Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

оғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Читайте также:
  1. Lt;question> Адам өлтірудің заңда берілген анықтамасын көрсетіңіз
  2. Lt;question> Алудың тінтуден айырмашылықтарының бірін көрсетіңіз
  3. Lt;question> Тергу әдістемесінің құқықтық негіздемесін көрсетіңіз
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. Адам өмірінде маңызды роль атқаратын тағамдық заттар.
  6. Адам және қоғам өміріндегі философияның рөлі және мәні
  7. Антикалық философияның классикалық кезеңі
  8. Антикалық философияның эллинистік кезеңі
  9. Аэрозольдердің әсер етуін зерделеу үшін оларды енгізу тәсілін көрсетіңіздер
  10. Б.Спинозаның «Еріктік - танылған қажеттік» деген ойының өзектілігін көрсетіңіз

Рухани өмір – қоғмның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.

Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:

а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері;

б) рухани құндылықтар;

в) рухани қызмет;

г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;

д) рухани тұтыну;

е) рухани қатынастар.

Философияның адам мен қоғам өміріндегі орны аса зор:

1) философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді.

2) Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді.

3) Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ойлануға әсерін тігізеді.

Швейцария философы Ю.Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен-өзі өмір сүруші, адамдарын көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күштіәсер ететіндігін ескертеді, философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонансоң екінші, үшінші адаммен, бірте-бірте бүкіл қоғаммен бөлісіп, философиялық ой көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.

Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік деңгейімен бірге адамгершіліктік-рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті. Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасына білім алушы жастардың қарапайым индивид-пенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен оны жастарға жоғары оқу орындарында оқытатын философ мамандарға қойылып отырған талаптардың маңызы арта түсіп отыр.

Философия пәні бойынша бакалавриат сатысына арналған бағдарламада негізгі назар философия тарихын зерттеуге аударыла бастады, бұл қадам дұрыс деп ойлаймыз. Белгілі философ К.Ясперстің пікірінше, «философия тарихы — философиялық пайымдаудың маңызды элементі. Өткенге, тұтастың ең биік дүние-туындылары мен мүмкіндіктеріне үңілу арқылы ғана өз бойындағы айқындық пен кеңдік мүмкіндігін анықтауға болады.

Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі — ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ дамуына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік «Менін» көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.

Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Философиялық тұлғалардың, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, «философия кеңістігіндегі субтанциялардың» қайталанбас дүниесіне үңілу, жеке өмірі мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір биографиялық кезеңдеріне назар аудару танушы субъектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды әсер етеді. Мысалы, Сократ, И.Кант, Л.Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз. Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығармалары, тағдыры, мінез-құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады. Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады. Осы ойымыздың мысалы ретінде тұлғаның өмір мәндік түсініктерінің қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті.

Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ережелерінің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып-білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну — индивидтен бірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар.

Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия — рухтың жоғарғы еркіндігі саласы және философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.

Еркіндік мәселесі — философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан, әлі шешімі табылмаған, маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған «мәңгілік» мәселелердің бірі. Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект-тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап ету керек. Қорқыту, тиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсолюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.

 

 

49.Мораль және дін. Бүгінгі қоғамдағы діни секталардың өсуінің себебіне тоқталыңыз

Мораль -қоғамдық сананың өте көне формасы, ол қоғамдық қарым-қатынастармен бірге туындап, өсіп, өрбіп отырған. Адамдардың бір-бірімен, әлеуметтік топтармен, қоғамның барлық жүйелерімен қарым-қатынасын реттейтін ұстанымдар мен іс-қимылдардың, нормалардың жүйесі. Моральдық нормалар адамдардың арасындағы қарым-қатынасты Ізгілік пен Зұлымдық тұрғысынан бағалауға сүйенген.

Адамдар іс-әрекетін мынау жақсы немесе жаман деп бағалаған. Алғашқы қауымдастықтарда адамдар өз арасындағы мәселелерді адамгершілік негізіне сүйеніп шешіп отырған. Рудың ертеден бері қалыптасып қалған әдет ғұрыптары қоғам мүшелерінің еркіне сай келгендіктен, олардың қажетін өтейтін болғандықтан, әдет-ғұрыптарды мүлтіксіз орындау әркімнің үйреншікті дағдысына айналған.

Мораль барлық азаматтардың мүддесін, арман-тілегін, еркін білдіреді, қоғам мен адам мүдделерінің дұрыс ара-қатынасын бейнелейді, жеке адамның мүддесін жоғары қойып отырады: кез келген азаматқа оның ұлтына, байлығына қарамастан басқа адамдармен тең екендігін көрсетеді; іс-әрекетті бағалау үшін бірдей өлшем ұсынады.

Олар көпшіліктің үлгі-өнегесі, әдет-ғұрып, қоғамдық пікірдің ықпалы арқылы нығая түседі. Сондықтан мораль талаптары жеке біреудің жарлығымен тағайындалмайды, ол адамдардың барлығы орындауға тиісті мінез-құлық формасы болып табылады. Моральдық сананың мәнін терең түсіну үшін оны құқықтық санамен салыстырып көрейік.

Мораль мен құқықтың бір-бірінен айырмашылығы мынада:

1) қалыптасуы жағынан: мораль қоғамның пайда болуымен бірге қалыптасады, ал құқық мемлекетпен бірге туындайды.

2) айтылу түрі жағынан: мораль қоғамдық сананың түрі ретінде адамдардың іс-әрекетінде тікелей өмір сүреді, ал құқық арнайы нормативті актілерде көрініс табады;

3) әрекет ету аясы тұрғысынан мораль барлық қоғамдық қарым-қатынасты реттей алады, ал құқық тек іргелі, өзінің шамасы келетін қатынастарды ғана қамти алады.

4) әрекет ету мерзімі жағынан: моральдық нормалар оларды түсіне бастаған уақыттан бастап іске қосыла береді, ал құқықтық нормалар арнайы белгіленген уақыттан бастап қана әрекет ете алады.

5) іске асыру тәсілі жағынан: моральдық нормалар қоғамдық ықпал арқылы іске асырылады, ал құқықтық нормалар мемлекеттің араласуын қажет етеді.

6) бағалау өлшемі тұрғысынан: моральдық нормалар қоғамдық қарым-қатынасты ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан реттейтін болса, ал құқықтық нормалар заңды, заңсыздық тұрғысынан реттейді.

Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. «Религия» -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.

Дінде дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және қоғаммен байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі бейнесін түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем қатынастары мәселесінің мәңгі сұрақтары шешу тапты. Діннің қоғамнан алатын күрделі орынын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып айқындау керек. Дін – бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі.

Дін – бұл “жүрек” туралы ілім. Үнді елінде мұндай қатынас “бахти” (құдайшылдық) деп аталады. Исламда – “абд” (көнгіштік), батыста – “агейп” (құдайға деген махаббат) деп аталады. Мұндай құдайшылдық ғылыми компетенцияның шекарасын ары жылжытады. Дінді ғылыми зерттеу (теология, эгзегетика түрінде), қасиетті тексттерді түсіндіру (философиялық, дінтану, этнография тұрғысынан) – бұл кәдімгі ақылға сыйымды, мүддеге сай қарапайым объектілерден асып түсетін құбылыстарды рационалды түсінуге ұмтылу. Егер ғалым өз зерттеулерін құдайға сыйынып болған соң бастаса, онда оның ғылым және құдаймен сұхбаттасу арасындағы шекараны аттап өте бастағаны. Дінге рухани өмірдің жанды құбылысы ретінде қарау қажет.

Әл-Фарабидің “Қарапайым қала тұрғындары көзқарастары” атты еңбегінде жүрек туралы мынадай ойлар айтылады: “Адамның негізгі қабілеттері: қоректену, сезімдік, елестету, ойлау, ұмтылу – бәрі де жүректе орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол басқаға тәуелсіз… жүрек туа біткен жылулықтың қайнар көзі”. Жүрек жылуы басқа қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.

 

  Жаһандану үдерісі. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі Қазақстан қоғамының орны жөнінде айтып беріңіз

 

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдіксаяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастапУолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес.Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм,конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:
а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;

б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді.

4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған:коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады.

5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзараассимиляциясы.

«Жаһандану» терминінің ұлтты бірінші орынға қоятын, «ұлттық мемлекет – әлемнің өзегі» деп санайтын ғалымдар мен зиялылардың аузынан түспейтін бір үрдіске айналғанына да біраз жылдар өтті. Осы жылдар ішінде жаһандануға қарсы топтар мен ұйымдардың немесе ғалымдардың оның зияндығы туралы гипотезалары мен тұжырымдарына да құлағымыз үйренейін деді. Олардың барлығын мазалайтын негізгі мәселе «Ұлттық келбетімізді сақтай аламыз ба?», «Жаһандық мәдениеттің ішінде жұтылып кетпейміз бе?» деген сұрақтар төңірегінде екендігі анық. Өкі­нішке орай, біздің зиялыларымыз, көптеген саясаткерлеріміз кейінгі кезекке ысырып қойған осы проблема шындығында әрбір елінің ертеңіне алаңдайтын азаматтың бірінші сұрағы болуы тиіс екендігіне күн өткен сайын көзіміз жетіп отыр. Өйткені, жаһандану – алдымен халқының саны аз, әлі өзіндік идентификациясын түбегейлі қалыптастырып үлгермеген қазақ сияқты халықтарды бірінші жұтады… Сондықтан, оған қарсы тұрудың жолдарын осы бастан іздемесек, ертең кеш қаламыз. Жа­һанданудың аранынан аман қалу үшін хал­қымыздың бойында оған қарсы тұра аларлық, кері итерерлік «серіппе» немесе «иммунитет» қалыптастыруымыз керек, қоғамдық жерде талқыланатын негізгі толғауымыз да осы мәселенің төңірегінде болуы тиіс.


Жаһандану – кеше немесе бүгін басталған үдеріс емес (қашан басталғаны туралы тартыстар көп), оның сан ғасырлар бойына жалғасып, жер бетіндегі халықтар мен мемлекеттерді жұтып келе жатқан құбылысқа айналғаны ашық. Біздің заманымыздан бастап жер бетіндегі мемлекеттер мен кішігірім саяси бірлестіктердің, тайпалардың (халықтардың) саны біртіндеп азайып келе жатқандығына қарап жоғарыдағыдай тұжырым жасауға негіз бар. Бір кездері әлемде мемлекеттің функциясын атқарған мыңдаған кішігірім саяси бірлестіктер болса, бүгінде олардың саны екі жүз төңірегінде ғана (жеке отау болып отырғандырын айтып отырмыз). «Жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе жоғалмайды» деген заңдылыққа сүйенсек, бұл мемлекеттердің барлығының хал­қы­ның жойылып кетпегендігін, тек әлсізі күштісі тарапынан жұтылып, ассимилияцияланып отырғандығын аңғарамыз. Ғылыми техникалық төңкерістің нәтижесінде технология мен логистиканың дамуымен бірге бұл үдеріс соңғы жылдары тіпті де жылдамдады. Жаһанның осынау даму үрдісіне үңіліп кей ғалымдар: «Болашақта әлемде бес алты ғана тіл қалады, амери­кандық (немесе батыстық) мәдениет үстем­дік құрады» – деген гипотезаны айтып отыр және болжамдары ғылыми дәйектерге сүйенген. Ендеше, бұл тіл, салт-дәстүр мен мәдениеттің жойылумен бірге ұлт та, халық та жойылады деген сөз. Сөйтіп, әлемде «бірнеше тіл ғана қалмайды, санаулы-ақ қана мемлекет қалады» деп түйін жасауға болады тарихтың даму шартына қарап…
Негізі тарихта екі құбылыс бар: ШАРТТЫ және ШАРТСЫЗ

Қазақта «зиялы» көп. Бірақ, солардың «көбісі тілге келгенде даусы қарлыққанша айқайлағанымен дінге келгенде жұмған ауыздарын ашпайды»… Бірен-саран зиялыларымыз ғана пікірін білдіргені болмаса көбі үнсіздікті қалайды. Мұның сыры неде? Бәлкім тіл терең білімді қажет етпейтіндіктен шығар, мінберге шығып алып қазақ тілі құрып барады деп айқайлай берсең болғаны, беделің де арта береді. Ал, дінге келгенде діни сауатың болмаса сөз қозғау қиын. Кеңес Одағы кезінде атеистік тәрбиеде өскен көп «зиялының» діни сауаттары шамалы. Қазір оқиын десе қатып қалған буынның майысуы қиын. Сондықтан, болар дін жайында жұмған ауыздарын ашқысы келмейтіні. Жарайды, әшейінде де жиі сыналатын зиялыларымызды тағы да сөге берудің жөні жоқ шығар. Болар іс болды, енді сол тығырықтан шығудың жолын іздеу керек, бізге.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін айқара ашылған қақпаны пайдаланып ең алғаш идеологиясын алып жеткен ағымдар Батыс елдерінен келгенді: демократтар, либералдар, маргиналдар, космополиттер, діни ағымдардың нешеме түрлері болып жалғасып кете беретін осы топтардың белсенді әрекеттерінің нәтижесінде елімізде оған бүйрегі бұратын адамдардың тобы пайда болды. Батыс елдерінен білім, өнер алу үшін кеткен кейбір жастарымыз да елге қайтқаннан кейін, сол стильдің қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқаны тағы бар.

Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.

Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.

Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт” болып табылады.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді.

Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр.

Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында "Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.

Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тарихи және мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-ші мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер-министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы – Атқару комитеті құрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көп жақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мәселелер және республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттар қабылданды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара – мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі.

Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңға жуық шақырымды құрайды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді.

Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері - Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркменстанмен арадағы шекара мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.

Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды.

“Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланып, осының нәтижесінде Декларациялар қабылданды. 2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тапты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл кездесуде 3 құжатқа – ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөніндегі Келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді.

Қазақстан саяси-әскери одақ - НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды.

1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды.

Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі.

Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.

Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.

2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік.

Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.

 

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 153 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.02 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав