Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер).

Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуан түрлілігінің түп негізі деп санаған. Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды. Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады. Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді. Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды.

 

8. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).

Антик философиясы тарихындағы ерекше орынды софистер алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күналармен айыптайды. Шындығында софистика б.з.д. V ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне обьективті әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамудың алғы шарттары мен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс береді. Олар аға ұрпақтың дәстүрлі құныдылықтарымен қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болды. Оларды Сократпен қоса «грек ағартушылары» деп те атайды. Софистер дәстүрдің орнына рух еркіндігін жариялап, бұрынғы әлеуметтік кестені бұзып, оның орнына тәрбие мәселесін алдыңғы орынға қойды. Бұл мәдениетті бұрынғыдай тек таңдаулылардың арасында ғана емес, қоғамның барлық кітабына кеңінен енгізуге жағдай жасады. Полюстің тар шеңберін кеңейтіп, панэлленистік бастаудың негізін қалады. «Адам бар нәрсенің өлшемі» деген Протогор аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм Горгия нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі нандыру мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа әкелді. Сондықтан б.з.д. V ғасырдаҒЫ Грекияда риторика немесе сендіру өнері «мемлекет қайраткерінің қолындағы нағыз штурвалға» (В.Иегер) айналды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мәні – ақыл-ойға негізделген белсенділік және адамгершілік бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталады. Белгілі бір мағынада Сократ құныдылықтарды дәстүрлі жүйесінді төңкеріс жасалды. Байлық, даңқ, билік, денсаулық, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғы шарты («Ізгілік – бұл білім»). Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын қалыптастырды: адам өз бақытының да, бақытсыздығын да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсету төңкерісін теориялық тұрғыда өмір сыйлады. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеу, танымды нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы – оның этикасының осы тұжырымдары... Сократ — ежелгі грек пәлсапашысы. Батыс пәлсапасының негізін қалаушылардың бірі болып есептеледі. Ол Платонға қатты ықпал жасап, оның әсері Платонның шәкірті болған Аристотельге де етті. Сократтың ілімі қазіргі заман пәлсапасының маңызды бөлігі болып қалып отыр. Ол этика саласына жасаған үлесімен белгілі, Сократтық мысқыл және Сократтық әдіс атты ұғымдар оның атымен аталған. Сократтық әдіс әлі де түрлі пікірталастарда жиі қолданылатын құрал болып отыр, ол құралды мәнісі мынада: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да маңызды үлестер жасап, батыс пәлсапасы мықтап орналасқан негізді қалады. Сократтың тарихи дұрыс бейнесін жасап, оның пәлсапалық көзқарастарын сипаттауда белгілі бір қиындықтар бар. Ол қиындықтар «Сократ мәселесі» деп аталады.


 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 46 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ислам философиясф өкілдері: Әл- Кинди, Әл-Фараби,Иби Рушид мұраларына салыстырмалы талдау жасаңыз. | Ф.Бэконның индуктивті әдісі және “идолдар” туралы іліміне жіктеме беріңіз. | Неміс классикалық философиясы, И.Кант философиясының идеясын негіздеңіз. | Л. Фейрбахтың анторпологиялық философиясының мәнін ашаңыз | Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы. | Орқыт атаның рухани ілімін ашыңыз. | Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі. | Азақ философиясының қалыптасу ерекшелігін талдаңыз. | Жаңа заман философиясы, Р.Декарттың күмәндану принципі идеясын талдаңыз | Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз? |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав