежүзілік мәдениетте мұндай өмірден бас тартуға шақыратын бірде-бір философия жоқ сияқты.

Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі – ахимса (зияндық жасамау) қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық арқылы залымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен халықтардың арасында жеңген де, жеңілген де болмауға тиіс.

Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы Дүниеден ләззат іздеген, гедонизм (gedone - грек сөзі, рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде экологиялық дағдарыс туғызған қазіргі Батыс цивилизациясына наразылық көзбен қарайтын миллиондаған адамдардың жүрегіне жақсы үялайды.

Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:

1. Азап бар;

2. Азапта себеп бар;

3. Азапта соң бар;

4. Жол азаптың тоқталуы бар.

Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна жәнемахаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады

Буддизм және саясат

Бір-біріне белгілі бір қатынастағы әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды ережесі тұрмыс пен азап шегуді ұқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм адамды өзі туған, өмір сүріп отырған әлеуметтік шындықтан алшақтатуға тырысады. Осы орайда, буддизмде әлеуметтік доктринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады.

. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен қүтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен қүтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:

  1. өмір - азап;
  2. азап нәпсіден туады;
  3. нәпсіні ауыздықтаса, азаптан қүтылады;
  4. нәпсіден қүтылудың төрт сатысы бар:
    1. жүректің оянуы;
    2. ниет, ақыл, ойды түзету;
    3. мінез-қүлықты түзету;
    4. адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаб- батқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі).

 

Матхура — Кушан патшалығындағы көркемөнер орталықтарының бірі болып табылады. Ал енді бір орталық Гандхарада, оның қазіргі шекарасынан сырт жерде, солтүстік батысында болған. Кушан мемлекеті қазіргі Ауғанстанды алып, Совет Одағының оңтүстік аудандарына дейін созылып жатқан. Бұл елдің халқы — сол кезге дейін Қытаймен шекараға жақын жерде тұрган, қытайша юз-джиб деп аталған тайпалардың ұрпақтары. Юзджилер Үндістанда буддизмнің қоргаушылары және таратушылары болып алған. Кушан әміршілерінің ішіндегі ең әйгілісі Канишка, ал оның ел билеген мерзімі Будда бейнесінің пайда болуы жайлы мәселеден де даулы болып келеді. Оның билік жүргізген мерзімін металл ақшаларды салыстыру, палеографиялық мағлұматтарға, мүсіндердегі шағын жазбаларға сүйену арқылы және, әрине, олардың өздерін стилистикалық зерттеу арқылы біздің дәуіріміздің II, тіпті, III ғасырына жатқызып жүр. Алайда, мүсіндерде кездесетін даталар сол «Канишка дәуіріне» орай жазылғандықтан, бұл әкімнің өмір сүрген мерзімі сияқты құбылмалы келеді.

Матхура мектебінің Будда мүсіншелерімен салыстырғанда Гандхара мектебінің Буддалары өңдеу техникасы жағынан жоғары, нәзік те сәнді келеді, бірақ соның өзінде салқындау көрінеді және формаларының енді келетіні кей реттерде провинциялық грек, дәлірек айтқанда, эллиндік өнердің әсер еткенін де байқатады. Бұл мүсіндерді бір кезде «Үндістандағы» грек өнерінің туындылары» деп те атады және оларды кейде «үнділіктен тыс» деп есептеп, үнді өнері тарихынан шығарып тастап та жүрді. Қазіргі кезде Гандхара өнеріне бұлай қарау әлдеқашан жайына қалды, ал оның үнді-будда көркемөнерінің бір тармағы және үнді өнері үлгілерін Орталық Азияға, одан әрі Оңтүстік-Шығыс Азияға таратудағы басты сабақтастық-сарапшылық маңызына шек келтіруге болмайды. Гандхара өнерінің сипатын мазмұны мен көзқарастар жүйесі бойынша үнділік, ал формасы бойынша эллиндік және үнділік деп анықтай түсуге болады.Будда мүсіншелерінің басқаша түрін Амаравати өнері жасады. Біздер мұнда оң қол алақанын көрушіге қарата көтеріп («абхаямудра», қорғайтынын, жақтайтынын көрсететін белгі) түрегеп тұрған Будданы көреміз. Мол қатпарлы құнды киім бұл мүсіншені Матхура, Гандхара мектептерінің Буддаларына жақындата түседі. Алайда, бұл киім Матхура мектебі мүсіншелеріндей бейнені ықшам, оңтайлы етіп тұрған жоқ, ал киімдегі мол қатпарлар Гандхара мектебінің қыруар мүсіншелеріндегідей сыпайы да сәнді емес. Бет-жүзі сопақша келген деуге болады және уақыт жағынан өзінен бүрын жасалған, Матхура мен Гандхара мектептерінің мүсіншелеріне қарағанда әлдеқайда шабытты кейіп байқатады. Мәнерлеп өрген бұрымдары бар толқынды шаштары алғашында Гандхара мектебінің Буддаларына ғана тан болса, кейіннен ол матхуралық Будданың басында да пайда болды. Матхура және Амаравати мектептерінің мүсіншелеріндегі киім Будданың сол жақ иығында ғана болса, гандхаралық мектеп мүсіншелерінде екі иығына бірдей жамылған.

Матхурада буддалық өнер туындыларымен бірге көптеген джайндық мүсіндер мен бедерлер де табылды. Тіпті, джайндық символикалық күмбездер де болыпты, алайда, олардың бірде-бірі тұтас сақталмаған. Пластика туындыларының көпшілігі, мәселен, Матхурада табылған тас бағандардағы әйелдердің өте әдемі жартылай жалаңаш денелері, тіпті де діни мазмұнда жасалмаған. Буддизм мен джайнизмің тақуа ілімдері мұндай бейнелерге шыдамдылықпен қарайтыны былай тұрсын, тіпті, оларды әдетте құрылыстарды әшекейлеудің қажетті құрамды бөлігі деп есептейтіні таң қалдырады. Мәселен, Санчидағы қақпаларға ойып салынған якша әйелдерінің, Бхархутадағы тас қорғандар сюжеттерінің Карлидағы «митхуна» жұптарының бейнелерін көріп, осындай қорытындыға келуге әбден болады. Мұны жаңа дәуірдегі (құбылыс деп) түсіндіруге тырысушылық кереғар пікірлер туғызады. Бәлкім, бұл жерде көне заманнан бері үстемдік алып келе жатқан құнарлылыққа табыну дегеннің көрініс беруі айқын байқалды ма екен? Қарапайым халық санасында ол әрқашан да бай өнімге, материалдық игілікке және бәрінен бұрын тұқымның берекелі болып, үздіксіз жалғаса, көбейе беруіне деген үміттің негізі сол жыныс табиғатына байланысты деген ұғым орын алған. Әңгіме монахтар туралы емес, әсіресе, олардың халықтан шыққан қыруар жолын қуушылары туралы болғанда жаңа діни ілімдер — буддизм мен джайнизм — бұл үміттерді ескеруге тиісті болмағаны ма сонда? Құнарлылыққа табыну әлі де берік орын алып келе жатқан село халықтары үшін ғана емес, гүлденіп тұрған қалалардың халықтары үшін де дәл осылай болды. Бізге жеткен жазбалар мен текстер бойынша дәл сол бай көпестер мен қолөнершілер одақтары осы жаңа діндердің негізгі қолдаушылары болғаны мәлім. Оларға брахманизмнің бірбеткейлік табиғатын бастан өткеруге тура келді ғой, сол себепті де Будда мен Махавира (джайнизмнің негізін салушы) өздерінің жаңа ілімдерімен олардың ойынан шықты. Буддатекстері баяндауларына қарағанда, бай куртизанкалардың өздері де Будда мен оның монах шәкірттеріне шақырушылар жіберіп, монастырьлар салу үшін қымбат бағалы тартулар жіберіп отырған.

Ашока (шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 273—232 жылдар) бізге дейін келіп жеткен жазбаларды қалдырған алғашқы үнді әмірийсі болды. Бұл жазбалардан Ашоканың Калинганы қанға бөктіріп талқандағаннан кейін барлық соғыс жорықтарын мүлдем тоқтатуға ұйғарғанын және өмірін мемлекетті бейбіт жолмен басқаруға, өз бағыныштыларына әкелік қамқорлық жасауға, бұл ретте осы оқиғалардан екі ғасыр бұрын Үндістанның солтүстік-шығысында пайда болған Будда ілімін ұстануға салтанатты уәде бергенін білеміз. Бұдан кейінгі кезеңде ол буддизмнің Үндістаннан тыс жерлеріне де мәлім құдіретті қамқоршысы болады.

16. Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз

 

Ертедегі грек философиясының шыңы, ғұлама философ-материалист, атомистік теорияның негізін алушы Демокрит (460-370 жж.б.э.д) болды. Оның бізге жеткен көптеген шығармаларының үзінділерінен біз Демокриттің ғылымының барлық салаларында қолтаңбасын қалдырғандығын аңғаруға болады, оның философия, педагогика, математика, физика, биология, медицина, психология, өнер салаларында қалдырған ғылыми мұралары белгілі. Оны К.Маркс Демокритке былай деп баға берген болатынды: “Гректердің арасынан шыққан бірінші әмбебап ақыл-ой”.
Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ой-пікірдің тарихында ерекше мәні зор. Өзінің атомистік теориясының негізінде Демокрит жеке тұлға дамуының материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдың, бір-бірінен түрі, қатарға және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Ақзалардың өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына алып келеді.
Демокрит жанның өлмейтіндігін жоққа шығарды. Демокрит адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді. Мәселен, Демокрит еңбектерінен кейбір үзінді келтіретін болсақ; “Егер де оқымаса, ешкімнің де өнерді де, даналықты да меңгермеген болар еді”, “Табиғаттан гөрі, жаттығудың арқасында көптеген адамдар жақсылық қасиеттерді меңгереді”, “Кейде жас адамдарға ақыл, ал қарттарға ақылсыздық тән болса, ақылға үйрететін уақыт емес, ол дұрыс қойылған тәрбие және табиғат”.
Демокрит ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне (“Әкенің жағымды ойы-балаларға ең жақсы өсиет”), сөздік әсеріне, сендірумен тәрбиелеуге, еңбекке үйретуге ерекше мән берді.
Демокриттің бізге жеткен еңбектерінің үзінділерінде балаларға кішкентай кезінен бастап талаптар қою туралы жан-жақты айтылды.
Демокриттің материалистік таным теориясы бойынша, білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселелерін шешуде мәні ерекше болды. Демокрит ойды, ақылды дамыту туралы мынадай мәнерлі сөздермен аяқтады: “Көптеген көп білетіндер (білгіштер) – ақылсыз (ойсыз)” деген болатынды.

Ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында кейін матералистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар фиософиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әр қайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп, жоғалып жатады.
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс)және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың негізгі қасиеті: мәңгі, бөлінбейді, өзіне- өзі тең, қозғалмайды. Бұл қасиеттер атомдардың ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар бұрыш, шар, қармақ, оймақ, т.б. тәріздес болады. Атомдар бос кеңістік болып тұрады.
Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.
Атомдарды бояу түрлері, иіс дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ. Бұл қасиеттер атомдар түйсітерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит-алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті түрде болатындығын айтқан ойшыл.

 

17. Протагордың “Адам - барлық заттардың өлшемі² деген нақыл сөзін қалай түсінетіндігіңізді талдап беріңіз

Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі — Протагор болатын. Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады. Жалпы алғанда, экономикалық дағдарыстың тоқтаусыз пайда табуға ненізделген батыстық өркениеттің бүкіл әлемге бағытталған экспансиясынан қалыптасқаны мәлім. Жеке табиғатты қорғау шараларын жүргізуден бұрын осы ахуалға жеткізген адамдық әсіре белсенділікті шектеу қажет. Әрине, «адамды бар және болатын барлық нәрселердің өлшемі» (Протагор) деп алудың гуманизтік маңызы барекендігі – талас тудырмайды. Бірақ, осындай абстрактылы гуманизм табиғатты тоздырып жібереді. Мәдениеттануда жасампаздық пен махаббат туралы жиі айтылып жүр. Енді оны табиғатқа қарай бетін бұру керек. Бізге экологиялық мәдениет қажет. Осының өзі диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін білдіреді. Ағартушылық мәдениеттегі Протагордың «Адам барлығының өлшемі» деген гуманистік мұрат ғаламдық экологилық дағдарыс жағдайында қайта қалыптастырылуы тиіс, сол сияқты тек ақылға сыйынатын өрлемелі даму идеясы да өз сыңар жақтылығын анық байқап тұр, экомәдениет мағынаны тек таза адами негіздерден ғана емес, сонымен бірге дүниеден іздеуге де шақырады; техникалық инновациялық әдептілік өлшемдерімен дәйекті сараптылып отырылуы қажет;

 

 

18. Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз

Августин Дүниенің жаратылу мәселесін ертедегі гректерге қарағанда басқаша шешеді. Плотиннің Демиургі Августиннің Құдайынан тіпті бөлек. Өйткені, оның жоғарысында “Идеялық әлем - үлгі ретінде, ал төменгі жағында мәнгілік өмір сүріп жатқан еш бітімі жоқ материя жатты. Сондықтан, Демиург, бір нәрседен екіншіні жасаған ұста сияқты, өйткені, материя мен “Идеялар әлемін² ол тудырған жоқ, олар мәңгілік өмір сүріп жатты.

Августин мұндай көзқарасқа үзілді-кесілді қарсы шығып, Дүние жоқтан (ex nіgіlo- лат. сөзі, - ешнәрседен) Құдайдың құдіретті күші арқылы пайда болды дейді. Ойшылдың айтуынша, шындықтың пайда болуының үш жолы бар.

1. Генерация жолымен (generatіo - лат.сөзі, - туу, ұрпақ) яғни тіршілік өзін-өзі тудырып отырады. Мысалы, сиырдан бұзау, жылқыдан - құлын, шешеден - бала туады;

2. Фабрикация жолымен (fabrіcatіo-лат. сөзі – жасау) яғни, бір заттан екінші затты жасау. Мысалы, ағаштан үй жиһазын, я болмаса үйді жасау, салу, саздан кірпіш құю т.с.с.

3. Жоқтан барды тудыру, (creatіo-лат. сөзі-жарату) яғни, өз денесінен, я болмаса басқа сыртқы заттан емес; Ол тек Құдайға ғана тән нәрсе.

Адамға келер болсақ, ол бірінші және екінші жол арқылы өмір сүреді - өз-өзін тудырып, табиғаттағы заттарды өзгертіп, өзіне лайықты керек нәрселерді Дүниеге әкеле алады.Бірақ, ол нағыз жаратудың не екенін білмейді, өйткені, оның өзі жаратылған, олай болса - мәңгілік емес.Олай болса, адамдардың тудырған заттар мен Құдайдың жаратуының арасында шексіз айырмашылық бар. Өйткені, Құдай бұрынғы-соңғы болмаған нәрселерді Дүниеге әкеледі. Бұл Құдайдың “өлшемсіз сыйы², өйткені, ол ешнәрсені талап етпейді, ол оның құдіретті еркінің, игілігінің туындысы.“Құдай қаласы деген еңбегінде Августин “Біз жаратушы деп бақты өсіргенді, тіпті бәрін асырайтын ана-жердің өзін де айтпаймыз. Тек қана Құдай - барлығын жаратқан, әртүрлі жолмен өзін солар арқылы көрсеткен… Егер ол болмаса, онда ешнәрсе болмас еді- дейді.Дүниені жарату жолында Құдайдың ойының алатын орны ерекше. Августиннің айтуынша “идеяларды мойындамау, Дүние ақыл-ойсыз жаратылды дегенмен тең… әрбір заттың өзінің идеясы, негізі бар. Ал идеялардың бәрі қайда, егер Жаратушының ойында болмаса?, - деген сұрақпен Августин бұл мәселені қорытады.

19.Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз.

Фома Аквинский (1225-1274) - италияндық діни ойшыл. Католиктік шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикандық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сен-Жак монастырында, кейін Париж унверситетінде дәріс береді. Сонан соң Италияға қайтып келіп, Рим Папасының сарайында болады. Сол жылдары ол Аристотельдің философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне айналдырады. 1269 ж. Парижге қайтып оралып, Құдайтану қосындысы жұмысын жалғастырады (1266—1273). 1274 ж. Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Логик, метафизик, теолог, Фома әулие Аристотельдің рационалды философиясын христиан дінімен сәйкестендіруге тырысқан. Ф. Аквинский ойынша, дін мен білімнің қарым-қатынасы гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс. Философия қарама-қайшылыққа ұрынған шағында (мысалы, уақыт шеңберіндегі жарату мәселесі), оның көмекке дінді шақыруы қажет. Ф. Аквинский- теоретикалық теологияның негізін салушы. Негізгі еңбектері: «Теология жиынтығы», «Философия жиынтығы». Ол Құдайдың барына 5 дәлелді келтіреді:

1. қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай;

2. себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай;

3. кездейсоқтық пен қажеттілік;

4. сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай;

5. мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай - мәңгі.

Ф. Аквинский томизм бағытының негізін қалаушы. Томизм – Ф.Аквинский іліміне негізделген католиктік философияның бағыты.

Ол сенім мен ақылдың гармониясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдары:

1) Сенім мен ақылдың көмегімен жүзеге асырылатын таным процесінің тәсіл-әдістерінің ортақ жақтары көп. Сенім де Ақыл да бір затты – Құдайды және ол жаратқан дүниені танып біледі;

2) Екі тәсіл де бірін бірі жоққа шығармайды, толықтырып отырады. Адам Құдайға тәуелді болғанымен, оның ақыл-ойының салыстырмалы автономиясы бар. Теология философияны, Сенім ақылды терістей алмайды, ақиқат көзі – осы тұжырымда.

3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей.

Бірақ екі тәсілдің ерекшеліктері де бар:

1) Сенім Құдай - жаратушы туралы ақиқатты сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды.

2) Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай Болмысы туралы ақиқаттың да дәлелін іздейді.

Сондықтан Аквинаттың ойынша Сенім Ақылдан жоғары. Ол Құдайдың жаратылыстан тыс нұр – шапағаты. Інжілді толтырып тұрған да осы Құдайдың жарығы. Ақыл – адамның қабілеті, құралы, табиғи нұры, ол философияның ақиқаттарында да көрініс тапқан. Ақыл діннің қызметшісі болу үшін жаратылған. Яғни, Аквинат дін мен философия ғылымның арасындағы компромисс идеясын негіздеді.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 87 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.019 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав