Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.

Читайте также:
  1. Казіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
  2. Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер.
  3. Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі.
  4. ХХ ғ. соңы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерінің Еуропа елдерімен қатынастары

Түркі дүниетанымы – дәстүрлі қазақ ұлттық-мәдени ұстындарының бастауы әлемнің, болмыстың, адамның мақсаты мен өмірінің мәнін, оның құндылықтық әлемін тануға бағытталған біртұтас әмбебап көзқарас. Барлық халықтардың ұлттық-мәдени тұтастығы мен табиғи ерекшелігіне сай әлемнің жаратылуы (космогония), ғарыштың құрылысы (космология), кеңістік (отан, жер, су) пен уақыт (мәңгілік пен бақилық), адам және оның әлемдегі орны, жақсылық пен жамандық, өмір мен өлім, т.б. дүниетанымдық көзқарастарын бейнелейтін ұғымдар мен түсініктер бар. Т. д-ның дүниетанымдық, құндылықтық жүйесін зерттеп, негізгі ұстындар мен категорияларды филос., мифол. тұрғыдан қарастыру қазақ дәстүрлі мәдениетінің түп бастауын, дүниетанымдық ерекшеліктерін айқындаудың көрсеткіші болып табылады. Т. д-нда Тәңірлік ақиқатқа ұласудың кеңістігі адамның кіндік қаны тамған туған жері, ата қонысы. Өйткені дәстүрлі қоғам адамының туған жері – алғаш Тәңірлік жаратудың жүзеге асырылған уақыты мен кеңістігінің қайталанған жері әрі Тәңір тарапынан берілген құт. Тәңір құтының шоғырланған жері – Жерұйық. Ежелгі түркі әпсаналарында Жерұйық “орталық, кіндік” мағынасындағы символдармен берілген. Тәңірмен байланыстың өзі осы туған жердің торқалы топырағы арқылы жүзеге асатын болған. Демек, Желмаямен шартарапты кезген Қорқыт пен Асан Қайғының елі үшін жерұйық іздеуі – утопия емес, дәстүрлі түркілік дүниетанымның ділдік-ойлау әлемінің ақиқаты. Жерұйық – әлі күнге дейін тарихи функциясын жоғалтпаған дәстүрлі Т. д. космологиясының негізгі ұстыны әрі Тәңірге барар “орталық жолдың” рәмізі. Қазақтың қасиетті қара шаңырағы – киіз үйі де әлемнің кіндігіне тігіледі. Киіз үйді өзге құрылыстан ерекшелейтін басты құрылымдық ерекшелігі – оның негізгі сүйегін шаңырақтың ұстап тұруы, шаңырақтан бастап тігілуі де киіз үйдің құрылысы “алғашқы Тәңірлік жаратылыс” ақиқатының сыры мен дәстүрлі түркілік дүниетанымы негізгі ұстындарының мәнін өзімен бірге сақтап келеді деген сөз. Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы адам Тәңірлік бастаманы жалғастырушы қаған арқылы немесе аталар тарапынан салынған сара дәстүрді, әдет-ғұрыптарды саналы түрде жаңғыртып отыруы арқылы ақиқатқа ұласады. Дәстүрлі Т. д. көбінесе эмпириялық және эпистемолог. тұрғыдан болмысты танудың “үштік әлем”, “үштік ойлау” түсініктері тұрғысынан көрініс береді. Үштік әлем ұғымы Орхон-Енисей жазуларында “жоғарыда зеңгір көк пен төменде йауыз (қара) жер” осы екеуінің арасында “адам баласы жаратылғанда” түрінде кездеседі. Тәңір – “Адам – Әлем” үштік ғарыштық компоненттерінің орт. ұстыны ретінде адам мен әлемнің өзара үндестігінің себебі әрі шарты. Түркілік дүниетанымда жер, су, отан – құтты, киелі. Туған жердің әр пұшпағына Жер-ана деп мән берген. Әлем – адамның мәдени тіршілігінің кеңістігі. Бұл кеңістік әрдайым метафизик. уақыт пен циклдік жаңару-жаратылу үстіндегі жанды болмыс. Адам да жанды болмыс ретінде өзін үнемі әлеммен үндестікте және тұтастықта қарастырады. Өйткені Әлем адам үшін – ұстаз, танымның көзі, Тәңірдің айнасы, мәдени құндылықтардың тұғыры. Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы ең басты мәселе адам мәселесі болып табылады. Көшпелі мәдениет бұрын төмендетіліп келген болса, бүгінде өзінің адамзат тарихындағы орны мен белсенділігін мойындатып отырған, адамзаттық өркениеттің болашағы үшін үміт көзі болып отыр. Өйткені ар, намыс, имандылық, адамгершілік, рухани еркіндік, өлім, өмір, ақиқат, құт, тағдыр, махаббат, ерік-жігер сияқты универсалдық категориялар мен тұрақты ұстындарды мазмұндық тұрғыдан жаңғыртуда дәстүрлі түркілік дүниетанымның маңызы мен өзектілігі зор. Дәстүрлі түркілік қоғам адамы сол қоғамды біріктіріп тұрған құндылықтар жүйесінің тұғыры – төл мәдениетке ие. Т. д. – қазақ халқының төл мәдениетінің исламнан бұрынғы ең маңызды кезеңі ретінде зерттеуді, тануды қажет ететін өзекті мәселесі.

25. Түркі ойшылдарының Философиясы: Әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Иүгінеки. Әбу НасырӘл-Фараби - әлемгеәйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Махмүт Қашқари -ұлы филолог. Махмұт Қашқари - түркі халықтарының түңғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. Оның толық аты-жөні: Махмұт ибнул-Хусаин ибн Мухаммадин Қашқари. Он бірінші ғасырда өмір сүрген ғалымның туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Қашқари Талас, Шу өзендерінің бойындағы Баласағұн, Барсхан кент-қалаларында болған. Махмұт Қашқари Барсхан қаласында туған. Бұл қаланы Тұран әміршісі Алып Ер Тоңғаның баласы Барсхан салдырғанын оқырманға ескерте кеткіміз келеді. Алғаш Қашқар қаласында, сосын Бұхара, Нишапур, Самарқан, Мерв және Бағдат шаһарларында оқыған. Ерекше зейін қойып үйренгені - түркі рулары мен тайпаларының тілдері, фольклоры, этнография, әдет-ғұрпы, наным-сенімі. Махмұт Қашқари осы мақсатын жүзеге асыру үшін, бір жағы - Жетісу, Мауераннахр, Хорезм, ал екінші жағы Еділ, Жайық, Қара Теңіз жағалауына дейінгі түркі тайпалары мекен-деген ұланғайыр өлкені аралап шығады. Соның нәтижесінде қыруар көп тілдік, этнографиялық деректер, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап алады. Сөйтіп, «Түркі тілдерінің жинағы»өмірге келеді. Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн - түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Жүсіп Баласағүн есімі кезінде Шығыс пен Батыс елдеріне орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, файласуфи (философия), риезиет (математика), тибби (медицина), фэлэкият (астрономия), нужум (острология), тарих, оперганз, тіл білімі, әдебиеттану, т. б. ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ретінде жақсы мәлім болған. Әйтседе Жүсіп Баласағұнның есімін әлемге танытып, әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей жазып қалдырған бірден-бір әдеби туындысы - «Құтты білік» дастаны. Ислам дәуірінің этикалық, моральдық, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергерлерінің бірі Ахмет Йүгінеки еді. Ахмет Йүгінеки XII ғасырдың орта кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғұлама-ақын болған. Ақынның туған жері Түркістан қаласының маңындағы Жүйнек (Югнак) деген елді мекен болса керек. Алайда Югнак деп аталатын қоныс басқа жерлерде де болуы мүмкін деген жорамалдар да бар (4, 7), Ислам дәуірінің атақты ақыны Ахмет Йүгінекидің бізге жеткен жалғыз туындысы - («Ақиқат сыйы») деп аталады. «Басқа түркі ескерткіштері сияқты «Ақиқат сыйы» да түркі халықтарының тіл тарихын, әдебиет тарихын, ондағы жанрлар және басқа да ерекшеліктер негізін, мысалы, дидактикалық әдебиет, дүнияуи әдебиет көздерін ашып, олардың тамырын талдау ісінде таптырмайтын құнды мұра болып табылады. Оның қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты тарихи маңызы туралы да осыны айтуымыз керек». Ахмет Йүгінекидің өмірі мен ақындық қызметі жайында мәлімет жоққа тән. Әйтсе де ақын дастанда өзі туралы кейбір деректер берген. Сондай-ақ дастанды ертеректе көшірген хусни хатшылар да (каллиграф) шығарманың авторына қатысты мәліметтерді өз тарапынан қосып жазған.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 116 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Философия пәні : адам және әлем мәселесіне сипаттама беріңіз? | Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер). | Платон философиясы: “идея теориясы”, мемлекет жайлы ілімнің мәнін ашыңыз. | Ислам философиясф өкілдері: Әл- Кинди, Әл-Фараби,Иби Рушид мұраларына салыстырмалы талдау жасаңыз. | Ф.Бэконның индуктивті әдісі және “идолдар” туралы іліміне жіктеме беріңіз. | Неміс классикалық философиясы, И.Кант философиясының идеясын негіздеңіз. | Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі. | Азақ философиясының қалыптасу ерекшелігін талдаңыз. | Жаңа заман философиясы, Р.Декарттың күмәндану принципі идеясын талдаңыз | Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз? |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав