Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.

Читайте также:
  1. D) Заңды тұлғаның табыс алатын негізгі қызметі
  2. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  3. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  4. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  5. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  6. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  7. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  8. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  9. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  10. Адам философиясы,өмірдің мәнін ашыңыз

Биологиялық жаратылысы жағынан адам ең алдымен жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға болып табылады.

Жеке адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет. Жеке адам- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам” және «тұлға” ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей болады, бірақ көлемі кең, өйткені әрбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Бірдеде формальдық логиканың ұғымының мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас заңын көреміз. Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның көлемін азайтып, нақтылаған сайвн оның айырмаылық белгілері көбейіп, мазмұны баии түседі. Сөйтіп адам көлемінің мазмұнын азайтып, жекелеген сайын бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекеклендірген адам тұлға деп аталады.

Сонымен, тұлға дегеніміз әлеуметтендірілген жеке адам деуге болады. Мұнда адам тек жалпы және ерекше әлеуметтік қасиеттері тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ өзіндік әлеуметтік рухани сапасы жағынан да қарастырылады.

Тұлғаның адамдық құрылысы аса күрделі, сондықтан оны түрліше тұлғадан қарастыруға болады. Мәселен, жалпы психология ғылымы тұлға деп түрлі психикалық процестердің адам бойындағы біртұтас біріккен, сөйтіп оның мінез-құлқына қажетті смпат беретін жиынтығын түсінеді. Тұлғаны социологиялық тұрғыдан зерттеудің бастама принципі адамның жеке басының ерекшеліктерін зерттеу емес, ол орындайтын әлеуметтік міндеттерді, іс-әрекеттерді зерттеу болуы тиіс. Бұл міндеттер мен іс-әрекеттердің сипатын анықтаушы қоғамның әлеуметтік құрылымы, сол тұлға жататын әлеуметтік топ болып құрылады.

Адамға тән ең жалпы белгі- оны басқа дүниеден ажыратып тұратын әлеуметтік іс-әрекет, еңбек. Адам дегеніміз ең алдымен белсенді түрде әрекет етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші әлеуметтік субъект, әлеуметтік ақыл-ой және әлеуметтік сезім иесі- мұның бәрі өзара іштей бірлікте болатын және іске асатын сапалық белгілер. Адамның бұл сапалары оны әлеуметтендірудің негізін құрады, ал әлеуметтендірудің негізінде адам тұлғасы қалыптасады. Әлеуметтендіру адам қоғамдық тәжірибені меңгерген сайын, белгілі бір қоғамдық қатынастарға және іс-әрекеттерге араласқан сайын тездей түседі.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 53 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Марксизм философиясының ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз? | Сана және бейсаналық. Фрейдтің психоаналитикалық философиясын таңдаңыз. | Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелеріне сипаттама беріңіз | Таным мен оның формаларына салыстырмалы талдау жасаңыз | Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз? | Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары. | Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз. | Сана, бейнелеу және іс-әрекет ретіндегі:шығармашылық пен интуицияны талдаңыз. | Адам философиясы,өмірдің мәнін ашыңыз | Оғам философиясына өзіндік (төлтумалылығын) талдау беріңіз? |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав