Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Таным мен оның формаларына салыстырмалы талдау жасаңыз

Читайте также:
  1. Que: Нарықты кешенді талдау мен болжау жоспарына енбейді
  2. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  3. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  4. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  5. Бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi
  6. Бюджет кірістерін талдау
  7. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
  8. Д) бұл активтің баланстық құнының немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің оның өтеу сомасынан асатын сомасы
  9. Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері
  10. Жіті конъюнктивиттердің симптоматикасы. Оның емінің негізгі принциптері.

Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра алмайды. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз — құбылыстардың айқындамаларында бекітілген жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғым тілдік формада жекелеген сөздермен, терминдермен, мысалы: молекула, сутек немесе объектінің дәрежесін көрсететін бірнеше сөз тіркесімен беріледі. Ұғымның қалыптасуы — күрделі үдеріс. Түсініктің қалыптасуы кезінде осы логикалық амалдар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Осыған байланысты ұғымдарға құрылған және оларды өзінің құрамына қосатын ойлаудың рационалдық және логикалық формасы болатын — пікірдің рөлі айқындала түседі. Пікір — заттардың, құбылыстардың, үдерістердің және олардың қасиеттерінің байланыстарын, арақатынастарын көрсететін ойлау формасы. Пікірде нәрселер арасындағы байланыстар мен қатынастардың бар немесе жоқ, екендігі ашылады. Пікір формасында заттың кез келген қасиеттері мен белгілері көрініс табады. Ой қорыту — логикалық ойлаудың жоғары формасы. Ол пікірдің логикалық байланысына негізделген. Ой қорыту бізге белгілі пікірден жаңа пікір алатын ойлау формасы. Ой қорыту күнделікті және ғылыми танымда кең қолданылады. Ой қорытудың аркасында біз өр пікірде берілген айғақтарға негіздеп жатпаймыз. Түйсiк (ощущения)- адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуi. Қабылдау (восприятие)- адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатың, сезiмдiк танымның ерекшк формасы. Елестету - сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан, заттардың жаңама-сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнекi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi.

44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері. Тақырыбымызға бірден көшпес бұрын, менің ойымша, ғылыми зерттеу дегеннің не екеніне тоқтала кеткен жөн көріп отырмын. Ғылыми зерттеу дегеніміз – ғылыми танымның деңгейлеріне,зерттеулу үрдістеріне байланысты жүргізіліп, қарастырылатын әдіс тәсілдер. Олар: жеке, жалпы ғылымижәне жалпылама әдістерге бөлінеді. Жеке әдіс бұл – нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Мысалы: физикалық, биологиялық және де әлеусеттік әдістер. Мектеп кезінде, арнайы маман иелерінде химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Ал, жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады. Енді осыларға жеке тоқталайық: Ғылыми зерттеудің бастау алатын әдістерінің бірі – эмпирикалық таным. Дерек көздерінен қарап,ол туралы мынандай мәлімет алдым: Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді. Келесі тоқталатынымыз, ғылыми зерттеудің теориялық деңгейі. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айкындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдіс/і: 1. Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет. 2. Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді; эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын аныктау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б. 3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. 5. Ұқсастыру әдісі зат/ мен құбылыс/ң жалпылығын айқындау үшін қолданылады. 6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі.

 

Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу).

Таным – бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді, ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз – білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі. Таным теориясы немесе гносеология – таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселені арнайы зерттейтін философия ғылымының бір бөлігі. Философия тарихында таным теориясына ерекше мән беріп, оның ерекшеліктерін анықтаған философ Кант. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімінің ретінде өзінің мағынасын сақтайды. Ойлау психологиясында жасанды интеллект мәселесін зерттейтін бағыт қалыптасты. Жасанды интеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады. Автоматтандырылған оқудың дидактикасы пайда болуда. Жасанды интеллект ғылыми, техникалық, көркемдік салаларға де кеңінен ене бастады. Жасанды интеллект туралы еңбектер психикалық және ақпараттық процестердің өзара қарым – қатынасы, писхикалық және одан тыс жүйелерді бөлектеу, бейорганикалық тасымалдау жүйелерінде жасанды психиканы дүниеге келтірудің мүмкіндіктері туралы мәселелерді қоюда. Жалпы психология танымдық формалар мен процестерді, түйсіктерді қабылдауды, ес, қиял, ойлауды, сонымен қатар, сенім, көңіл – күй, аффект мәселелерін жеке адамдар мен коллектив арасындағы қарым – қатынас тұрғысынан зерттейді. Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс - әрекетінің немесе оның тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз – қоғам, табиғат, құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы. Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекеленген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама – қарсы, бірақ бір – бірімен өте тығыз байланысқан жақтары. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынадай кестені жасауға болады: Сезімдік таным Рационалдық таным 1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу 2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу 3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу Шындықтан алған әсерлерінің негізінде адам жаңа сезімдік бейнелер ойлап табуы мүмкін, яғни онда қиялдау қабілеті қалыптасады. Сезім органдарының көмегімен біз заттардың сапалары мен қасиеттерінің көп жақтылығын бейнелейміз. Ұғым – жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың дүниеде болу жолын, болу тәсілін анықтайтын іргелі жалпылау. Ұғымдардың өзара байланысын пікір анықтайды. Пікір – заттар мен құбылыстар туралы айтылатын кез келген сауал, ол бір нәрсені растау не терістеу түрінде болады. пікір құбылыстардың сан алуан байланыстарын көрсетеді. Пікір туралы жан – жақты мәліметтерді логика пәнінен алуға болады. Ой – тұжырым деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың шығуын іске асыратын ойлаудың маңызды формасын айтамыз. Адам ойларының жасампаздық сипаты осы феноменде айқын көрінеді. Ойдан ой туады – деген пікір бекер айтылмаса керек. Белгілі білімдерден белгісіз білімдер ой тұжырымы арқылы өрбіп отырған. Интуиция дегеніміз – адамның зерттеу нысанын тікелей, бірден толық тану мүмкіндігі. Таным объектісін зерттеу немесе анықтау процесінде адамның оның мәнін, заңдылығын кенеттен тани кетуі. Интуиция – ерекше қабілет, оны дәстүрлі тәсідермен түсіндіру қиын.





Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 81 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Неміс классикалық философиясы, И.Кант философиясының идеясын негіздеңіз. | Л. Фейрбахтың анторпологиялық философиясының мәнін ашаңыз | Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы. | Орқыт атаның рухани ілімін ашыңыз. | Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі. | Азақ философиясының қалыптасу ерекшелігін талдаңыз. | Жаңа заман философиясы, Р.Декарттың күмәндану принципі идеясын талдаңыз | Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз? | Марксизм философиясының ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз? | Сана және бейсаналық. Фрейдтің психоаналитикалық философиясын таңдаңыз. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав