Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЛИПОИДТАРДЫҢ КАТАБОЛИЗМІ.

Катаболизмнің барысында биологиялық активті заттар түзіледі. Холестериннің катаболизмі оның полициклдік құрылысын ыдыратпай, негізінен микросомалдық тотығу реакциясы жолымен өтеді.

Холестериннен келесі биоактивті заттар түзіледі:

1. Стероидтық гормондар.

2. Өт қышқылдары.

3. Теріде ультра-күлгін сәулелердің әсерінен D3 витамині түзіледі.

Глицерофосфолипидтер фосфолипаза әсерінен гидролизге түсіп ыдырайды. Әртүрлі фосфолипазаларды әртүрлі латын әрпімен белгілеу қабылданған. Биологиялық активті заттардың түзілуінде фосфолипазалар "А2" және "С" аса маңызды болып табылады.

Гормонның жасушаға әсері кезінде жасушаішілік аралық зат болатын фосфолипазой "С"-ның өнімі фосфорланған фосфатидилинозитолдардың гидролизінде түзілетін диацилглицерин (ДАГ) мен инозитол-3-фосфат (ИФ) болып табылады.

Фосфолипаза А2 қанықпаған май қышқылдарын бөледі, олар да биологиялық активті заттардың алғызаттары болып табылады.

Биоактивті заттардың жалпы алғызаты АРАХИДОН ҚЫШҚЫЛЫ болып табылады, Бұл қосылыстан бірнеше келесі биоактивті заттар тобы түзіледі: ПРОСТАГЛАНДИНДЕР, ТРОМБОКСАНДАР, ЛЕЙКОТРИЕНДЕР. Олардың синтезі полиқанықпаған арахидон қышқылының ЛИПИДТЕРДІҢ АСҚЫН ТОТЫҒУЫ реакциясына түсуі нәтижесінде өтеді.

Липидтердің асқын тотығуы (ЛАТ) мүмкін екенін алғаш рет 1887 жылы А.Н.Бах ұсынған болатын.

Арахидон қышқылының құрамында 20 көміртегі атомы және 4 қос байланыс болады. Қалыпты жағдайдағы арахидон қышқылының кеңістіктік құрылымы шанышқы конфигурациясын бейімдейді.

Арахидон қышқылы оттегіні субстрат құрамына қосылдыратын ферменттер – оксигеназалардың субстраты болып табылады.

Арахидон қышқылының асқын тотығуы бұл оның құрамындағы қос байланыстарға оттекті ферменттік жолмен қосылдырып асқын тотықты түзілдіру болып табылады. Оттегінің активті формасының әсерінен қос байланыстың орын ауыстыруы және арахидон қышқылының молекуласына оттегі молекуласын қосылдыру өтеді.

 

Асқын тотықтар – бұлар тұрақсыз және жылдам ыдырайтын заттар. Липидтер молекуласында олардың әсерінен "ОН"-топтары немесе кетотоптар пайда болады. Адам мен жануар ағзаларында асқын тотығуды катализдейтін екі фермент кездеседі: - ЦИКЛООКСИГЕНАЗА және ЛИПООКСИГЕНАЗА.

Циклооксигеназа қатысуымен өтетін тотығу кезінде тотығумен бір мезгілде циклдену де өтеді, ал липооксигеназа әсерлескенде тотығу циклденусіз жүреді.

Циклооксигеназ әсерінің өнімі: простагландин G2 (ПГG2) бұл гидроасқын тотық. Ары қарай ол басқа асқын тотық - ПГН2 –ға айналады. Сонан кейін басқа тотықтырушы ферменттердің әсерінен ПГН2-ден бақа да простагландиндер түзіледі. Олар латын әріптерімен D, E, F және т.б. белгіленеді. ПГН2-ден тағы да басқа қосылыс екі тромбоксан (Тх) түзіледі.

Простагландиндер және тромбоксандарды жергілікті әсер ететін гормондар деп атайды. Олар реттеушілік әсерін сол синтезделген орындарында бірден атқарады.

Простагландиндер жасуша мембранасының өткізгіштігіне ықпал етеді. мысалы, қантамырларының өткізгіштігін өзгертеді, жазық бұлшықет жасушаларының тонусына ықпал етеді, бүйректердегі реабсорбция процессіне ықпал етеді. Кейбір простагландиндер бұлшықет элементтерінің жиырылуын, ал кейбіреулері босаңсуын жүргізеді.

Тромбоксандар тромбоциттердің қызметтерін реттеуге қатысады. Тромбоциттердің агрегациясын стимулдейді.

Липооксигеназалардың әсерінің нәтижесінде лейкотриен А4 (ЛТА4) түзіледі. Бұл басқа лейкотриендердің алғызаты болып табылады.

Лейкотриендер лейкоциттерде өндіріледі және олардың қызметін реттеуге қатысады. Мысалы, гранулоциттердің хемотаксисін дамытады, фагоцитозды стимулдейді. Жасуша өткізгіштігіне және жазық бұлшықет тонусына әсер етуге қабілетті. Әртүрлі аллергиялық аурулар кезінде (мысалы, бронхиалдық астма кезінде) тек гистаминдердің бөлінуі ғана емес лейкотриендердің де бөлінуі маңызды роль атқарады. Лейкотриендер жасушаға өте ұзақ әсер етуге қабілетті.

Жануарлар ағзаларында ферментсіз ЛАТ жүре алады. Олардың катализаторлары, негізінен, ауыспалы валентті металлдар (Fe, Cu, Ni) болып табылады. Ферментті ЛАТ-тан айырмашылығы бұл процесс фосфолипидтердің құрамындағы майқышқылдарында да, немсес бос май қышқылдарында да жүре алады. Липидтердің гдрофобтық соңдарына оттекті қосылдыру оның гидрофильдік қасиетінің туындауына әкеледі. Соның нәтижесінде мембрана ісінеді, оның өткізгіштігі бұзылады. Бұл жасушаның лизисіне әкелуі мүмкін. Ферментсіз ЛАТ липидтердің гидрофобтық соңдарын майда фрагменттерге бөлшектенуге әкеледі. Нәтижесінде ЛАТ-тың көп мөлшердегі ыдырау өнімдері түзіледі. Олардың басым бөлігі улы заттар болып табылады.

ЛАТ-тың күшеюін осы кіші молекулалы өімдерді анықтау арқылы айқындайды. Оның бір көрсеткіші – бұл малон диальдегиді концентрациясының жоғарлауы болып табылады.

Малон диальдегидінің уландырущы әсері бұл оның белоктар мен нуклеин қышқылдарының аминотоптарына байланысуы болып табылады. Соның нәтижесінде белоктардың биосинтезі мен қызметі бұзылады.

 

 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 39 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

The income statement | The statement of cash flows | Consolidated statements |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав