Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың мазмұны

Читайте также:
  1. азақстан Республикасында атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
  2. Аржы саясатының және қаржы механизмінің мазмұны, міндеттері, мақсаттары, қағидалары
  3. Арнайы білім беру мазмұны
  4. Атмосфералық ауа қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде
  5. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және тәсілдері
  6. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
  7. Білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттар
  8. Дипломдық жұмыстың мазмұны
  9. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеудің мазмұны

Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың мазмұнын келесі шаралардың кешенін құрайды: есепке алу және бақылау, нормативтер белгілеу, атмосфералық ауға зиянды әсер ететін қайнар көздердің экологиялық талаптарды орындауын қамтамасыз ету, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғаудың нормалары мен ережелерін ескере отырып өндірістік аймақтарды, тұрғындар аумағын орналастыруды ұйымдастыру.

Атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік есепке алу және бақылау. Есепке атмосфераға зиянды әсерлердің түрлері мен саны (мөлшері), сондай әсер ететін объектілер алынады (Экологиялық кодекстің 316-бабы).

Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын және олардың көздерінің есебін жүргізу атмосфералық ауаға зиянды заттардың шекті рұқсат етілген шығарындылары нормативтерінің жобасын әзірлеудің бірінші кезегі болып табылады. Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының әсер ету дәрежесін бағалау, рұқсат етілген шығарындылардың нормативтерін белгілеу, олардың сандық сипаттамаларын айқындау үшін, қаралып жатқан объект үшін мемлекеттік есепке алынуына және нормалануына тиіс зиянды (ластаушы) заттардың тізбесін айқындау мақсатында қоршаған ортаға эмиссиялардың есебі жүргізіледі.

Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есебін жүргізу жөнінде әдістемелік басшылықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

Атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдардың талаптарының сақталуына бағытталған. Мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетімен және жол полициясы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

Тексеру барысында мыналар:

1) атмосфералық ауаға зиянды (ласатйтын) заттар тастандыларына және оған зиянды физикалық әсер етуге берілген құжаттарда белгіленген шарттардың сақталуы;

2) атмосфералық ауаны қорғау стандарттарының, нормативтерінің, ережелерінің, өндірістік бақылауды жүргізу құжаттамасының сақталуы;

3) атмосфералық ауаға зиянды (лсатайтын) заттар тастандыларының және зиянды физикалық әсер етуге қтұрақты көздері бар объектілердің санитарлық-қорғау аймақтары режимінің сақталуы;

4) мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын сақтау анықталады.

Атмосфералық ауаны қорғау бойынша нормативтерді анықтау. Атмосфералық ауаның жағдайын бағалау үшін оның сапалық стандарттары бекітілген – атмосфералық ауадағы зиянды заттардың шоғырлануының мүмкіндік шегінің нормативтері және атмосфераға зиянды физикалық әсерінің деңгейінің мүмкіндік шегінің нормативтері (Экологиялық кодекстің 25-бабы)

Шоғырланудың мүмкіндік шегінің нормативтері лас заттар үшін әрбір заттар немесе химиялық қоспалар (көміртегі, азот, шаң-тозаң, күкірт, қорғасын және т.б.) үшін ауаның 1куб. метрі бойынша анықталады. Физикалық әсерлердің нормативі олардың әрқайсысының түрі бойынша (шуыл, діріл, иондалатын сәулеленулер, радиация, электромагниттік өрістер және т.б.) анықталады. Бұл нормативтер мемлекеттік экологиялық басқарудың құзыретті органдарымен бекітіледі.

Атмосфералық ауаны ластаушы қайнар көздер үшін анықталған экологиялық талаптар. Атмосфераға ластаушы заттарды тастауға құзыретті мемлекеттік органдардың рұқсаты негізінде жол беріледі[1].

Атмосфералық ауаны қорғау бойынша орындалатын шаралар. Орталық атқарушы органмен бекітіледі:

- тиімді шаң мен газды тазартатын қондырғыларды жобалау, қолдану;

- ауаға шығарылатын газдарды зиянды заттардан тазарту әдістерін дайындайтын өндірістік қондырғылар мен цехтарды салу;

- автокөліктен шығатын улы газды бейтараптандыру;

- атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын автоматты жүйе құру, бақылау құралдарымен қамтамасыз ету, зертханалар құру;

- отынның баламалы зиянсыз түріне, электрлі көліктерді қолдануға көшу,

- алдыңғы қатарлы техникалық және технологиялық шешімдерді енгізу;

- атмосфералық ауаның жағдайын байқайтын тұрақты салу және қалпына келтіру;

- санитарлық-қорғаныш аймақтарын жобалау, құру;

- атмосфералық ауаны ластаушы заттарды нормалау;

- үлкен қалаларда және өндірістік орталықтарда атмосфералық ауаны ластанудан қорғау бойынша шаралар.

Атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік органдардың алатын орны өте маңызды. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы ауаға тасталатын зиянды (ластағыш) заттардың шекті мөлшерін және мемлекеттік мониторингті жүзеге асырады. Атмосфералық ауаны қорғауда мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары келесілер болып табылады:

- адамның, қазіргі және болашақ ұрпақтардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы. КСРО кезіндегі Конституцияға көз жүгіртетін болсақ, онда адам өмірінен, денсаулығынан бұрын мемлекет мүддесін жоғары қойған. Ал, 1995 жылғы тәуелсіз еліміздің Конституциясында адамның және оның мәртебесіне маңызды рөл берілген. Сол себептен осы қағида негізінде адамдардың өмір імен келешек ұрпақтың денсаулығының сақталуы басты кепіл болады;

- атмосфералық ауаны ластаудың қоршаған орта үшін орны толмас зардаптарына жол бермеу; өкінішке орай бұл қағида заң жүзінде ғана қалып отыр. Қазіргі таңда өткір проблемалар қатарына озон қабатының кейбір жерлерінің жойылып кетуі қатері төніп отыр. Онда оның орнын толтыру үшін қандай шараларды жүзеге асырамыз?

- атмосфералық ауаға зиянды (ластағыш) заттардың шығарылуын және оған зиянды физикалық әсер етуді мемлекеттік реттеу.

- атмосфералық ауаның жай-күйі, оның ластануы туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және анықтылығы; Республика территориясында төрт жүзден астам тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары бар. Солар арқылы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзі демалып отырған ауаның сапасының қандай дәрежеде екендігін білуге толықтай құқықтары бар;

- атмосфералық ауаны қорғауға және жалпы қоршаған ортаны қорғауға көзқарастың ғылыми негізділігі, жүйелілігі және кешенділігі қағидаларын сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Экологиялық кодекстің 16-шы бабы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құзіреті қатарына келесілерді жатқызамыз:

- парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды шектеудiң, тоқтата тұрудың немесе азайтудың тәртiбiн;

- озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн;

- парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерiн мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн белгілейді.

Ал осы заңның 17-бабында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдарының құзіреті көрсетілген:

- климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады;

- қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi бағдарламаларын әзiрлейдi;

- мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

- Парниктiк газдардың мемлекеттiк кадастрын және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;

- парниктiк газдар шығарудың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың шектi нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн;

- парниктiк газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртiбiн жүзеге асырады

Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың нормативтері және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің жол берілетін шекті нормативтері, оларды анықтау әдістері және өздері үшін белгіленген көздердің түрлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.

 




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 73 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав