Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Б.Спинозаның «Еріктік - танылған қажеттік» деген ойының өзектілігін көрсетіңіз

Читайте также:
  1. Lt;question> Адам өлтірудің заңда берілген анықтамасын көрсетіңіз
  2. Lt;question> Алудың тінтуден айырмашылықтарының бірін көрсетіңіз
  3. Lt;question> Тергу әдістемесінің құқықтық негіздемесін көрсетіңіз
  4. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  5. Аэрозольдердің әсер етуін зерделеу үшін оларды енгізу тәсілін көрсетіңіздер
  6. Гепато-лентикулярная дегенерация, б-нь Вильсона-Коновалова
  7. Дегенеративные изменения ядра
  8. Етістігі келер шақ формасындағы сөйлемді көрсетіңіз.
  9. Жанжалсыз қоғам дамымайды дегенді қалай түсінесіз. Неліктен, нақты мысал келтіре отырып, анықтама беріңіз

Барух Спиноза(1632-1677жж.). Негізгі еңбектері: «Ақыл-ойды жетілдіру жөніндегі трактат», «Этика», «Саяси трактат» т.с.с.

Спиноза болмыстың ең соңғы себебі Құдайда деп есептейді. «Құдай... барлық заттардың бірінші себебі және өз-өзінің себебі, өз-өзі арқылы танылады». Ол Құдайдың болмысын дәлелдеу үшін онтологиялық дәлелдемелер келтіреді. Бірақ ол Құдайға пантеистік мағына береді, яғни оның бізді қоршаған табиғатқа теңейді. Олай болса, Құдай табиғаттан тыс мәңгілік өмір сүріп жатқан рухани тұлға емес, оны тек қана зерде арқылы ғана түсінуге болады.

Мұндай көзқарас сол кездегі Құдай жөніндегі деистік пікірлерге қарсы болды. Егер деистер Құдай дүниенің ең алшақтағы соңғы себебі деп есептесе, Спиноза ол дүниенің ең тікелей жақын себебі деген тұжырымға келеді.

Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретінде қаралады. Егер Р.Декарт дүниенің негізінде екі бір-біріне тәуелсіз субстанция жатыр, ал олардың үстіндегі Құдай екеуін бір-бірімен үйлестіреді деген болса, Спиноза Құдай мен субстанцияны бір-бірімен қосып, оларды табиғатпен теңейді. Сондықтан оның метефизикалық – онтологиялық негізгі формуласы – ол Құдай, ия субстанция, ия табиғат, өйткені оның бәрі – бірегей.

Спиноза өзінің болмыс ілімінде Дүниенің бірлігіне аса көп көңіл білдіреді. Оның негізінде бөлінбейтін субстанция жатыр. Ол – шынайы шексіз, абсолютті ұзақтық. Болмыстың екінші жағы бір-бірінен бөлінген, сезім арқылы бізге берілген шектелген жеке заттар мен құбылыстар. Жоғарыда көрсеткендей, бірінші екіншіні тудырады. Егер субстснция мәңгілік болса, жеке заттар уақыт шеңберінен шыға алмайды, сол шеңберде өзгереді, туады, құриды.

Спиноза нақты заттарды субстанцияның тудырған «модустары» ретінде қарайды. Заттар-модустар арқылы субстанция өз-өзін шектейді. Ал шектеу дегеннің өзі- ол терістеу. Нақтылы заттың шектелгені оны басқа заттардан бөледі, өзіне ғана тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан әр зат болмыста өзінің орнын алады, өйткені ол – сол зат, басқа оған толығынан ұқсас еш зат жоқ. Сонымен қатар ол бейболмыста, өйткені басқа жағынан алғанда анықталмайды.

Субстанцияның модустарынан басқа бірнеше атрибуттары(қасиеттері) бар. Олар – созылу және ойлау. Адам дүниені танығанда, оның осы қасиеттері арқылы нақтылыққа жете алады. Сонымен Декарттың екі субстанциясы Спинозаның бір субстанциясының екі негізгі қасиеттеріне айналады.

Енді субстанцияның осы екі негізгі қасиеттеріне сипаттама берейік. Сонымен Спиноза заттықтың негізгі қасиетін созылудан, яғни кеңістіктен көрді. Онда мынадай сұрақ ойымызға келеді: осы айтылған кеңістікте саны шексіз болғанымен, неше түрлі шектелген заттар қалай пайда болады? Оның негізгі себебін ойшыл қозғалыс пен тұрақтылықтан көреді, өйткені олардың бір-біріне деген қатынасы мен көлемі нақтылы шектелген заттарды құрайды. Расында да, әрбір заттың көлемі бар, ол бір жағынан, тұрақты, екінші жағынан, үнемі қозғалыста. Яғни қозғалыс пен тұрақтылық субстанцияның созылу қасиеті мен нақтылы шынайы өмірдегі заттардың арасындағы дәнекер ретінде қаралады.

Субстанцияның келесі атрибуты – оның «шексіз ойлау қабілетіне» келер болсақ, ол – бүкіл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса Спиноза бүкіл дүниені тірі деп есептейді. Мұндай көзқарасты гилосоизм дейді. Тек адам ғана емес, сонымен қатар барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары әр түрлі деңгейдегі тіршілікте, - дейді ұлы ойшыл. Гнеоеология (дүниетаным) мәселелері. Таным мәселелеріне келгенде біз Б. Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол әрқашанда сезімдік танымды ой елегінең өткізген білімнең айыру керек екендігің басым айтқан. Сезімдік таным арқашанда бұлдыр, көмескі. Тек ақыл ой ғана айқын білім береді. Ғылымдардың ішіндегі ең айқыны – математика.

Б. Спиноза нағыз шынайы білімге тек қана ақыл ой, зерде (ratio, intellectus)арқылы жетуге болады деген пікірде болды. Ақыл ой арқылы сөздерді жалпы ұғымдық дәрежеге көтеріп, оның мән –мағынасын айқындауға болады.

Адам, ерік және сезім қысымы (аффект) мәселелері. Б.Спинозаның ойынша, адам табиғаттың ажырамас бір бөлігі, олай болса, ол толығынаң табиғат заңдылықтарына тәуелді. Егер дүниеде механикалық заңдылықтар үстем болатың болса, адам арқылы табиғаттың екінші ойлау қасиеті өзінің көрнісін табады. Бірақ адамның дене құрлысы толығынаң табиғатқа бағынады. Сезімдік идеяларда да адамның денелік, табиғи жақтары басым болады. Ал адамның жан дүниесінің өзінен шығатың идеялар, егер олар сезімдік танымнан анағұрлым алшақ болса,соншалықты айқын, таза, ақиқатты. Оның ойынша, «дене жан дүниені ойлауға итере алмайды, ал жан да денені қозғалтып, я болмаса тұрақтата алмайды». Яғни субстанцияның бұл екі қасиеті бір-бірімен қатар өмір сүріп отырады.

Адамның жан дүниесінде бір-бірінен бөлек неше түрлі идеялар болғаннан кейін, онда сүю, керек қылу, еркекті ансау сияқты күрделі құблыстар болу мүмкін емес дейді. Б. Спиноза. Табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде адам бүкіл дүниелік шытырман қарым-қатынастарға кіреді. Соның ішінде ол неалдымен өзін сақтап қалуға тырысады. Ал мұның өзі оның неше түрлі сезімдері мен іңкәрларын тудырады. Оны философ аффектілер (сезім қысымы) дейді. Олардың ішіндегі ең негіздісі –құштарлық (appetites), ол денені сақтап қалу жолында пайда болады. Жан дүние саласына кіріп, құштарлық іңкәрлікеке айналады. Тағы екі күшті сезім –ол қуаныш пен қайғы.

Әлеуметтік, мораль мәселелері. Ізгілікпен залымдық, жақсылық пен жамандық, Б.Спинозаның ойынша, нақтылық қалыптасқан әлеуметтік ахуалдан шығатың нәрселер. Оған Құдайдың еш қандай қатысы жоқ. Ізгілік, жақсылық дегеніміз –ол адамға пайда әкелетін, ләззатқа жетелейтін нәрселер, ал залымдық, жамандық дегеніміз- ол адамға, оның өміріне, алдына қойған мақсат-мұраттарға нұқсан келтіретің, зардааптық сезім тудыратынның бәрін.

Моральдық сананың ең терең себептері адамның «өзін-өзі сақтау» заңында жатыр. Әрбір адамның өз мүделері бар, сол үшін олар бір - бірімен күреседі.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 68 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав