Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талда.

Читайте также:
  1. Айлық балада секреторлы диарея. Аздап сусыздану бар. БАБЖ бағдарламасы бойынша қанша уақыттан кейін қайта қарау керек?
  2. Биологияның философиялық мәселелеріне көзқарас
  3. Дәріс тақырыбы. Педагогикалық режиссура бос уақыт әрекетіндегі логикалық байланысты құрастыру үрдісі ретінде.
  4. Жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелерінің ерекшелілігіне сипаттама беріңіз.
  5. Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
  6. Материя, ее формы и свойства.
  7. Материя, формы ее бытия.
  8. Оқу уақытын бөлу
  9. Оқу уақытын бөлу

Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы М-ның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі.Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында М. дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді.Антик. философтар М-ны жеке заттарға: Фалес — суға, Анаксимен — ауаға балады. Гераклит дүниенің алғашқы тегі және оны үздіксіз өзгеріске түсіріп, ұдайы жаңартып тұратын күш лаулаған от, алғашқы зат пен қозғаушы күштің тегі бір деп, диалект. натурфилософияның негізін қалады.М. мен қозғалыстың бірлігі жөніндегі мәселені Демокрит өзінің атомистік жүйесі арқылы шешеді. Ол біртекті элементтер атомдарының әр түрлі қосылысынан дүниедегі алуан түрлі заттар пайда болады деп түсіндіреді.Аристотель М-ны алуан түрлі заттық дүниенің болу мүмкіндігі ғана деп қарайды. Аристотельдің М-ны бастапқы ырықсыз зат, ал рухты белсенді жасампаз құдіретті күш деп дуалистік тұрғыда анықтауы кейінгі философия тарихында маңызды орын алды.Жаңа заман философтарынан Декарт субстанция жөніндегі теориясында М-ны оның көлемімен барабар деп қарады. Бруно мен Спиноза субстанция ретінде бүкіл дүние, әлем табиғатпен барабар деп санады. Спиноза жеке заттар сыртқы себептің нәтижесінде ғана қозғалысқа түседі, ал табиғат болса өздігінен қозғалып өзгереді дейді. Дидро мен Гольбах “материя — табиғат”, “материя мех. қасиеттердің жиынтығы” деген тұжырымдамаларды ұштастыруға тырысты және М. ұғымының сыңаржақтылығын аңғарып, М. дегеніміз — біздің түйсіктерімізде бейнеленетін және осы түйсіктерді тудырушы себеп деп, оған танымдық тұрғыдан анықтама берді. М. анықтамасын оған қарама-қарсы тұрған материалды дүниемен емес, идеалды дүниемен қатысы арқылы да ашуға болады. М-дан өзге мұндай бейматериалдылыққа тек сана ғана жатады.Зат өзінің санада бейнеленуіне байланысты, біріншіден, ойдың нысаны болса, екіншіден, сол зат жөніндегі ойдың нәтижесі, ұғым. Сөйтіп, ол қосмәнділікке ие болады. Бұл екі ұғым — М. мен сана диалектиканың бір-біріне қарама-қарсы жалпы категориялары. М. ұғымында объективті дүниені тану кезінде айқындалған оның ең жалпы қасиеттерін сипаттайтын белгілері анықталады. Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ежелгі дәуір философиясы мен ғылымында Кеңістік пен уақыт категорияларын жүйелеу принципі өзгешелеу болды. Ежелгі грек ойшылдары (Платон, Аристотель) физ. нысандар мен құбылыстарға матем. (геометриялық) сипаттама беру ықтималдығын жоққа шығарды.». Материяның басты қасиет – қозғалыс, материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалысты болу дегенді білдіреді.Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сыртқы емес,ішкі, ажырамас қасиеті,ол обьективті, мәңгілік және абсолютті.Сонымен қатар,қозғалыс салыстырмалы,себебі ол өзгеріп отыратын,әрбіреуі өзіндік маңызға ие формалар арқылы көрініс табады. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың формалары да сансыз көп Қозғалыс формаларының Ф.Энгельс 19-ғасырда жасаған классификациясы қазіргі кезде ғылымның жаңалықтарымен толықтырылып,кеңейе түсті, бірақ негізін сақталды деуге болады. Ол химиялық, механикалық, физикалық, биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті.Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”. Әр түрлі материалдық обьектінің өз уақыты бар. Сондықтанда физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады, ешнәрсе, ешкім оның обьективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт - тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Уақытша деген ұғым өткіншілікті жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол өзінің бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады.Философияда әлеуметтік уақыт адамдардың өз іс - әрекеті нәтижесінде пайда болып отыратын қоғамдық процестер мен қатынастарының белгілі бір тарихи дәуірдегі тынысын білдіреді. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт бұл адамның іс - әрекетінің бүкіл дүние жүзілік тарихы.Философия мен мәдениет тарихында, ауыз әдебиетінде уақыт үлкен құндылық ретінде бағаланады.Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды. Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да, кеңістікте орналасқан. Кеңістіктің негізгі бірліктері - нүкте, көлем, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені ол материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып табылады. Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйесінің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінен уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалын табуға болады. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 245 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав