Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

З.Фрейдтің адам психикасын қандай қабаттарға бөлетіндігіне тоқталыңыз

Читайте также:
  1. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  2. Lt;question> Криминалистика заң ғылымдарының ішінде қандай ғылыммен барынша тығыз байланысты
  3. Lt;question> Криминалистиканың қандай бөлімі қылмыстық іс жүргізумен барынша тығы байланысты
  4. Lt;question> Объектілердегі өзгерістердің қай жерде орналасқанына тәуелді түрде іздер қандай түрлерге бөлінеді
  5. Lt;question> Папиллярлық өрнектердің өзінің құрылысы жағынан ең күрделі типі қандай
  6. Lt;question> Саусақтағы папиллярлық өрнектер қандай типтерге бөлінеді
  7. Lt;question> Шиыршықты (завитковый) өрнектердің түрлері қандай болады
  8. Алкоголизмнің 3*сатысына қандай негізгі клиникалық белгі тән?
  9. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз
  10. Жастағы ұл бала бірнеше жылдар бойы созылмалы ағымдағы бруцеллезбен ауырады. Осы науқаста қандай емнің түрі маңызды?

 

Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналыдан» (сознательное) ғана емес, «бейсаналыдан» (бессознательное) және «саналының алдындагыдан» (предсознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше инстаниия деп есептеді. Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол» (Оно) бейсана құштарлықтардың терең абаты. психикалық «өздік», әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; «Мен» (Е%о) — саналылык саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылыктың арасын жалғастырушы; «Меннен Жогары» (Sиреr-еgo) — ішкі тұлгалык ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы.
Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар, немесе, либидо.
Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады — гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету.
Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп» элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ното еsрегапs (үміті бар) деп сипаттайды.

 

37.В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум² ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз

Құндылықтар жүйесіндегі ең жогары құндылық - адам және оның өмірі болып табылады. Ең жогары құндылықтарга жалпы адамзат құндылықтары – мейірімділікті, әділеттілікті, сұлулықты, ақиқатты жатқызуга болады. Бұлар жеке адамның әлеуметтенуінде маңызды роль атқарады. Бұлардың жүзеге асуы жеке тұлганың ішкі жан дүниесінің тұңгиыгында жатқан мүмкіндіктерді жүзеге асырумен бара-бар. Осыларды түсінбейінше және оларды жүзеге асырмайынша адам баласының жеке тұлга болып қалыптасуы қиынга согады. Мұнсыз өмір өз мәнін жогалтады. Ал өмір мәнін жогалтқан адам үшін оның өмірі қайгылы жагдаймен аяқталуы мүмкін.

Жогары құндылықтармен сонымен бірге "экзистенциалдық вакуум "проблемасы да өте тыгыз байланысты. Мұндай вакуумга құндылықтарда адасқан немесе оны таба алмаган адам түсіп қалады. Мұндай жагдай қазіргі заманда өте көп кездеседі. Көптеген жылдар бойы қалыпты өмір сүріп келген құндылықтар жойылып, өмірлік тәжрибесі бар адамдар түгілі жастар үшін де өмірдің мәні төмендейді. Экзистенциалды вакуум, жеке адамның әлеуметтенуіне кері әсерін тигізеді де невроздардың пайда болуына алып келеді.Экзистенциалды вакуумның пайда болуының ең негізгі формасы уақыттың босқа кетуі, ягни өмірлік қызықтың болмауы болады. Бұл жоқшылыққа қараганда көбірек проблемалар тугызады. Жоқшылық адамды іс-әрекетке көшуіне бейімдейді, ал қызықсыз өмір шынайы өмірден безуге алып келеді (маскүнемдік, нашақорлық, т.б)

 

 

38. Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер.

Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыказерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «...философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыкасалаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.

39. Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйекте.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай Құнанбаев

Іздегенде өлеңнен емес, қарасөзден іздейді.
Өзі көрген, басынан кешірген «ғаділеті мол жүректің» сезгені мен білгенін талабы мол жасөспірім­дерге, адамдық жолға талпынған, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің» дегеніне көніп, өмірден мансап емес, адамшылықтың жолын іздеуші жандарға өмір, адам болмысы, мінез-құлқы мен пайда, мақтан, өнер, ғылым-білім, қазақтың мақал-мәтелдері туралы бұрын-соңды қазақ тарихында болмаған үлгімен ой бөліседі.
Аталған мақалдарды мысалға ала отырып, сол мақалдардың адам тәрбиесіне, өмірлік мақса­тына тигізер кеселін айқындап, олардың мағынасының жалпы адамдық құндылықтардан аулақ жатқандығына қынжылады. Өз тұсындағы малдыларды арбап, алдап, не олармен жауласып, қулық-сұмдық жасау ұят емес те, малды қалай табуды ойлау олар үшін үлкен қайғы. Қазақтар қайғысыз болғанды ұнатады. Халықтың көпшілігінің ынтасы мал табуда. Ал оны адал еңбек, табан ақы, маңдай термен табу көп еңбекті қажет етеді. Осы жолға әлі де түсе алмай жатқан халық тек жас баладай армансыз болуды мақсат етеді. Осы бір берекесіз түсінік ақынды қатты қынжылтады. Қазақтың ғылым, білім үшін қынжылмай тек мал үшін қынжылуы жетімсіз іс. Ғылым-білім болмаса соқыр тұмандай тұмшалап басып алған надандық пен қараңғылықтан құтылу еш мүмкін еместігін түсінбей жатқан елдің жағдайы Абайды еріксіз ойландырады. Елдің осындай болмысын, түсінігін таныған ақын: «Жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?!» – деген ащы оймен қорытынды пікір жасайды. Өмір шындығына осылайша бойлаған ойшыл ақын қашан да ел жайы мен қамын ойлаудан, толғанудан бір сәт те болса да арылған емес.
Ұлы Абайдың ізгілік пен адамшылықтын жолын сілтеген «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрегінің» берерін толық бере алмай мезгілсіз дүние салғаны өкінішті.
Абай поэзиясының жасампаздық қасиетін кемел таныған заңғар жазушы

Абайдың адамгершілік негіздері туралы ой-пікірлері жауәнмәртіліктегі ақыл, әділет, рахым жайлы ізгілік ұғымдармен сабақтасып жатады. Кемел адам сипатына тән нәрсе – нұрлы ақыл, жарым адам сипатына – суық ақыл сай келеді. Нұрлы ақыл әділетсіз іске аяқ баса алмайды. Суық ақыл әділетті белден басып, ардан түсіп, өз пайдасы үшін зиянды іске көз жұмып бара береді.[




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 68 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав