Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.

Жаһандану, ғаламдану, әлемдікауқымдану, глобализация — жаңажалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Қазіргі қоғамдық ғылымдарда, идеология мен саясатта ұлттық, жаһандық жəне адамзаттық деген ұғым-түсініктердің маңыздылығы арта түсуде. Себебі, қай мемлекет болмасын, оның қазіргі таңдағы ұстанған даму үрдісі осы үш тұғырға соқпай өтпейді. Қазіргі таңдағы белгілі саясаткерлер мен экономистердің сөзінен аңғаратынымыз, «қырғиқабақ соғыс», «қарулану жарысы» үдерістері жаңа арнаға ұласып, «энергетикалық соғыс» атын алып, жаңа тартыстар мен шиеленістерге желеу болуда. Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей нқатысты. Біздің қоғамда ғылым мен мәдениет жаһанда болып отырған өзгерістерден, айтыс-тартыстардан тыс, томаға-тұйық өмір сүру керек деген көзқарастар бар. Өкінішке орай, қазіргі әлемде ондай томаға-тұйықтық, мамыражай өмірге орын жоқ. Біз қаласақ та, қаламасақ та, әлем дамудың жаңа сатысына өтіп кетті. Ол мобильді коммуникация заманына қадам басты. Қазақстан кеңестік жүйеден санасы, ділі, діні әлсіреп шыққан, отаршылдық саясатқа жүйелі түрде ұшыратылған, мәңгүрттенген мемлекет болғандықтан, посткеңестік кезеңде жаһандану үдерісі етене енуде. Оған қазіргі мемлекетіміздің ұстанған ішкі және сыртқы саяси-экономикалық ұстанымы жол беріп отыр. Таза гуманистік-философиялық, моральдық тұрғыдан келсек, «әлем азаматы», «адамзаттық тұлға» деген концепциялар — өте жақсы тұжырымдамалар. Діни-этикалық тұрғыдан да адамның әр уақытта адам болып қалуы және адам болуға ұмтылуы — құптарлық іс. Еуропа мен Америка моральдық, гуманитарлық тұрғыдағы жетілген кемел тұлға концепциясынан гөрі, жаһандық экономика дегенге басты назар аударады. Соңғы кезеңдері Еуропа мен АҚШ энергетикалық күйзелістерге ұшырап отырғандығы, болашақта да энергетикалық тапшылық тартатыны белгілі. Мұнай өнімдеріне тәуелділікті жою үшін, бұл елдер түрлі зымиян саясатқа баратыны анық. Әлемдегі қаншама елдердің отқа оранып, қанға бөгіп отырғаны да сол батыс елдерінің саясатының жемісі. Мұнайлы деп саналатын мұсылман елдерінде тоқтаусыз соғыстар мен нахақ қан төгілуінің себебі — мұнай көздерін қолды ету, баға саясатын қадағалау, пайда көзіне айналдырып, табыс табу. Тіпті алпауыт Еуропа мен АҚШ-та мұнайлы мемлекеттерді бүге-шігесіне дейін зерттеп, осал тұсын дәл тауып, от үрлеп, кикілжің тудырып, оны үдетіп, жанжал, соғыс тудырумен арнайы щұғылданатын мекемелер бары да жасырын емес. Қазіргі таңда орын алып отырған осындай өрескел әрекеттерді көре отырып, бақайшағына дейінқаруланған бай мемлекеттердің адамзатта тыныштық орнасын деп ұрандауы, адам адамға дос, туыс, бауыр деген қағидаттарының жел сөз екендігіне сенбеске амал қалмайтындай.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 60 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз? | Марксизм философиясының ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз? | Сана және бейсаналық. Фрейдтің психоаналитикалық философиясын таңдаңыз. | Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелеріне сипаттама беріңіз | Таным мен оның формаларына салыстырмалы талдау жасаңыз | Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз? | Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары. | Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз. | Сана, бейнелеу және іс-әрекет ретіндегі:шығармашылық пен интуицияны талдаңыз. | Адам философиясы,өмірдің мәнін ашыңыз |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав