Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зақымдалатың дақылдары.

· Қапр қоңызы көп қоректі, зақымдайтың дақылдарға; арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, тары, сорго, күріш, бұршақ тұқымдастары сонымен қатар осылардың әртүрлі азықа өнделген өнімдерді – ұн, қоспа жем, кебек, жарма, құмық жатады. Өзінің азығына 100-ден аса өсімдіктер түрімен және ішінара мал шаруашылық өнімдерін пайдаланады.(сүт және жұмыртқа ұнтақтары)

· Зияндылығы. Капр қоңызының дернәсілдері зиян келтіреді. Олардын қоректенген өнімдерді, өнім қалдықтарымен және нәжістен тұратың ұнтаққа айналады. Бұл өнімдер өндеуге асқа - мал азығына улы болуына байланысты қолдануға жарамсыз. Дернәсілдері тұқым ұрығын залалдайды, осыдан барып тұқымның көктеп шығу энергиясы жойылады. Жас дернәсілдері үгітілген астық дәндерімен қоректенеді, ал ересек дернәсілдері бүтін астық дәндерін зақымдап қоректенеді.

Биология. Қоймаларда ағаш құрылысындағы жарықшаларында, өнім қалдықтарында 3 – 7 жасқа дейінгі дернәсілдері қыстайды және 6 – 7 жастағы дернәсілдері көктемде астық үгінділерінің бетіне шығып, қуыршақтанады. Ал 3 – 5 жастағы дернәсілдері ауа температурасы 15 градустан жоғарылаған кезде қоректенуге кіріседі. Дернәсілдерінің даму кезеңі аяқталғанда, 12 – 25 күн аралығында ауа температурасына байланысты қуыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі ауа температурасына байланысты 2 – 23 күнге дейін созылады. Шаруашылықтарда залалданған ошақтары анықталған жағдайда 1 шақырым радиус аумақта 50 пайыз залалданған ағаш көшеттері тексерілді, ал 3 шақырым аумақта 10 пайыз ағаш көшеттері тексерілуі керек. Осы тексеру жұмыстарына акты толтырылады

 

Қуыршақтан шыққан қоңыздар үсті кепкенше, жыныс ағзалары дамығанша дернәсілдерінің қабығында 4-5 күн жатады. Жұптасықанан кейін бір тәулік ішінде аналығы жұмырқаларын сала бастайды, бұл кезеңі 4-7 күнен -10 күнге дейін созылады. Жұмыртқаларын сақталған өнімнің үстіне бос салады. Аналығы орта есеппен 65, ең жоғарғысы 126 жұмыртқа ға дейін сала алады. Жұмыртқа салу кезеңі 14-20 күн аралығында өтеді.

Қоңыздары 10-20 тәулік өмір сүреді. Жылуы жоқ қоймаларда жылына 1 ұрпақ, ал жылы қоймаларда қысқы үзілісіз дами береді. Дамуға қолайлы температураның төменгісі +14 Со - жоғарғысы +46 Со. Қолайлы температурада +32 Со - +36Со даму кезеңі 26 тәулікте, +27 Со 166 тәулікте,ал +20 Со +25 Со даму кезеңі 5-6 айға дейін созылады. Жұмыртқаларынан 14-20 күнен кейін дернәсілдері шыға бастайды.

Дернәсілдері 5-8 жастан өтеді. Жем-қоры жоқ болғанда 3 жылға дейін үзіліске кетуге қабілетті. Үзіліске кеткен дернәсілдері қоректенбейді, қозғалмайды, дем тыныс алмайды, осы кезде олар пестицидтерге де төзімді болады. Қоймаға жаңа астық, өнімдерді кіргізгенде олар үзілістен оянып қоректенуге кіріседі. Дернәсілдері өте жылдам қимылдайды қоймалардың тесіктеріне, жарықтарына кіріп тығылады.

Морфологиясы.

Ересектері. Аталығы мен аналығының түсі жем-қорына, тіршілік еткен ортаға орай, өзгеріп тұрады Дернәлдерінің қабығынан шығысымен алдымен ашық-сары түстен, кейін қара-қоңыр, сары-қоңыр түске ауысып тұрады. Дене ұзындығы 1,8-3,2 мм, көлденеңі 0,9-1,7 мм. Аталығының денесі аналығынан сәл кішілеу. Дене мүшесі қысқалау. Үстінгі қанаттары біріңғай түсті. Жарғақ қанаттары қысқа, толық дамымаған, ұзындығы денесінен 1,3 –тен аспайды. Қоңыздары ұша алмайды. Денесінің үстінгі астынғы жағында сары - қоңыр түсті қысқа қылшықтары түктері бар. Қоңыздарының ауыз мүшелері кеміргіш, жақсы дамығанымен қоректенбейді. Аналығының мұртшалары 9-11 буынан тұрады 3-4-ші буынынан бастап түйірленген, аталығының мұртшалары 4-5 буынан тұрады.

Жұмыртқасы ақ-сүт түсті ұзыншалау үзындығы -0,7 мм, ені -0,25 мм. Бір шеті дөңгелектеу, екінші жағы үшкірленген тікенектері бар.

Дернәсілдерінің ақшыл-сары, қара –қоңыр түсті түктері (қылшықтары) бар. Ұзыншалау алды, арты қарай аздап жіңішкерген. Дене ұзындығы 4 мм,ені 1,6 мм. Үстінгі жағы аздап бүкірейген, көптеген үсақ сары,қоңыр түсті үшіне қарай үшкірленген қылшықтары бар. Құрсағының соңғы буынында щетинкаларымен, қылшықтары тығыз орналасқан 6-8 тергиттерін жауып тұрады. Басындағы мұртшалары 3 буынды.

Тексеру анықтау жұмыстары.

Капр қоңызын анықтау үшін бір неше тәсілдерін қолданылады: көзмөлшерімен қарап анықтау, уландырылған електіргіш арқылы және феромонды-желім аулағыштарды ілу арқылы.

Көз мөлшерімен қарау, үлгі сынама алу кезінде дернәсілдері өте үсақ болғандықтан нақты анықтау қиынға соғады. Осыған орай нақты болу үшін тәсілдердің бәрін қолдану абзал.

Ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын қоймаларды тексеру.

Бірнші кезекте әсіресе шетелден, сыртан келген тұқымдарды, өнімдерді өзен, көл, мүхит жағалауындағы, аэропорт, шекара кеден маңындағы, темір жол бойындағы сақтайтын қоймалар текесеріледі. Сонымен қаттар шетелден әкелген шиказаттарды өңдейтеітін кәсіпорындар, өнім сақтайтын қоймалар

(элеваторлар, диірмендер, комбикорм, кеспе, сыра, май зауыттары кондитерлік, фабрикалар тағы басқалар)

Көктем, жазғы мезгілдерде ауа температурасы сырта +15Со градусқа көтерілгенде қоймаларды тексереді. Солтүстік аумақтарда көктемде бір рет оңтүстік аумақтарда 2-3 рет біріншісі сәуір-мамыр, екіншісі маусым-шілде, үшіншісі қыркүйек –қазан айларында тексеріледі.

Әсіресе көктемгі тексеру маңызды.Қоңыздары қуыршақтан шыққан кезде тексерсе дернәсілдері оңай табылады үсақталған, үгітілген өнімдерінен, өз экскрементерінен, зиянкестің өлі қалдықтарынан. Қойманың ішін тексеру кезінде күн, жарық түспейтін қабырға, еден есік,терезе жарықшыларын тесіктерін қол шам (фонарик) арқылы мұқият тексереді. Қапта, теңде сакталған өнімдердің арасын, қаптардың тігістерін қарап тексереді. Сонымен қатар 2-3 қапты басқа жерге ауыстырып жинап, тексерсе залалдалған өнімдегі тірі зиянкестерді анықтауға болады. Қаптарды тексерген кезде қаптың сыртына шыққан ұсақ, үгітілген ақ түсті үнтақтарға назар аударады. Мұндай жағдайда өнімде зиянкестердің дернәсілдеінің бар екенін білдіреді. Алайда дернәсілдерінің экскрементері бар екен деп өнімді карантиндік деп есептеуге болмайды. Нақты болу үшін қоңыздарын, денрнәсілдерін немесе өлі дене қабықтарын, қалдықтарын табу қажет.

Сонымен қаттар қойманың ауласын, сыртқы қабырғаларын, үйінді сыпырындыларды тексереді.

Зиянкестің қоныстағаны анықталған жағдайда этикетка толтырылып. (қосымша-2 нұсқасы). Республикалық карантиндік зертханаға сараптама жасауға, растауға жіберіледі. Тексеру нәтижесі актіге жазылады (қосымша 10 нұсқа)

Дернәсілдерімен қоңыздары жасырынды жерлерде тесіктерде, жарықшыларда тығылып көрінбейді. Сондықтан феромонды-желім аулағыштарды, уландырылған еліктіргіштерді қолдану арқылы анықтаса тиімді (4 аулағыш 100 м2 ара қашықтығы бірдей жерге биіктігі 1,5 м ілінеді).

Тексеру анықтау кезінде басқа түрлерінен ажырату үшін қоңыздарының танау астына назар аудару керек. Капр қоңызының аталығының да, аналығының да танау асты жақсы дамыған және үнемі өзгермей біріңғай форма түрде болады. Капр қоңызында оның алдынғы бүір шеті дөңгеленген ортасында екіге бөліетін кесінді тәрізді қуысы бар. Капр қоңызына жақын басқа түрлерінің танау асты трапеция немесе төртбұрышты тәрізді.

Трогодерм тұқымдасын жататын басқа түрлерінен капр қоңызының айырмашылығы мұртшаларының, генитальдық аппаратының орналасуы.

Капр қоңызының аталығының мұртшалары 9-11 буынды 3-4 ші буынан бастап түйірлеген ал аналығының мұртшалары 4-5 буынды. Аталығының ең жоғары түйір буыны астынғы жағынан бастап ұзынша - ұшбырышталған және ұшы үшкірленген, шамамен енінен екі есе ұзын. Аналығынның мұртшалары қысқалау ұшбұрышты тәрізді енінен ұзын емес.

Сонымен қаттар Қазақстан, Ресей аумағында кездесетін трогодерм түрлерінің айырмашылығы жарғақ қанаттарының қабыршық щетинктері. Қанатының алдынғы шетінің щетинкалары 8-15, ал басқа түрлерінкі 18 ден 27 данаға дейін. Ал птеростигма сүйек жүйкелерінің арасындағы ұсақ шетинкаларының саны капр қоңызында 2-5 аспайды, басқа түрлерінде 6-9 дейін жетеді. Капр қоңызының жарғақ қанаттарының ұзындығы үстінгі қанатымен салыстырғанда орта есппен 1,2 -1,3 есе ұзын, бұл көрсеткіш басқа түрлерінде 1,5еседен кем болмайды.




Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 27 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | <== 8 ==> | 9 | 10 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав