Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философия пәні : адам және әлем мәселесіне сипаттама беріңіз?

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  4. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  5. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  6. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  7. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  8. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  9. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  10. Адам философиясы,өмірдің мәнін ашыңыз

Философияның ежелгі грек ойшылдарының дәуірінен бері “даналыққа құштарлық” деп анықталып келгендігі белгілі. Пәлсапа немесе философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсініктері де тарихи-философиялық очерктерде молынан ұшырасады. Мысалы, Платон "геометрия және басқа философиялар” деген сөздерінде философия ұғымын “ғылым” сөзінің мағынасына жақын қолданады.Оның айтуынша Сократ “философия” терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Ал Аристотель болса, болмыстың іргелі негіздерін айқындауға мүмкіндік беретін жалпылама ғылым ретінде бұл “бастапқы философияны” метафизика деп атады.Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор. Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық. Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары. Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы - ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны. Адамның әлеуметтік-биологиялық эволюциясын түсіндіруде Энгельстің ұсынған антропогенездің еңбек теориясының маңызы зор. Бұл теорияның жақтаушылары еңбек биологиялық заңдардың әсерін теріске шығармайды, бірақ ол табиғи сұрыпталу әрекетінің сипатын өзгертеді, қалыптасушы адамның өз жеке өлшемі бойынша табиғатты өзгерту кабілетіне және адамның өзінің қалыптасуына ықпал етеді деп санайды. Еңбек әрекетінің арқасында адамның биологиялық және рухани кқажеттіліктері өтеледі, адамдардың бірігуінің ауқымы кеңейе түседі. Еңбек арқылы адам өзін, өзінің физикалық және ақыл-ой қабілеттерін көрсете алады.

3. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі Философия – Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл осы пәннің ең негізгі функцияларының біріДүниеге көзқарастық қызметі - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру. Теориялық қызметі - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді. Гносеологиялық қызметі - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді. Сыншылдық қызметі - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту. Аксиологиялық қызметі - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.. Философияның келесі функциясы – оның методологиялық қызметінде. Әр ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер, әдістемелер қолданылады (methodos –грек сөзі, -зерттеу жолы). Әртүрлі методтар (әдістемелер) жеке, жалпы, ең жалпылық (философиялық) болып бөлінеді. Бірде-бір таным, әсіресе, философиялық, қайсыбір саналы адамның іс-әрекеті белгілі бір методтар, әдістемелерсіз, олар арқылы соған сәйкес методологиялық түсініктерсіз болуы мүмкін емес. Орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов “Жақсы методтар арқылы өте талантты емес ғалым да көп нәрсені ашуы мүмкін. Ал қолданылатын методтар нашар болса, онда гениалды ғалымның өзі бостан-босқа өзінің күш-қуатын жұмсайды²,- деген болатын Қазір адамзаттың алдында неше түрлі экологиялық, демографиялық, т.с.с. мәселелер тұр.

 

4.Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептеріне талдау жаса. Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер. Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру. Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 46 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Платон философиясы: “идея теориясы”, мемлекет жайлы ілімнің мәнін ашыңыз. | Ислам философиясф өкілдері: Әл- Кинди, Әл-Фараби,Иби Рушид мұраларына салыстырмалы талдау жасаңыз. | Ф.Бэконның индуктивті әдісі және “идолдар” туралы іліміне жіктеме беріңіз. | Неміс классикалық философиясы, И.Кант философиясының идеясын негіздеңіз. | Л. Фейрбахтың анторпологиялық философиясының мәнін ашаңыз | Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы. | Орқыт атаның рухани ілімін ашыңыз. | Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі. | Азақ философиясының қалыптасу ерекшелігін талдаңыз. | Жаңа заман философиясы, Р.Декарттың күмәндану принципі идеясын талдаңыз |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав