Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бөлім. Философияның негізгі мәселелері

Читайте также:
  1. Азіргі кезде қаржыны шығарудың негізгі ағыны бағытталадыA) өнеркәсібі дамыған бір елден екіншісіне
  2. Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері
  3. Арым – қатынастардың негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер
  4. Бұл әдістің негізгі белгісі еске түсіру және мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс әрекетінің тәсілін қайталау
  5. Бөлім. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.
  6. Бөлім. Макроэкономикалық реттеу
  7. Бөлім. Нарық және оны реттеу механизмі
  8. ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
  9. Ндірс фаторы пайда болуы бойынша қалай жіктеледі: A) негізгі және дамыған.

БӨЛІМ. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Бөлім. Философия пәні және оның тарихи динамикасы

1Тақырып. Философия мәдениет феномені хақысында

Өткізу үлгісі Семинар, пікір сайыс.

Сабақ мақсаты: Студенттерді философия туралы түсінік, философияның пәні және дүниеге көзқарастың мифологиялық, натурфилософиялық, діни және философиялық түрлерімен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1.Философия пәні және функциялары

2. Дүниетанудың ұғымы, оның құрылымы және негізгі түрлері

3.Философиялық білімнің құрылымы

Әдістемелік нұсқаулар:

Философия - адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап, ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңейген сайын философияда тереңдей түсті. Философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты обьектифті факторларға сүйенеді.

Дүниеге көзқарастың түрлері: мифологиялық, натурфилософиялық, діни және философиялық. Философияның негізгі әдістері. Философия екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінеді. Екіншісі - метафизикалық (гр. tameta, ta physika- деген екі сөзінен құралған әдіс). Бұл бірнішіге қарам-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым. Философия мен нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Өйткені философия – жалпы терориялық ілім. Ол обьективті шындықтың жалпы заңдылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды.

Әдебиеттер: 1-7.

 

2 Тақырып. Шығыс пен Антика мәдениетіндегі философия

Өткізу үлгісі Семинар, пікір сайыс

Сабақ мақсаты; Ежелгі Үнді және Қытай философиясының негізгі бағыт-мектептерін, ұғымдарын игеру және белгілі ойшылдарының ілімдермен танысу. Философия ғылымының бастауы болып табылатын көне Греция философиясының жалпы мазмұнын ашу, негізгі өкілдерінің көзқарастарымен танысу.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1. Философия және аңыз: шығыстың ежелгі

өркениеттерінің мәдениетіндегі философия-ның қалыптасуы.

2. Ежелгі Қытай философиясы және Индия философиялық ойларындағы ерекшелік.

3.Көне грек өркениеті және көне философиялық дәстүрдің ерекшелік сипаты

Әдістемелік нұсқаулар:

Ежелгі Үнді қоғамының рухани мәдениеті мен философиялық ойының дамуындағы Ведалардың ролі. Ведалардың бөлімдері: Самхиттер, Брахмандар, Араньяктар және Упанишадалар. Упанишадалардың философиялық мазмұны. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептері.

Қытай философиясы: прагматикалық сипаты және өмірдің практикалық жағына бағытталғандығы. Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері. «Өзгерістер Кітабы». Қытай философиясының негізгі түсініктері: дао, ци, жэнь, ли, у-вэй. Лао-цзы – даосизмнің негізін салушы. Лао-цзыдың этикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастары. Доасизм философиясының ерекшеліктері.

Милет мектебі - антика философиясының пайда болу ошағы. Бар болып отырғанның Алғашқы бастауын іздеу. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен ілімдері, олардың ортақ сипаттары. Пифагор, оның сан және өлшемдестік туралы ілімі. Демокриттің болмыс пен бейболмысты бөлуі: әлемде барлығы атомдардан және олардың қозғалысынан тұрады.

Софистер-даналықты ғана емес, адамгершілікпен шектелмей, іскерліктен, мемлекеттік және қоғамдық жумыстарды атқару білуден тұратын асыл қасиетке үйретуші ұстаздар. Софистердің риторикасы. Сократ: асыл қасиет дегеніміз - білім. өмірдің мәні мәселесі, Сократтың өлімі - мәнді өмірдің үлгісі.

Платонның «Идеялар» теориясы: әр түсінікке болмыс сәйкес. Аристотель: категориялар туралы; материя мен форма туралы; болмысты зерттеу құралы ретінде логика туралы; адам жаны туралы; мемлекет туралы ілім.

Грек демократиясының б.д.д. 4 ғ. соңындағы дағдарысы. Эллинистік философиясының және оның негізгі ағымдары стоицизм мен эпикуризмнің пайда болуы. Стоицизм идеалдары - сабырлылық және тыныштық. Эпикур: рухани тұрақтылықтың гедонистік этикасы.

Әдебиеттер: 1-8.

Интернет: www.philosophy.ru

3 Тақырып. Орта ғасырлық еуропалық мәдениеттегі, исламдық мәдениет контекстіндегі араб-мұсылмандық және Ренессанс мәдениетіндегі философия

Өткізу үлгісі Семинар, пікір сайыс.

Сабақ мақсаты; Орта ғасырлардағы Батыс және Шығыс философиясының ерекшеліктерін, зерттеу мәселелерін талқылау. Ренессанс философиясының маңызын түсіну, негізгі философиялық, ғылыми және әлеуметтік идеяларын талдау. Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм, рационализм және әлеуметтік-саяси бағыттарының негізгі өкілдерінің философиялық ойларын сараптау

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1. Аврелий Августиннің және Фома Аквинскийдің философиясы.

2.Универсализм пантеизм, перипатетизм араб тілдік философия

3.Түрік тілдес философияның қалыптасуы

4. Қайта өрлеу философиясы

Әдістемелік нұсқаулар:

Ортағасырлық христиандық философия: Інжілдің діни-философиялық идеялары. Антика философиясы - ортағасырлық христиан философиясының негізі. Оның дамуының негізгі кезеңдері: бастапқы патристика және классикалық патристика, схоластика.

Августин Аврелий ілімі: Құдай туралы, екінші реалдылық ретіндегі дүние туралы және тағдыр туралы.

Фома Аквинский: Құдай болмысының бес дәлелі. Философияны діни ілім ретінде түсіну. Томизм католицизмнің теориялық құралы. Реализм мен номинализм: универсалий табиғаты туралы пікірталас. У.Оккам: кез-келген танымның объектісі болып тек жеке табылады.

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философия тарихын зерттеудегі европоцентристікті жеңу. Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін.

Әл Кинди және арабтілді философияның бастауы. Ибн Синаның таным теориясы. Ибн Рушд: дін, теология және философия; ақылдың діннен басымдылығы. Латын аввероизмі.

Әл Ғазали: мұсылмандық теология. Ақиқатты іздеу, Аристотелизмді сынау, теология мен суфизмді татуластыру. Арабтілді философиясының маңызы, оның Европа философиясының дамуына әсері. Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философия тарихын зерттеудегі европоцентристікті жеңу.

Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін. Әл Кинди және арабтілді философияның бастауы. Ибн Синаның таным теориясы. Ибн Рушд: дін, теология және философия; ақылдың діннен басымдылығы. Латын аввероизмі.

Әл Ғазали: мұсылмандық теология. Ақиқатты іздеу, Аристотелизмді сынау, теология мен суфизмді татуластыру. Арабтілді философиясының маңызы, оның Европа философиясының дамуына әсері. Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегіндегі адамгершіліктік категориялар. Қ. А. Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегіндегі түркі суфизмінің ерекшеліктері

Қайта Өркендеу философиясының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын Ренессанс философиясын Орта ғасыр философиясымен салыстыра отырып талдау. Ренессанс және адамның асқақтатылуы. Адам - өзін-өзі жасаушы және әлемді игеруші. Адам мәселесі поэзияда және бейнелеу өнерінде: Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Леонардо да Винчи, Рафаль Санти.

Э. Роттердамскийдің “Ақымақтықты мадақтау”, М. Монтеньннің “Тәжірибелер” еңбектеріндегі адам еркіндігі идеясы.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым және оның жаңа ойлауды қалыптастырудағы ролі.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5.

4 Тақырып. Жаңа уақыт пен ХІХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия

Өткізу үлгісі Семинар, пікір сайыс.

Сабақ мақсаты; Жаңа еуропалық мәдениетіндегі философияның өз тағдырын өзі шешу мәселесі. Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілдерінің дүниежүзілік маңызы бар ілімдерін талқылау. 19 ғасырдағы Батыс философиясының сипаттық мазмұнын, негізгімәселелерін сараптау.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1.Жаңа европалық мәдениетіндегі философия мәселесі.

2.Әлеуметтік-тарихи және дүниетану философиялық білім берудің негізі ретінде.

3.Ағарту философиясы

4. Неміс классикалық философиясы

Әдістемелік нұсқаулар:

Философияда дүние туралы ғылыми түсініктің дамуы. Ф. Бэкон – танымның қазіргі заманғы индуктивтік методының және ғылыми қызметті логикалық жүйелеудің негізін салушы. Ф. Бэкон эксперименттің таным барысындағы басымдылығы туралы. «Білім - күш», «Идолдар» сыны. Р. Декарт рационализмі: «Ойлаймын, демек тіршілік етемін». «Универсалды математика» біртұтас ғылыми әдіс ретінде. Субстанциялар дуализмі.

Д. Локк: туа біткен білімдерді терістеу, эмпиризмнің дамуы, бірінші және екінші сапалар теориясы, табиғи құқық принциптері. Д. Беркли: субъект қабылдауларының салыстырмалылығы. Д. Юмнің агностицизмі: себептіліктің объективтік сипатын танып білудің мүмкін еместігі.

Б. Спиноза: субстанция туралы ілім. Құдай - субстанция, табиғаттың алғашқы негізі. Субстанцияның сипаттық белгілері. Спинозаның пантеизмі. Г. Лейбниц: әртүрлі субстанциялардың шексіз көптігі-монадалар туралы ілім. Монадалардың негізгі топтарының иерархиясы.

Ағартушылық дәуірі: ақыл мен сенімнің қарсы тұруы. Француз философтарының «Ғылымдар, өнер және кәсіптер энциклопедиясын» құрастыруы - ақыл, ғылым және білімді шексіз асқақтату. Француз ойшылдарының атеизмі, материализмі және антропологизмі. П. Гольбах: әлемнің алғаш негізі - материалдық бөлшектердің әртүрлі формалары. Ж. Ламетри: өмір, адам және сана – табиғаттың эволюциялық дамуының нәтижесі. Вольтер шығармашылығындағы еркіндік идеялары. Ж.Ж. Руссо философиясы.

И. Кант – неміс классикалық философиясының негізін салушы. Кант гносеологиясы: априори (тәжірибеге дейін) білім түсінігі - тәжірибені ақыл мен трансценденталды категориялар көмегімен түсіну. Танып-білінілмейтін дүние - «өзіндік зат». Канттың антиномиялар туралы ілімі. Канттің категориялық императиві - ақылды практикалық қолдану. Кант адамның парызы мен абыройы туралы. Кант этикасы және қазіргі заман.

Гегельдің 19-20 ғ.ғ. философиясына ықпалы. Абсолюттік идея, Логос - тұтас, барлық бардың негізі. Рух - абсолюттік идеяның жүзеге асуы. Триада формасында даму. Гегельдің диалектикалық әдісі. «Бақытсыз сана» туралы түсінік.

Л.Фейербахтың антропологиялық материлизмі: адам - табиғи тіршілік етуші. Л.Фейербахтың сенсуализмін таным теориясындағы антропологизм ретінде түсіну. Адам – махаббат объектісі. Фейербахтың гуманизмі: адамды жаттанудың әр түрлі формаларынан азат ету.

К. Маркс: жаттанған еңбектің мәнін ашу. Жаттану және жеке меншік. Әлеуметтік проблематика - марксизмнің ядросы. Материалдық базис - қоғамдық өмірдің бүкіл жүйесінің басты звеносы. Маркс ілімі және әлемдік философиясының әрі қарай дамуы. Ф. Энгельс табиғи ғылымдардың философиялық негіздемесі туралы.

5 Тақырып. ХІХ – ХХ басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі философия

Өткізу үлгісі Семинар, пікір сайыс.

Сабақ мақсаты; 19-ғасырдың соңы-20-ғасырдың басындағы орыс философиясының мазмұнымен танысу, негізгі өкілдерінің көзқарастарын игеру.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1. Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы шарттары

2. Славянофилдер мен батысшылдар

3. Орыс діни философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері

Әдістемелік нұсқаулар:

Орыс философиясының әлемдік философиялық жүйедегі орны.

19-ғасырдың соңы-20-ғасырдың басындағы орыс философиясының қалыптасу шарттары.

Л. Толстой шығармаларында экзистенциалдық мәселелердің бейнеленуі. “Тәубе” және “Иван Ильичтің өлімі” еңбектерінің философиялық мазмұны.

В.С. Соловьев философиясы: Ресей және адамзат. Адамгершілік- адам болмысын анықтаушы фактор.

Н.А. Бердяев философиясының ерекшеліктері. Жеке адам мен оның еркіндігі- Бердяев философиясының негізгі мәселесі.

Әдебиеттер: 1,2, 6, 7.

6 Тақырып. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені және ХХ ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік, посткеңестік философия

Өткізу үлгісі: Семинар, пікірсайыс

Сабақ мақсаты; Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін, даму кезеңдерін анықтау, негізгі ойшылдарының көзқарастарын талдау.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1. Қазақ халқының ұлттық сезімінің қалыптасуындағы философиялық идеялар.

2. Ақын-жыраулар философиясының ерекшеліктері

3. XIXғ. Қазақ ағартушыларының философиялық көзқарастары

4.XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. бірінші жартысындағы философиялық көзқарастары

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақ философиясы дамуының негізгі сатылары. Қазақ философиясының бастаулары – ежелгі түркі ойшылдарының философиясы.

Әл Фараби философиясы. Антикалық даналықтың Әл - Фараби шығармашылығында дамуы: философияның зерттеу объектісін анықтау; болмыстың негізгі заңдары мен категорияларын; танудың формаларын, сатыларын және тәсілдерін сараптау; логика бойынша зерттеулер. Екінші Ұстаздың әлеуметтік-этикалық доктринасы: «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат”.

Ж. Баласағұнның «Құтағу білік» еңбегіндегі адамгершіліктік категориялар. Қ. А. Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегіндегі түркі суфизмінің ерекшеліктері. Ш. Уәлиханов: келешекке бағытталғандық, қазақ қоғамының саяси құрылымын, әлеуметтік жағдайлары мен тарихи болмысын зерттеу. Ы. Алтынсарин: халықтың болашағы - білімге деген ұмтылыста. Адамгершілік пен білімнің бірлігі. Алтынсаринның гуманизмі: адам - біртұтас адамзат тегінің өкілі. Адал еңбек пен қанағат - адам бақытының негізі.

Абайдың философиялық антропологизмі және экзистенциализмі. Абайдың «Қара сөздері» және қазіргі заман. Адамның жағымсыз қасиеттерін сынау. Абай шығармашылығындағы руханилық және таңдау еркіндігі мәселесі. Шәкәрімнің діни-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері. Сенім мен ақыл мәселесі. Шәкәрімнің этикасы: ар-ұждан - адам өлшемінің критериі.

Әдебиеттер: 1-5, 7, 8.

7 Тақырып. XX ғ. - XXI ғасыр мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

Өткізу үлгісі Семинар, пікір сайыс

Сабақ мақсаты; Неопозитивизм ағымы. Структурализм, Феноменология, герменевтика, экзистенциализм, психоанализ. Философиядағы модерн және постмодерн. Қазіргі философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығын талдау.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1.Неопозитивизм ағымы.

2.Философиядағы модерн және постмодерн.

3.Қазіргі философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде.

Әдістемелік нұсқаулар:

А. Шопенгауэр-19-ғ. философиясының басты бағыттарының бірі-«өмір философиясының» негізін салушы. «Өмір философиясының» рационализмді сынауға бағытталғандығы. Дүниенің мәнін ақылсыз ерік, соқыр күш ретінде түсіну: адам өміріндегі болып жатқанның барлығы тарих пен табиғат заңдары еріктің объективтенуінің сатылары болып саналады, бейсаналыққа бағынады. Шопенгауэрдің пессимизмі: өмірдің бәрі – азап.

Ф. Ницше - Шопенгауэрдің «өмір философиясын» жалғастырушы және өзгертуші. Христиан құндылықтарын қайта бағалау. Ницшенің Аса туған адам туралы ілімі. Адамның бақыты - оның өсу және өзін анықтау процесіне ұмтылысында.

Къеркегордің экзистенциализмі мен «өмір философиясының» ортақ сипаттары. Трагикалық және экзистенциалдық таңдау мәселесі - оның философиясының орталық мәселесі.

Позитивизм: тәжірибеге сүйенетін нәрсе ғана ақиқат. О. Конт: философияның міндеті – объективті өміо сүретін материалдық әлем туралы нақты ғылымдардың мәліметтерін жалпылау және жүйелеу. Махизм: әлем «түйсіктер комплекстері» түрінде. Неопозитивизм. К. Поппер, И. Лакатос, Т. Кун: ғылыми теориялардың шын екендігін анықтау әдістерін жасау.

20 ғ. экзистенциализмі - Европадағы терең әлеуметтік дағдарыстардың бейнесі. Философиялық талдау объектісі - адамның өмір сүруі мәселесі, абсурдті қоғамнан жаттанған адамның сезімдері мен уайымы. Экзистенциализмнің категориалдық аппараты: жалғыздық, азап шегу, күйзелу, тасталғандық, үрей. Неміс экзистенциализмі. М. Хайдеггер: экзистенция - өзіндік сана негізі, адам болмысының орталығы. К. Ясперс: адам болмысының және оның өмірінің мәнінің «шекаралық жағдайларда» ашылуы. Француз экзистенциализмі. Ж.П. Сартр: экзистенциализм дегеніміз - гуманизм. Адам тек «проект» қана, ол өзін өзі қалыптастыруы тиіс. А. Камю: адамға абсурд дүние қарсы тұрады. Итальяндық экзистенциализм. Н. Аббаньяно: экзистенциализмнің позитивті сипаты.

Герменевтика - түсіну философиясы. Мәтінді талқылау мәселесі. В. Дильтейдің гременевтиканы рух туралы ғылым әдістемесі деп түсінуі. Г. Гадамер түсіну механизмдері (тіл, қимылдар, өзара үнсіздік сақтау) туралы. Түсіну - диалог процесінде өмірді “ұстап алу”. Мәтін - философиялық рефлексия феномені.

Әдебиеттер: 5, 6, 7.

Бөлім. Философияның негізгі мәселелері

8 тақырып. Болмыс философиясы

Өткізу үлгісі Семинар, пікірсайыс.

Сабақ мақсаты; онтологияның зерттеу объектісін анықтау, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт, Адам санасы – бұл философиялық талдаудың негізгі пәні ретінде талқылау.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1.Болмыстың философиялық түсініктері

2.Материя философиялық категория ретінде.

3.Сана туралы түсінік

Әдістемелік нұсқаулар:

Субстанция болмыстың өзгермейтін жойылмайтын негізі ретінде. Субстанция мәселесін монистік, дуалистік және плюралистік тұрғыдан шешудің ерекшеліктері. Материя категориясы туралы антикалық түсінік. 19-ғ. соңы-20-ғ. басындағы ғылыми жаңалықтардың материяны түсінудегі ролі. Материяның лениндік анықтамасы.

Қозғалыс және болмыстың өзгергіштігі. Материя мен қозғалыстың бірлігі. Материя қозғалысының формалары және олардың өзара байланысы. Ф. Энгельс материя қозғалысының түрлері туралы. Қозғалыс формаларын түсінудегі механицизм, редукционизм және энергетизм. Кеңістік пен уақыт - қозғалыстағы материяның атрибуттары. Кеңістік пен уақытты субстанционалдық және реляциондық тұрғыдан түсіну. Кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттері.

Субстанция болмыстың өзгермейтін жойылмайтын негізі ретінде. Субстанция мәселесін монистік, дуалистік және плюралистік тұрғыдан шешудің ерекшеліктері. Материя категориясы туралы антикалық түсінік. 19-ғ. соңы-20-ғ. басындағы ғылыми жаңалықтардың материяны түсінудегі ролі. Материяның лениндік анықтамасы.

Қозғалыс және болмыстың өзгергіштігі. Материя мен қозғалыстың бірлігі. Материя қозғалысының формалары және олардың өзара байланысы. Ф. Энгельс материя қозғалысының түрлері туралы. Қозғалыс формаларын түсінудегі механицизм, редукционизм және энергетизм. Кеңістік пен уақыт - қозғалыстағы материяның атрибуттары. Кеңістік пен уақытты субстанционалдық және реляциондық тұрғыдан түсіну. Кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттері.

Әдебиеттер: 1, 2-5, 7.

9 Тақырып Философиялық антропология

Өткізу үлгісі Семинар, пікірсайыс.

Сабақ мақсаты; Адам мәселесін қарастырудағы философиялық ерекшелік, өзектіліктер және көпқырлылық мәселелерін ашып көрсету

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1. Адам мәселесін қарастырудағы философиялық ерекшелік, өзектіліктер және көпқырлылық

2.Философия тарихындағы адам мәселесі

3.Адамның мәні және әлемде алатын орны

Әдістемелік нұсқаулар:

Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген саналуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – «Homo Sapiens» - саналы адам, яғни ол – рухани пенде. Американ саяси қайраткері, сол елдің «Конституциясын» жасауға ат салысқан Д. Франклин адамға «Homo Faber» - құралданған адам деген анықтама берді. Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoon Politikon» - қоғами жануар деген болатын. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: «Өзіңді - өзің тани біл» - деген қанатты сөздің тұжырымдамасы екенін айта кетуге болады.

Кісі, тұлға жетілгене кәмелетке жеткен адам. Кісі дегеніміз - жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моралдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқаты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субьектісі.Тұлға - белгілі бір қоғамық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның негізгі үш жағының биогенетикалық нышандарының, әлеуметтік қатынастар әсерінің және психоәлеуметтік қасиеттерінің тұтас бірігуінің нәтижесі.

10 Тақырып. Әлеуметтік философия

Өткізу үлгісі семинар, пікір -сайыс.

Сабақ мақсаты; Әлеуметтік философияның негізгі мәселелерін қарастыру және қоғамның тарихи дамуы туралы концепциялармен танысу. Қоғам дамуының философиялық тұжырымдамаларын талдау, әлеуметтік мәселелердің спецификасын оқу, әлеуметтік философияның нгеізгі ұғымдары жөнінде білімді жетілдіру. Қоғамның экономикалық саласы, оның өндірістік күштері мен өндіргіш қатынастарымен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1.Қоғам өзіндік даму жүйесі ретінде.

2.Қоғам ұғымы және функциясы.

3. Табиғат қоғам дамуының және өмірдің табиғи негізі ретінде

Әдістемелік нұсқаулар:

Қоғамдық сана және оның формалары. Қоғамдық сана мен жеке сананың өзара байланысы - жалпы мен ерекшенің арақатынасы. Қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігі. Жеке сананың қоғамдық сананың дамуына тигізетін әсері.

Қарапайым және теориялық қоғамдық сана. Қоғамдық психология эмоциялар, қайғыру және көңіл-күй саласы ретінде. Қоғамдық психологияны зерттеудың маңыздылығы. Қоғамдық психология - белгілі бір қоғамның идеяларының, теорияларының, көзқарастарының жүйесі. Қоғамдық идеология құру механизмі. Идеологизация және деидеологизация теориялары.

Тарих өткен шақ туралы универсалды білім типі. Тарих философиясының зерттеу объектісі-тарихи қозғалыстың бағытталғандығы пен кері айналмайтындығын танып-білу. Әр түрлі заман философтары тарихтың мәні туралы. «Қоғам прогресі» түсінігі, прогрестің өлшемі.

Қоғам дамуының екі концепциясы: формациялық және өркениеттік. К. Маркстың қоғамдық-экономикалық формация теориясының мәнін сыни талдау. К. Маркс: еңбек өнімділігі мен өндіріс құралдарының прогресі - қоғамдық-экономикалық формацияның қозғаушы күші.

Тарихи дамудың өркениеттік концепциялары. О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин - тарихты сызықтық процесс деп түсінушілікке қарсы шығушылар. Тарихи дамудың қазіргі концепциялары: қоғамдардың көптүрлілігі, қоғамдық өзгерістердің сызықтық емес процестері.

Әдебиеттер: 1-6.

11 Тақырып Мәдениет, махаббат және дін философиясы

Өткізу үлгісі Семинар, пікірсайыс.

Сабақ мақсаты; Мәдениет және өркениет тұжырымдамаларына философиялық талдау. Мәдениет туралы ұғымдарды, мәдениеттің әлеуметтік функцияларын ашып көрсету. Мәдениет және өркениет ұғымдарымен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1. Мәдениет және адам

2. Махаббат феномені

3. Дін философиясы және теология

Әдістемелік нұсқаулар:

Мәдениет-философиялық ой-толғамның аса маңызды терең теориялық мәнді ұғымдардың бірі. Мәдениет - адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс. Оның екі түрі бар: бірі - материалдық жасанды дүние, екіншісі - рухани дүние. Біріншісіне - үй, өндіріс, киім-кешек, екіншісіне - қисса, ертегі, өлең-жыр, діни ғылыми ұғымдар жатады.

Өркениет деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада – алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында - бір қоғамдық формациядан екіншісіне көшу, тар мағынада - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері Үнді өркениет, Вавилион өркениеті т.б.

Әдебиеттер: 3, 4, 5, 6.

12 Тақырып. Тарих, саясат және оқу-білім философиясы

Өткізу үлгісі Семинар, пікірсайыс

Сабақ мақсаты; Әлеуметтік даму – мәдени-тарихи процесс тұрғысында. Өркениет және мәдениет ұғымдарын ашып көрсету, талдау.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1. Философия тарихы: оның мәні

2. Саясат философиясының пәні

3. Білім беру философиясының пәні

Әдістемелік нұсқаулар:

Тарих өткен шақ туралы универсалды білім типі. Тарих философиясының зерттеу объектісі-тарихи қозғалыстың бағытталғандығы пен кері айналмайтындығын танып-білу. Әр түрлі заман философтары тарихтың мәні туралы. «Қоғам прогресі» түсінігі, прогрестің өлшемі.

Қоғам дамуының екі концепциясы: формациялық және өркениеттік. К. Маркстың қоғамдық-экономикалық формация теориясының мәнін сыни талдау. К. Маркс: еңбек өнімділігі мен өндіріс құралдарының прогресі - қоғамдық-экономикалық формацияның қозғаушы күші.

Тарихи дамудың өркениеттік концепциялары. О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин -- тарихты сызықтық процесс деп түсінушілікке қарсы шығушылар. Тарихи дамудың қазіргі концепциялары: қоғамдардың көптүрлілігі, қоғамдық өзгерістердің сызықтық емес процестері.

Әдебиеттер: 2-5, 6.

 

13 Тақырып. Диалектика теориясының мәселелері

Өткізу үлгісі Семинар, пікірсайыс.

Сабақ мақсаты; диалектикаға қатысты мәліметтер беру, диалектика заңдары мен категорияларын ашып көрсету

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1. Диалектиканың тарихи типтері

2. Диалектика жүйе хақында

3. Диалектиканың категориялары

Әдістемелік нұсқаулар:

Даму процесін танып білудің, философиялық ойлау жүйесінің формалары мен заңдары туралы жан-жақты, терең мазмұнды диалектикалық логика ілімін қалыптастырып, оның негізгі принциптерін айқындап берді. Ол принциптер мыналар: 1) даму принципі. 2) жалпы байланыс принципі. 3) обьектіні практикамен тығыз байланыста қарастыру керек. 4) нақтылық принципі.

Категория - дүниені танудың сатылары мен формалары..

Себеп дегеніміз-екінші бір құбылысқа себепші болатын, оны туғызатын құбылысты белгілейтін философиялық категория. Салдар дегеніміз-себепьтің әсер ету нәтижесі, себеп туғызған құбылысты белгілейтін философиялық категория. Себептерді білу – ғылыми болжамның негізі.

Мән дегеніміз- құбылыстар тобының біртұтас, ішкі, жетекші байланысын көрсетуге арналған философиялық категориялар. Құбылыс дегеніміз - мәннің сыртқы көрінісі. Мән әрқашан да құбылыстардың ішкі бірлігі ретінде көрінеді.

Мүмкіндік- әлі жүзеге аспаған, бірақ жүзеге асуы ықтамал құбылыс. Шындық дегеніміз - мүмкіндіктің заңды, обьективті, қажетті тұрғыда жүзеге асқан түрі, нақты бар құбылыс.

Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы. Сапа, мөлшер, өлшем, секіріс категориялары. Терістеуді терістеу заңы. Диалектикалық терістеу.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 7.

14 Тақырып. Эпистемология

Өткізу үлгісі Семинар, пікірсайыс.

Сабақ мақсаты; Гносеологияның негізгі зерттеу мәселелерін, танымның формалары мен тәсілдерін талқылау.Философиядағы ақиқат мәселесі. Танымның ақиқат өлшемдері. Эпистемология. Ғылымның когнитивті және әлеуметтік мәдени мәртебесін талдау.

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1.Таным-философиялық талдау пәні

2.Философиядағы ақиқат мәселесі

3.Ғылымның когнитивті және әлеуметтік мәдени мәртебесі

Әдістемелік нұсқаулар:

Танудың көптүрлілігі. Білімнің қарапайым, ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс формалары. Сенсуализм және рационализм. Сезімдік тәжірибе және рационалды ойлау, олардың негізгі формалары.

Танымның субъектiсi мен объектiсi. Бейсубъектiлі таным теориясы. Адам - танымның субъектісі. Адамның танымдық қабілеттері. Алғы шарттық білім: айқын және айқын емес алғы шарттық білім, тұлғалық білім теориясы (М. Полани).

Философиядағы және ғылымдағы ақиқат мәселесі. Ақиқат мәселесінің философия тарихында зерттелуі. Ақиқаттың объективтілігі. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқаттың өлшемі. Ақиқат, адасу және жалған. Скептицизм және агностицизм.

Әдебиеттер: 1, 2, 4, 6, 7, 8.

15 Тақырып. Глобалдық мәселелер философиясы мен Қазақстандық қоғам жаңғыруының философиялық мәселелері

Өткізу үлгісі Семинар, пікірсайыс

Сабақ мақсаты; Қазақстандық қоғам жаңғыруының философиялық мәселелерін талдау

Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар:

1. Глобалдық мәселелер мен олардың себептері

2. Тәуелсіздіктің алғышарттары және оған жетудегі рухани негіздері.

3.Ұлттық идеяның қалыптасу мәселелері.

4.Қазақстандық ұлттық идеяның негізгі

Әдістемелік нұсқаулар:

Қоғамның барлық әлеуметтік топтарының консолидациялануы белгілі бір бірікктіруші идеяны қажет етеді. Бүгінгі мәдениеттанымдық және қоғамдық-саяси ой Қазақстандық қоғамның ментальдығы мен ұлттық идеяны байланыстырушы универсалды және жалпы сипаттағы еуразияшылдық принципін ұсынады. Тарихи-гергарафиялық кеңістік ұғымымен қатар автохондық мәдениетке негізделген белгілі менталитетті білдіретін еуразияшылдық қоғамдық пікірде кеңінен талданып, ұлттық бірегейлікті қаллыптастыруға қажетті ұлттық идея ретінде насихатталғанымен жаппай қолдауға ие болған жоқ. Ұлттық идеяға телініп кеткен еуразияшылдық бастапқыда ел басның тәуелсіз мемлкеттер достығын біріктіруге байланысты айтқан идесы еді. Еуразиялық Одақ идеясының тууы мен оның мазмұны, толғаныстары мен өзектілігі Н. Назарбаевтың әр түрлі мінбелерде айтылған сөздері мен оқыған баяндамаларында сөз болды.

Саяси қажеттіліктен туындаған бұл идея бүгінгі күні де әлі күн тәртібінен түсе қойған жоқ. Жалпы еуразиялық мәдениеттің біздің тарихи мәдени өткенімізбен байланысы бар екендігі даусыз, жан-жағын Карпат, Кавказ, Орал, Алтай, Тянь-Шань таулары қоршап тұрған Ұлы Дала деп аталатын еуразиялық кеңістік сан ғасырлар бойы көшпелі түркі халықтарының табиғи аясы, тіршілік негізінің түп қазығы болып келеді.

90-жылдардың екінші жартысынан ұлтаралық келісімді сақтау мен дамытуға негізделген мемлекеттік мәдени саясат логикалық жалғастықпен дәйекті түрде жүргізілді. Бұл, мемлкеттік тәуелсіздіктің негізгі өзегі болып табылатын жаңа ұлттық сананың, жаңа азаматтық сәйкестіліктің және жаңа отаншылдықтың орнығуына үлкен ықпал ететін маңызды шаралар болды.

1937 жылғы қуғын-сүргіннің алпыс жылдығына байланыстыра отырып, 1997 жылдың «Қ оғамдық келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы » болып жарияланы ел үшін де, халық үшін де ауадай қажет шешім болғандықтан барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болды.

1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп аталуы саясаттың жалғасы болды. Төл тарихты тану арқылы Қазақстан халықтарының береке-бірлігін, ынтымағы мен жарастығын, достығы мен туыстастығын одан әрі нығайту мақсат етілді.

Әлеуметтік ахуалды ішкі саяси тұрақтылық пен азаматтық татулықты сақтау барысында «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануының аса саяси мағыналық астарымен қатар үлкен символикалық мәні де болды. Қазақстандықтардың тұтастығын мақсат ете отырып, өткен тарихтың тағылымдарын терең ұғынып, оның өміршең дәстүрлерін өрнекті түрде жалғастыра білу шынайы ұрпақтар сабақтастығы бар жерде ғана мұратына жете алады.

Ал үстіміздегі ғасырлар тоғысындағы өткен жылдың ел басы жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы жалпы көпшіліктің тарапынан кең қолдау тапты. Халық пен ұлттың болашағы, оның мәдениеті мен білімділігінің деңгейі ғасыр басында қаланған іргетастың бәріктілігіне байланысты.

 

Мәдени саясаттың басты принциптері - Н. Назарбаевтың Қазақстан халқынына арналған жолдауынан Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет саласына ерекше мән беріледі. Елбасы Н. Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауында жиырма жетінші бағытында былай делінген. Біріншіден, «Мәдени мұра» бағдарламасының жүргізілген жұмысты жаллғастыра отырып, «Қазақстан халықтарының Рухани Даму Қорын» құру туралы мәселені жете зерделеу керек. Қор тұрақты мониторинг жүргізіп, мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктердің көмегімен және тиісті қоғамдық ұйымдарды қатыстыру арқылы біздің халықтарымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамытуды қолдап отыруға тиіс. Қорды басқару корпоративтік басқару қағидаттарының негізінде жүргізілуге тиіс.

Екіншіден, «тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланылатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс.

2008 жылдың 6 ақпанында мемлекет басшысы Н. Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жария етті. Елбасы өз сөзін менің жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсаттарға жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып келеді деп бастады. Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталады.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан «Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту» жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.

Елбасының басының кезекті 2012 жылғы жолдауында 10 бағыт бойынша мәселені басшылыққа алуды ұсынады.

Әдебиеттер: 1-8.

 

 

 




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 108 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.041 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав