Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шығыс жеміс жемірі.

Читайте также:
  1. Мемлекет шығыстарынң мәні, құрамы және сыныптамасы.
  2. Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері мен Өтебойдақ Тілеуқабылұлының ағартушылық туралы ой-пікірі

 

Зақымдайтын өсімдіктері. Шабдалының жемісі мен өркендері, қара өрік, өрік,алмұрт, алма, долана, алхоры, алша.

 

Зиянкестігі. Жұлдызқұрттары дәнді дақылдар мен шекілдеуікті дақылдардың жемісі мен өркендеріне зиян келтіреді. Жемістердің зақымдалған жерлерінде шайыр пайда болады, ал бұтақтарда жұлдызқұрттар 7-15 см тесік жолдар жасайды. Біздің республикамызда бұл зиянкес жемістерге өте үлкен қауып тудырады. Әсіресе ауа-райы қолайлы оңтүстік облыстарда бұл зиянкес 3-5 ұрпаққа дейін береді.

 

Биологиясы. Жұлдызқұрттар тығыз піллә ішінде ағаш бұтақтарының астында, қураған бұтақтарда, семіп қалған жемістерде қыстап шығады. Жаздық пілләларды жеміс сыртында, зақымдалған өркендердің ішінде, ширатылған жапырақ астында кездестіруге болады. Көктемде ауа-райының орташа температурасы +15°С болғанда көбелектердің ұшып шығуы басталады.

Пайда болған көбелектер 3-5 күннен кейін жұмыртқалай бастайды. Жұмыртқа салу кезеңі 7-14 күнге созылады. Осы кезең арасында ұрғашы көбелек 200-ге дейін жұмыртқа салады. Әдетте қыстап шыққан ұрғашы көбелек жұмыртқасын жапырақтың астыңғы жағына салады. Ал жазғы көбелектер негізінен жемістердің жеміс сағағына, тостаған жапырақшасына жұмыртқалайды.

Олар тұманды күндері белсенді болады. Еркектері 250-300 м, ұрғашылары 30-50м қашықтыққа ұшады.

4-8 күннен кейін жұмыртқадан жұлдызқұрттар туа бастайды. Олар жас өркендердің жоғарғы жағынан үңгіп немесе түйіндердің сағағын зақымдай бастайды. Өркендер мен жемістерде 8-12 күн қоректенгеннен кейін жұлдызқұрттар қуыршақтануға кетеді. Қуыршақтану кезеңі 5-7 күннен 12 күнге дейін созылады, ал жұмыртқадан имагоға дейінгі толық цикл орташа 24-30 күнді құрайды. Аймаққа байланысты шығыс жеміс жемірі 4-6 ұрпақ береді.

 

Морфология. Көбелектің қанатын жайғандағы көлемі 12-14см. Денесінің түсі қанық–сұр. Алдыңғы қанаттары болар-болмас көрінетін қысқа, толқынды сызықтар құрайтын ақ-сұр қабыршақтармен көмкерілген. Қанаттарындағы ақ нүктелердің орналасуы әртүрлі.

Артқы қанаттары сұрқай-қоңыр түсті, шашақтары ақсұр түсті. Алдыңғы және артқы қанаттарының астыңғы жағы сұр күміс түстес. Жай кезде қанаттары шатыр тәрізді жиналады.

Аяқтары күңгірт қоңыр, ішкі жағы күміс түсті, табаны қара-сұр жіңішке ақ-сұр сақиналары бар.

Мұртшалары жіп тәріздес жіңішке ақ сақиналарымен. Олардың ұзындығы алдыңғы қанаттарының ұзындығының 1/2 құрайды. Ерін қысқыштары ақшыл қоңыр. Бауыры сұр күміс түстес. Еркегі мен ұрғашысы өте ұқсас болады, бірақ ұрғашысы ірілеу болып келеді. Еркегінің бауыры жіңішке, үшкірлеу ал ұрғашысы жуандау, айна тәріздес болып аяқталады.

 

Жұмыртқасы дөңгелек пішінді, диаметрі -0,4мм, жартылай мөлдір, үсті ұсақ қатпарлы. Жетілу барысында жұмыртқа ақшыл қызыл түске енеді. Туылуына 15-48 сағат қалған кезде жұлдызқұртты хорион астынан анық көруге болады.

 

Жұлдызқұрт. Жаңа туылған жұлдызқұрттың түсі сүт тәріздес немесе ақшыл қызыл болып келеді; басы қара, кеуде қалқаншасы қара, артқы тесігі қоңыр. Ересек жұлдызқұрттың денесіндегі қалқаншалары ірі, бурыл сұр болады. Жұлдызқұрттың бүткіл денесі майда сір қабықты тікендермен көмкерілген. Алдыңғы кеуде қалқаншасы бурыл қоңыр түсті. Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 12-13 мм.

 

Қуыршақ. Қуыршақ қоңыр түсті, құрсағының үстінгі жағында екі қатар тікенектері орналасқан. Көздері күрделі, қара. Құрсағының аяқ жағында 10-18 өткір әртүрлі көлемдегі тікенектері бар. Қуыршағының ұзындығы 6-8 мм.

 

Піллә. Пілләсінің пішіні сопақ, мөлдір, ақшыл сұр түстен қанық сұр түске дейін болады. Жазғы піллә қысқы пілләға қарағанда тығыз. Пілләнің ұзындығы 10-12,5 мм.

 

Бірінші кезекте тексеруге жататындар: жеміс-жидектерді қабылдап алатын және қайта өңдейтін өндіріс аумақтар (өндірістік бақтар,товар сатып алатын базалар,плодокансервалық өндірістер) және сол аймаққа қарасты жеміс-жидек өсіретін аумақтар, тағы теміржол станциалары, бақтар ғылыми зерттеу орталығы жергілікті тұрғындардың жекеменшік және ұжымдық бақтар, тас жол бойлары.

Тексеру екі қайтара жүргізіледі:

1-шабдалы жемісінің 2 см өсу мерзіміне тура келеді, шекілдеуік тұқымдасының түйін тастау және 5-30 см өрендері пайда болу мерзіміне:

2-Жемістердің пісу мерзімінде жүргізіледі.

Залалданған өркендері жоғары 2-3 жапырағының иіліп солуынан білуге болады. Шығыстың жеміс жемірінің жұлдызқұрттарын ағаштардың залалданған өркендерін кесу арқылы анықтауға болады. Шығыс жеміс жемірінің жұлдызқұрттарымен залалданған ағаштардың жемісін сілкіп, түскен жемістерді жинау арқылы анықтайды. Жемістердің залалданғанын кесу арқылы анықтайды. Жемістерден және өркендерден табылған жұлдызқұрттарды алып, ыстық сумен күйдіреді (қайнаған әлсіз тұзды суда, спиртте қатырады және оларды анықтау таблица бойынша түрлеріне қарай анықтап сәйкес этикетка жабыстырады. Нұсқа 1). Содан кейін мемлекеттік карантиндік инспекторға анықтау үшін тапсырылады. Үлкен және бірқалыпты массивтік ағаштарды зерттеу барысында кем дегенде 10% ағаштар қаралады (3 га жоғары аумақты әрбір 10-шы тал ағаш). 3 га дейінгі аумақта 25-30 пайызды ағаштар қаралады. Үй іргесіндегі жерде50-100% ағаш қаралады. Тексеру қорытындысы акт толтыру арқылы көрсетіледі (5-нұсқа) Зиянкестерді табиғатта дәлірек анықтау үшін феромондық ұстағыштарды қолдану арқылы жүргізіледі. Ұстағыштарды жерден 1,5-2 метр ағаш діндеріне есеппен алғанда есеппен алғанда 5 га ға 1-ұстағыш іледі. Әрбір 7-10 тәулік сайын ұстағыштардағы үлкен қоңыздарды тереміз 45 тәуліктен соң ішіндегі диспенсерлі ауыстырады. Қоңыздардың генетальдық органдарына байланысты еркек-ұрғашысын анықтайды.

Күресу шаралары: шығыстың жеміс жемірінің шоғырланған жері мен аумағының таралуына жан-жақты агротехникалық және химиялық күрес шаралары қолданылады, олардың таралуына және көбеюіне жол бермеу үшін жарық ұстағыштар мен феромонды ұстағыштар қолданылады. Зиянкестерді жою үшін олармен зақымдалған ағаштардың өркендері мен бұтақтарын кесіп алып тастау, ағаштардың зақымдалған қабыршақтарын жіті тазалау, қураған,солған ағаштарды кесу, жерге түскен ағаш қалдықтары мен жапырақтарын өртеу арқылы жүргізіледі. Қатар аралық қопсыту жұмыстары және ағаштың айналасын қопсыту және ұстағыш белдікшелерді пайдаланады. Шығыстың жеміс жемірінің азайуын және жиын-терінді сақтап қалу үшін жан-жақты қолданылатын препараттар мөлшеріне байланысты рұқсат етілген тізімге сай. Бүрку жұмыстары жұлдызқұрттардың жаппай шығу мерзімінде жүргізіледі.




Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 121 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | <== 4 ==> | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав