Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Син. Ocneria dispar,Porhetria dispar) –Жұпсыз жібек көбелегі

Өсімдіктердің зақымдалуы: Жұпсыз жібек көбелегі 300-ге жуық өсімдік түрлерін зақымдайды. Оның ішінде барлық жапырақты ағаштарды, қылқан жапырақтылардың кейбір түрлерін,бұталардың көптеген түрлерін зақымдайды. Әр бір аймақтарды зиянкестің жемдік өсімдіктері бірталай ажыратылады.Қазақстанның таулы аймақтарында жұпсыз жібек көбелегі әдеттегі түрі болып табылады. Республика аймағындағы ормандарда саксаульниктерден басқа барлық жерлерде таралған. Қазақстанның солтүстік аймақтардағы қайың ағаштарына және Қазақстанның оңтүстігі, батыс- шығыс аймақтардағы орман ағаштары және жеміс ағаштарына орасан зор зиян келтіруде.

Зияндылығы: Ең қауіпті популяция сібірлік,зауральдік, киыршығыстық және қырғыздық болып табылады.Жұлдыз құрттары көп шоғырланған жерлерде жапырақтың зақымдалуы 80-90 % ға дейін жетеді.6-10 жылда жаппай көбейуінің салдарынан зиянкестің өлуіне әкеп соғатын ауру қоздырғыш вирустық-бактериялдық аурулардан зиянкестің өлетіні белгіленген.Жұпсыз жібек көбелегінің әдетте жаппай көбеюі өзінің талғамына қайың,пісте,алма,долана және жаңғақ өсімдіктерінде басталады.Зиянкестің көбейуіне байланысты қасында өсіп тұрған басқа өсімдік түрлеріне орасан зор зиян келтіреді.Ағаштар көбінесе гүлдеу немесе бұтақтану кезеңінде көп зақымдалады. Кіші жастағы жұлдыз құрттар бүршіктермен азықтанып жапырақтарын ойып-ойып жейді.Ал соңғы екі жасқа келгенде жапырақты түгелдей дерлік жеп қояды.

Биологиясы: Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының бұйра көбелектер (Orgyidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған. Оқтың-оқтың орасан көп болып өсіп-өніп жеміс ағащтары мен сәндік ағаштарына және орман ағаштарына және орман ағаштарының көптеген түрлеріне зор зиян келтіреді.

Бұл тұрдің ұрғашылары мен еркектері бір-бірінен сыртқы пішініне қарап оңай ажыратуға болады, яғни жыныс деморфизмі айқын көрінеді. Ұрғашысы еркегіне қарағанда ірі,алдыңғы және артқы қанаттарының түсі ақшыл-сары, құрсағының ұшын сарғылт қоңыр түсті қалың түк басқан, мұртшалары қара,ара тісі тәрізді болады.

Еркегі ұрғашысынан бір жарым есе кіші, алдыңға қанаттары қара сұр, мұртшалары қауырсын тәрізді, құрсағы жіңішке,оның ұшында шашақ тәрізді болып топтанған ұзын түктер болады.Ұрғашысының қанаттарының өрісі 75 мм, еркектерінікі -45мм жетеді.

Көбелектің жұлдыз құрттары қоңырқай сұр түсті, арқасында бойлай орналасқан сарғылт түсті 3 жіңішке жолақ болады. Ол жолақтардың екі жағында екі қатар болып, сүйел тәрізді төмпешіктер орналасқан. Олардың алдыңғы бесеуінің түсі көк, қалғандары қызыл. Ол төмпешіктердің әрқайсысында топ-топ болып шыққан ұзын қылшықтар бар.

Жаздың орта кезінде ұрғашы көбелектер жұмыртқалауға кіріседі.Жұмыртқаларын әр түрлі ағаштардың діңіне, қашаларға, шарбаққа, ірі тастарға, үйлердің керегесіне топтап орналастырады.Әр топтағы жұмыртқалардың саны 500 жетеді және одан да асады. Жұмыртқа тобын көбелек өзінің бауыр түктерімен жауып тастайды.Сондықтан жұмыртқа тобының көрінісі ақшыл-қөңыр түсті киізден жасалған жастықшаға ұқсайды.

Денесіндегі ұзын қылшықтарының көмегі арқылы жас жұлдызқұрттар желдің екпінімен едәуір қащықтыққа дейін таралыды. Жаздың бас кезінде жұлдызқұрттар ағаштардың қуыстарында,қабықтың жарықтарында және бұтақшалар мен жапырақтардық арасында қуыршаққа айналады. Қуыршағы алтын тәрізді түетр басқан қара-қоңыр түсті болады. 10-15 күнен соң қуыршақтан көбелек ұщып шығады.Зиянкес жылына бір генерация беріп өсіп өнеді.

Анықтап табу әдісі: Жұпсыз жібек көбелекті анықтау үшін ағаш діңін адамның кеуде түсы биіктіке дейін тексеру жүргізіп, жұмыртқалауының есебін жүргізу крек.Зиянкестің болуының сенімді белгісі, жүлдыз құрттың экскрементерінің қалуы. Оған есеп жүргізу үшін бағдарлы жүріс бойынша 0,5х0,5 немесе 1х1 м алаңшаларды қойып есеп жүргізеді.Алаңшаны жақсы дамыған ағаштың астына қояды. Алаңшаны алма ағаштың және өсімдіктің жабыныннан тазартады.Немесе арнай жасалған 8-10см коломерлі жәшікті қоюға болады. Түбін марьля материялымен тартып қояды.Алаңшаларды тексеру есеп жүргізу кезінде жүзеге асырылады Зиянкестің пайдаболуы немесе ұшып келуі мүмкін аймақтарда және оларға іргелес телімдерді залалданған немесе заладанбағанын түпкілікті көзмөлшерімен тексеру ұйымдастырып ферамондық ілгіштер арқылы аулап алады.Жапырақтарда кемірілген, эксперементам, жарақаттар жұлдызқұрттар көбелектер мен жұмыртқалары арқылы рекогносцировалық қадағалау жүргізіледі. Рекогносцировалық қадағалау дегеніміз – ормандағы пайда болуы мен көбейуі мүмкін зиянкестерді немесе ауруларды залалданған аймақтың лtсопатололгиялық жағдайына жылсайын жүргізілетін жүйелік бақылау дейміз.Бұл бақылаудың негізгі мақсаты ол уақытысында жүргізілетін. Шаралар арқылы зиянкестердің динамикалық өсу популяциясын бақылау арқылы жаппай көбейуі мүмкін ошақ аумағаын уақытысында анықтау.Стационарлық қадағалау түпкілікті сынақ алаңшаларында жүргізіледі.Анықтау барысында әр 50 га ошақ аумағына 10 ағаштың біреуіне бір сынаманы қояды. Ұсақ ошақ аумақтарында сынаманың санын көбейтеді. Стационарлы және нақты анықтаулары арқылы жүргізіледі.Былтырғы жұмыртқалауын мөлшерін белгілеп, осы жылғы сау немесе басқа құрт-құмырсқалар,құстар кеміргіштер мен зақымдалған жұмыртқаларды өлшеу немесе қалаулардың санын санау арқылы жұмыртқалардың санын анықтайды.Анализ жүргізу арқылы жұмыртқалардың өміршеңдігін анықтайды.Сау жұмыртқалардың санын орташа бір ағашқа есептейді.Қадағалау және анықтау кезінде синтетикалық феромондық тұзақтар қолданылады (приложение 11).

Рекогносцировалық және түпкілікті анықтау нәтижесінде жұпсыз жібек көбелегін жою шараларының жобасы жасалады.

Күресу шаралары: вирустық препараттар мен зиянкестің жүлдыз құртарын жою.Орман ағаштарында синтетикалық препараттардану кезінде арнай тізімге сәйкес жұмыс жүргізу.

 

 

Комсток сымыры.

 

 

Дернәсілдерінің туылуы наурыз айының аяғында сәуір айының басында жалпы қолайлы және орташа ауа температурасы 260 0С –қа жеткенде, тұт ағашының бүршік жару және бірінші жапырақтарының шығу кезеңіне тура келеді. Топыраққа, дуалдарда қыстап шыққан жұмыртқаларға қарағанда, ағаш діңінде қыстап шыққан жұмыртқалардан дернәсілдер ерте шығады. Жаңа туылған дернәсілдер мал азықтық өсімдіктердің жаңа шыққан жапырақтары мен сағақтарына жорғалап барып шоғырланады. Олар кешірек механикалық жарақаттанған қабықтардың сағаларына, сабақтарына ағаш діңінде шоғыр құрады.

Бір жастағы дернәсілдің дамуы 12-16 күнге, екі жастағы дернәсіл 10-12 күнге, ал үш жастағы дернәсіл 8-14 күнге созылады. Еркектерінің ұшуы аналық дернәсілдердің үшінші түлеуінен кейін басталады.Ересек аналықтары жұмыртқа салар алдында қоректенуін тоқтатып, ағаштың сабақтарынан, діңінен, және топырақтан жұмыртқа салуға қолайлы орын іздейді.

Жұмыртқа салу кезеңі бірнеше күнге созылады.

Комсток сымыры жоғарғы өсімталдықпен айқындалады: әр аналығы орташа есеппен 300 жұмыртқаға дейін салады. Аналықтары жұмыртқаларын қолайлы жерлерге қабық астына, үйдің қабырғасының қуыстарына және топыраққа т.б салады. Бұл қолайсыз климаттық жағдайлардан және химиялық өңдеу жұмыстарынан ұрпақтарының аман қалуына себебін тигізеді.

Аналығы жұмыртқа салған соң жойылады. Бірінші ұрпағының жұмыртқа салу кезеңі бір айға дейін созылады. Жаздағы толық генерацияның дамуы 42-65 күнге созылады.

Қазақстанда Комсток сымыры жылына 3- ұрпақ беріп дамиды. Біріншісі сәуір- маусым, екіншісі маусым-шілде, үшіншісі тамыз- қыркүйек.

Морфологиясы. Имаго. Комсток құрты –ұсақ қанатсыз бунақденелілер.Ересек ұрғашысы қанатсыз, күлгін түстес, денесі әлсіз томпақ, ақ балауызды ұнтақтармен жабылған, ұзындығы 5мм- ге дейін, ені 3 мм- ге дейін жетеді.

Қырынан 17-жұп балауызды өскіндері бар, олардың ішінде құйрықты жұбы 2/3 денесінің ұзындығына тең, мұртшалары 8 бунақты.

Еркегінің бір жұбының қанаттары түссіз, қызыл- қоңыр түсті, жүйкеленген, ұзынша мұртшалары денесінің артқы құрсағымен бірдей. Ұрғашысының денесінің ұзындығы 1,5 мм- ге дейін. Ауыз мүшесі болмайды.Жұмыртқасының ұзындығы шамамен 0,3 мм-ге дейін, сопақша, бір жағы қырлы болып келеді, ашық- сары, түссіз, қабығы көлденең әжімдермен қапталған.

Микроскоппен қарағанда жібек пілләға ұқсайды.Жұмыртқаның үстіңгі жағы балауызданған ақ ұнтақпен және ұсақ дақтармен бүркелген. Дернәсілдері үш жасқа дейін дамиды және түрі аналығына ұқсайды.

Бірінші жастағы дернәсілдерінің үлкендігі 0,3-0,5 мм, сары- қызғылт түсті,әлсіз ақ өңезбен қапталған. Мұртшалары алты бунақты. Екі жағында құйрық өскіндері қысқа.

Екінші жастағы дернәсілдерінің ұзындығы 1-1,2 ммге дейін, қошқыл- сары- қызғылт түсті, бүйіріндегі қысқа өскіндері 17 жұп, ал құйрық өскіндері денесінің 1/4 ұзындығына тең ақ өңезбен бүркелген; мұртшалары алтыбунақты.Еркегі мен ұрғашысының жыныстық шағылысуы екінші түлеуден кейін басталады.

Еркек дернәсілдерінің ұрғашы дернәсілдерден айырмасы, олар ақ ұзынша піллә ішінде дамиды.Үшінші жастағы дернәсілдер, ересек ұрғашы Комсток құртына ұқсас болады,тек кішкене пішіндес,бүйіріндегі және құйрығындағы өскіндері бар,жақсы жетілген құйрықшалар1/3-1/2 денесінің ұзындығына тең болады. Мұртшалары жеті бунақты.Денесіні ұзындығы 1,7-2,5мм, ені 0,5 мм

Анықтау және теңестіру. Комсток сымырының таралған ошақтарын уақтылы анықтау, таралған аумағын нақтылау және күрес жұмыстарының аумағын анықтау үшін,көшеттерде кезеңімен тексеру жұмыстары жүргізіледі.Анықтауға барлық тұт ағаштары,анар ағашы,жеміс және жабайы ағаштар (арық бойларындағы, жолдардағы және басқа жердегілер) және арам шөптер жатады. Анықтау жұмыстары Комсток сымырының барлық дернәсілдері толық туылған кезеңде, барлығы ағаш діңдеріндежәне жапырақтарға қоныстанған уақытта жүргізіледі.

Анықтаушы ағаш діңдерін жабайы бұтақшаларды, ұсақ бұтақтарды жапырақтың астыңғы және үстіңгі бетін, діңдегі жапырақтарды ескі қабықтардағы Комсток құртының шоғырын және жұмыртқаларын анықтайды.

Анықтау жұмыстары ағаштардың зақымдану дәрежесі бойынша анықталады.

Зақымдалуы:1 балл- сымыр аз дана кездеседі.

Зақымдалуы:2 балл-сымыр жапырақтарда және ағаш діңдерінде аз шоғырымен кезеседі.

Зақымдалуы 3 балл –Комсток құртының саны жоғары сымыр шоғырлары ағаштың барлық мүшелерінде кездеседі, ағаш діңдеріне, бұтақтарында және жапырақтарында.

Күзге қарай ағаштың кейбір бұтақтарының, жапырақтарының солуы байқалады.

Анықтаушы жалпы шаруашылық бойынша есеп жүргізуге және анықталған ағаштардың зақымдалғанын балл бойынша, зақымдалмағанын жазуға міндетті.

Барлық анықтаудың нәтижесі тексеру актісінде көрсетілуі тиіс (қосымша 12).

Комсток құрты және жұмыртқалары анықталған жағдайда үлгі алынады, үлгіні банкіге және колбаға абайлап орналастырады да қақпағын мықтылап жабады. Әр үлгіге этикетка толтырылады (қосымша 1) үлгіні өсімдік карантині саласындағы мемлекеттік инспекторға Комсток құртының барын анықтау және растау үшін жіберіледі.

Күрес шаралары: Комсток құртымен күрес шаралары дифференциалданған, таралу дәрежесіне тәуелді, осыған байланысты барлық аудандар үш аймаққа бөлінеді:

- зиянкес анықталмаған таза аймақ:

-жартылай залалданған аймақ, бір- екілі шаруашылықта анықталған,зақамдалған ошақтары жекеленген көріністе (мөлшерде).

-түгелдей залалданған аймақ көптеген шаруашылықтар Комсток құртымен залалданған аймақ. Комсток құртымен күрес биологиялық, агротехникалық және химиялық әдістермен жүргізіледі. Жартылай залалданған аймақта күрес жұмысының негізі химиялық әдіс.

Екінші жастағы дернәсілдерінің жаппай дамуы кезеңінде, бірінші және екінші ұрпақтарына қарсы екі рет химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Залалданған ағаштардың ішіндегі барлық арам шөптер, 500 метрлік қорғаныс аймағымен қоса барлық ағаштар химиялық өңдеуге жатқызылады.

Химиялық өңдеудің алдында агротехникалық шаралар жүргізілуі керек: ағаш діңдерін ескі қабықтарынан тазалау, арамшөптерді жұлу, жабайы бұтақтарды кесу, барлық шабылған бұтақтарды, қоқыстарды өртеу т.б.

Биологиялық әдіс бұл аймақта химиялық әдіспен бірлесіп атқарылуы керек.

Екінші химиялық бүркеуден соң 7-10 күннен кейін, псевдофикуса паразитін жібереді.

Түгелдей залалданған аймаққа негізгісі және тиімдісі биологиялық әдіс, битоксибацилин препаратымен бүрку жұмыстары. Комсток сымырының анар жемістерімен таралуын тоқтату мақсатында және осылардың жанындағы тұт ағштарын, арам шөптерді және залалданған көшеттерді тез таралып кетпеуі үшін дер кезінде 1-2 рет химиялық бүркеу жұмыстары жүргізіледі.




Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 68 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | <== 9 ==> | 10 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав