Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі.

Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізісыршылдық (мистикалық) дін екендігін ескерсек, сопылық дүниетанымның түрік мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастыруының себептерін ұғыну қиынға соқпаса керек. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феномонологиясы тұрғысынан алғанда діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтындығын, жаңаларының сол ұстындар, құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатындығынан көруге болады. Бұл барлық әлемдік діндерде кездесетін күбылыс. Осы құбылысты Қожа Ахмет Иасауидің сопылық-моральдық ілімінен де көруге болады. Мысалы, оның қүрма символикасы арқылы Хз. Мүхаммед пайғамбарға байлануы, бұған Арыстан бабтың себеп болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың белгісі ретінде ұлының атын Ибрахим қоюы, оның жасына келгенде, яғни алпыс үш жасқа толғанда тірідей қылуетке түсуі - осының бәрі оның іліміндегі исламды қөшпелі түркілерге таратудағы ең маңызды әдістемелік әрі құбылыстық жаңалығы болып табылады. Иасауидің өмір сүрген кеңістігі мен уақыты стратегиялық және саяси тұрғыдан өте маңызды кеңістік болса, мәдени және діни-философиялық көп қабаттылығы жағынан да өркениеттердің тоғысқан жері, сауда-экономикалық жолдардың торабы болатын. Міне, түріктер осындай қайнаған тіршілік негізінде араб және парсы, Шығыста Қытай, ал батыста Ресей қыспағынан ислам-сопылық ілімі арқылы өзіндік жаңа сипаттағы дәстүрлі түркілік дүниетанымдық арнасының көзін аша білген болатын.Түрік мемлекеттерінің саяси, әрі мәдени-дүниетанымдық негізде қалыптасуы мен ондағы адам санасының құндылықтық-құбылыстық рухани жаңғыруының көш басында алғаш түркілік руханият мектебінің іргетасын қалаған ұстаз Қожа Ахмет Иасауи тұрды. Оның ілімі традиционалист ғұламалардың формализміне, сыртқы ғибадат феноменологиясына қарсы мән, мазмұнға маңыз берген, шынайы парасаттылық пен адамгершілік ұстанымдарын қалыптастырды. ХІІ-ші ғасырдан кейін Ислам әлемі сопылық дүниетаным, ахилік сияқты кәсіпкерлік бірлестіктер, тариқат түрінде-текке (зауиййа, ленгерлер), рибаттар-рухты тәрбиелеудің қоғамдық ошағына айналды. Иасауи ілімінің өзегі—адам және оның рухани тәрбиесі мен кемелдігі болып табылады. Оның осы мақсатта өсірген әрбір шәкірті адамзат тарихында жеке құндылық көздеріне айналды. Иасауи дүниетанымы мен түркілік сопылық мәдениеттің ерекшеліктері мен категорияларын "дафтари сани" түсінігі төңірегінен табуға болады. Біздіңше, ислам өркениеті және дәстүрлі түркілік дүниетаным негізінде қалыптасқан "дафтари санидың" сопылық-философиялық табиғатының негізін "хәл ілімі", яғни, жүрекке (қалбке) бағытталған практикалық-эмпириялық доктриналар жүйесі құрайды. Иасауидің өмір сүрген кеңістігі мен уақыты стратегиялық және саяси тұрғыдан өте маңызды кеңістік болса, мәдени және діни-философиялық көп қабаттылығы жағынан да өркениеттердің тоғысқан жері, сауда-экономикалық жолдардың торабы болатын. Міне, түріктер осындай қайнаған тіршілік негізінде араб және парсы, Шығыста Қытай, ал батыста Ресей қыспағынан ислам-сопылық ілімі арқылы өзіндік жаңа сипаттағы дәстүрлі түркілік дүниетанымдық арнасының көзін аша білген болатын. Қорыта айтқанда Иасауи ілімі аркылы қалыптасқан діни түсінігіміз бен тіршіліктің тарихи доктриналық негіздері XІ ғасырларға дейінгі ислам өлкелеріндегі әр түрлі секталардың пайда болуымен қатар жүріп жатқан түріктердің Аббасидтер халифатынан тәуелсіз жекелеген саяси биліктерінің (хандықтардың) калыптасу дәуіріне сай келеді. Бүгінгі Иасауи ілімін қайта қарастыруымыздың өзі осындай тарихтың өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастық пен тұтастықтың адамдық санадағы жаңғыруының іздерін, рухани арналарын тану болып табылады адамдық санадағы жаңғыруының іздерін, рухани арналарын тану болып табылады.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 40 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Философия пәні : адам және әлем мәселесіне сипаттама беріңіз? | Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер). | Платон философиясы: “идея теориясы”, мемлекет жайлы ілімнің мәнін ашыңыз. | Ислам философиясф өкілдері: Әл- Кинди, Әл-Фараби,Иби Рушид мұраларына салыстырмалы талдау жасаңыз. | Ф.Бэконның индуктивті әдісі және “идолдар” туралы іліміне жіктеме беріңіз. | Неміс классикалық философиясы, И.Кант философиясының идеясын негіздеңіз. | Л. Фейрбахтың анторпологиялық философиясының мәнін ашаңыз | Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы. | Жаңа заман философиясы, Р.Декарттың күмәндану принципі идеясын талдаңыз | Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз? |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав